Зерттеу міндеті


ГАЖ-ға деректерді енгізген кездегі қателік типтері



жүктеу 2,58 Mb.
бет30/34
Дата04.01.2022
өлшемі2,58 Mb.
#31737
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Жұмыс

4.2 ГАЖ-ға деректерді енгізген кездегі қателік типтері

Таралған кателіктердің үш типі бар. Біріншісі векторлық жүйелерге жатады және оны сызбалық қателік деп атайды. Бұндай кателіктердің үш түрі: нысанды өткізіп алу, нысанның дұрыс жатпауы (орналасу қателігі), нысанның бұрыс реті. Қателіктердің екінші типі — бұл атрибуттар қателіктері. Олар векторлық та, растрлык та жүйелерде кездеседі. Үшінші типі — атрибуттардың дұрыс орналаспауынан, немесе дұрыс емес графиктік нысанға дұрыс атрибутты сәйкестендіргенде пайда болатын қате.

Цифрлау аяқталған соң, векторлық-топологиялық ГАЖ топология құруды талап етеді (егер бұл цифрлау процесінің бір бөлігі болмаса). Кез-келген жағдайда графиктік нысанның ДҚ-на катынасы туралы анық ақпараты бар топология кейбір типтегі графиктік қателіктерді нақтылап анықтауға мүмкіндік береді. Олардың біреулері мәтіндік хабарлармен белгіленсе, басқалары ГАЖ-нің өзі анықтай алмайтын қателіктерін іздеу үшін бейнелерді тексеру немесе типтер мен нысандар санын көрсететін ДҚ статистикасын қарастыру нәтижесінде анықталуы тиіс. Бекітілімнің қайшылыққа сәйкес келетін қателіктердің келесі негізгі алтытипін іздестіру қажет, олар:

1. барлық графиктік нысандар енгізілуі тиіс;

2. керекті нысандардан тыс цифырланбаған нысандардан аспау керек:

3. нысандар тиісті орындарда, тиісті пішін мен мөлшерде орналасқан;

4. нысандардың барлығы бірімен бірі байланысқан;

5. идентификациялауға арналған барлық облыстар бірдей белгіге ие;

6. барлық нысандар тіректі нүктелері анықталған жұмыс аймағында орналасқан.

Ірі коммерциялық ГАЖ осы жалпы топологиялық қатынасты қамтамасыз етуі тиіс. Цифрланған карталар мен бастапқы карталарды салыстырудың жақсы тәсілі — экранда көрсету немесе қатты көшірмеге шығару болып табылады. Соңғысы көшіру үстелінде екі картаны бірінің үстіне бірін қойып, салыстыруға мүмкіндік береді.

Түйіндер — бұлар тек сызық кесінділер арасындағы бағыттың өзгеруін көрсететін нүктелер ғана емес, олар белгілі топологиялық мағынаға ие. Түйіндер екі көшенің қиылысуын немесе өзен мен көлдердің қосылуын белгілеу үшін қолданылады, бірақ олар сызықтың әрбір кесіндісінде немесе полигонның әрбір шекараларында пайда болуы шарт емес.

Псевдотүйіндер – сызық тігінен жалғанады немесе түйінде тек екі сызық жалғанады. Сондықтан, пайда болатын қателіктердің бірінші типі псевдотүйіндер больш табылуы мүмкін, яғни сызықтар екі өзіндік доғалар ретінде көрсетілмейді. Оқшауланған ұсақ полигондар өзіндегі псевдотүйіндерге тұйықталған бір доғаны бейнелейді, бұндай псевдотүйіндер қате болып саналмайды.

Қалқыма (аспалы) түйін деп аталатын басқа қарапайым қателік түзудің ештеңемен жалғанбаған ұшындағы түйін ретінде анықталады. Қалқыма түйінді құратын үш қателік типі бар: полигон шекараларының тұйықталмауы; “ұшып жетпеу”, яғни доғаның жалғануы тиіс нысанға жалғанбауы; “асып кету”, доғаның жалғануы тиіс нысанды кесіп өтуі..

Полигондарды цифрлық түрге ауыстыру кезінде олардың әрқайсысының ішінен белгі нүктені көрсету керек, ол атрибуттармен және осы полигон туралы мәтіндік ақпаратты көрсету орнын тандау үшін қажет. Бір ғана осындай нүкте қажет. Осыған байланысты екі типті қателіктер болуы мүмкін: жоқ белгілер және артық белгілер. Картаны дұрыс дайындау белгілердің қателік санын азайтқанмен бұл проблема көбінесе жұмысты ретсіз ұйымдастырумен, цифрлау процесіндегі үзілістермен немесе шаршаумен байланысты. Бірақ олар белгі жетпеген жерге қосылып, көп жерде жою арқылы жеңіл түзетіледі.

Қателіктердің басқа типтері әрбір полигон өзінің жеке шекарасына ие болатын векторлық үлгіні қолданған кезде кездеседі. Бұндай жағдайларда полигондар шекараларының ортақ түзулерін бір реттен көп жүргізуі керек.

Атрибуттар сипаттамасын беретін полигонның ішінде бір нүкте болу қажет. Таңба жоқ болса немесе саны екіден асып кетсе қате пайда болады.

Дигитайзер курсорын осы түзудің әрбір нүктесі үшін керек позицияда дәл орналастыра алмау себебінен кішкентай полигондардың пайда болуына әкеледі, олар сынықты немесе жеңді полигондар (осколочными, немесе рукавными полигонами) деп аталады. Бұлар екі картаны бірін-бірінің үстіне қойған кезде немесе екі картаның әрқайсысы өзінің проекциясы әр түрлі болғанда пайда болуы мүмкін.

Әрбір полигонның ішінде атрибуттар байланыстырылған бір нүкте болуы тиіс. Қателіктер белгі болмаған жағдайда немесе олар бірден көп болса пайда болады.

Полигондардың жеке проблемасы болып түйіндері жетіспейтін “түсініксіз” полигондар болады. Бұндай жағдайда полигондар графиктік ортифакт болып саналады және бір немесе бірнеше түйіндерсіз нағыз полигон сияқты көрінеді.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау