4
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан
1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау
облысы – 11 желтоқсан 2015 жыл,
Астана қаласы) – Қазақстанның
халық жа зушысы, мемлекет және
қоғам қай раткері. Қазақстан Рес
пуб ликасының алғашқы Мемле
кеттік хатшысы (19962002),
Пар ла мент Сенатының депутаты
(20022015).
Қаламгердің көркем әдебиетке
құмарлығы мектеп қабырғасында
ақ басталған. 1957 жылдың 5
мамы рында «Лениншіл Жастың»
белсенді ауылдық тілшісі ретінде
Қазақ стан Комсомолы Орталық
Коми тетінің мақтау қағазымен
марапат талады. 1957 жылы Қазақ
Мемлекеттік университетінің
филология факультетіне түседі.
Университетте әдебиет бірлестігін
басқарып, қаламының желі бар
талап кер шоғырын жарыққа шыға
рады. Университет қабырғасының
соң ғы курсында оқып жүріп, «Қазақ
әдебиеті» газетінде қызмет атқа
рады. Мұнда ол сыншылық қабіле
тімен көзге ілігеді. «Қазақ әдебие
тінен» кейін 19621965 жылдар
аралығында «Лениншіл Жас»
газетінде бөлім меңгерушісі бо
лып істеді. Ол Қазақстанның халық
жазушы сы, Қазақстан Республикасы
Мем лекеттік сыйлығының лау
реаты, Қазақстанның Еңбек Ері
(2009) көрнекті мемлекеттік қоғам
қайраткері, Қазақстан Респуб
ликасы Ұлттық Ғылым акаде
миясының академигі (2009), Әл
Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің, Л.Н.Гумилев
атындағы ұлттық университетінің,
Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан,
Шығыс Қазақстан, Жезқазған
универ ситетінің және ҚР Әлеуметтік
ғылым дар академиясының құрметті
профес соры, АҚШтың Кентуки
штаты ның құрметті полковнигі,
Маңғыс тау, Атырау облыстарының,
сон дайақ республикамыздың бірқа
тар аудандырының құрметті азама
ты. 2015 жылдың 11 желтоқсанында
дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық
пантеонға жерленді.
Торғайдың Өзағасы
2016 жылдың 27 қыркүйегінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік
тарихимәдени қорықмузейінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен
мемлекет және қоғам қайраткері, ғалымэтнограф Ө.Жәнібековтың
85 жылдығына орай, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы
облыстық мұражайының «Торғайдың Өзағасы» атты көрмесінің
тұсаукесері болып өтті.
Ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған «Әзірет
Сұлтан» қорықмузейінің директоры Ж.Әубәкір атаулы көрменің
маңыздылығын айта келе, мұражайдың ашылуына сүбелі үлес
қосқан қоғам қайраткерінің жанқиярлық еңбектеріне ерекше
тоқталып, Арқадан рухани керуенді бастап келген «Дала өлкесі
тарихы» облыстық мұражайының директоры Гүлбану Елтебаеваны
алғыс хатпен марапаттап, мекеме атынан сыйсияпаттар табыс етті.
Қала әкімінің кеңесшісі Жанболат Ибрагимов қонақтарға риясыз
алғысын білдіріп, қала әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сөз кезегін
алған Гүлбану Төкенқызы: «Арқа мен Түркістан арасындағы руха
ни сабақтастық бұдан ары қарай да өз жалғасын табатындығына
тоқталып, бүгінгі шара соның бастамасы» – екендігін атап өтті.
Көрме экспозициясына 80нен астам арда тұлғаның қол табы
қалған жәдігерлері қойылды. Аңызға бергісіз көркем әшекейленген
сәукеле, саптаяқ, ас табақ сынды жәдігерлер көпшілік назарына
ұсынылды.
Музейдің туған күні!
Нұржамал ƏШірбеКОВА,
бас қор сақтаушы
М
ұражай қорында сақталған,
қазіргі кезде қолданыстан
шыққан, ұмытыла бастаған
жәдігерлердің бірі аяққап, кесеқап түрлері.
Аяққап – көшпелі елдің тұрмыс талап
тарына икемделген, киізден шашақтап,
әшекейлеп жасалған ыдысаяқ сақтауға
арналған үй мүлкі. Аяққаптың тері мен
былғарыдан, ағаштан жасалған түрлерін
«кесеқап» деп атайды және ол көбінесе
цилиндр пішінді болады.
Аяққапты көбінесе киізден немесе
алаша қиығынан жасап, ішін матамен
астарлайды, сыртын оюмен, кестемен
әшекейлейді. Кереге басына іліп қою
үшін екі бүйіріне ызбалы немесе өрмелі
бау тағылады. Аяққаптың ернеуін жа
уып тұратын ілгекті қақпағы болады.
Қақпақтың беті шұға, барқыт тәрізді ма
тамен өрнектеліп, жиегі түрлі шашақпен
әшекейленеді. Аяқ қап түйеге теңделген
немесе арбаға тиелген жүктің үстіндегі
шаңыраққа байланады.
Қазаққа тән киіз үйдің ішкі жасау
ын орналастыру тәртібі ұрпақтан
ұрпаққа алмасып келгендіктен біркелкі
реттелгені мәлім. Қалыптасқан тәртіп
бойынша, киіз үйге кіреберістегі сол жақ
босағада ертұрман, құсбегілікке қажет
саймандар ілінетін. Одан әрегірек киім
ілетін адалбақан, төрде жүкаяқ, кебеже,
қаршындардың үстіне екіүш қатар етіп
көрпетөсек жиналса, оң жақ қанаты қант
шай, ұсақтүйек дәм сақталатын кебеже,
ыдысаяқ қоятын асадал, қымыз ашытатын
саба, орны өрешеге, қазанаяқ жаққа таяу,
керегеге ілінетін аяққап, кесеқаптар оң жақ
босағаға орналастырылған.
Аяққап сөзінің шығу төркініне келетін
болсақ, «аяққап» атауы «аяқ» және «қап»
сөздерінің бірігуінен «аяққап» болып
қалыптасқаны сөз төркінен көрініп тұр.
«Аяқ» ағаштан ойып жасалынып, сұйық
сусын ішуге арналған көлемі шағын, ке
седен үлкен шұңғыл, дөңгелек ыдыс.
Сыйымдылығы бір литрдей, оны пішіні
мен өңделуіне қарай «саптыаяқ», «сыр
лы аяқ», қолдануына қарай «кесеаяқ»,
«қымызаяқ» деп атай береді. «Қап» ыдыс
аяқ салатын дорба.
Мұражай қорында да әр түрлі тәсіл
дермен жасалған аяққап, кесеқап түрлері
бар. Солардың бірі, Акт №44, 01.09.2003,
инв №1067, КК №2357, Аяққап. Материалы
жүн, өлшемі: шашағымен қоса есептегенде
66х56 см. Аяққаптың алдыңғы беті түкті
кілем, астыңғы беті тықыр кілем тоқу
әдісімен тоқылған. Екі шетіне ілмек жа
салып, бет жағының жоғары жағына және
үш жақ жиегіне жүннен иірілген жіптен
торланып шашақталған жиектеме тігілген.
Тор мен шашақтың арасы ақ, қызыл түсті
жібек жіптерімен оратылып бөлінген.
Аяққаптың ортасына әшекейлі компози
ция арасына салынатын «ромб» тәріздес
геометриялық өрнектер түсіп оны айнал
дыра «тікмүйіз», «балға таңба», «балта
таңба» деп аталатын ру таңбаларынан пай
да болған «балта өрнегі», «сыңар мүйіз»
өрнектері салынып өрнектелген.
Келесі бір аяққаптың өзгешелеу түрі
ожау, қасық салуға арналған тіктөртбұрыш
пішінді аяққап. Акт №52, 18.11.2003, инв
№1071, КК №2404, материялы жүн,
өлшемі: шашағымен қоса есептеген
де 33х15 см. Аяққап – жартысы түкті,
жартысы тықыр болып тоқылып, екі
бүктемелі түкті жағы бетіне қаратылып,
бір жанының түбі тігілген. Үш жақ жиегіне
өзіне пайдаланылған жіптен ширатылып
түрлітүсті шашақтар байланып, ақ, қара,
қызыл түсті жіптерден есіліп бау тағылған.
Бет жағы геометриялық өрнектермен
түрлітүсті есілген жіпті жиегіне жапсы
рып тігіп шыққан тәрізді етіп өрнектелген.
Ендігі бір ерекше «кесеқап» түрі
ағаштан жасалған. Акт №3, 06.08.1980, инв
№122, КК №234, материялы ағаш, өлшемі:
24х16. Кесеқап бүтін ағаштан ойылып
түбі бөлек салынған, цилиндр пішінді,
қақпақсыз, жоғарғы жағына қайыстан ше
гемен қағылған бау тағылған.
Кесеқап бедерлі оюлармен ойылылған,
түрлітүсті бояулармен нақышталған.
Кесеқаптың жоғарғы жағына «ромб»
пішінді етіп ойылып өрнек түскен де орта
сы бөлініп «сумен» ажыратылып төменгі
жағына «табан» оюы жоғары төмен қарама
қарсы қаратыла түскен. «Табан» оюының
ішке қарай иілген жері «қошқар мүйіз»
оюы пішінді болып біткен. Кесеқапқа
қызыл, көгілдір, сарғыш түсті бояулар
мен қатар өсімдіктердің тамырынан
алынған табиғи бояуларда пайдаланылған.
Қазақ шеберлерінің қолынан шыққан,
«теркеш», «кесеқап», «шынықап» деп
аталатын мүліктің тарихы өте қызық.
Кесеқаптың пайда болуы ХVIII ғасырда
қазақ арасына Қытайдың фарфор ыдыста
ры кеңінен тарай бастаған мезгілге сәйкес
келеді деп болжамдайды кей ғалымдар.
Ол кездерде Қытайдың фарфор, фаянс
ыдыстары өте қымбат бағаланатын, әрі
кез келгеннің қолына түсе бермейтін.
Сондықтан осындай зәру бұйымды
сындырып алмау үшін қазақтар мен
Орта Азия шеберлері ағаштан, шиден,
тобылғыдан иіп, жүннен тоқып, теріден
көннен кесе қап тар жасап, фарфор ыды
старды солар дың ішінде сақтап, тасымал
дайтын болған.
Кіндік Азия халықтары арасына
кең тараған ол ыдыстарды қазақтар
мен өзбектер «теркеш», түрікмендер
«серкеш», қарақалпақтар «шынықап»,
қырғыздар «пиалақап», деп атаған.
Кейінірек қазақтар «қалмақбас» деп те
атаған. Өйткені, кесеқап теріден тігіліп,
арнаулы қалыптан шыққан соң, жарты
шар тәрізді допдомалақ күйге енеді.
Төбесіндегі қарқарасы (қайыс шашағы)
шашын тықырлап қырып, төбесіне айдар
қалдырып қойған басқа ұқсайды.
Аяққаптардың сонымен қатар теріден,
киізден, қайыңның тозынан (қабығы) жа
салатын цилиндр тәрізді, қалпақты түрлері
де болады. Бірбіріне кигізіп, оншақты
кесе салып қоюға болатыны да бар.
Көшіпқонып жүргенде ыдысаяқ
қирап қалмас үшін халық шеберлерінің
қиялынан туған осынау ғажайып өнер
туындысы – «аяққап» пен «кесеқаптың»
көркемдік сапасы өте жоғары болған.
ФОтОЭтЮД
ҚҰРЫЛТАЙШЫ
«Əзірет Сұлтан»
мемлекеттік тарихи-
мəдени қорық-мұражайы
Бас редактор
Əбдікерім мАНАПОВ
Жауапты хатшы
Дəулет ҚОЖАмұрАтОВ
Беттеуші-дизайнер
Самат КерИмОВ
редакцияның мекенжайы:
Түркістан қаласы,
Тəуке хан даңғылы,
282 «А» үйі
байланыс: 8 (72533) 3-23-00
Газет Қазақстан
Республикасының Ақпарат
жəне коммуникация
министрлігінде 2016 жылғы
21 қыркүйекте тіркеліп,
№16154-Г куəлігі берілген
Газет айына 1 рет шығады
Индекс 161200
■ Газетке жарияланған
материалдарды көшіріп басқан
жағдайда сілтеме
жасалу міндетті.
■ Автордың мақаласы мен
жарнама мазмұнына редакция
жауап бермейді.
■ Қолжазбалар өңделеді жəне
кері қайтарылмайды.
тАрАЛЫмЫ – 2000 ДАНА
Газет редакцияның компьютер
орталығында теріліп, беттелді.
«ERNUR
-print» ЖШС-нің
баспаханасында басылды.
Шымкент қаласы,
Т.Әлімқұлов көшесі, 22 үй.
Кезекші редактор
Дəулет ҚОЖАмұрАтОВ
Тапсырыс №1
Хақ расулы Мұхаммед
Абзалы артық нұр өткен.
Артынан келіп төрт имам
Шариғат жолын күзеткен.
Пəруар Пірдің басшысы
Қожа Ахмет Ясауи
Түркістанда бұ да өткен,
Туына жұртын түнеткен.
Зікірін айтып зарланып
Пікірін бізге мұра еткен.
Солардан мирас болынған,
Шариғат шамы жағылған.
Тарихат жолы табылған,
Хақиқатқа бағынған
Əр орында мешіт бар
Құдай үшін салынған.
Бірден – бірге қалынған.
Қожа Ахмет, Пір Бекет –
Солардан үлгі алынған
Алла» деп нəпсін тыйғандар,
Бұрынғы шайхы, имамдар,
Жүргізген екен жұртына
Шариғаттың хүкімін,
Ұстаған діннің бүтінін.
Тарихаттың жолынан
Аудармай көңіл-пікірін,
Қоймаған дəйім зікірін.
Құдайдың сүйген құлдары
Дидарына Жардың жолығып,
Тамұқтың көрмейт түтінін.
Сәттіғұл ЖАНҒАБЫЛҰЛЫ
Жыр арќауы – Ясауи
Ұмытыла бастаған асханалық жиһаздар
Көзге ыстық қолтаңба
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи
мә дени қорықмұра жайы 1978 жылы
30 қыркүйекте «Рес пуб ликалық Қожа
Ах мет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты
му зейі» болып ашыл ған. 1989 жылы
та мыз дың 28 күні Қазақ ССР министр
лер кеңесінің №256 қаулысымен
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи
мәдени қорықмузейі» болып және
ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы ҚР
Мәдениет және спорт министрлігінің
республикалық мемлекеттік мекемелерін
қайта ұйымдастыру туралы №585
қаулысымен «Әзірет Сұлтан мемлекеттік
тарихимәдени қорықмұражайы» РМҚК
болып қайта құрылды.
Қорықмұражай құрамында бүгінгі
таңда 207 тарихимәдени ескерткіш
бар. Олар: 1 – халықаралық, 16 –
республикалық, 14 – жергілікті маңызға
ие. Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет
Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз
сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік мұралар
тізіміне алынған. Әлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық панте
он ретіндегі алар орны да айрықша. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 300
ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорықмұражай мамандарының
зерттеулері нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңда 182і анықталды.
Қорықмұражайының қорында 23726 дана құнды тарихи жәдігерлер
қордаланған.
Бүгінгі айтулы күнге орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихимәдени
қорықмұражайында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиында сөз
алған мұражай директоры Ж.Әубәкір музейдің ел тәуелсіздігін нығайту
бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарына, мәдениет саласындағы
ерекшеліктеріне тоқтала келе, ұжымға ынтымақ пен табыс, әрбір отбасыға
бақбереке тіледі.
Сонымен қатар, тарихи ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің
меңгерушісі М.Тұяқбаев ұжым мүшелерін бүгінгі төл мерекелерімен
құттықтап, мұражайдың құрылу тарихын қысқаша баяндады. Мұражай
саласында еңбектері сіңген қызметкерлер, ұжым мүшелері де өздерінің
ыстықықылас, тілектерімен бөлісті.
Мұражайымыздың құрылған қүні құтты болсын, Ағайын!!!
facebook.com/azretsultan.kz
www.azretsultan.kz
№1 (1) қазан 2016 жыл
«Ясауи мұрасы» газеті