Шығармашылық жоба Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану»



жүктеу 44,51 Kb.
Дата28.12.2017
өлшемі44,51 Kb.
#6164

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Жармыш ауылы МКҚК “Еркетай” балабақшасы



Шығармашылық жоба

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану»











Орындағандар:

Аманчаева Майра

 


Ақтау 2015жыл

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану.

« Дені сау сәби әр отбасының,

қуанышы, бақыты.

Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,

Отанының сенімді тірегі және де

дені сау бала – табиғаттың ең бағалы туындысы»

Сара Алпысқызы



Жоспар:

І . Кіріспе



ІІ. Негізгі бөлім

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

денсаулықты сақтаушы технологияларды қолдану.

Дені сау ұрпақ-дені сау ұлт. 

ІІІ. Қорытынды 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізгі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті. Бірақ бізге әрдайым қалың бұқара үшін адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі өнегелерімен еліктіріп, ілестіріп жүретін тәрбиешілер. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, бүгінгі бала - бақшалардың басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Саулық - байлық негізгі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тәрбиесімен айналысуы керек. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Дені сау бала ақылды, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышымен шаттана қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрлысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ағзаның қорғаныс қабілетін нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның, бел омыртқаның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне айрықша мән беру керек.

Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, бұған үнемі ықпал етіп отыру керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге келтіру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысын іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ойын түрлері баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш - жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді. Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтырудың нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру іс - әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай оқу іс - әрекетіне дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.



ІІ. Негізгі бөлім.

1.Мектепке дейінгі білім беру ұйымындарында денсаулықты сақтаушы технологияларды қолдану

 

   Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау.  Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.[1]

 Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.



Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.

Міндеттер: - мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;  - денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну; - білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми -әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру; - балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі:

Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі. 



Тәрбиешінің   балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары.

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері:

Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды.

Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2]

Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн ауысуы...

Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген. Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады.



Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары

Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. 

            Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары  кешенді де жүйелі  жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. [3]

Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты

Мектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.



Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.

Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың  денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.

Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:

Тыныс алу жаттығулары

Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары

Сымбатты түзету жаттығулары

Созылу(стретчинг) жаттығалары

Йога жаттығулары

Көзге арналған жаттығулар

Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.

           

Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру

Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.



Шынықтырудың негізгі  міндеттері

Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін  түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.



Баламен  шынықтыру  шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:

Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.



 

Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.



Түрі

Күн тәртібіндегі өткізетін  уақыты

Өткізу әдістерінің ерекшелігі

 

Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг

(созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты - қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару

Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар балаларға ұсынылады.

Түрі

Күн тәртібіндегі өткізетін  уақыты

Өткізу әдістерінің ерекшелігі

 

Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг

(созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты - қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару

Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар балаларға ұсынылады.

Мектепке дейінгі ұйымындағы шынықтыру-сауықтырудың негізгі міндеттері

Баланың денсаулығын нығайту және сақтау.

Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру.

Баланың қиыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру.

Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу.

Психологиялық және физиологиялық саулықпен қамту.

 Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі бағыттар.

Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін жағдайлар жасау.

Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату.

Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу.

Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу.

 

Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу.



     Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залда дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаңы болуы. Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың тиімділігін арттырады, балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік береді

2. Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт!

«Дені сау бала - әр отбасының қуанышы мен бақыты.

Дені сау балалар -әр халықтың үміті мен болашағы».

С. А. Назарбаева

Қазақстан Республикасы Елбасының халыққа «Қазақстан 2030» жолдауы «Денсаулыққа, білімге, халықтың амандығына» басым бағытталған болатын.

Балабақша мен отбасы бала денсаулығының деңгейін сол әлеуметтік нысанға жататын құрылым. Мектепке дейінгі жастағы ұйым -баланың тәрбиесі, денсаулығы, психологиялық-физиологиялық, рухани, адамгершілік қабілеттерінің дамуына бірден бір жауапты орын.

«Білім туралы» Заңының 23 бабында: «мектепке дейінгі ұйым отбасымен қатар мектепке дейінгі жастағы баланың тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға және қорғауға, мектепке дейінгі білімді беруге, жеке қабілеттерін ашуға қызмет көрсету керектігі» айтылған. Сондықтан, біздің балабақшамызда отбасымен бірге бала денсаулығын нығайту және қорғау мақсатында жүйелі түрде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

Баламен жүргізілген әр дене шынықтыру шарасы ол балаға ортаны танып білуге, қуаныш сезімін әкелуге көмектеседі. Дене шынықтыру шаралары бала ағзаларының дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етіп, өз беттерімен қимыл-қозғалыс жасауға, әр баланың жеке ерекшеліктерін ашуға, жан-жақты дамуына мүмкіндіктер туғызады. Дене тәрбиесі кешенді бір-бірімен байланысты міндеттерді шешуге жағдай жасайды: сауықтыру, тәрбие мен білім беру. Сол себепті педагогтар үшін баланың денсаулығын қорғау мен нығайту өте маңызды роль атқарады.

Біздің №58 «Балауса» балабақшасының жалпы білім беру жоспарының міндеттерінде «Дамыту және Денсаулық» бағыттары жолға қойылған. Соңғы 14 жылдан бері «Балауса» балабақшасы дәстүрден тыс табиғи сауықтыру шарасымен жұмыстанып, «Денсаулық» бағдарламасын жасақтап шығарды. Бағдарлама облыс педагогтарының арасында қолдау тауып, облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдары аумағында таратылды. Осы жылдар ішінде балабақша педагогтары белгілі бір тәжірибе жинақтап, осы бағыт жүйесінде әдістемелік құралдар жасақтап шығарды. Біздің балабақшадағы баланың денесін шынықтыру үшін сауықтыру-білім беру жұмыстары кешенді түрде жыл бойына жүргізіледі. Олар: қимыл қозғалыс жаттығулары мен ойындары, судағы жаттығулар, жүзу, массаж, тыныс алу жаттығулары, таза ауадағы сеуендер, сауықтыру жұмыстарының жүзеге асуы үшін балабақшада материалдық-техникалық база дұрыс жасақталған: балабақшада балаларға арналған қауыз (бассейн), балалар саунасы, массаж (уқалау) бөлмесі, фитобар, спортзал, балабақша аумағындағы спорттық алаң, жалаң аяқ жүруге арналған жолдары бар.

Табиғи сумен шынықтыру шарасын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде балалардың аурушаңдығы азайып, балалар салқыннан қорықпай, денсаулығын шынықтырудың алғашқы қадамдарын қалайды. Ал денсаулықтың мықты болуы, болашақта және мектептегі алғашқы бейімделу уақытында көп көмегін тигізетіні сөзсіз. Баланы салқын сумен шынықтыру ата-ананың қалауымен орындалады және оның қорытынды нәтижесін ата-ана өзі талдап, сараптайды. Бұл шынықтыру шарасы біздің балабақшадағы ата-аналар тарапынан оң көзқарасын беріп, қолдау тауып отырған денсаулықты шынықтыру әдісінің бір түрі.

Дене тәрбиесінің әр түрінің өз ерекшеліктері бар: білім беру-дене шынықтыру сабақтары, ұйымдастырылыған іс-әрекеттер- ертеңгілік жаттығулар, сергіту сәттері, белсенді демалыс- спорттық мерекелік шаралар, денсаулық күндері, таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары.

Басқа балабақшалар сияқты біздің балабақша да ата-анамен жұмысты алдыңғы міндеттердің қатарына қойды. Сол себепті бала денсаулығын нығайту және қорғау үшін ата-анамен бірлесіп жоспар жасап, жоспарға бірқатар міндеттер енгізді: бала денсаулығының үйлесімділігін дамыту, денесін дамыту қасиеттерін жүйелеу, еріктік-моральдық қабілеттерін жетілдіру. Сол себепті баланың денсаулығын қорғау тек бір адамның немесе бір күндегі іс-әрекеттің ғана жұмысы емес, ол барлық қоғамның, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың жүйелі түрде жасаған жұмыстары мен жоспарлы іс-әрекеттерінің жемісі деп білеміз.



ІІІ.Қорытынды

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.[. Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен нығайту және деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына араластыру болып табылады.   Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шаралары өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізіп келеді.     Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың, одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.   Атап айтар болсақ «Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау» тақырыбына ата-аналар мен бірге балалар дәрігері қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру және қуаттандыратын дәрумендерді қолдану жөнінде кеңінен әңгіме өрбітіп, ата-аналарға бағытты кеңестер берілді.   Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғықұмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шаңамен сырғанау адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыруды, жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректіліг, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі».

Яғни, күнделікті сауықтыру- шынықтыру шараларының қарапайым түрлерін тереңдетіп, күрделендіре отырып жүзеге асыру тиімді жүргізілмек.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, дені сау,шыңдалған ұрпаққа байланысты.

 

ІV. Қолданылған әдебиеттер:

 

1)Назарбаев Н.А. Казахстан- 2030- Алматы: Білім, 1997.- 96с.



2)ҚР Білім туралы Заңы, - Астана. - 2007

3)Ф.Жумабекова., Мектепке дейінгі педагогика, Астана-2012

4)Жалмагамбетова Б.Ч., Сеременко Н.П., 2013. Организация здоровьесберегающего пространства в образовательных учреждениях области.

5)Г.У.Демешева., Педагогические условия формирования основ здоровьесберегающей компетентности у детей предшкольного возраста., Білім, ғылыми – педагогикалық журнал-2010 ж. №5.



 
жүктеу 44,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау