Ясауи indd


№1 (1)   қазан 2016 жыл «Ясауи мұрасы» газеті



жүктеу 338,87 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата26.05.2018
өлшемі338,87 Kb.
#17847
1   2   3   4

3

№1 (1)   қазан 2016 жыл



«Ясауи мұрасы» газеті

1978 ж. «Жұма мешіті», 1979 ж. «Шы ғыс 

моншасы»,  1980  ж.  «Қала  қорғаны»,  Рабия 

Сұлтан Бегім кесе несі «Казпроектреставрация» 

инс титутының жобалауымен қайта қалпына 

келтірілді.  

Шынтуайтын  айту  керек,  әлі  де  ма­

ман  жоқтықтан  зерттеушілік  емес,  зер 

салушылықтан әрі аса алмай жатқан да жай 

бар. Сондықтан да туристік болашағымыздың 

бағдаршамы, Ұлы Жібек жолы бойында күн 

кешіп, шаруа күйттеген халықтың өркениеті 

дамуында елеулі рөл атқарған көне шаһарды 

қайта  жаңғырту, ғылыми  орталыққа айнал­

дыру – еліміздің айтулы мақсаттарының бірі. 

Кешегімізді түгендеп, ертеңімізді ой елегінен 

өткізе  білгенде  ғана  «Мәңгілік  Елге»  ай­

налатынымызды Елбасының өз Жол дауында 

шегелей айтуы тектен тек емес.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын біреулер 

«ойбай,  не  айтасың,  баба  кесенесі  құлау 

алдында тұр,  жөндеу  жұмыстарында  ол­

қылықтар көп», – деп елді біраз дүрліктіріп 

еді. Соған айтар уәжді пікіріңізді естісек.

– Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қал­

пына  келтіру  жұмыстарының  негізгі  кезеңі 

Егемен еліміздің тәуелсіздік жылдары жүзеге 

асты.  Жетпіс  жылдан  астам  ұлттық  ру­

хымызды  бұғауда  ұстаған  тоталитарлык 

жүйе  қасиетті  ғимараттың  тарихи­мәдени 

құндылық ретіндегі әлеуметтік мүмкіндігін 

пайдалануды  шектегенімен  бабаға  деген, 

кесенеге деген ел ынтасын тұншықтыра ал­

мады.  Сонда  да  Әзірет  Сұлтан  кесенесіне 

сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде ғана 

мән берілумен шектеліп, оның тарихи, руха­

ни сипатын калпына келтіру екінші кезекке 

ысырылғаны бұл күнде ешкімнен жасырын 

емес.


Тәуелсіздік  таңы  атқан  соң  ұлттық 

мүддеден  туындаған  мәдени,  рухани 

құндылықтарды  кайта  бағалауды  уақыт 

өзі  қажет  етті.  Осы  ретте  1992  жылдың 

29  мамырында  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Кеңесінің  «Тарих  және  мәдениет 

ескерткіштерін  сақтау  туралы»  қаулысы 

дер  кезінде  қабылданды  деуге  болады. 

Қаулының  ізімен  «тарихи­мәдени  мұраны 

қорғау  және  пайдалану  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  заңы  іле­шала  жарық 

көрді. (2.07.1992ж). Бұл заң тарихи­мәдени 

ескерткіштерді қорғауда үлкен рөл атқарды 

десек әсіре айтпағандық.  

Еліміз экономикасын дамытуға шетелдік 

инвестиция тартыла бастаған тұста оңтайлы 

жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстан 

мен  Түркия  арасында  ынтымақтастыққа 

құрылған уағдаластыққа қол жетті. Қалпына 

келтіру жұмыстары кесене іргетасын бекітуден 

басталды, мұны 1993­1995 жж. түркиялық ма­

мандар сауатты түрде атқарып шықты. 

Алып кесененің іргетасын 1,5 метр ара­

лата отырып, темір­бетон қоспаларын құюды 

Түркияның STFA «Темел Арыстармаш» фир­

масы  шебер  аяқтады.  Көненің  көзі  –  баба 

кесенесін қалпына келтіруді жүзеге асырған 

«Вакиф Иншаат» фирмасының жұмысы ма­

мандар  тарапынан  оң  бағаланды,  кешенді 

құрылыс  зияратшы  қонақтарға,  туристерге 

қақпасын айқара ашты.

Ал  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  мұнда 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ұсыны­

сымен, тікелей ықпал етуімен халықаралық 

дәрежедегі  университет  ұйымдастырылды, 

қаланың  1500  жылдығы  ЮНЕСКО  бағдар­

ламасына  cай  халықаралық  деңгейде  атап 

өтілуі – сөз жоқ Түркістанның келешек та­

рихи­мәдени мәртебесін көтерудің шынайы 

ны шаны болды.

Соңғы мәліметтерге жүгінсек Қазақстанда 

45 мыңдай архитектуралық, археологиялық, 

тарихи жәдігерлер бар делініп жүр. Бұл әрине 

анықталғаны  ғана,  ал  тылсым  сырын  бау­

ырына  басып  жатқаны  қаншама.  Қазыналы 

Оңтүстіктің әр тасы өткен күннен сыр шер­

теді, жусаны мен изені шежірені қозғайды.

– Әулиелі Қаратау Әзіреттің кені еді – деп 

жыраулар  толғағандай  өзінің  қайталанбас 

көркемдігімен де, әлемге танымалдылығымен 

де ерек тұрған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 

кесенесі  негізінде  мұражай  ашылған  соң 

қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары шын­

дап қолға алына бастады. Әрине, бұған дейін 

жөндеу­жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген 

деу  әсте  жаңсақтыққа  апарып  соқтырар 

еді.  Сәулет  өнерінің  бірегей  туындысы, 

әсіресе, 300 жыл қазақ хандығының астанасы 

болған алып ғимараттың жөндеу жұмыстары 

жөніндегі материалдың өзі бірнеше ғылыми 

еңбекке жүк болғандай.

– Тиесілі орындар тығырықтан шығу 

мәселесін қамдап жатқан болар!

– Әрине, сондықтан да Ұлттық мәдениет 

үшiн айрықша мәнi бар тарихи­мәдени, сәулет 

және  археология  ескерткiштерiн  халыққа 

кеңінен насихаттау және қорғау жұмыстары 

әрдайым күн тәртібінен түскен емес. 

Айта  кетсек,  Мәдениет  және  спорт 

министр лігінің бастауымен өткізіліп жатқан 

мұндай  шаралар  бұған  дейін  де  өткізілген. 

Мәсе лен, 2015 жылы 31 қазан мен 12 қараша 

күн дері  аралығында  министрліктің  арнайы 

ша қыр туымен ЮНЕСКО­ның сарапшылары 

–  Она  Вилейкис  (Бельгия),  Джонатан  Белл 

(АҚШ) және Рэнд Эпич (Испания) Қ.А.Ясауи 

кесе несінің  техникалық  жай­күйін  зерттеп, 

ескерт кішті  сақтау  бойынша  ұсыныстарын 

жаса ған болатын.

Биыл наурыз айының 24 күні Мәдениет 

және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени 

қорық мұражайында тағы да дөңгелек үстел 

болып өтті.  

Бұл  жолғы  дөңгелек  үстел  жұмысына 

Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  ар­

найы  шақыруымен  ЮНЕСКО/ИКОМОС 

консультативтік миссиясының бағдарламасы 

аясында  келген  ресейлік  сарапшы  Наталья 

Душкина, Мәдениет және спорт вице­министрі 

Ғалым  Ахмедияров,  Түркістан  қаласының 

әкімі  Әліпбек  Өсербаев,  «Әзірет  Сұлтан» 

мұражайынан мен, «Қазқайтажаңарту» дирек­

торы Арнұр Қарымсақов, Түркістан қала сы­

ның бас сәулетшісі, қоғамдық бірлестік өкіл­

дері, тарихшы, археолог, реставратор жаңғыр­

тушы, эколог, т.б. сала мамандары қатысты. 

Басқосуда  «Жібек  жолы»  бойына  орна­

ласқан Түркістан қаласының келешекте ту­

ризм орталығына айналуына жол аша отырып, 

бүкіләлемдік деңгейдегі мәдени мұраға зиян 

тигізбей  оны  ұрпақтан­ұрпаққа  жеткізудің 

барлық  келелі  жолдары  талқыланды. 

Осындай ЮНЕСКО аясында Бішкек, Алматы 

қалаларында өткен алқалы жиындарға жуырда 

ғана тағы қатысып қайттым. 



– Сұрақты төтесінен қойсақ. Жыл сай­

ын  1  млн­ға  жуық  туристті  қабылдауға 

қауһарлы  шаһардың  алдағы  мүмкіндігі 

қаншалық? «Біздерде мынадай бар, мы­

надай бар» деп көрсете аларлық көзайым 

неміз бар? Осыған оралсақ.

– Сәл әріректе «Түркістанда не бар дейсің, 

бір  мазары,  бір  базары»  –  деген  мәтел  сөз 

болатын.  Ащы  да  болса  шындық.  Сөйтсек 

қылышынан қан тамған қызыл империя «Дін 

– апиын» деп, қасақана көзімізді тұмшалаған 

екен ғой. Көкірек көзі ояу, көре білгенге сы­

рын  ішке  бүккен  асыл  құндылықтарымыз 

жетерлік екен. Кеш ұғынып, сан соққаннан не 

пайда. Жыртығымызды түгендеуге тәуелсіздік 

тұсында  ғана  бет  бұрмадық  па?  Әйтпесе 

қала көлемінде де қызықты орын баршылық: 

«Темір  жол  депосы»,  «Қазынашылық  үй», 

«Темір жол вокзалы», «Су мұнарасы», «Орыс­

түзем  бастауыш  мектебі»,  «Шіркеу  үйі» 

секілді ғасырлар куәсі – ғимараттар шоғыры 

бәз­баяғы қалпында сақтаулы. Халықаралық 

Қазақ­Түрік университетінің архитектуралық 

үйлесімді  ғимараттары,  Нәзір  Төреқұлов, 

Саттар Ерубаев, Сұлтанбек Қожанов, Нұртас 

Оңдасынов музей үйлері, ғалым Бейсенбай 

Кенжебаевтың жеке кітапханасы т.т.

«Әзірет  Сұлтан»  мемлекеттік  тарихи­

мәдени  қорық­мұражай  тізіміндегі  тарихи­

мәдени  ескерткіштер  туралы  мәліметке 

ептеп  көз  салсақ  көптеген  ақтаңдақ  беті 

ашыла  түсердей.  Мұражайдың  құрамында 

Түркістан қаласының аумағында орналасқан 

165  тарихи­мәдени  ескерткіш  оның  ішінде 

ресми  бекітілген  Халықаралық  маңызға 

ие  1  ескерткіш,  Республикалық  маңызға 

ие  (тарихи,  діни  рухани)  16  ескерткіш, 

археологиялық 86 ескерткіш, сонымен қоса 

ортағасырлық және ХІХ­ХХ ғғ. тән сәулет­

құрылыс ескерткіштер саны ­ 62. 

«Әзірет  Сұлтан»  қорық  мұражайының 

қазіргі таңдағы жалпы қорындағы жедігерлер 

саны  –  23788,  оның  ішінде  негізгі  қорда  – 

13396,  ал  ғылыми­көмекші  қорда  –  10392 

жәдігер бар. Тізімді әрі қарай қаузай түселік. 

Алдымен Қожа Ахмет Ясауиге қалам тербелік. 

«Менің  хикметтерім  Алладан  пәрмән, 

оқып  ұққанға  бар  мағынасы  құран»  –  деп 

түркі  әлемін  құран  аяттарымен,  пайғамбар 

хадистерімен  сусындатып,  хикметтерін 

жазған дана.

Бала кезімізде 

Лә илләһа, илла алла, 

Илаллада пайда бар, 

Білмеген құлға не айла бар, 

Барар жерің қараңғы, 

Шамшырағың сайлап ал – деп әжелеріміз 

бесік жырымен қоса әндете осы өлең шумақ­

тарын айтар еді, кейін байқасақ Әзірет Сұл­

танның хикметі екен ғой.

Кеңестік дәуірде тапқанымыздан жоғалт­

қанымыз әлдеқайда көптеу болды, 70 жылдың 

аржақ бер жағында ондаған ғасырлар бойы 

араб әліп­биімен жазылған баға жетпес асыл 

мұраларымыздан ажырап қалдық. 

Ит тартқан терідей жұлмаланған Қазақстан 

тарихы  «күлдібадам»  күй  кешті.  «Өзгенің 

патшасының  бәрі  жақсы,  біздің  хандар 

неліктен жаман болған» деп Ғафу ақын ашына 

айтпақшы елін­жерін қорғауда ұлт үшін ұстын 

болған біздің бабаларымыз аз еңбек сіңіріп­пе 

екен? Осының бәрінің шежіре куәсі көк кесе­

не қазақтың 21 ханының мәңгілік жаны жай 

тапқан жері. Алғашқы Конституциялық заңы 

– «Жеті жарғыны» дүниеге келтірген әз Тәуке, 

Түркістанды  басы  бүтін  қазаққа  қайтарған 

Еңсегей бойлы ер Есім ақ киізге көтеріп үш 

жүздің ханы атанған. 

Абылай сынды даңқты хандарымыз, айыр 

көмей жез таңдай қызыл тілдің шешені баста­

са елдің көсемі қаз дауысты Қазыбек сынды 

билеріміз азуын көкке білеген, найзасын төске 

тіреген  Бөгенбайдай  баһадүрлер,  алаштың 

игі жақсылары «Әзірет Сұлтанның» бір уыс 

топырағы  бұйырғанын көксемеп пе еді?

Айтуға оңай болғанымен, жүзеге асырылар 

істер шаш­етектен. 88 га жерді алып жатқан 

ескі қала орнын байырғы қалыпқа ендіру – 

нағыз туризмнің қайнар көзі болмақ.



– Бұрын Түркістан мен Түркіменстанды 

шатастырып жүргендер Ел тәуелсіздігінен 

соң,  көкірек  көздері  ашылып,  осындай 

рухани қала барына, мұнда «әулиелердің 

әулиесі» Құл Қожа Ахмет Ясауидің теңдессіз 

күмбезі  көк  тіреген  кесенесі  барлығына 

көздері жеткендей. Кесене жайлы, қордағы 

жәдігерлер туралы ой бөліссек. 

– Қалаға жақындағанда күншілік жерден 

буалдыр сағымнан аппақ шәлі оранып, аспан­

мен таласқан көк күмбез жанарды арбайды. 

Бұл – исі мұсылман пір тұтқан «әулиелердің 

әулиесі»  саналған  –  Қожа  Ахмет  Ясауидің 

кесенесі «Тарыққанға тай берген, қорыққанға 

қой  берген»  –  деп  ел  дәріптеген  әулиенің 

мәңгілік тұрағы. 

Ортағасырлық сәулет өнерінің аса құнды 

ескерткіші. 1396­1399 жылдары Әмір Темірдің 

пәрменімен  әулие  баба  Қожа  Ахмет  Ясауи 

қабірінің  басына  тұрғызылған.  Көптеген 

жазба  деректерде  келтірілгендей,  болашақ 

құрылыстың  жобасын  жасауда  Әмір  Темір 

тікелей  өзі  қадағалап,  негізгі  өлшемдерін 

анықтаған  деген  де  болжам  бар.  Осынау 

теңдессіз  әсем  кесене  –  үлкен  порталды­

күмбезді  мемориалдық  құрылыс.  Мұнда 

архитектуралық  жергілікті  дәстүрді  жете 

меңгерген  парсылық  хас  шеберлердің  жо­

басы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене 

оңтүстік­шығыстан солтүстік­батысқа қарай 

созылып жатыр. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 

м.  Күйдірілген  шаршы  кірпіштен  өрілген. 

Кесене жобасының ерекшелігінің өзі сонда­

мұнда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын­

соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдерінің 

қолданылуы. Ескерткіште күмбезді, аркалы 

элементтер мол ақ. Сәулетші­шеберлер тек 

аркалы  күмбезді  жүйенің  өзінде  сан  түрлі 

әдістерді  кеңінен  қолданған.  Кесенеде  аса 

үлкен портал (ені ­ 50 метрге жуық, порталдық 

арканың  ұзындығы  –  18,2  метр),  бірнеше 

күмбез,  35  бөлме  бар.  Ғимараттың  биіктігі  

39,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы 

–  1,8­2  м,  қазандық  қабырғаларының 

қалың дығы – 3 м. Қожа Ахмет Ясауи кесе­

несі  мешіт,  медіресе  қызметін  де  қатар 

атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстің гі 

жағымен  өтетін  эпиграфтық  фризде  Құ ран 

Кәрім  сүрелері  мен  аяттары  шебер  өр нек­

теліп  жазылған.  Жазулар  көгілдір  қышпен 

безендірілген. Жазулардан «Алла», «Мұхам­

мед»,  «О,  жарылқаушы»,  «Билік  Аллада», 

«Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» 

деген сөздерді оқуға болады.

Кесенеде көргеннің таңдайын қақтырар, 

алтынмен  аптап,  күміспен  күптеген  құнды 

заттар  жетерлік.  Солардың  бірегейлері  қо­

ла дан  соғылып,  алтын,  күміс  жалатылған 

есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет 

өнерінің інжу­маржандарының қатарына жа­

тады. Жәдігерлерде оны жасаушы исфа һандық 

шебер Тадж әд­Дин Изеддиннің есімі жазылған. 

Қола шырағдандағы жазулар һиж раның 799 

жылы 20­рамазанында жасал ғандығынан ха­

бардар етеді. Кесененің нақ төрінде 

Ысқақ баптың ұрығы,

Ыбырайым ата құлыны,

Қарашық бойын қыстаған,

Лашын құстар ұстаған,

Сансыз мүрид бастаған,

Құл Қожа Ахмет Ясауи – деп Сүлеймен 

Бақырғани жырлаған «машайықтар ұлығы», 

«әулиелердің  әулиесінің»  құлпытасы 

орналасқан.  Қабірхана  есігі  жұқа  темірмен 

қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. 

Кесене  мешітінің  16  терезесі,  қос  қабат 

күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасына 

Меккедегі  Қағба  іспетті  3,5­2,5  метрлік 

мозаикалық  михраб  орнатылған.  Кесененің 

оңтүстік­батыс жағындағы Аллаға құлшылық 

етуге  арналған  жерасты  ғибадатханалары 

Ясауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта 

жаңғыртылған  19  ғасырдың  соңына  таман 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі шығармашылығы 

тарихи­мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан 

жан­жақты зерттеле бастады.

Жалпы,  дәстүрлі  түркілік  сопылық  рух 

пен  Қожа  Ахмет  Ясауи  дүниетанымы, 

оның  ілімінің  мәні  мен  маңызы  «Диуани 

Хикмет», «Мират­ул Қулуб», «Пақырнама» 

сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет 

Ясауи  сопылық  ілімінің,  дүниетанымы 

мен  философиясының  негізін  моральдық­

этикалық  және  сопылық  хикметтер  деп 

жіктеуге  болады.  Қожа  Ахмет  Ясауидың 

дүниетанымдық  тұжырымдамасының  тео­

рия негізін шариат пен мағрифат құраса, ал 

тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа 

Ахмет  дүниетанымының  мәні  –  «адамның 

өзін­өзі  тануы»  арқылы  «Хақты  тануы». 

Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – 

«тәубе», соңғысы «құлдық» (убудийат, абд). 

«Диуани Хикмет» оның бүгінгі ұрпаққа 

жеткен көлемді шығармасы – «Диуани хик­

мет/ Диуани Хикмат» (Хикмат – жинақ). Бұл 

шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып 

басылып шығады. Содан кейін ол Ыстанбұл, 

Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра 

басылады. Қорық мұражай қорында одан өзге 

1300­дей қолжазба, көне кітаптар сақтаулы. 

Бұл да айрықша қажыр­қайратты, өте білімді 

де білікті мамандарды қажет етуде.

– Зиярат етушілер, ат сабылтып келген 

туристер бір Түркістаннан қайтпайтын бо­

лар. Олардың ішінде өлкемізбен апталап, 

айлап танысатындар да жетерлік. Бұған 

арнайы туристік бағыттар белгіленген бе?

– Әлбетте, келген қонақтың көбісі Оң түс­

тіктің бас қаласы – Шымкент бағы тымен бізге 

жетеді. Бұған белгілі жайттар әсерін тигізбей 

қоймайды.  Әуе  қатынастары,  қонақүйлер, 

т.б.  Дегенмен,  түркістандықтар  да  қарап 

қалмайды. Оған мүмкіндік зор. «Барамын», 

«көремін» дегенге көрсетер жер де жетерлік. 

Түркістаннан  аттап  бассаң Қожа  Ах мет 

Ясауидің  ұстазы  Баптардың  бабы  –  Арыс­

танбаптың, «Шығыстың Аристотелі» атанған 

ғұламалардың  ғұламасы  Әбу­Насыр  әл­

Фарабидің  даңқы  айдай  әлемге  паш  еткен 

Отырар  аймағы  Түркістанмен  шекаралас 

жатыр. Тоғыз жолдың торабына орналасқан 

киелі қалаға өкпе тұс  Арыстанбап, Отырар 

тарапынан келсеңіз Меңдуана баба, Гауһар 

анаға  бет  түзейсіз.  Осы  жерде  тоқтала  ке­

тер  бір  жайт  бар.  Түркістан  өңірінде  емдік 

қасиеті бар сулар мол­ақ. Минералдық құрамы 

жөнінен Сарыағашпен бірдей «Гауһар Ана» 

жылы суы адамның ішкі ағзаларына мың да 

бір дауа. Сол секілді «Теке», «Қызыл шаруа» 

суы «теміреткі», «қотыр», «қышыма», т.б. ау­

руларды емдеуде таптырмас шипагерлікке ие.

Әлемдегі  женьшень  тамырларымен  бір 

сатыда  деңгейлес  қызыл  мия  да  Түркістан 

топырағында  өсетінін  көпшілік  біле  жүрсе 

артықтық  етпес.  Кентау  бағытында  Имам 

Марғозы – көк жөтелдің пірі (Көк тонды ата), 

Құсшы ата, Зеңгіш баба бейіттері оқшауланып 

дара тұр. Әлемдік өркениетте «Қошқорған фа­

унасы мен флорасы» атанып ерекшеленетін 

Қосқорған да Түркістан­Кентау тас жолына 

аса қашық та емес. Кезінде даңғайыр жазу­

шымыз  М.  Әуезов  «Кентау­Қаратау  тәжі» 

деп жоғары баға берген шағын да әсем қала 

30 шақырым жерде ғана тиіп тұр. 

Қарт  Қаратаудың  қос  қапталын  қатар 

жайлаған  Созақ  пен  Түркістанды  жалғап 

жатқан бірнеше асу бар. Күнгейден теріскейге 

ассаңыз Әзірет Сұлтанның түп бабасы – Ұлы 

Дала еліне исламды таратушының бірі – Ыс­

қақ баб, оның серігі Баба түкті Шашты Әзіз, 

әділдігі  қара қылды қақ жарған Қара бура, 

ақыл мен көрікті қатар иемденген, ел үшін 

опат  болған  Ақбикеш  кесенесіне  соғасыз, 

жол  бойы  қаратаудың  ең  көрікті  тұстарын 

тамашалуға мүмкіндік аласыз. 

Шымкент  –  Сайрам  бағытында  Шәмші 

қожа,  Жүсіп  ата  бейітіне  тоқтап,  бет  си­

пайсыз.  Тақтайдай  теп­тегіс  түзу  жолмен 

сырғып отырып, 2­3 сағатта «Сансыз баптар 

мекені­Сайрамға» жетуге болады. Бұл Қожа 

Ахмет Ясауидің кіндігін кескен жері, атасы 

Ыбырайым мен анасы Қарашаштың бейіттері 

белгі болып қалған жер. 

Түркістаннан солтүстік батысқа ат басын 

бұрсаңыз Кәріз, Қарашық елді мекендеріне 

ұшырасасыз.  Бұл  –  жерасты  суларын 

біріктіретін құдықтар қазып, егістік суарған 

диқан ауыл. Әрісі Орта Азия, берісі Оңтүстік 

өлкеде баламасы жоқ кәріздер осында. «Әзірет 

Сұлтан»  қорық  мұражайында  сақталған 

ірілі­ұсақты  кәріз  құбырлары  көрермен  на­

зарын аудармай, ойға қалдырмай қоймайды.  

«Ақиқат сыйы» шығармасының авторы Ахмет 

Үгінекидің  (Югнаки)  туған  балалық  шағы 

өткен жер, «Жүйнек төбеге» соқпай тағы да 

кете алмайсыз. Одан әрі таяқ тастам жерде 

Әмір Темір пәрменімен «Тайқазанды» құйған 

Қарнақ  ауылы  орналасқан.  Бір  ғажабы  әлі 

күнге тайқазанды құйған шеберлердің үрім­

бұтағы қарнақта күн кешуде. Өзіндік архи­

тектурасымен көзге ұрып тұрған Шәмет Ишан 

мешіт­медресесі  де  осында.  Әйгілі  айтыс­

жырдың дүлдүлі Шортанбай Қанайұлы мен 

Құнанбай қажы төс қағыстырып, қияметтік 

дос атанып Семейге көшіріп алдыратын исі 

Алаштың мақтанышы Мұхтар Омарханұлы 

Әуезовтің  ата­бабаларының  құт  қонысы 

болған  жер.  Жолай  Серт  ауылынан  өтіп, 

тау  сілемдеріне  ішкері  ене  бастаған  соң­ақ 

әр төбенің, әр қыраттың астында бір­бірден 

Әулие бабалар бейіті ұшырасады. Көк қошқар, 

Ер қоян ата, Қызыл ата, Үйрек ата, Көктас 

әулие  (көк  бұлақ)  болып  жалғаса  береді, 

жалғаса береді. 

Асыға  күткен  Үкаша  атаға  да  жетесіз. 

Пайғамбарымыз Мұхаммет (с.а.у) жауы ры­

нындағы  Алланың  мөрін  көрген  әлемдегі 

жалғыз  Сахаба  жөнінде  аңыз  да  әфсана  да 

жетерлік.  Құдығына  салған  шелек  біреуге 

толы,  біреуге  орта,  енді  біреуге  ырымға 

тамшы  ілінбей  шығады.  Мұндайда  көңіл 

күйдің қырық құбылатыны айтпаса да бесе­

неден белгілі. Ат арытып, қия беткейлерден 

әупіремдеп өтіп Жылаған Атаға да жетесіз. 

Бұл  дүниенің  жұмағы  іспеттес  тау  аңғары 

өсімдіктің бай түріне, долана, жабайы алма, 

жидеге  тұнып  тұрғаны.  Темір  астау,  Сәлде 

тау,  Ақсерке  тау  жолда  қалып,  Қара  шора, 

Ата  шора  сарқырамалары  өзгеше  кейіпте 

ындыныңды  құртады.  Табиғаттың  тыл­

сым  күші  еріксіз  көз  жанарыңды  арбайды. 

Сондықтан болар жаз шыға алыс­жақын шет­

елдерден келетін туристер саны молая түседі. 

Ал енді қаланың оңтүстігін бетке алған жан 

Икрам мешіті, Қауған ата кесенесі мен Қауған 

төбе қаласының орнын тамашалай алады. 

Қызылорда бағыты да тарихи дерек көз­

дерге тұнып тұр. Көбірек зерттелген Сидақ 

ата, Қаратөбе қалашықтарының мол қазба бай­

лықтары «Әзірет Сұлтан» музейінің қорында 

сақтаулы.

Осы жерде Қамал қорғанының орны жер­

мен­жексен  болып  қирамай,  бүгінгі  таңға 

аман жеткен республикадағы жалғыз қала – 

Сауранға арнайы тоқталғанды жөн санадық. 

Өткен ғасырларда Сауран мен Сығанақтың 

хан  ордасы  болғандығы  тарихтан  белгілі. 

Сауран  мәдениеті,  өркендеген  мешіті  мен 

медресесі, базары мен шайханалары бар Жібек 

Жолындағы  санаулы  қаланың  бірі  болған 

деседі жиқанкездер. Қатар өрілген тербелмелі 

қос мұнараның ХІХ ғасырдың ІІ жартысына 

дейін тұрғандығын А.Кун де айғақтайды. Тіпті 

әлемнің сегізінші кереметіне балағандар да та­

былыпты. Оның мәнісі мынада: Мұнараның 

біріне шығып азан шақырса, екіншісі тербеліп 

жұрттың  таңданысын  туғызған.  Сарай  ата, 

Қарахан ата, Сәдуақас сахаба, Жалаулы ата, 

Әздер әулие, Гүрзіхан ата, Шаш аналардың 

бейіттері де осы атырапта жатыр. 



– Сіз шамалы эмоцияға беріліп кеттіңіз 

ғой  деймін.  Сұхбатымызды  түйіндемес 

бұрын биылғы жылғы атқарылған істерге 

біршама шолу жасасақ.

– Ақыры кіріскесін кеңінен қарпығанға не 

жетсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық 

кітапханасында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік 

тарихи­мәдени  қорық  мұражайының 

ұйымдастыруымен «Ясауи мұрасы мәңгілік 

мұра»  көрмесі,  «Ұлытау»  ұлттық  тарихи­

мәдени және табиғи қорық­музейінде тұңғыш 

рет «Ұлытауды ұлықтаған Түркістан» көрмесі, 

«Әзірет  Сұлтанның»  Төле  би  ауданындағы 

көшпелі  көрмелерінде  жәдігерлерімізді 

кеңінен насихаттасақ, әріптестік келісімге орай 

«Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» көрмесі, 

Абайдың  «Жидебай­Бөрілі»  тарихи­мәдени 

және  әдеби­мемориалдық  қорық­музейінің 

ұйымдастыруымен  «Ұлы  Дала  елінің  ұлы 

ақыны» тақырыбындағы, Торғайлықтардың 

«Дала өлкесі» облыстық өлкетану музейінің 

«Торғайдың  Өзбекәлісі»  көрмелері  «Әзірет 

Сұлтан»  қорық­мұражайына  келушілерге 

кеңінен таныстырылды. Сондай­ақ, «Әзірет 

Сұлтан» мемлекеттік тарихи­мәдени қорық­

музейінде  «Абыздан  жеткен  асыл  сый» 

акциясы  басталуына  орай  баспасөз  конфе­

ренциясы,  «Мәдени  мұра  –  алтын  тамыр, 

асыл бағдар», «Қазіргі таңдағы музей ісінің 

өзекті мәселелері», «Сыбайлас жемқорлық­

ауыздықталар дерт», «Діни экстремизм мен 

терроризмге  қарсы  күрес»,  «Ұмыт  қалған 

әулиелер»  атты  тақырыптарда  дөңгелек 

үстелдер өткізілді. 

Осы  жерде  айрықша  тоқталар  жайт  – 

«Абыздан жеткен асыл сый» тақырыбымен 

Шәкәрімнің  тұтынған  заттарының  тұңғыш 

рет біздің музей төрінен орын тебуі болды. 

Кесененің  асхана,  құдықхана,  ақсарай  бөл­

мелері Қылует пен «Түркістан тарихы» музей­

леріне  тұрақты  экспозициялар  жасалынды. 

Жер гілікті Түркістан газетінде «Әзірет Сұл­

тан» қосымшасы тұрақты түрде жарық көрді. 

Кесенеде  жерленген  тұлғалар  жайлы, 

Ахмет  Ясауи  шығармашылығын  насихат­

тау  мақсатында  қыркүйек  айында  мек­

теп  оқушылары  арасында  «Ясауитану» 

республикалық  білім  байқауы  болып  өтті. 

Биылғы  байқаудың  ерекшелігі,  байқау  тек 

республикалық көлемде емес сонымен қоса 

халықаралық форматта ұйымдастырылды.

Енді  бүгін  «Қожа  Ахмет  Ясауи  мұрасы 

мен  ілімінің  зерттелу  мәселелері»  атты  V 

халықаралық ғылыми­практикалық конферен­

ция өз ісін бастап кетті. Әрине, жыл бойын­

да өткізілген 67 іс­шараның бәріне тоқталып 

жатуға мүмкіндік аздау. Мемлекеттік ұлттық 

мерекелер  іс­шаралары,  танымдық  шолу­

лар,  кітап­фото  көрмелері,  кештер,  семи­

нарлар, қайырымдылық акциялары көптеген 

келушілерді қызықтырғаны сөзсіз. 

ХХІ  ғасыр  білім  мен  біліктіліктің,  тың 

ізденістің, экономикалық тығырықтан алып 

шығар соны жолдың ғасыры туризм саласын­

да да, музей ісінде де солай.

Елге келген қонақтар мен туристерге бағ­

зыдан жеткен жәдігерлерімізді танып­білуге 

барлық жағ дайды жасай білсек, өтке німізге 

байыпты көзқарас пен қарап қана қой май, ел 

туризмін дамы тып, бюджет қоржынын қам­

пай туға үлес қосқа нымыз. Бұл – біздің баба­

лар алдындағы аманат парызымыз ғана емес, 

Отанымызға берешек қарызымыз болмақ. 



– Сұхбатыңызға рахмет. Еңбектеріңізге 

шығармашылық сәттілік тілейміз.

– Рахмет.

Әңгімелескен

Алмас Керім

Түркістан – рухани Астана мәртебесін 

иемденуге толықтай құқылы

cұхбАт

    1


facebook.com/azretsultan.kz

www.azretsultan.kz


жүктеу 338,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау