Тақырып бойынша глоссарий.
Бүйректік глюкозурия – Глюкоза реабсорбциясын қамтамасыз ететін проксимальды түтікшенің ферменттік жүйесінің ақауы.
Гломерулонефрит /ГН/ – екі бүйректің де нефрон шумақтарының инфекциялық-аллергиялық себептен пайда болатын қабынуы.
Гидронефроз – пиелоуретральды сегменттерде зәр ағысының бұзылуынан бүйрек түбекше және тостағаншасының өршімелі, тұрақты кеңеюінен бүйрек паренхимасын біртіндеп атрофияға алып келеді.
Дистопия – бүйректің туа пайда болған орналасу қалпының ақауы.
Жедел бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ) – клиникалық синдромдарының этиологиясы әртүрлі, бүйрек тінінің гипоксиясынан түтікшенің зақымдалуы және интерстициялық тіннің ісінуі, кенеттен, уақытша немесе қайтымсыз бүйректің гемостатикалық қызметінің жойылуы.
Интерстициальды нефрит (ИН) – жедел токсикалық, аллергиялық, инфекциялық генезді бүйректің тубулоинтерстициальды тіндердің арнамалы емес қабынуымен өтетін гетерогенді топ.
Иммуноглицинурия (Жозеф синдромы) –аминқышқылдардың түтікшенің тасымалдануының бұзылуымен аутосомды-рецессивті түрде тұқым қуалайтын ауру.
Нефротикалық синдром (НС) – айқын ісікпен және массивті протеинуриямен (тәулігіне 1,0 г/м2) көрінетін клиникалық-лабораториялық симптомокомплекс.
Нефроптоз – бүйректің патологиялық қозғалысы.
Олигонефрония (олигомеганефрония) – нефрондардың ұзарып, олардың саны және бүйрек мөлшері азаюымен жүретін туа пайда болған ауру.
Созылмалы гломерулонефрит (СГН) – персистирлеуші үдемелі иммунды-қабынумен, нефрондарды склеротикалық деструктивті зақымдап, тубулоинтерстициа-льды және жиі созылмалы бүйрек жетіспеушілігін тудырумен сипатталатын алғашқы гломерулопатиялар тобы.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) - нефрондардың сандық және қызмет-тік өзгерістері бүйректің гемеостатикалық қызметінің бұзылысына, жиі ШСЖ-ның 50%-ға төмендеуіне алып келетін клиникалық белгілер жиынтығы болып табылады.
Тубулопатия (ТП) – бүйрек түтікшелерде мембраналық тасымалдауының бұзылуымен жүретін аурулар тобы.
Уроцитограмма – несептегі лейкоциттердің түрін, сапасын анықтау.
Пиелонефрит – бүйректің табақша-түбекше жүйесінің және түтікті-интерстициальды тіндерінің бейарнамалы жұқпалы (инфекциялы) қабынуы.
Цистит – зәр қабының (қуықтың) кілегей қабатының қабынуы.
Цистинурия – цистин және құрлымы жағынан сәйкес келетін лизин, орнит, гомоцистин, дисульфидцистин, аргининнің зәрмен көп бөлінуімен білінетін, аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтын ауру.
Фосфат-диабет – бүйрек түтікшелерінде фосфат реабсорбцияның төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |