155
ӛмірінің тіршілігін ажырамайтын, бӛліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде
қарастырған.
Қоршаған ортаның қандай дәрежеде сақталуы, сол ортада ӛмір сүрген адамзаттың да
бет-бейнесін ашып отырады. Жиырмасыншы ғасырдың 60 – жылдарның аяғынан бастап
«Табиғатты қорғау шаралары», одан кейін 70 – жылдарыдың соңы мен 80 – жылдарда «
экологиялық білім мен тәрбие беру » ұғымына ауысты. Қазіргі уақытта «экология» сӛзінің
мәні биологиялық сипатта ғана қалып қоймай, бұл ұғымның биологиялық жағы адам
ӛмірінің физиологиялық, экологиялық және технологиялық, педагогикалық аспектілерін
бірлікте қарастырғанда кең мазмұнға ие болды.
Авторлар экология ғылымына неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бірін бірі
толықтыра отырды, ол толық анықтаманы Э. Геккель берді: «Экология деп табиғат
экономикасына қатысты барлық білімдерді жануардың, оны қоршаған органикалық және
органикалық емес ортамен, әсіресе оның ӛзімен, тікелей немесе жанама қатысатын
жануарлармен, ӛсімдіктермен ӛзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар
жиынтығын зерттеу», – деп түсінеміз [8].
Қазақстандық ғалымдардың да бұл салаға қосып жатқан үлестері, зерттеулері аз емес,
дегенмен де бұл сала – зерттелуі бітпейтін, анықтауы таусылмайтын, күнбе-күн жаңадан
талап қоя білетін мәселе. Қазіргі кезде кӛптеген ғалымдардың қолданып жүрген,
нақтыланған анықтама – мынау: «экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі,
тірі организмдердің ӛмір сүру жағдайларын, олардың ӛзара қатынасын табиғи ортамен
байланыстарын зерттейтін ғылым».
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем кӛріністері арқылы жас ұрпақтарды
тәрбиелеу А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4], Ш.Уәлиханов [5], шығармаларында табиғат
пен адам ӛмірін ажырамайтын біртұтас дүние ретінде қарастырылған. Табиғат
құбылыстарының ӛзгеріп отыруы заңдылық екенін айта келіп, табиғатқа сипаттамалар беріп,
болашақтың бұрын-соңды болмаған жаңа дәстүрінің туып, орнығуына жол салды.
Ӛлке – дегеніміз аймақтық кӛлемдегі жер, ол әкімшілік түрде болады (облыс,
республика, ӛлке) [9]. Мектептегі экологиялық ӛлкетануда бұл түсінік экологиялық
проблемалардың локальды және аймақтық деңгейін қамтиды және олардың арасындағы
әрекеттестікті талап етеді. Әкімшілік шегінде ғылыми зерттеулер жүргізіледі және табиғатты
пайдалану бойынша нақты бетбұрыстар қабылданады, ол-мектептегі экологиялық білім
беруге қажетті ақпараттар береді. Жергілікті – адамның ӛзі ӛмір сүріп жатқан жері және
табиғатпен әрекеттесу орны. Жергіліктілін оқыту ортасы ретінде қолданылуы мүмкін, яғни
оқушылардың тәжірибелік жұмысы болып табылатын іздену жұмыстарын жүргізу орны
болып табылады.
«Ӛлкетану» терминін алғаш рет 1914 жылы тарихшы-әдіскер В.Я.Уланов және сібірлік
мұғалім-географ B.Н.Мальков қолданды [10].
Ӛлкетану – елдің бір бӛлігі, қаланың, ауылдың, басқа да поселкенің тұрғылықты жердің
тұрғындары үшін туған ӛлке болып табылатын территорияны жан-жақты оқып үйренуі.
Ӛлкетану – белгілі бір ӛңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін
зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы. Кешенді ӛлке осылардың бәрін бір-
бірімен байланыста қарастырады, салалық ӛлкетану географиялық, тарихи, этнография,
топоним т.б. болып бӛлінеді. Ӛлкетанудың негізгі міндеті – ӛлке жӛнінде түрлі ақпараттар,
материалдық ескерткіш үлгілерін т.б. мәліметтер жинақтау. Ӛлкетану – мұғалімнің
басшылығымен оқушылардың туған ӛлкесінің ( мектеп алаңы, ауыл, аудан, қала, облыс,
ӛлке, Қазақстан ) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағдайларын жан-жақты
зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені ӛмірмен, қоршаған дүниемен тығыз байланыста
қарастырудан туады.
Сондай-ақ мектептегі ӛлкетану жұмыстарында оқушылардың табиғатты қорғаумен
байланысты экологиялық білімдері мен біліктіліктерін қалыптастырудың тиімді және
перспективті бағыттарын қарастырамыз. Оқушылардың жергілікті, нақты экологиялық
мәселелерді шешумен байланысты болған ұжымдық немесе ӛз бетінше іс-әрекеттері олардың
156
табиғатты қорғау туралы білімдері мен дағдыларын жоғары сапалық деңгейге кӛтереді. Бірақ
ғылыми талдау және нақты іс-тәжірибе нәтижелері оқушыларға экологиялық білім беру мен
оларды тәрбиелеуде әзірше күтілетін нәтижелердің тиімділігін кӛру ұзаққа созылатын
процесс, нәтижесін байқау қиын, себебі мектептегі экологиялық білім кӛбінесе теория
жүзінде, нақты экологиялық мәселелерді практика барысында шешуден тыс іске асырылып
жатады.
Мектептегі экологиялық ӛлкетанудың мақсаты мына міндеттер арқылы нақтыланады:
- оқушылардың қоршаған орта туралы білімі, сонымен қатар қазақтың рациональды
және иррациональды білім алуы және ӛлкенің экологиялық проблемалары;
- интеллектуалдық және практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыру, жағдайды
бағалай білу, ӛзі тұрған жердің қоршаған ортасын қорғау және тұрғындардың денсаулығын
қадағалау;
- экологиялық құндылықтарға табиғатқа, қоршаған ортаға, денсаулыққа, экологиялық
іс-әрекеттерге жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.
Білім беру жүйесіндегі ӛлкетану жұмысы оқушылардың табиғатты қорғаудағы халық
педагогикасында қажетті маңызды құралы болып табылады. Оны ұйымдастырудың қазіргі
таңдағы жағдайын қанағаттанарлық деуге болмайды. Жоғарыда талданған, басшылыққа
алынған ғалымдардың ерен де құнды еңбектерін жоққа шығармаймыз, зерттеу жұмысымыз
барысында ӛлкетану жұмыстарының кейбір бӛліктерін назар аударған кезде байқағанымыз
да мұның негізгі себебі мұғалімдердің экологиялық бағыттағы ӛлкетану жұмысын
ұйымдастыруға қазақ халық педагогикасы материалдарын пайдалану дайындығының
жеткіліксіздігімен бұл мәселе бойынша қажетті біліктілік дағдылар жүйесіне ие еместігіне
байланысты.
Мектептегі экологиялық ӛлкетанудың мақсаты - жекелеген оқушының бойына қазақ
халық педагогикасы арқылы экологиялық мәдениет қалыптыстыруға ықпал ету, оқушыларды
экологиялық мақсатты түрде қоршаған ортамен байланыс жасауға тарту. Бұл жерде адамның
қоршаған ортамен экологиялық мақсатты ӛзара әсері оның ӛз әрекеттері арқылы табиғатты
тиімді түрде қолдануға бағытталғандығын кӛрсетеді, жеке іске асу барысында ӛз
әрекеттерінде қоршаған ортаға залал келтірмеуге тырысады.
Мектептегі экологиялық ӛлке танудың мақсаты мына міндеттер арқылы нақтыланады:
оқушылардың қоршаған орта туралы білімі сонымен қатар қазақтың рациональды
және иррациональды білім алуы және ӛлкенің экологиялық проблемалары;
инетеллектуалдық және практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыру, жағдайды
бағалай білу, ӛзі тұрған елдің қоршаған ортасын қорғау және тұрғындардың денсаулығын
қадағалау;
экологиялық құндылықтарға - табиғатқа, қоршаған ортаға, денсаулыққа,
экологиялық іс-әрекеттерге - жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Оқушылардың табиғатты қорғаумен байланысты білімдерін және біліктіліктерін
қалыптастыруда мектеп оқу-тәрбие үрдісінің мүмкіндіктері мол. Балалардың экологиялық
мәдениеті тек жаратылыстану пәндері сабақтарында ғана емес, гуманитарлық курстарды
оқытуда, сыныптан және сабақтан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мектептегі экологиялық ӛлкетану жұмыстары оқушылардың табиғатты
қорғаумен байланысты білімдері мен біліктіліктерін қалыптастырудың тиімді және
перспективті бағытына жатады. Ӛйткені оқушылардың жергілікті, нақты экологиялық
мәселелерді шешумен байланысты болған ұжымдық немесе ӛз бетінше іс-әрекеттері олардың
табиғатты қорғау туралы білімдері мен дағдыларын жоғары сапалық деңгейге кӛтереді.
Бүгінгі таңда білім берудің сапасын кӛтеруде, жас ұрпақтың дүниеге дұрыс кӛзқарасын
қалыптастыруда ӛлкетану маңызды, күшті құрал болып отыр.
Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда ӛлкетану жұмыстарының тӛмендегі ерекшеліктерін
анықтауға негіз болды:
біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |