Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет74/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99

148 
 
Мүмкіндігі  шектеулі  балалар  ересектердің  ықпалына  кӛне  қоймайды.  Онда  тіл 
алмаудың қарсылықпен наразылық әртүрлі формада шығады (қиқарлық, дӛрекілік, тентектік, 
бүкпелік, тұйықтық) ерте жастық шақ кезіндегі кезеңдегі даму сыналу кӛріністерінің пайда 
болуында  биологиялық  және  әлеуметтік  жайлардың  рӛлі  туралы  теориялық  талас  жарты 
ғасырдан  астам  уақыттан  бері  болып  келеді  [3].  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
дамуындағы  биологиялық  фактор  проблемасы  баланың  организмінде  нақ  осы  шақта 
биологиялық  толысу  жолында  түбегейлі  ӛзгерістердің  болуынан  туындайды.  Ерте  жастық 
шақ  кезіндегі  шақта  эндокриндік  және  жүйке  жүйелерінің  қызметіндегі  балалық  шақта 
болатын тепе-теңдік бұзылады да жаңа тепе-теңдік жаңадан қалыптаса бастайды. Бұл қайта 
құрылу  ерте  жастық  шақ  кезіндегі  ішкі  жағдайларына,  әсерленуіне,  кӛңіл-күйіне  әсер  етіп, 
оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланғыштығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, 
қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селқостануының енжарлануының негізі болады [4]. 
Жыныстық  толысу  мен  дене  күші  дамуындағы  ӛзгерістердің  жаңа  психологиялық 
құрылымдардың  пайда  болуында  бірталай  маңызы  бар.  Біріншіден,  ерте  жастық  шақ 
кезіндегі ӛзі анық сезетін бұл ӛзгерістер оны объективті тұрғыдан ересектікке айналдырады 
және  оның  ӛзінің  ересектігін  сезінуінің  басталуына  негіз  болады.  Екіншіден,  жыныстық 
толысу  басқа  жынысқа  толысу,  басқа  жынысқа  ден  қоюдың  дамуына  жаңа  түйсіктердің, 
сезімдердің,  толғаныстардың  шығуына  себепші  болады.  Ӛзімен-ӛзі  болу  ерте  жастық  шақ 
кезіндегі  жаңа  түйсінулер  мен  толғаныстарына  ден  қоюы  оның  ӛмірінде  алатын  орны  ерте 
жастық шақ кезіндегі ӛмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына 
оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Ерте жастық 
шақ  кезіндегі  терде  алғашқы  романтикалық  сезімдерінің  оянуы  қалыпты  психологиялық 
құбылыс болып табылады.        
Белгілі  бір  шақтық  кезеңге  тән  анатомиялық-физиологиялық  және  психологиялық 
ерекшеліктерді  әдетте  жас  ерекшеліктері  деп  атайды.  Сондықтан  педагогика  және 
психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, ӛзгерімпаздықты айқындайды, 
тәрбиеленушінің  және  қоршаған  ортамен  жасайтын  қарым-қатынастар  жүйесіне  тәуелді 
болатынын  атап  кӛрсетеді.  Балалардың  ӛсіп-жетілуінің  бір  сатысынан  екіншісіне  кӛшуі 
кездейсоқ  емес.  Әр  жастағы  кезеңге  тән  психологиялық  ерекшеліктердің  үштасуын  жиі 
байқауға болады. 
Сана-сезімнің,  дене  күш-қуаттарының  дамуы  адамдардың  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  [5].  Баланың  жасы  ӛскен  сайын  бойлары  ӛсіп,  денелері  тұлғаланып,  ақыл-
саналары  дамып,  білімдері  тереңдей  бастайды.  Балалардың  жас  ерекшелігін  есепке  алу, 
Оқыту  мен  тәрбие  жүйесіндегі  негізгі  принциптердің  бірі.  Қоғамда  атқаратын  рӛлі,  белгілі 
құқығы  бар  адамды  жеке  адам  деп  түсінеміз.  Ал,  қалыптасу  дегеніміз  —  адамның  жеке 
басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы ӛмір сүруге дайын болуы. 
Жас ұрпақты қоғамдық ӛмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, 
баланың  жеке  басын  қалыптастыруға  әсер  ететін  тәрбие,  қоғамдық,  әлеуметтік  орта  және 
тұқым қуалаушылық, перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи 
борышы  [6].  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  тәрбие  ісінде  жас  ерекшеліктерін  ескеріп 
отыру  қажеттігін  педагогика  ғылымы  ерте  кезде-ақ  кӛрсеткен  еді.  Ал  белгілі  педагогтер 
Я.Коменский,  Ж.Руссо  тәрбие  беру  кезінде  бала  табиғатын,  оның  қабылдау,  ойлау 
ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. 
Қазіргі  педагогика  және  психология  ғылымдары  балалар  мен  жеткіншектердің 
дамуындағы  биологиялың  фактордық  рӛлін  айрықша  кӛрсетеді.  Педагогика  ғылымы  жас 
ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, 
бұл  қозғалыстан  сан  жағынан  жинақталу,  сапа  жағынан  елеулі  ӛзгерістер  болатынын  алға 
тартады.  Мәселеге  бұлайша  қарау  балалардың  дене  және  психикалық  дамуының  бірқатар 
кезеңдерін  белгілеуге  мүмкіндік  береді.  Осының  негізінде  мектеп  жасындағы  балалар  мен 
жасӛспірімдердің ӛсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бӛлу қабылданды: 
1) тӛменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін); 
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін); 


149 
 
3) орта мектеп шағындағы жасӛспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін). 
Соңғы  жылдары  симпозиумда  қабылданған  жас  кезеңдерінің  сызбасына  жаңа  туған 
баладан  бастап  жасӛспірімдік  шаққа  дейінгі  ӛзгерістер  кіреді.  Тәрбие  мен  оқыту  осы  жас 
сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Ӛйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары 
немесе биологиялық жетілу сатылары. Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы 
кезеңі  болып  табылады  және  бала  дамуының  осы  кезеңдегі  жеке  басының  ӛзіндік 
құрылымының  жиынтығын  құрастыратын  кӛптеген  ӛзгерістермен  сипатталады.  Осыған 
байланысты  әрбір  педагог-маман  оқушыларының  жас  кезеңдеріндегі  ерекшеліктерге  сергек 
те  сезімтал  кӛзқараспен  қарап,  олардың  жан  дүниесін  түсіне  білуі  шарт  [7].  Ойымды 
қорытындылай  келе  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  психологиялық  бейімдеу 
арқылы  заман  талабына  сай  білім  беріп  қана  қоймай,  тәрбиелеп,  оларды  қоғам  ӛміріне  ӛз 
пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. — М.: Просвещение, 1988. 
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976. 
3. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан 
алдын ала сақтандыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988. 
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968. 
5. Обухова Л.Ф Возрастная психология. — М., 1999. 
6. Ильин Е.Н. Путь к ученику. — Москва: Просвещение, 1988. 
7. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968. 
 
Аннотация 
Мақалада  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  дамуы,  олардың  жас  ерекшеліктері  мен  даму 
кезеңдері және кездесетін түрлі қиыншылықтары  қарастырылған.  
Аннотация 
В статье рассматривается развитие детей с ограниченными возможностями, их возраст и этапы  
развития и различные трудности с которыми они сталкиваются.
 
Аnnotation 
The  article  discusses  the  development  of  children  with  disabilities,  their  ages  and  stages  of 
development and the various difficulties they face. 
 
 
 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау