Жоспар I кіріспе II паскаль бағдарламалау тілінің элементтері



жүктеу 0,64 Mb.
Дата09.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#7363
түріПрограмма



Р е ф е р а т

ТАҚЫРЫБЫ: ПАСКАЛЬ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Дайындаған : Ахметова Айымгүл



ЖОСПАР
I КІРІСПЕ
II ПАСКАЛЬ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

§ 1. ПРОГРАММАЛАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

§ 2. ПАСКАЛЬ ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
III ҚОРЫТЫНДЫ

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



КІРІСПЕ


XXI-ғасырды – ақпараттық технологиялар дәуірі деп атайды. Қазіргі кездегі ғалым немесе кез-келген маман қандай да бір мәселені (есепті шешу), үшін ол ақпаратты дұрыс өңдей білу керек. Сондықтан ол ақпараттану (информатика) білімінсіз бұл мәселені шеше алмайды. ЭЕМ-ді қолдануды, бұл өңдеудің белгілі бір бөлігін, адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін және жылдамдығы адамның жылдамдығынан бірнеше миллион есе көп, автоматты құрылғыларға аударуға болады.

ЭЕМ-дер адам қызметінің барлық салаларына еніп жатыр, сондықтан онымен жұмыс істеуге ұмтылған адамдар үзілізсіз артуда. Есептеу машиналарын көпшіліктің жаппай пайдалануында, түрлі программалау тілдерінің алатын орнының мағынасы үлкен. ЭЕМ-мен қатынас тілі түсінікті және қарапайым болған сайын, адам мен ЭЕМ-нің өзара байланысы тиімді болады. Программалау дағдыларын бала кезінен қалыптастыруға болатын, миллиондаған қолданушыға түсінікті болатын программалау тілдері ерекше қызығушылық танытты.

ЭЕМ-нің дамуымен қатар оған қажетті базалық программалық құралдар да дамып отырды. Бірінші кезекте бұл программалау тілдеріне қатысты, олардың көмегімен адамдар есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтауды үйренді. Оларды да бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірнеше кезең – 50 жылдардың соңына қарай программалау құрылымы, дәл кодтау тәсілі арқылы ұзын командалар тізбегі екілік, сегіздік және оналтылық сандар қолданылды. Бұл қызметтің программалаудан айырмашылығы кодтау деп аталды да, оның алдына – алгоритмді құрастыру міндеті қойылды.

Екінші кезең – оларға Ассемблер тілдері жатады, олармен жұмыс істеу машиналық тілге қарағанда жеңілірек болды. Оларда нақтылы комендаларға арнайы сақтау әдістері қолданылды.

Үлкен көлемді, жадылы, жылдам есептегіш машиналарының пайда болуы, кодтау қиындықтарын соншама өсірді, олармен адамдардың жұмыс істеуі тиімсіз бола бастады.

Бір машинадан, екінші машинаға программаны қайта кодтау қажеттілігі кезінде алгоритмдердің көбінесе аударуға келмейтіні бақыланды, сондықтан нақтылы машиналарға аппараттық есеп жүргізуге қажеттілік туды.

Бөтен программалардың құрылу принципін түсіну жалпы тәжірибеде мүмкін болмады.

Машина тілінде жазылған программаларда, қажет емес ақпараттардың есебінен құралатын қателіктер түзелетін болған. Нәтижеде программаларды түрлі техникалық жөндеуге келмейтін естен тандырып, түрлі қателіктермен толтырады, соның салдарынан оларды ашу мүмкін болмады. Болашақ студент оның себебін іздеумен аптплап отыратын болған, ал программа іс жүзінде дұрыс жазылған не себепті жұмыс істемейді.

Бұл қиындықтан шығудың жолы “жоғарғы деңгейлі” программалау тілдерінің жасалуына себепші болды.

Үшінші кезең – тілдердің ең “көлемді” кезеңі. Ол 1955 жылы Фортран (FORmulf TRANslator – формулалар аудармашысы) тілінің пайда болуынан басталады. Бұл тілдің пайдаланылуы осы күнге дейін жалғасып келеді.

1970 жылы Никлаус Вирт PASCAL (Паскаль) тілін жасады. Бұл тіл, әсіресе қазіргі кездегі қолданыстағы түрі, жан-жақты жетілген құралдармен жабдықталған болып саналады.




§ 1. ПРОГРАММАЛАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Паскаль ASCII кодының төмендегідей символдар қорының жиыншасын қолданады:

латын алфавитінің А-дан Z-ке дейінгі және а-дан z-ке дейінгі әріптері;

0-ден 9-ға дейінгі араб сандары;

оналтылық сандар - 0-ден 9-ға дейінгі араб сандары және А-дан F-ке дейінгі және а-дан f-ке дейінгі әріптер;

• арнайы символдар - + -*/ = <>[].,():;^{}S # @;

құрамды символдар - : = <> <= > = .. (* *) (. .);

жол соңы және күймешені (курсорды) қайтару символдарын қоса алғандағы ASCII кодының барлық басқарушы символдары және бос орын.

Ескерту: (* *) символдар жұбы { } жүйелік жақшаларға пара-пар; (. .) символдар жұбы [ ] тік жақшаларға пара-пар.



Келесі сөздер Паскаль тілінде резервтелінген болып табылады:

absolute, and, assembler, asm, array, begin, case, const, constructor, destructor, div, do, downto, else, end, external, far,file, for, forward, function, goto, if, implementation, in, inline, interface, interrupt, label, mod, near, nil, not, object, of, or, packed, private, procedure, program, record, repeat, set, shl, shr, string, then, to, type, unit, until, uses, var, virtual, while, with, xor.



Идентификаторлар

Идентификаторлар тұрақтылардың, типтердің, айнымалылардың, процедуралардың, модульдердің, программалардың және жазбалардағы өрістердің аттары ретінде пайдаланылады. Идентификаторлардың жүру аймағында оның мағынасы бір мәнді болуы қажет. Идентификаторлардың аты ретінде резервтелінген сөздерді пайдалануға тиым салынады.

Паскальда идентификаторларды құрудың бірнеше ережелері бар. Олардың қысқаша сипаттамалары мынандай:

Барлық идентификаторлар әріптен немесе сызу белгісінен басталуы қажет және оның құрамында бос орын болмауы керек. Келесі символдар ретінде әріп, сызу белгісі, сан болуы мүмкін. Басқа символдарды пайдалануға болмайды;

Идентификаторлардың ұзындықтары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың алғашкы 63-і ғана пайдаланылады;

Идентификаторлар пернеліктің бас және кіші әріптерін айырмайды, яғни АВВА идентификаторы abba идентификаторына пара-пар.

Дұрыс идентификаторлардың мысалдары; А1, PRIMER, В7А, FLAG.

Дұрыс емес идентификаторлардың мысалдары:



- идентификатор саннан басталып түр;

А+1 - арнайы "+" символы пайдаланылып тұр.

Программаның құрылымы

Паскаль тілінде программалар тақырыптан, блоктан және «.» (нүкте) белгісінен тұрады.

Программаның тақырыбы программа атынан және параметрлер тізімінен тұрады:

Program программа - аты (идф1, идф2,...,идфN);

мұндағы идф1, идф2, ..., идфN - программаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асыруға көмектесетін файлдардың идентификаторлары; идф1 және идф2 ретінде көбінесе стандартты енгізу (INPUT) және шығару (OUTPUT) файлдары көрсетіледі. Әдетте параметрлер көрсетілмейді.



Паскальда блок екі бөлімнен тұрады: сипаттау және орындалу. Әрбір блок процедураның немесе функцияның хабарлануының бөлігі не болмаса программаның немесе модульдің бөлігі болады. Хабарлау бөлімінде хабарланған барлык идентификаторлар мен белгілер блок ушін жергілікті болып табылады.

Орындалу бөлімі программа операторларын қамтитын құрамды оператордан тұрады.



Сипаттау бөліміне модульдерді іске қосу, белгілерді, тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, процедуралар мен функцияларды сипаттау сияқты бөлімшелер енеді.

Паскаль тіліндегі программаның жалпы құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

Program программаның аты (Input, Output);

Uses модульдер;



Label белгілер;

Const тұрақтыларды хабарлау;

Туре деректер типін сипаттау;

Var айнымалыларды хабарлау;

процедураларды (Procedure) және функцияларды (Function) сипаттау.

Begin


программаның денесі

End.

Программада барлық - USES, LABEL, CONST, ТУРЕ, VAR, PROCEDURE және FUNCTION алты хабарлау бөлімдерінің болуы міндетті емес.

Модульдерді іске қосу бөлімі

Паскаль тілінде модульдер модульді программалаудың негізі болып табылады. Олар әртүрлі программаларға ендіріле алатын библиотекаларды құру үшін пайдаланылады. Ал үлкен программалар логикалық байланысқан модульдерге бөлініп жазыла алады.

USES сөйлемінде программада пайдаланылып отырған барық модульдер идентификацияланады. Оларға тікелей пайдаланылып отырған модульдер және осы модульдер пайдаланып отырған модульдер кіреді.

SYSTEM модулі әрқашан автоматты түрде пайдаланылады. SYSTEM барлық төменгі деңгейді, файлдық енгізу/шығару, жолдарды өңдеу, жылжымалы үтірлі операция, жадының динамикалық үлестірілуі және т.б. жүзеге асырады. Паскаль тілі SYSTEM модулінен басқа PRINTER, DOS және CRT сияқты көптеген модульдерді жүзеге асырады. Олар автоматты түрде пайдаланылмайды. Қаіжет болған жағдайда олар USES сөйлеміне міндетті түрде қосылуы керек. Мысалы:

Uses DOS, CRT; {енді DOS және CRT құралдарымен жұмыс істеуге болады}.

Белгілерді сипаттау бөлімі

Программада кез келген оператор белгімен белгіленуі мүмкін. Белгі ретінде 0-ден 9999-ға дейінгі кез келген санды немесе идентификаторды қолдануға болады. Бастапқы нөлдер есептелмейді (мысалы 0909 бегісі 909 белгісіне пара-пар). Белгі оператордың алдына қойыльш, одан қос нүктемен


ажыратылады. Белгі көшу (GOTO) операторымен бірге пайдаланылады. Программада пайдаланылған барлық белгілер LABEL бөлімінде үтір арқылы бөлініп жазылуы қажет. Мысалы 10, 20 және met белгілері келесі түрде сипатталады және пайдаланылады:

Label 10, 20, met;

10: <оператор>

20: <оператор>

met: <оператор>

Тұрақтыларды сипаттау бөлімі

Бұл бөлімде тұрақтылардың синонимі ретінде әлдебір идентификаторлар енгізіледі.

Мысалы:


сonst идк1=тұрақты1; идк2=тұрақты2;...идкN=тұрақтыN

мұндағы ИДКJ-ші тұрақтының идентификаторьн сипаттайды;

ТҰРАҚТЫJ - тұрақты мән немесе тұрақгы өрнек.

Бұл жердегі тұракты өрнек дегеніміз компилятор объекті кодты кұру (компиляция) кезеңінде есептей алатын өрнек. Тұрақты өрнектің карапайым түрі - тұрақгы мән.

Әрбір тұрақтыны анықтау үшін қандай да бір тұрақты мәнді белгілейтін идентификатор еңгізіледі,

Тұрақтыларды анықтау бөлімін пайдалану арқылы программаларда тұрақтыларды айқын түрде пайдаланбауға болады. Const бөлімінде берілген тұрақтылардың мәнін программада өзгертуге болмайды.



Тұрақтыларды хабарлауда хабарлауы бар блоктың ішіндегі тұрақтыларды белгілейтін идентификаторлар болады. Тұрақтының идентификаторы жеке өзінің хабарлауына енуі мүмкін емес.

Тұрақтыларды хабарлаудың бірнешс мысалдарын көрсетейік;

Const Min=0;

Мах=100;

Rad=(Max-Min) div 2;

ErKod='10';

ErrStr=' Error'+ ErKod;

Тұрақтылар арифметикалық, символдық, жолдық және логикалық болып бөлінеді.

Арифметикалық тұрақтылар бүтін және нақты болып бөлінеді.

бүтін тұрақтылар

ZAAA...A


түрінде жазылады, мұндағы Z - тұрақгының таңбасы: оң (+), теріс (-) немесе болмауы мүмкін (өздігінен +), А - 0-ден 9-ға дейінгі сандар. Бутін тұрактылардың сандық мәндері [-32768. 32767] диапазонында болуы керек. Мәндері [0, 255 диапазонында жататын бүтін тұрақтыны байттық тұрақгы де атайды.

Бүгін тұрақтыны оңалтылық түрде көрсетуге болады:



ZSBB...B

мұндағы Z - түрақтының таңбасы: оң (+), теріс (-) немесе болмауы мүмкін (өздігінен +), $ - санның оңалтылық түрде көрсетілгенінің белгісі, В - 0-ден 9-ға дейінгі және А-дан Ғ-дейінгі оңалтылық сандар.

Бүтін тұрақтылардың мысалдары: 1, +5, -125, $А4.

Нақты тұрақтылар екі түрде жазылуы мүмкін: ZAA...A.BB...B,

немесе реті көрсетіліп



ZAA...A.BB...B EzCC.C,

мұндағы Z — тұрақгының таңбасы, z - реттің таңбасы: оң (+), теріс (-) немесе болмауы мүмкін (өздігінен +), А, В, С - 0-ден 9-ға дейінгі сандар. Нақты тұрақтылардағы Е (экспонента) техникалық белгілеуі "онның дәрежесі" ретінде оқылады. Егер жазылуда нүкте бар болатын болса, онда оның алдында және артында ең болмағанда бір-бір саннан болу керек. Реті көрсетілген нақты тұрақтылар өте үлкен немесе өте кіші сандардың жазылуы ыңғайлы болу үшін кызмет атқарады.

Нақты тұрақтылардың мысалдары:

- 45.511

7Е-2 "7 көбейтілген 10-ның -2 дәрежесі" =0.07;

12.25Е+6 "12.25 көбейтілген 10-ның 6 дәрежесі " =12250000

Жолдық тұрақты - программаның бір жолына жазылған және тырнақшаға (апостроф) алынған символдар тізбегі больп табылады. Егер жолдық тұрақгы бір символдан ғана тұратын болса, онда ол символдық тұрақгы деп аталады. Апострофтар арасында ешқандай символдары жоқ символдар жолын бос жол деп атайды. Екі апостроф арасындағы тізбекте кез келген символдар немесе бос орын бола алады. Басқарушы символдар екі белгінің көмегі арқылы көрсетіледі. біріншісі - ^, екіншісі - көрінетін символ (Ctrl пернесінің және көрінетін символдың бір мезгілде басылуы сияқгы). Белгілердің ондық түрде көрсетілуі # символынан және одан кейін келетін белгінің ондық кодынан (255-тен аспайтын) тұрады, ал белгілердің оналтылық түрде көрсетілуі #$ және оналтылық белгілерінен тұрады. Жолдық тұрақтылардың мысалдары: 'Text', 'A', #61, #$А2, ^G.

Логикалық тұрақтылар "Ақиқат" және "Жалған" деген түсініктерге сәйкес TRUE және FALSE идентификаторларымен өрнектеледі.

Типтерді сипаттау бөлімі

Программаларда, модульдерде, процедураларда және функцияларда типтерді хабарлауға арналған бөлім бар.

Айнымалыны хабарлағанда оның типін көрсету қажет. Айнымалының типі оның қандай мән қабылдай алатынын және оған қандай әрекеттер пайдалануға болатынын аныктайды. Тип идентификатормен аныкталады.

Идентификаторды типті хабарлаудың сол жағында көрсетеді және ол осы типті хабарлау кездесетін блок программалар, процедуралар және функциялар) үшін сол типтің идентификаторы болып анықталады.

Типтердің үлкен үш класы бар:

жай типтер;

құрылымды типтер (массивтер, жазбалар, жиындар, файлдар);

көрсеткіш (указатель) тип.



Типті хабарлау TYPE кілттік сөзінен, сипатталып отырған типтің идентификаторынан, = (тең) белгісінен, питің анықтамасынан және; (нүктелі үтір) белгісінен рады.

Мысалы:

Type


Number = Integer;

Color = (Red,Green,Blue);

CharVal = Ord{'A').Ord( 'Z') ;

TestIndex = 1...100;

TestValue = -99...99;

TestList = Array [TestIndex] Of TestValue;

TestListPtr = ^TestList;

Date = Record

Year: Integer;



Month: 1….12;

Day: 1….31;

End;

Айнымалыларды хабарлау бөлімі

Жаңа айнымалылар мен олардың типтерін білдіретін идентификаторлар кестесі айнымалыларды хабарлау болып табылады.

Айнымалыларды хабарлаудың жалпы түрі төмендегідей:

Var идп1, идп2, идпЗ:

идп4, цдп5: тип2;

Мұндағы ИДПJ ТИП1 немесе ТИП2 жататын J-шы айнымалының идентификаторы.

Айнымалыға берілетін тип типтерді хабарлау бөліміндегі бұрын анықталған типтің идентификаторы бола алады. Сондай-ақ бұл жаңадан анықталған тип те бола алады.

Айнымалыларды хабарлау бөлімінде идентификаторды көрсеткенде, бұл айнымалы осы хабарлау кездескен блокта анықталған деп саналады және оның идентификаторы алдыңғы блокқа кіретін блокта қайта анықталмаған болса, онда оны блоктың кез келген жерінде шақыруға болады.

Қайта анықтау жаңа айнымалыға алдында қолданылған идентификаторды қолдануды білдіреді, бірақ бұл қолдану алғашқы пайдаланылған айнымалының мәніне әсер етпейді.

Айнымалыларды хабарлаудың мысалын келтірейік:

Var

X, Y, Z : Real;



I, J, K : Integer;

Digit : 0....9;

Done, Error : Boolean;

Operator : (Plus, Minus, Times);

Matrix : Array [1......10,1.....10] of Real;

Блоктың сыртында хабарланған айнымалылар жалпы деп аталады. Блоктың ішінде хабарланған айнымалылар жергілікті деп аталады.
Қосалқы программ аларды анықгау және сипаттау

Қосалкы программалар процедуралар және функциялар болып бөлінеді. Қосалқы программаны анықтау қосалқы программаны шақырғаннан кейін тікелей орындалатын іс-әрекеттерді анықтайды. Функция үшін нәтиженің типі қосымша анықталады.

Егер қосалқы программаны шақыру оның жүру аймағында болатындай қосалқы программалардың анықталуының орналасуы мүмкін болмаса, онда қосалқы программаның сипатталуы қажет. Сипаттаудың анықтаудан айырмашылығы ол қосалқы программалардың идентификаторын және параметрлерін көрсету үшін ғана қызмет атқарады.

Түсініктемелер

Кейде программада айнымалы нені білдіретіндігін, функция немесе оператор қандай іс-әрекет жасайтыны жайлы еске салатын немесе хабарлайтын ескертулер қою қажет болады. Бұл ескертулер түсініктемелер деп аталады. Паскальда программаға қанша болмасын түсініктемелер қоюға болады.

Түсініктемелер сол жақ жүйелік жакшадан '{' (немесе '(*' комбинациясынан) басталады және оң жақ жүйелік жақшамен '}' (немесе '*)' комбинациясымен) аякталады. ' (*'-дан басталған түсініктеме барлық жүйелік жақшаларды ескермейді және керісінше.

Ашылған жүйелік '{' жақшадан кейін $ символы кездесетін түсініктеме копмилятордың директивасы болып табылады.

Түсініктемелердің мысалдары:

{Шешу әдісі}

(*Циклдің басы*)

{$0+} немесе {$О-} - оверлейлік кодты генерациялауға мүмкіндік береді немесе сол мүмкіндікті алып тастайды.

Түсініктеме бірнеше жолдан тұра алады:

{Бұл бірнеше жолдан тұратын түсініктеменің мысалы}.

Программаның мысалы

KRAMER программасын қарастырайық. Бұл программада DETER квадратты матрицаның анықтауышын есептеу процедурасының көмегімен сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің шешімі табылады.

{Ах=Ь теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу программасы }

Program Kramer;

Const N=5;

Type

Tmac = Array[1..N,1..N] Of Real;

Tvec = Array[1..N] Of Real;

Var

A,R : Tmac;

В,X : Tvec;

DT, S : Real;

I,J,К : Integer;

Procedure Deter{A: Tmac; Var D: Real);

Label 10,20;

Var

IL,JL,KL : Integer;

С : Real;

Begin


For IL:=1 To N-l Do



Begin

If A[IL,IL]=0.0 Then

Begin

For JL:=IL To N Do


If A[JL,IL]<>0.0 Then Goto 10;



D:=0.0; Goto 20;

10: For KL:=IL To N Do

Begin

C:=A[IL,KL];

A[IL,KL]:=A[JL,KL];

A[JL,KL]:=C;



End;

End;

For JL:=IL+1 To N Do

Begin

C:=A[JL,IL]/A[IL,IL];

For KL:=IL To N Do

A[JL,KL]:=A[JL,KL]-C*A[IL,KL];

End;

End;

D:=1.0;


For IL:=1 To N Do

D:=D*A[IL, IL];

20:;

End; {Deter процедурасының соңы}

Begin

{ A массивінің элементтерін енгізу }


For I:=1 To N Do



For J:=l To N Do

Read(A[I,J]);

{ В векторының элементтерін енгізу }

For I:=1 To N Do

Read(B[I]);

For I:=l To N Do

For J:=l To N Do

R[I,J]:=A[I,J];

Deter(R,DT);

if DT=0.0 Then Writeln (‘Теңдеулер жүйесінің шешімі жоқ)

Else

Begin

For I:=l To N Do

Begin

For J:=l To N Do

For K:=l To N Do

R[J,K] :=A[J,K];

For J:=l To N Do

R[I,J]:=B[j};



Deter(R,S);

X[I]:=S/DT;

End;
Writeln ('шешімі');

For I:=1 To N Do

Writeln(X[I]);

Writeln;



End;

End.


Программа түсініктемеден басталады. Екінші жолда Program өзекті сөзінен кейін KRAMER программасының аты жазылған. Келесі жолда N идентификаторы 5 тұрақты санын сипаттап тұр. Мұнда сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің реті белгіленіп тұр. Шешілгелі отырған теңдеулер жүйесінің ретін өзгерту үшін (мысалы, үшінші ретті теңдеулер жүйесі) CONST N=3; операторын жазу қажет.

Келесі үш жолда деректердің жаңа типтері енгізілген: ТМАС идентификаторы нақты сандардың N*N матрицасын білдіретін объектілерді сипаттайды; TVEС идентификаторлары нақты сандардан тұратын N өлшемді векторларды білдіретін объектілерді сипаттайды.

Программаның 8-ші және 11-ші жолдар аралығында А, R, В, X, DT, S, I, J, К айнымалылары келесідегідей анықталады: А және R идентификаторлары N өлшемді ТМАС типті квадраттық матрицаларды анықтайды; В және X идентификаторлары N өлшемді TVEС типті векторларды анықтайды; DT және S идентификаторлары нақты типті скалярлық айнымалыларды анықтайды (REAL); I, J және К идентификаторлары бүтін типті скаляр айнымалыларды анықтайды (INTEGER).

12-ші жолдан бастап 43 -ші жолға дейін квадрат матрицаның анықтауышын есептейтін DETER процедурасы анықталады. 12-ші жолда PROCEDURE өзекті сөзінен кейін DETER процедурасының аты жазылған және жай жақшаның ішінде А және D формалды параметрлері нүкте үтір арқылы бөлініп берілген. А формалды параметрі ТМАС типті обьект ретінде анықталған және параметр-мән болып табылады (8-ші тарауды қараңыз). D формалды параметрі нақты типті скалярлық параметр-айнымалы болып табылады (оның алдында резервтелінген VAR сөзі тұрғандықтан).



13- ші жолда 10 және 20 белгілері анықталған. Келесі жолдарда, яғни айнымалыларды хабарлау бөлімінде IL, JL, KL және С жергілікті айнымалылары анықталтан. DETER процедурасының атқару бөлімі BEGIN операторынан басталып 43-ші жолдағы END операторымен аяқталады. 18-ші жолда 19-38 жолдар аралығында орналасқан құрамды операторды N-1 рет орындайтын IL циклдік айнымалысы бар цикл операторы жазылған (BEGIN және END операторларының ортасында). Бұл циклда А матрицасын үшбұрышты түрге келтіру жүзеге асырылады. 40, 41-ші жолдарда жазылған операторлар тобының көмегімен үшбұрышты матрицаның диагоналдық элементтері өзара көбейтіліп қорытындысы D айнымалысына меншіктеледі. 42-ші жолдағы 20 белгісі бос опреаторды көрсетеді.

44-ші жолдан бастап BEGIN (44-ші жол) операторы мен END (программаның соңғы жолы) операторының ортасында КRАMER программасының атқару бөлімі орналаскан. 46-дан 48-ші жолға дейін жазылған цикл операторының көмегімен А матрицасының элементтері енгізіледі. Сол сияқты 50 және 51-жолдарда жазылған оператормен В векторының әрбір элементі енгізіледі. Келесі цикл операторының көмегімен R матрицасының әрбір элементіне А матрицасының сәйкес элементі меншіктеледі (қорыта келғенде R матрицасы А матрицасына тең болады). 55-ші жолда DETER процедурасы шакырылады:

Deter(R,DT;

мұндағы нақты параметрлер ретінде R матрицасы және нақты типті DT скалярлы айнымалысы көрсетілген. DETER процедурасының орындалу нәтижесінде DT айнымалысына R матрицасының анықтауышының мәні меншіктеледі. Егер берілген матрицаның анықтауышы 0-ге тең болса, онда келесі шератор арқылы "Теңдеулер жүйесінің шешімі жоқ" деген (хабарлама шығарылады да, программаның орындалуы аяқталады. Кері жағдайда (яғни, егер анықтауыш 0-ден өзгеше болса) 59-шы жолдан бастап 68-ші жолға дейін жазылған және DETER процедурасын циклдік түрде шақыратын, X шешім векторының компоненттерін есептейтін құрамдық оператор орындалады. 69-шы жолдан бастап 72-ші жолға дейін орналастырылған операторлар арқылы алынған дешім векторын шығару қамтамасыз етіледі.

§ 2. ПАСКАЛЬ ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

Turbo.exe программасын жібергеннен соң Сіз 2.1-суретте көрсетілген Pascal тілінде программалау ортасына кіресіз.

ті "=lp j Fil= management cottmands (Open, Ыеы, Save, etc',



Etilt Seacch Run Compile Debug Tools Options UindoB Help

F1 Help/ File management commands (Open, New, Save, etc)

2.1-сурет

Программалау ортасының интерфейсінің негізгі екі элементі бар; меню және терезе. Экранның жоғарғы қатарында Сіз басты меню катарын көресіз, ал экранның негізгі бөлігін файлды редакциялау терезесі алып тұр. Төменгі катарда контекстік көмек көрсету келтіріледі, Басты менюдің негізгі он пункті бар:

  • FILE файлдармен жұмыс істеу, каталогты өзгерту, басу кұрылғысына

шығару;

  • EDIT тексті редакциялау, бөліктерді көшіру және тасымалдау;

  • SEARCH қажетті тексті іздеу, сөздерді алмастыру және іздеудің басқа да

құралдары; RUN

  • RUN программаның атқарылуы, қадамдап түзету;

  • COMPILE программаны компиляциялау;

  • DEBUG программаны түзету құралдары;

  • TOOLS ортаның құралдары (хабарламалар, профилер, түзеткіш,

ассемблер);


  • ОPTIONS программалау ортасын баптау;

WINDOW программаларды түзету терезелерін басқару;

• НЕLP көмек.



Осы айтылған меню пунктілерінің біреуін таңдап алудың екі әдісі бар:

  • F10 пернесін басу керек, одан кейін керекті пунктті жылжу
    пернелері арқылы тандап алу;

  • Менюдің керекті пунктінде тышқанды шырт еткізу.

FILE («Файл») менюі

Бұл меню бар файлдарды ашу, жаңа файлдарды кұру, сақтау және басу кұрылғысына шығару және PASCAL ортасынан шығу іін арналған. «Файл» менюінің келесі опциялары бар (2.2-сурет):





File Edit Search

Change dir...

Print


Printer setup...

DOS shell



Exit Alc+X

2.2-сурет

NEW (жаңа) - nonameXX.pas атты жаңа файл құруға мүмкіндік береді;

OPEN (ашу) - *.pas кеңейтуімен сақталған бұрынғы файлді ашуға мүмкіндік береді;

SAVE (сақтау) - ашылған файлды дискіде сақгауға мүмкіндік береді;

SAVE AS (калай сақтау) - ашылған файлды сактауға мүмкіндік береді, бірақ файлды қандай атпен сақтайтыныңызды сұрайды;

SAVE ALL (барлығын сақтау) - тек қана ағымдағы файлды ғана емес, барлық ашылған файлдарды сақгайды;

CHANGE DIR (жұмыс каталогын өзгерту) – жұмысқа қажетті каталогты ағымдағы қылып орналастыру;



PRINT (басу құрылғысына шығару) ағымдағы программаның текстін басу құрылғысына береді;

PRINTER SETUP (басу құрылғысын орнату) - бас құрылғысының типін және оның орнатуын береді;

DOS SHELL - ДОЖ сеансы;

EXIT (шығу) - программалау ортасынан шығу.

EDIT («Редакциялау») менюі

«Редакдиялау» менюі программалардың мәтіндерің редакциялау үшін арналған. Онда келесі опциялар бар (2.3-сурет):

Еdite Search Run С

Undo Alt + BkSp

Redo


Cut Shift+Del

Copy Ctrl + Ins

Paste Shift + Ins

Clear Ctrl + Del



Show clipboard

2.3 – сурет

UNDO (өзгертуді болдырмау) – мәтіннің соңғы редакторлық өзгертуін болдырмайды;

REDO (өзгертуді қайтару) – болдырылмаған редакторлық өзгертуды қайтару;

CUT (қиып алу) – мәтіннің белгілеп қойған үзіндісін қиып алады және оны аралық сақтау буферіне орналастырады;

COPY (көшіру) – мәтіннің белгілеп қойған үзіндісін көшіреді және оны аралық сақтау буферіне орналастырады;

PASTE (кірістіру) – аралық сақтау буферінен мәтін үзіндісін кірістіреді;

CLEAR (тазалау) – белгіленген үзіндіні жойады;

SHOW CLIPBOARD (буферді көрсету) – аралық буферіндегі үзіндіні көрсетеді.



SEARCH («Іздеу») менюі

«Іздеу» менюі мәтіндік үзінділерді іздеуге, олардың орнын ауыстыруға және қателерді іздеуге мүмкіндік береді. Оның келесі функциялары бар (2.4-сурет):

Search Run Сompile debug

Find.... Replase....

Search again Search again



Go to line number

Show last compiler error

Find error

Find procedure



2.4- сурет

FIND (мәтіңдік үзіндіні табу) - мәтіндік үзіндіні табуға мектесетін сұхбат терезені ашады. Бас және кіші әріптерді ажыратудың кілтін, іздеудің диапазонын және бағытын береді;

REPLACE (мәтіндік үзіндіні алмастырады) - FIND терезесіне ұқсас сұхбат терезені ашады, бірақ онда бастапқыны басқасына айырбастағыңыз келген үзіндіні көрсетуіңіз қажет;

SEARCH AGAIN (қайталап іздеу) - FIND немесе REPLACE орындалғаннан кейін, алдында көрсетілген үзіндінің мәтіндегі кездесуін іздейді;

GO TO LINE NUMBER (нөмірі көрсетілген жолға көшу)-нөмірі берілген жолға көшуді орындайды;

SHOW LAST COMPILE ERROR (компилятордың соңғы кестесін көрсету) - компиляция кезінде табылғын соңғы қатенің программадағы орнын қайталап көрсетуге мүмкіндік береді және қатенің кодын көрсетеді;

FIND ERROR (қатені табу) - программаның орындалу кезіндегі табылған катені табады;

FIND PROCEDURE (процедураны табу) - бұл команда FIND PROCEDURE сұхбат терезесін ашады. Онда сіз ізделіп отырған процедураның атын енгізесіз. Бұл команданың FIND командасынан айырмашылығы, мұнда процедураның әрбір шақырылуын емес, оның хабарлануын табады.

RUN («Орындау») менюі


RunCompile Debug Tools




Run Ctrl+F9




Step over F8




Trace into F7




Go to cursor F4




Program reset Ctrl+F2




Parameters.. .



Меню программаны орындалуға жіберуге мүмкіндік береді. Оның келесі опциялары бар (2.5-сурет):
RUN (программаның орындалуы) - Бұл команда программаны компиляциялайды, құрастырады және орындалуға жібереді;

STEP OVER (аттап өту) - ағымдағы пропедураны әрбір жол бойынша орындайды. Бірақ әрбір жол бойынша орындау осы процеруда шақырылып отырған басқа процедураға кірмей, аттап өтеді;

TRACE INFO (программаның орындалуын бақылау) – пограмманы әрбір жол бойынша орындайды;

GO TO CURSOR (күймешеге бару) - бұл команда программаны күймеше тұрған жолға дейін орындайды. Егер күймеше тұрған жолда орындалатын өрнек тұрмаса, PASCAL ескерту береді;

PROGRAM RESET (программаның орындалуын тоқтату) - программаның орындалуын тоқтатады, программа алып жатқан жадының бөлігін босатады және сіздің программа файлдарды жабады;

PARAMETERS (параметрлер) - программаны командалық жолдың көмегімен жібергендегідей параметрлерді беруге мүмкіндік береді.

COMPILE («Компиляциялау») менюі


Compile Debug Tools




Compile Alt+F9




Bild




Destination Disk




Primary file…..




Clear primary file




Infamation.. .



Компиляция процесін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл менюдің келесі операциялары бар (2.6-сурет):
2.6-сурет

COMPILE (компиляциалау)- екпінді терезедегі файлды компиляциялайды. Егер синтаксистік қате табылса, ол туралы хабар беріледі және күймеше қате тұрған жерге орналастырылады;

MAKE (программаны жинақтау) - өзгертілген модульдерді, кейіннен негізгі программаны компиляциялайды;

BUILD (құру)- барлық модульдерді, кейіннен негізгі программааны компиляциялайды;



DESTINATION (тағайындау) - орындала алатын код жадыда (МЕМОRҮ) немесе дискте (DISK, .EXE файл ретінде) сақталынатынын сипаттайды;

PRIMARY FILE (бастапқы файл)- бұл команда PRIMARY FILE сұхбат терезесін ашады, мұнда сіз MAKE немесе BUILD командаларын таңдаған кезде .PAS файл компиляцияланатынын сипаттайсыз;

CLEAR PRIMARY FILE (бастапқы файлдың атын алып бастайды)- бастапқы файлдың аты сипатталған PRIMARY FILE сұхбат терезесін тазалайды;

INFORMATIOIN (ақпарат)- бұл команда INFORMATIOIN сұхбат терезесін ашады. Бұл терезеде сіз соңғы компиляцияланған файл жайлы, жадының ағымдағы пайдаланылуы және орта жайлы ақпарат ала аласыз;

DEBUG («Түзету») менюі


Debug Tools Options Window




Breakpoints … ..




Call stack Ctrl+F3

Register


Watch

Output


User screen Alt+F5




Evaluate/modify…… Ctrl+F4

Add watch….. Ctrl+F7






Add breakpoint….









Меню программаны түзету үшін арналған. Бұл менюдің келесі опциялары бар (2.7-сурет):

BREAKPOINTS (бақылау нүктелері)- бұл команда арқылы шартты немесе шартсыз бақылау нүктелерінің пайдаланылуын басқара аласыз.

CALL STACK (шақыру етегі)- шақырылған CALL STACK терезесі программа шақыратын процедуралардың ретін көрсетеді;

REGISTER (регистр)- REGISTER терезесін ашады және оны екпіндендіреді. Бұл терезе процессор регисторларын көрсетеді;

WATCH (бақылау)- программадағы өрнектердің мәндерін және олардың өзгерулерін бақылайтын терезені ашады;

OUTPUT (шығару)- OUTPUT терезесін ашып, оны екпіндендіреді. Бұл терезеде сіздің программаңыздан мәтінді режимде орындалу нәтижелері шығарылады;

USER SCREEN (пайдаланушының экраны) - бұл пункт программа орындалу барысында шығарылған текстік және графикалық информацияны көруге мүмкіндік береді;

EVALUTE/MODIFY (есептеу/өзгерту)- айнымалыны немесе өрнекті есептеуге, кез-келген айнымалылардың мәнін көруге және
жеке ақпараттадың мәнін өзгертуге мүмкіндік береді;

ADD WATCH (бақылауды қосу) - бақылау терезесіне бақыланатын өрнекті енгізу үшін пайдаланылады;

ADD BREAKPOINTS (бақылау нүктелерін қосу)- немесе шартсыз бақылау нүтелерін сипаттап, қоса аласыз.

TOOLS («Құралдар») менюі

«Тools» менюі түзеткіш хабарламаларының бірнеше командаларын қамтамасыз етеді. Бұл менюдің келесі опциялары бар (2.8-сурет):


Tools Options Window He




Messages … ..




Go to next Alt+F8

Go to previous Alt+F7






Greep Shift+F2





2.8-сурет

MESSAGES - хабарламаларды көрсететін MESSAGES терезесін шығарады;

GO TO NEXT- хабарламалар тізіміндегі келесі пунктке көшуді қамтамасыз етеді;

GO TO PREVIOUS - хабарламалар тізіміндегі алдыңғы пунктке көшуді қамтамасыз етеді;

ОРНАТЫЛҒАН ҚҰРАЛДАР - OPTIONS|TOOLS меню пункті арқылы орнатылған кұралдар көрсетіледі. Мысалы GREP менюі Олардың саны 15-пен шектеледі.

OPTIONS («Опциялар») менюі

Осы менюдің көмегімен ортаның қажетті параметрлерін орнатуға болады. Бұл менюдің келесі опциялары бар (2.9-сурет):


Options Window He




Compiler … ..




Memory sizes..

Linker….


Debugger….

Directories….

Tools……





Environment




Open…

Save TURBO.TP

Save as…







2.9-сурет

COMPILER (компилятордың паараметрлері) Компилятордың жұмысын анықтайтын параметрлерді орнатуға мүмкіндік беретін сұхбат терезені ашады;

MEMORY SIZES (жадының мөлшері) - стектің мөлшерін жадының ең аз және ең көп мөлшерін береді,

LINKER (құрастырушының параметрлері)құрастырушының параметрлерін орнатады;

DEBUGGER (жөндегіш) - ортамен біріктірілген жөндегішке
(DEBUGGER) әсер ететін бірнеше орнатулар беруді қамтамасыз
ететін DEBUGGER сұхбат терезесін ашады;

DIRECTORIES (директориялар) - файлдардың қайда орналастырылатынын және қайдан алынатынын көрсететін каталогтарды береді;

TOOLS (құралдар) - TOOLS менюіндегі (2.7-пункт программалық компоненттердің орналасатын жерлерін береді;

ENVIRONMENT (орта) - бұл комманда бес сұхбат терезені
басқаратын менюді ашады. Ашылған менюдің келесі пункттері бар:

- PREFERENCES - PASCAL ортасының іс-әрекет жасауын және көрінісін береді;

- EDITOR - редакциялау терезесіне енгізілтен текст PASCAL қалай басқаратынын анықтайды;

- MOUSE - тышқанның жұмыс істеуін басқарады;

- STARTUP – ортамен біріктірілген жөндегіш үшін орнатуларды таңдап алу;

COLORS - ортамен біріктірілген жөндегіш әртүрлі бөліктерінің түсін береді;

OPEN (ашу) - SAVE командасының көмегімен сақталған конфигурация файлын ашады;

SAVE (сақау) - конфигурация файлын сақтайды;

SAVE AS (қалай сақтау) - конфигурация файлын сақтауға мүмкіндік береді, бірақ файлды қандай атпен сақтайтыныңызды сұрайды.



WINDOW («Терезе»)менюі

Бұл меню PASСAL тілінің көптерезелі интерфейсімен жұмыс істеуге арналған. Оның келесі опциялары бар (2.10 - сурет):




Window Help




Tile … ..




Cascade

Close all

Refresh display





Size/Move Ctrl+F5

Zoom F5


Next F6

Previous Shift+F3

Close Alt+F3





List Alt+0




2.10 - сурет
TILE (қыспақ) - терезелер бір-біріне қыспақталып орналасады;

CASCADE (саты) - терезелер сатылап орналасады;



CLOSE ALL (барлығын жабу) - барлық терезелерді жабады;

REFRESH DISPLAY (экранды жаңарту) - экранда кездейсоқ жазулар пайда болған кезде қолданылады;

SIZE/MOVE (мөлшері/жылжыту) – осы команданы пайдаланып екпінді терезенің мөлшерін немесе орынын өзгертуге болады;

ZOOM (терезені кеңінен ашу) - терезені ең үлкен мөлшеріне дейін өзгертеді. Егер терезе кеңінен ашылған (ең үлкен мөлшерінде) болса, онда оның мөлшерін алдыңғы мөлшеріне дейін кері қайтарады;

NEXT (келесі) - ашылған терезелердің келесісіне көшуді қамтамасыз етеді және оны ең үстіңгі терезе қылады;

PREVIOUS (алдыңғы) - алдында екпінді болған терезені қайтадан екпіндендіреді;

CLOSE (жабу) - екпінді терезені жабады;

LIST (тізім) - ағымдағы барлық ашық терезелердің тізімін көрсететін терезені ашады;

HELP («Көмек») менюі

«Help» менюі пайдаланушының көмек құралдарын қамтамасыз етеді. Бұл меню келесі опциялардан тұрады (2.11-сурет):


Options Window Help




Contens … ..




Index Shift+F1

Topic search Ctrl+F1

Previos topic Alt+F1

Using help



Files…



Compiler directives

Reserved words

Standart units

Turbo Pascal Language

Error messages





About…






CONTENTS (мазмұны) - көмектің негізгі тақырыптарының тізімі келтірілген терезені ашады;

INDEX (тізім) - бүкілін қамтитын алфавит тізім;

TOPIC SEARCH (тақырыпты іздеу) - күймеше тұрған сөз жайлы ақпарат береді;

PREVIOUS TOPIC (алдыңғы тақырып) - көмек жүйесінде алдыңғы көрген экранға кері қайтарады. 20 экранға дейін қайтаруға болады;

USING HELP (көмекті пайдалану) - көмек экранын қалай пайдалану жөнінде ақпарат береді;

FILES (файлдар) - шығарылған терезеде көмекке қосымша файлдарды көрсетуге мүмкіндік береді;

COMPILER DIRECTIVES (компилятор директивалары) компилятор директиваларының тізімін шығарады. Мұнда олардың әрқайсысы жайлы толық ақпарат ала аласыз;

RESERVED WORDS (резервтелінген сөздер) резервтелінген сөздер жайлы ақпарат береді;

STANDARD UNITS (стандартты модульдер) – стандартты модульдер жайлы ақпарат береді;

TURBO PASCAL LANGUAGE (TURBO PASCAL тілі) - TURBO PASCAL тілінің элементтері жайлы ақпарат береді;



ERROR MESSAGES (қате жайлы хабарлар) – қателер жайлы ақпарат береді;

ABOUT (жүйе жайлы) - жүйе жайлы ақпарат береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Программалардың көшпілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өндеу аркылы жетуге болады. Сондықтан программалаушы ретінде сізге қалай

• акпараттарды программаға кіргізу - енгізу;

• акпараттарды сақгау - деректер;

• деректерді өңдеудің дұрыс командаларын беру операциялар;

• программадан деректерді алу (орындалулардың ңәтижелері) - шығару керек екенін білу қажет.

Сіз өзіңіздің командаларыңызды жазып, төмендегідей реттей аласыз:

• олардың кейбіреуі белгілі бір шарт немесе шарттар орындалған кезде ғана орындалатындай - шартты орындалу;

• басқалары белгілі бір рет орындалатындай - циклдер;

• тағы басқалары жеке топтарға жинакталып программаның бірнеше жерінде орындалатындай қосалқы программалар.



Сонымен, программалаудың негізгі жеті тұсініктерін атап өттік: енгізу, деректер, операциялар, шығару, шартты орындалу, циклдер және қосалқы программалар. Төменде әрбір элементтің кысқаша сипаттамасы берілген:

Енгізу. Бұл пернеліктен келіп түсетін немесе сыртқы есте сақгау құрылғысындағы (СЕСҚ) деректер жиынынан оқылатын ақпарат;

Деректер. Бұл түрақтылар, айнымалылар, массивтер, жазбалар, жиындар, мәтіндер (символдар және жолдар), файлдар;

Операциялар. Мәндерді меншіктеуді, өрнектерді есептеуді (қосу, бөлу және т.с.с), мәндерді салыстыруды (теңдік, үлкен, кіші және т.с.с.) қамтамасыз етеді;

Шығару. Бұл акпараттарды дербес компьютердің (ДК) мониторындағы экранға шығару немесе СЕСҚ - дағы деректер жиынына жазуды білдіреді;

Шартты орындалу. Бұл бір немесе бірнеше командалардың белгілі бір шарт орындалғанда (ақиқат) орындалуы. Егер шарт орындалмаса, онда бұл командалар өткізіліп жіберіледі немесе командалардың басқа жиыны орындалады;

Циклдер. Мұнда командалардың жиыны қандай да бір шарт ақиқат болып тұрған кезде немесе шарт ақиқат болмайынша қайталанып орындалады;

Қосалқы программалар. Программаның кез келген жерінде аты арқылы шақырып орындауға болатын инструкциялардың белгілі атпен біріктірілген жиыны.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ғ.Ш.Тойкенов. Паскаль тілінде программалау-Алматы «Дәнекер», 2001ж.

2. Абрамов С.А,, Зима Е.В. Начала информатики. - М.: Наука, 1989.

3. Балапанов Е., Бөрібаев Б., Бекбаев А., ДәулеткұловА., Спанкұлова Л. Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша-орысша, орысша-казақша-ағылшынша, ағылшынша-орысша-қазакша сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 1998.

4. Боон К. Паскаль для всех. - М: Энергоатомиздат,1988.

5. Құсайынов А. К,, Шәріпбаев А.Ә., Алдажаров Қ.С.,Бекбаев А., Бөрібаев Б., Есжанов А., Нақысбсков Б.Қ., Сарыпбеков Ж., Тоқтамысов И., Тұрым А.Ш. Қазақша-орысша, орысша-казақша терминологиялық сөздік: Информатика және есептеуіш техника. - Алматы: Рауан, 1999.

6. Мазаков Т.Ж., Оспанова М.К., Тойкенов Г.Ч. Программирование на языке Паскаль в ПДО СВМ ЕС. Алматы: Наука, 1993.

7. Перминов О.Н. Программирование на языке Паскаль. - М.: Радио и связь. 1988.
жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау