24
Оқыту жалпы білім беру негізгі орта білім беру сатысында оқу мерзімін 1
жылға созуымен, мектептің бағдарламаларымен, оқулықтарымен іске
асырылады.
Нөлдік сынып профпедетивті-диагностикалық ретінде қызмет етеді. Оны
баланың мүмкіндіктерін зерделеу, психикалық даму деңгейін нақтылау,
бастауыш сыныпта әрі қарай оқуға дайындау негізгі міндеті болып табылатын
икемді құрылым ретінде қарастыру керек. Нөлдік сынып арнайы мектепалды
дайындықтан өтпеген және функционалды мектеп кемелдігіне жетпеген,
сонымен қатар диагнозды нақтылауды қажет ететін оқушыларға қажет.арнайы
мектепалды дайындықтан өткен және жүріп-тұру, тілдік әрекеттері қажетті
деңгейде қалыптасқан балалар 1-ші сыныпқа қабылдануға болады.
Балалардың түрлі церебральді паралич түрінде қолыдың басын қозғалту
қызметінің бұзылуы жазу техникасын меңгеруді қиындатады, сондықтан
дайындық және бірінші сыныптарда жазудың қозғалмалы дағдысын
қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.
Жалпы білім беру және түзету міндеттері қарастырылатын дене
шынықтыру тәрбиесі оқу пәндерінің негізгі, барлық оқушыларға міндетті пән
болып табылады. Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға жеке оқыту
тәсілдер қолдануға ерекше назар ударылады.Дене шынықтыру тәрбиесі
сабақтарында баға нормативтері шығарылмайды. Баға оқушының жүрі-тұру
мүмкіндіктерін ескеріп қойылады.
Жалпы білім беру цикіліндегі пәндермен қатар Үлгілік оқу жоспары
оқушылардың жүріп-тұру және психикалық қызметтер кемістіктерін түзету
сабақтарын: ЕДШ, тіл дамуының кемістіктерін түзету (логопедиялық)
сабақтарды, танымдық әрекетті түзету және дамыту сабақтарын қарастырады.
Емдік дене шынықтыру тәрбиесі (ЕДШ) оқушылардың дене тәрбиесі
жүйесіндегі маңызды бөлігі болып табылады.Әр оқушыға түзету жұмысың
жоспары ЕДШ инструкторымен бірге құрастырылады.Сабақтар 2-4 адамдық
топпен немесе жеке жүргізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Логопед
сабақтары сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар оқушылармен өткізіледі. Әр
оқушымен сабақ аптасына 3 реттен кем емес жүргізіледі. Сабақтардың
ұзақтығы – 25 минут. Танымдық әрекетті қалыптастыру және дамыту
сабақтары қоршаған орта туралы білімдерді кеңейтуге, кеңестік және уақыттық
түсініктерді қалыптастыруға, таңбалық дағдыларды дамытуға, осыдан ілгері
дамуындағы олқылықтарды толықтыруға, психикалық қызметтің бұзылуын
түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеру дайындығына бағытталған.
Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут.
Танымдық әрекетті қалыптастыру және дамыту сабағына сынып 2 топқа
бөлінеді. Олар оқушылардың танымдық және жүріп-тұру мүмкіндіктерін,
сонымен бірге жасөспірімдердің қызығушылықтары ескеріле , дәрігерлердің
(ортопедтің, психоневрологтің және ЕДШ дәрігерінің) қатысуымен
топтасады.Сыныптар түрлі жүріп-тұру бұзылулары бар оқушылармен
танымдық әрекетті қалыптастыру және дамыту сабағын өткізу мүмкіндігі
25
ескеріліп жабдықталады. Сыныптарда жарақат алудың алдын алатын арнайы
жабдықталған құрал-саймандар қолданылады.
Арнайы ортаны бейімдеу және түзету жүмыстарын өткізу қажеттілігі
пандустардың, есіктің ойығын кең, мүгедектер орындығына гидравликалық
көтергіштің, баспалдақ бойында гидравликалық көтергіштің, есіктердің
автоматталған ашқыштардың, сонымен бірге түзету сабақтарына арнайы
жабдықталған кабинеттердің болуын қарастырады.
Жұмылғыштығы шектеулі оқушылар үшін арнайы сыныптар ашылған
жалпы білім беру мектептің үй-жайлары және ғимаратының тиісті аумағымен
қолжетімділігі сәулет, қалақұрлысы мен мен құрлыс саласында қолданыстағы
мемлекеттік нормативтермен сәйкес қамтамасыз етіледі.
Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушыларға арналған арнайы сыныптар
Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушылар үшін оқу-тәрбие процесінің арнайы
міндеті тілдік кемістіктерді және соған байланысты психикалық дамудың
ерекшеліктерін жою болып табылады.Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушылар
үшін сыныптардың топтасуы 12 баладан аспайды.
Сөйлеуі күрделі бұзылған оқушылар үшін мектептік білім беру құрлымы:
-
бірінші саты – 0, 1 - 4 сыныптар;
-
екінші саты – 5 - 10 сыныптар.
Бастауыш білім беру деңгейінде арнайы бағдарламалар мен арнайы
әдістемелік және дидактикалық материалды қолдану қарастырылады. Негізгі
орта білім беру деңгейінде оқушылар оқудың 1 жылға созылуына байланысты
мазмұны қайта бөлінген жалпы білім беру мектептерінің бейімделген
бағдарламасы бойынша оқытылады.
Оқушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып, қазақ, орыс және шет
тілін оқуға сағаттарды бөлуде вариативтілік рұқсат етіледі.
Логопедтік түзету жұмысы, оқушылардың тұлғалық және зияткерлік
мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін, сөйлеуі күрделі бұзылған
оқушылардың білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады.
Арнайы логопедтік және түзету-педагогикалық қолдау арнайы тілдік тәртәпті
сақтауымен барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта іске асырылады.
Психикалық дамуының тежелуi бар оқушылары үшін
арнайы сыныптарды ұйымдастыру
Психикалық дамуының тежелуi бар оқушылар, жеткіліксіз танымдық
қабілетерімен немесе психикалық дамуның бұзылу ерекшелігімен белгіленген
оқу бағдарламаларын меңгеруде қомайғайлы қиындықтар кешеді. Оқушылар
үшін мектептік нормаларды меңгеру қиындықтарында, айналадағы балалармен,
ересектермен қарым-қатынас жасауда, тәртіптің бұзылуында танылатын
әлеуметтік қабілеттердің дефициті типті.
Психикалық дамуының тежелуi бар оқушылары үшін арнайы
сыныптарындағы оқу процесі тән мәселерді шешуге бағытталған:
оқушылардың психикалық дамуы мен эмоционалды ерік-жігерілілік саласын