4
Кіріспе
Сенсорлы, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары
бұзылған, орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды сапалы біліммен
қамтамасыз ету олардың түрлі кәсіби және әлеуметтік әрекеттерде табысты
әлеуметтенуі мен тиімді өзін-өзі таба білудің негізгі шарттары.
Негізге
алатын
халықаралық
құжаттарға
сәйкес
Қазақстан
Республикасының заңнамасы жоғарыда айтылған оқушылар санаты үшін білім
беруде тең дәрежелі құқықтар ұстанымын қарастырады. Білім алудағы
құқықтар кепілдері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасында балалар құқтары туралы»,
«Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарында бекітілген. Қазақстан
Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 6-шы бабына сәйкес ерекше
қажеттіліктері бар тұлғаларға (балаларға) білім алу үшін Арнайы жағдай жасау
жергілікті атқарушы ұйымдар құзіреттілігінде.Арнайы жағдайларға «Арнайы
білім беру бағдарламалары мен Арнайы оқыту әдістері, техникалық және басқа
да құралдар, өмір сүру ортасы, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және
жалпы білім беру мен кәсіби білі беру бағдарламаларын меңгеру мүмкін емес
басқа да қызметтер түрлері» жатқызылған [1].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырында бекіткен
№499 қаулысымен бекіткен жалпы білім беру ұйымдар (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта) қызметінің үлгілік Ережелері бойынша аталған оқу
ұйымдарында түрлі кемтарлықтар бойынша ерекше қажеттіліктері бар
оқушыларды оқыту үшін, ата-аналар қызығушылықтарын ескере, жергілікті
білім беру басқармаларымен келісіле отырып арнайы сыныптар ашу
мүмкіндіктері қарастырылған. Арнайы сыныптарды ашудың басты мақсаты
аталған санаттағы оқушылар үшін олардың жеке типологиялық
ерекшеліктеріне, соматикалық және жүйке-психологиялық денсаулығының
жай-күйіне сәйкес қолайлы педагогикалық жағдай жасау.
Қазақстанның Жалпы білім беретін мектептерінде арнайы сыныптар
КСРО ағарту Министірінің 1981 жылдың 3 шілдесіндегі № 103 бұйрығы мен
КСРО ағарту Министірінің 1985 жылдың 17 қыркүйегіндегі №72-М хаты
негізінде өткен жүзжылдықтың 80-ші жылдарының басында ашыла бастаған.
«Теңестіру сыныптары»
деп
аталатын арнайы сыныптар, ең алдымен даму
кемтарлығында саны көп оқушылар санаты болып саналатын психикалық
дамуының тежелуi бар (ПДТ) оқушылар үшін ашылаған. Оқу процесі мен
сыныптардың жұмыс істеу күнтәртібі физиолог, медициналық қызметкерлер
мен дефектологтардың көпжылғы кешенді ғылыми зерттеулерінің
нәтижелеріне негізделген. Зерттеулер нәтижелері бұл санаттағы оқушылар
үшін оқу еңбегі мен демалудың рационалды үйлесімдігін, Арнайы түзету
сабақтарын өткізуді және де кешенді емдік-түзету шараларды қамтамасыз
ететін оқыту Арнайы жағдай жасау қажеттілігін куәлендірген.
5
Психикалық дамуының тежелуi бар балалар үшін арнайы сыныптарда
Арнайы жағдай жасау жалпы білім беретін мектептің қызметін сапалық
тұрғыдан жақсарту жұмысының бір формасы ретінде қарастырылған.
Ғалымдармен әзірленген саралай түзете-дамыта оқыту жүйесі келесі
нормативті құжаттармен қамтамасыз етілген: теңелту сыныптардың Ережелері,
арнайы сыныптарға қабылдау ұсынымдары, бірнеше оқу жоспарларының
нұсқалары, 1986 жылы бекітілген бастауыш сыныптар үшін арнайы үлгілік
бағдарламалар.
Психикалық дамуының тежелуi бар оқушыларға арналған сыныптарға,
жалпы білім беретін мектептердің бірінші және екінші сыныптарында оқыған,
мектеп бағдарламасын меңгеруде тұрақты қиындық көрген, сонымен қатар
мектепте оқымаған және балабақшада психикалық дамуының тежелуi бар
ретінде диагностикаланған 6-9 жастағы балалар қабылданған. Осыдан
бастауыш сыныптар құрлымы екі нұсқада берілген: 1-ші нұсқада – 2, 3, 4
сыныптар құрамында – жаппай мектепте нәтижесіз оқытылған оқушылар үшін;
2-
ші нұсқа – мектепалды даярлық, 1, 2, 3, 4 сыныптар құрамында – алдында
мектепте оқытылмаған балалар үшін. Толық емес орта мектепті бітірген
теңестіру сыныптардың түлектері жаппай мектептер үшін бекітілген білім беру
куәлігін алған.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдар ортасында Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесін оңтайландыру процесі кезінде жалпы білім беретін
мектептердегі арнайы сыныптар саны қысқартылды, сақталып қалған сыныптар
кешенді түрде берілетін Арнайы білім мен жағдайларды жоғалта бастады
(ұзартылған күн, ыстық тамақ, логопедтің көмегі және т.б). Олардың қызмет
етуін қамтамасыз ететін қажетті нормативті-құқықтық негіз де құрылған жоқ.
Соңғы онжылдықта еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде
дамуында кемтарлығы бар оқушылардың түрлі санатына арналған арнайы
сыныптар көбейіп саны 1200-ден астам болды, бұл осы сыныптарда
оқытылатын оқушыларға отбасында тұрып жергілікті мекенжайы бойынша
оқуға, ал мектептерге білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының
үкіметімен ратификацияланған халықаралық құқықтық актілердің талаптарына
сәйкес инклюзивтілік ұстанымы тұрғысынан дамуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, арнайы сыныптардың нормативті және әдістемелік жұмысы
осы күнге дейін қамтылмаған, бұл арнайы сыныптар жағдайында оқытылатын,
қарастырылып отырған санаттағы оқушылар үшін көрсетілетін білім беру
қызметінің сапасына кері әсер етуде. Жалпы білім беретін мектеп әкімшілігін,
мұғалімдер кадрлары мен мамандарды арнайы сыныптарда жұмыс істеу үшін
дайындау жүйелілік сипатқа ие болған жоқ.Бұл еліміздің жалпы білім беретін
мектептерінде дамуында кемтарлықтары бар оқушылар үшін қызмет ететін
арнайы сыныптарда оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері мен жұмысты
ұйымдастырудың
ұстанымдарын
ашып
қарастыратын
әдістемелік
ұсынымдарды әзірлеудің аса қажеттілігін көрсетеді.