18
Диагностикалық-кеңестік
бағыт
психологиялық-педагогикалық
диагностика нәтижелеріне сәйкес түзету жұмыстарын құруды қарастыратын
анықтау мен түзету бірлігі ұстанымына негізделген. Оны консилиумды
мәселені зерделеу және шешу жолдарын іздеудің ұжымдық тәсілі ретінді
пайдаланатын
психологиялық-командалық
қолдау
қызметінің
мамандары(психолог, логопед, арнайы педагог және т.б) іске асырады.
Психологиялық-командалық қолдау қызметінің мамандары білім беру
процесінің ұйымдастырушылық- педагогикалық қамтамасыз етілуі (арнайы
сыныптың әр оқушысының әлеуметтік даму жағдайын бағалау, оқушының
қажеттіліктеріне
мейлінше
оқу
ортасын
ыңғайландыру
бойынша
нұсқаулықтарды әзірлеу;білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды
оқытуда жекеленген бағдарламаларды құрастыру; тиімділін саралау қажет
болған жағдайда жекеленген бағдарламаларға уақытылы нақтылықтар мен
өзгерістерді енгізу;тәрбие мен оқу процесінің нәтижелі өтуінің мониторингі,
оқушының отбасымен қарым-қатынас жасау және басқасы) мен арнайы
сыныптағы оқушылармен түзету сабақтарын өткізеді [5].
Психологиялық-командалық
қолдау
қызметінің
мамандары
консилиумдарда үнемі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін
жекеленген кешенді бағдарламаларды іске асыру нәтижелерін талқылайды,
анықталған мәселелерді шешу үшін шешімдер қабылдайды, арнайы сынып
жағдайындағы оқу-тәрбие процесін іске асыру бойынша мұғалімдерге
нұсқаулықтар беріп, ата-аналарға кеңес береді [6].
Мектептің түзете-дамыту жұмыс бағытыарнайы сыныптарда барлық
оқу пәндерін жаппай оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалімдер мен оқу
жоспарының тузету цикіліндегі пәндер бойынша арнайы педагогтің
(дефектологтің), логопедтің, психологтің жеке және топтық түзету
сабақтарымен, және қосымша білім беру жүйесіндегі сабақтарымен реттеледі.
Түзете-дамыту жұмыстары арнайы сынып оқушыларының оқыту мен дамуы
мәселесінің шешу барысында мұғалімдер мен мамандардың өзара қарым-
қатынас жасаулары мен бірыңғай тәсілдер негізінде жекеленген
психологиялық-педагогикалық бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
Емделу-профилактикалық жұмыстар:
−
оқушылардың психикалық – жүйкелік және физикалық денсаулығын
нығайтуға, қажетті жағдайда емдік дене шынықтыру сабақтарын
ұйымдастыруға;
−
арнайы сыныптарда педагогикалық қорғау тәртібін ұстануға;
−
санитарлық-гигиеналық нормаларды, ауа тәртібі мен тиімді тамақтану
тәртібін сақтауға;
−
қажетті жағдайда гипербелсенді оқушылармен және психикалық
тәртіпті танытатын оқушылармен психикалық түзету жұмыстарын
ұйымдастыруға бағытталған.
Мектептің әлеуметтік –еңбектік жұмыстарының бағыты:
−
арнайы 5-10 сынып оқушыларымен кәсіби бейіндік жұмыстарды
ұйымдастыруды;
19
−
қолжетімді мамандықтар саласында оқушылардың бастапқы
дағдыларын меңгеру үшін шеберханаларды ұйымдастырып, жабдықтауды;
−
қолжетімді және кең таралған мандықтарды табысты игеруге кедергі
болатын оқушылардың даму ерекшеліктері анықтау мен түзетуді;
−
еңбек ету процесінде оқушылардың ғимаратта бағдарлану, жұмысты
жоспарлау, өзін-өзі бақылау және бағалау дағдыларын қалыптастыруды
қарастырады.
Кәсіби-еңбектік оқу үшін арнайы сынып оқушыларының 5-ші сыныптан,
ал жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды 4-ші сыныптан бастап екі топқа
бөлінеді. Топтардың бірігуі еңбектің барлық түрлері бойынша оқушылардың
мүмкіндіктері мен психологиялық, физикалық қалыптары ескерілген дәрігердің
нұсқаулары негізінде іске асырылады.
20
3
Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі
бар оқушыларды түзете-дамыта қолдау
Есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары
бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларды арнайы сыныптар жағдайында түзете-дамыту қолдау осы
санаттағы оқушылардың нақты ерекшеліктері ескерілген олардың ерекше білім
алу қажеттіліктерін қанағанттарндыруды кешенді тәсілмен қамтылады.
Кешенді тәсілдер компоненттері арасынан:
−
оқу процесін мейлінше жекелендіруге және педагогикалық қорғау
тәртібін қамтуға мүмкіндік беретін сыныпты ең көп толықтыруды;
−
дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктеріне
сәйкес эмоционалды, сенсорлы, моторлы және когнитивті дамуын
ынталандыруды қамтамасыз ететін пәндік-кеңестік және әлеуметтік ортаны;
−
дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктерін
ескеретін арнайы дидактикалық материалдарды қолдануымен Арнайы және
бейімделген бағдарламалар, оқулықтар бойынша оқытуды;
−
бұзылған қызметін жоюға және/немесе теңелтуге бағытталыған, әр
санаттағы оқушылардың өзіндік түзету бағытындағы Арнайы пәндерді оқу
жоспарына енгізуді;
−
мамандармен
(логопедпен,
арнайы
педагог-дефектологпен,
психологпен, ЕДШ инструкторымен) жеке және топтық түзету сабақтарын;
−
арнайы педагогикалық технологияларды, техникалық құралдарды
(мысалы, дыбысты күшейтуші аппаратура, оқу машиналары) мен АКТ-ны
қолданылатын барлық оқу-тәрбие процесінің түзету бағытын;
−
арнайы
сыныптарды
оқу-тәрбие
процесін
ұйымдастыруға
педагогтердің кәсіби дайындығын;
−
балалардың
үйлесімді
қарым-қатынас
жасауға
бағытталған
мүмкіндіктері шектеулі және дені сау балалардың әлеуметтік өзара әлеуметтік
қарым-қатынастарды ұйымдастыру атау керек.
Әр санаттағы оқушыларды оқыту процесінде түзете-дамыта қолдауды
қамтамасыз ету үшін кешенді тәсіл ағзаның сақталған және бұзылған
қызметінің сабақтасу ерекшеліктерін ескерілуімен іске асырылады.
Арнайы сыныпта білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін
оқу процесі арнайы мектептер типіне сәйкес ҚР ББҒМ бекіткен оқу
бағдарламалары (бағдарламалар мәтіндері ҚР ББҒМ сайытында) мен оқу
жоспарлары [7, 8] негізінде іске асырылады.
Даму кемтарлығы бойынша саны көп оқушылар психикалық дамуының
тежелуi бар оқушылар санатына жататыны белгілі болып отыр. Еліміздің
жалпы білім беретін мектептеріндегі арнайы сынаптардың басым бөлігі осы
санаттағы оқушылар үшін жұмыс жасап отыр.
Есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған арнайы сыныптар
Естімейтін, естуі нашар және кейін саңырау болып қалғандарға арналған