15
есептелмейді. Егер оқудың кез келген кезеңінде оқушының танымдық даму
әрекетіндегі қиындықтар орны толықтырылып немесе арылған болса және ол
ҚР ЖМББС сәйкес дәстүрлі сыныпта іске асырылатын қарқында оқу
бағдарламасын менгере алатын болса, онда оқушылар арнайы сыныптан
дәстүрлі сыныпқа көшірілуі мүмкін. Оқушының арнайы сыныптан жалпы білім
беретін сыныпқа көшірілуі ПМПК тұжырымдамасы бойынша, оқушы мен ата-
аналар қалауына сәйкес іске асырылады.
16
2
Арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері
Арнайы сыныптарда оқу-тәрбие процесі Арнайы педагогикада есту, көру,
сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық
дамуының тежелуi бар оқушылардың оқу әрекетінің дағдылары мен оқу
материалын меңгеру мүмкіндіктерін көпжылдық эксперименттік зерттеулер
негізінде әзірленген жалпы талаптардың ескерілуімен құрылу керек [2].
Арнайы педагогика балалардың барлығы дамуының бұзылу ауырлығына
қарамастан оқи алатына сүйенеді. Оқуға қабілеттілік, оқу процесінің өзі
кеңауқымды мағынада түсіндіріледі. Бұл жалпы білім беру пәндері бойынша
білімдерді меңгіру ғана емес, балаға қолжетімді, оның қоршаған ортаға
бейімделуі мен мейлінше жеке және тәуелсіз өмір сүруін қамтитын, кезкелген
әлеуметтік және жеке тұлғалық маңызы бар өмірлік құзыреттіліктер
дағдыларын меңгеруге дайын болу тәсілі. Білім алуда ерекше қажеттіліктері
бар оқушылар баяу оқиды, бірақ оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.
Оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмыс, оқудың дамуда басқарушы
рөлін растайтын және әр оқушымен түзете-дамытатын жұмыстың нәтижесі мен
мазмұнын болжауға мүмкіндік беретін Л.С.Выготскийдің «жақын аймақта
даму» ойына сүйенеді [3].
Түзету жұмыстары психофизикалық даму кемістіктерін жоюға немесе
бәсендетуге бағытталыған, мысалы, тілдік дамуының, еркін қозғалыс, кеңістік
бағдарлау кемістіктерін жоюға. Сақталған басқа қызметтердің есесінен
жоғалтылған қызметтің толықтыруылуы мүмкіндіктері физиологиядан белгілі.
Оқушыларды түзете-толықтыру оқыту бағыты білім беру процесін сақталып
қалған қызметтері мен дамуының кемтарлық табиғатының ерекшелігіне сәйкес
ағза жүйесін қолдануға сүйене отырып құруды көздейді (яғни, табиғи
қонымды). Көздері көрмейтіндер сасақтарының ұшымен оқып, естімейтіндер –
оларға айтылған сөзді сөйлеушінің ерні арқылы түсінуді және ым-ишара тілінде
теңдәрежеде сөйлесуді үйренеді.Түзете-толықтыру оқыту бағыты оқытуда және
түзету жұмысында арнайы заманауи техникалық құралдарымен, АКТ-мен, оқу
процесінің ерекше ұйымдастырылумен қамтамасыз етілу керек. Ол білім
берудің ұйымдастыру формалары әдістері мен мазмұнында көрініс тапқан. Бұл
сыныптың ең аз мөлшерде топтасуы, оқу мерзімдерін ұзарту, педагогикалық
қорғау тәртібі, жеке және топтық түзету сабақтарын ұйымдастыруы, арнайы
түзету және теңелту жұмыстары үшін арнайы құралдарының, оқытудың арнайы
әдістері мен тәсілдерінің бар болуы.
Оқудың
әлеуметтiк
бейiмдеу
бағыты
тұлғаның
әлеуметтік
икемсезденуінің азайтуын немесе жоюын көздейді. Оқушылардың әлеуметтік
өмірге қатысуы үшін қажетті тәртіп нормаларын, қарапайым гигиеналық,
коммуникативтік,тұрмыстық дағдыларынан басталып қиын әлеуметтік
дағдылармен, көзқарастармен, түсініктерімен аяқталатын өмірлік дағдыларды
меңгеру бойынша арнайы жұмыс қарастырылады.
Мұғалімдер мен мамандар оқу-тәрбие процесінде ойлауды, тіл мен
коммуникацияны білім алу құралы ретінде дамыту бойынша арнайы жұмыс
17
жүргізу керек.Дәстүрлі мектептік оқыту баланың мектепке келген кезіндегі
меңгерген өмірлік түсініктері мен дамыған ауызекі сөйлеу тіліне негізделеді.
Ауызекі сөйлеу тілі негізінде қарым-қатынастың дамуы жалғасады, анағұрлым
ауызекі сөйлеу тілі негізінде оқушының тәртібі реттеледі. Білім алуда ерекше
қажеттіліктері бар оқушылардың сөйлеу тілінің, ойлау қабілетінің, қарым-
қатынастық даму мәселелері орын алуда, олар табысты білім алу мен
әлеуметтену үшін педагогикалық құралдармен шешіліп немесе теңелтілуі
керек.
Арнайы сынып оқушыларымен жұмыс жасауда оқытудағы әрекеттік
тәсілмаңызды орын алу қажет.Білім алуда ерекше қажеттілігі бар бастауыш
оқушыларды оқыту процесінде педагогтің басшылығымен (жұппен, топпен
жұмыс) уәжделген сөйлеу тілдік қарым-қатынастар үшін табиғи жағдай
құратын заттық-тәжірибелік әрекет кеңінен пайдаланылады.Заттық-тәжірибелік
әрекет жоғары психикалық атқарымдардың (қабылдау, сөйлеу тілі, ойлау және
т.б.) сенсомоторлық негізін дамытуға, балалардың жеткіліксіз өмірлік
тәжірибесінің орнын толтыруға, әлеуметтік өзара әрекетену дағдыларын
меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқушыларға саралай және жекелей тәсілін қолдану – арнайы сыныптарда
білім беру процесін ұйымдастыру маңызды ерекшелігі. Ұжымдық оқу процесі
жағдайындағы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға
қатыстысараланған тәсіл бұзылыстары бір санаттағы оқушылардың вариативтік
типологиялық ерекшеліктерінің барлығына шартты болады. Педагог түзете
білім беру процесін сыныптағы өзінің сипаты бойынша біртектес топтардың
болуына қарай, олардың әрқайсысына арналған жұмыс мазмұнының,
қарқынының, көлемінің, күрделілігінің, тәсілдері мен әдістерінің, оқуды
бақылау түрлері мен тәсілдерінің әр түрлі болуын есепке ала отырып
ұйымдастырады. Оқушыларды топтарға бөлу шартты және қозғалмалы түрде
болады. Жекелеген оқыту тәсілі саралай оқытудың нақты көрінісі болады.
Педагог бала дамуының жалпы заңдылығын, сыныптағы әрбір оқушының
танымдық мүмкіндігін, арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін біле отырып,
балалардың оқу-танымдық әрекетін тек ұйымдастырып қана қоймай, бұл
процесті бағыттай да алады. Кейбір жағдайда оқушының өзіндік оқу-танымдық
әрекеті әлсіз болған немесе мүлдем мүмкін болмаған жағдайда, педагог оқу
тапсырмаларын табысты орындалуын қамтамасыз ету үшін оқушының
жетілмеген компонентінің атқарымын өзіне алады. Оқушының білім мен
біліктілігін қалыптасуын іске асыратын толық дербестігін қамту үшін педагог
көмегі біртіндеп азаю керек.
Жоғарыдааталып кеткен оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарға
сәйкес жалпы білім беретін мектептердің жұмысында төрт Арнайы бағыт іске
асырулуы керек:
−
диагностикалық-кеңестік;
−
түзете-дамытушы;
−
емдік-профилактикалық;
−
әлеуметтік-еңбектік [4].