Қушылардың шығармашылығын арттыру



жүктеу 472,5 Kb.
бет1/4
Дата20.05.2018
өлшемі472,5 Kb.
#14804
  1   2   3   4

қушылардың шығармашылығын арттыру


Категориясы: Ұстаздарға

Павлодар облысы Екібастұз қаласы


№26 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Батаева Үміткен Еркінқызы

Баяндама
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру.


Кіріспе.
Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - 2010жыл-ға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын.

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
берер білімнің ғылымилығын арттыру;
алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
оқушысының ой белсенділігін дамыту;
әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.


«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»- тақырыбындағы өз баяндамамды ұсынамын.

Негізгі бөлім.


Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -


бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік,


түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы,
дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.


Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.


Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай - ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.

Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.


Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой - пікірлері қалыптасады.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:


өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
10
өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
жолдасының жауабыңа пікір айту;
сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:


оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
шығармашылық ой - өрісі артады;
кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
ұжымдық ой - пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
білімін жүйелі түрде толықтыруға;
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерін негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыруы;
білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;

ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т. б.


10
Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының танымдық іс - әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелермен факультатив сабақтарының маңызы зор.
Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.
Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.


Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
• оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым - қатынасы ретінде қабылдау.
•Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
• Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
• Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
• Оқушылардың өзін - өзі шығармашылық басқаруы;
• Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
• Ата - аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей
оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
• дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
• дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай - ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікір таластардың негізі болып табылады.
Талантты балалардың өмірінде және іс - әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс - әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді.
Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата - ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.

Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады.


Бастауыш сыныпта «Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн - бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген
әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім
ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса,
балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын.


Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Қайсар атасымен
қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп
жатыр екен.
- Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір - екі бала былай деп аяқтапты.
Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан - жақтан көмекке
адамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз
өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды.

Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде


қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға риза -
шылығын білдіріп, қошақан сыйлады.
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті.
Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңіңзін ешқашан жамандамайтын болыпты.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы: Дидардың
құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/
10
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру.
Тақырып бойынша.
Жоспар бойынша
Тірек сөздер арқылы
8. Өлең құрастыру.
Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
13. Рөлге бөліп оқыту.
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.)
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,
психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Қорытынды.


Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың таным -
дық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық


қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.
№ 2. 2008 жыл
№5. 2008 жыл
5. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
6. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.
Мақалаға белгі:баяндама, бастауыш сынып ұстаздарына, оқушылардың шығармашылығын арттыру



жүктеу 472,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау