Оқушылардың дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асырудың жолдары
Добавить комментарий
Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған мектеп- интернатың
биология пәнінің мұғалімі: Ахметова Г.Е.
Оқушылардың дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асырудың жолдары
Ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілерде іздену методологиялық құрылғысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау, ғылыми жұмысты қорғау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуы тұлғалық, интеллектуалдық, психологиялық күш жігердің жұмсалуымен сипатталады. Ізденушіден көп мөлшерде назар аударым, ой-сана шоғыры, ғылыми зерттеу методологиясы мен технологиясын білу, ғылыми білімді пайдалана білу ғана емес, белгілі мөлшерде оларды тудыру да талап етіледі. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзіреттілік мазмұнын құрайды.
Мақсаты: дарынды оқушылардың өзіндік шығармашылығын дамыту, ғылыми ізденіске жетелеу .
Сондықтан алдыма төмендегідей міндеттер қойдым:
Дарынды оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, ізденіп білім алуына ықпал ету;
Оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру.
Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
Оқытушы тұлғасы оқыту процесінде басты элемент ретінде қарастырылады, осыған қарамастан оның оқушыға өзіне-өзінің позициясы өзгереді. Оқытушы пәндік ақпаратты жеткізуші емес, дәстүрмен қағиданы сақтаушы, оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуына көмекші.
Жас зерттеушінің құзіреттілігінің құрылуы кез-келген теоретикалық, методологиялық және технологиялық өзара бағыттарымен іске асады. Ғылыми жұмыстың сәтті дайындалуы көптеген әсерлерге байланысты, солардың ішіне зерттеушінің жеке топологиялық ерекшеліктері жатады.
Осылайша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айланысушы іздеу жұмысындағы қойылған тапсырмаларды сәтті шешу үшін аталған жеке топологиялық қасиеттері дамыған болуы керек. Бұлардың технологиялық құзіреттілігінің құрамына зерттеу негізінде ойлау операцияларын мақсатты қолдана білу, әр түрлі зерттеу тапсырмаларын шешу кезінде ақпараттану құралдарын қолдана білу, сараптаманы іске асыру, ғылыми ізденісті орындау , алған білімді мақсатты түрде жаңа шарттарға көшіре алу, дене еңбегі мен ой еңбегін дұрыс пайдалану кіреді. Ғылыми зерттеу жұмысында зерттеушінің іскерлік пен іздену саласындағы шеберлігі маңызды рөл атқарады.
Зерттеушінің құзіреттілігін дамытуда «өзін-өзі оқыту» маңызды рөл атқарады. Өзін -өзі оқытудың мазмұны мен бағытын зерттеуші өз қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты таңдайды. Осы айтылған теориялық пікірлерді басшылыққа ала отырып, дарынды оқушының құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында «Қарағанды қаласы ластануларының өсімдіктерге әсерін зерттеу»тақырыбы бойынша жасалған ғылыми жобамен жұмыс істеу кезеңдері төмендегідей жүргізілді: Жобамен жұмыс істеу кезеңдері.
Жұмыс кезеңдері
|
Мазмұны
|
Оқушылардың қызметі, іс-әрекеті
|
Мұғалімнің қызметі, іс- әрекеті
|
1. Қызметті , іс-әрекетті ұйымдастыру.
|
Жобаға ену
|
Мотивация, мәселені қою, жобаның тақырыбын таңдау, мақсатын анықтау, міндеттерін айқындау.
|
Мұғаліммен ақпарат туралы әңгімелесіп, талқылайды. Мәселені анықтайды. Болжам жасайды.Мақсатты нақтылайды.
|
Оқушыны ынталандыру.
Жобаның мағынасымен таныстыру.Мақсат қоюға, міндеттерін анықтауға көмектеседі.
|
Жоспарлау
|
Ақпаратты жинау және талдау жолын анықтау.Қорытынды нәтижені ұсыну жолдарын таңдау (есеп беру түрі).
|
Іс-әрекет жоспарын құрастыру, мезгілін анықтау, нәтижені көрсету формасын таңдау.
Зерттеу тақырыбына байланысты әр топта міндеттерді бөлу.
|
Идея ұсынады,болжам жасайды.
Оқушыларды пән мұғалімдерінің кеңес беру тобымен таныстырады.
|
2. Іс-әрекетті жүзеге асыру.
|
Ақпаратты іздеу
|
Ақпаратты жинау, аралық міндеттерді шешу.
|
Керек ақпаратты ғылыми әдебиеттерден, интернет желісінен іздеу, іріктеу және оқу. Зерттеу жүргізу.
|
Ағымдағы ізденістік, аналитикалық және практикалық жұмыста көмектеседі. Оқушыларға жаңа тапсырмалар береді. Бақылайды,кеңес береді
|
Нәтижені қорытындылау
|
Жасалған болжамға байланысты алған нәтижені талдау, жинақтау, қорытындыны тұжырымдау.
|
Ақпаратты талдайды, тұжырымдайды. Нәтижені сұрыптап жазады, жобаны қорғауға және презентация жасауға материалдарды дайындайды.
|
Бақылайды. Презентация даярлауда консультациялық және әдістемелік көмек жасайды.
|
3. Жұмыстың нәтижесін көрсету және бағалау.
|
Презен
тация
|
Жоба бойынша атқарылған жұмысқа есеп беру.
|
Жобаны қорғайды, талқылауға қатысады.
|
Тыңдайды, қатысушы ретінде бірізді сұрақтар беруіне болады.
|
Үрдіске және
жұмыс нәтижесіне баға беру
|
Жалпы жұмыстың нәтижесін талдау және қорытындылау. Қойған мақсатқа жетудің талдауы. Рефлексия.
|
Өзін-өзі бағалайды. Жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін талдайды.
|
Ұжымдық талдау мен бағалауға қатысу. Рефлексия.
|
Сонымен қатар интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық зерттеушілік қабілетін дамытып отырамыз. Нәтижесінде
жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;
интеллектуалдық ойындар барысында жалпы адамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;
ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады.
интеллектуалдық даму деңгейі жоғары , дарынды тұлғалар айқындалады.
Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дербестігі…» Мен өз сабағымда интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.
Интеллектуалдық ойын барысында оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. Сабақта өткізген «Көкпар», «Алтын сандық», «Бәйге», «Биологиялық жұмбақ» , «Білгір биолог» т.б түрлі интеллектуалдық ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен — жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.
Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек.
Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.
Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегіше саралауға болады:
- диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып,
ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;
- тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымдыкөзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау;
- танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру – оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.
Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |