Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау



жүктеу 3,56 Mb.
Дата20.05.2018
өлшемі3,56 Mb.
#15243

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ДАРЫНДЫ СТУДЕНТТЕРДІ АНЫҚТАУ
Байшокенова Қарлығаш Сатыбалдиновна

математика пәнінің оқытушысы, «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК
Елбасы Н. Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр" - деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық, психологиялық, сауаттылық, терең білімділік және ақпараттылық сауаттылық талап етілуде. Оқытушының міндеті-рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, өміріндегі өз жолын өзі таңдауына бағыт беру әрбір оқытушының борышы.

Кез келген ұстаздың басты мақсаты – міндеті – білім алушыларға сапалы білім беру, жан – жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

ҚР «Білім туралы» заңының 8 – ші бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндет – оқытудың жаңа технологияларын енгізуге, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтарды, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп белгіленген.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып жан – жақты терең білім беру, білімді азамат тәрбиелеудің жауапкершілігінің қаншалықты күрделі екендігін түсіне отырып, оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында оқытудың мазмұнын жаңарту мен технологиясын жүзеге асырудамын.

Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер өте аз, педагогика және психология ғалымдарының бұл проблемамен айналысқандарына аз уақыт болды, сондықтан теориялық негіздері, ғылымда нақты орын алған жоқ, пікір-талас күйінде қалып отыр.

Қазіргі колледжді жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды студенттермен жұмыс. Біздің колледжімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда.

Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан колледждің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету.

«Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылының басында дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалып, бала дарындылығын дамыту жүйесі толықтырады. Біздің колледжде оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесі 4 деңгейде іске асады. 1 деңгей – сабақ үстінде. Қазіргі таңда озық технологиялар студенттер шығармашылығын, дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр. 2 деңгейде- тереңдетіп оқытатын топтар. 3 деңгей- оқудан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме, қосымша қызметтер арқылы дамыту. 4 деңгей- студенттердің ғылыми қоғамы. Қоғамға олимпиадаға дайындық жұмыстары жүретін клубы, студенттерді ғылыми - зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ғылыми жобалар клубы, шешендік өнерін қалыптастыратып, арттыратын дебат клубы кіреді.



«Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша мен «Сәулет өнеріндегі пирамида» тақрыбында студентпен ізденіс жұмыстарын жүргіздім. Бұл жоба еліміздің даму алдындағы қалаларына арналған архитектуралық жоба. Пирамида тәріздес салынған құрлыстың жаңа жобасы ұсынылады. Оның ерекшеліктері:

  1. Экологиялық таза;

  2. Материялдық шығымы аз;

  3. Өзін-өзі электор энергиясымен қамтамасыз етуі;

Архитектура елімізде үлкен қолдауға ие болып отырған сала. Қазіргі таңда тәуелсіз дербес ғимарттар үшін сұраныс көптеп артылуда. Біздің бұл жобадағы мақсатымыз жаңа заманға сай көз тартарлық ғимараттын жобасын жасау. «Математика - ғылымдар патшасы» демекші архитектура саласында математикалық және геометриялық есептеулердің орны ерекше. Осы жұмыс бойынша колледж студенті Амантай Дүйсенбай Кіші Ғылым Академиясында Республикалық 42-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында жүлделі I-ші орынға ие болды.

Дарынды студенттерінің мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар студенттердің қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты.

Дарынды студенттермен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі өмір талабы.

Дарынды студентттерге арналған бағдарламалар болу керек және талаптар сипаттамасы төмендегідей:



- студенттер таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;

- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;

- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;

- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;

- жаңа ой таба білуге ынталандыру;

- алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;

- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшелік-терін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;

- әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Математика пәнін оқытуда жаңа технология оқушылардың ізденіс қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.Оқушылардың өз бетінше ізденіс яғни шығармашылық қабілеті, студентердін ізденіс жұмыстарының нәтижесі

Дарындылықты дамыту шаралары.

Жеке ерекшеліктері анықтап болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құралады.

Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, топтан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімдік білім алуға жетелеу. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болу керек. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.

Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта оқытушы студент ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, студенттің бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Оқытушы тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады.



Қорыта келген кезде, жалпы дарынды студентті анықтау және қолдау алдындағы оқытушы мен психологтың шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
жүктеу 3,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау