«Ата-ана алғашқы тәрбиешілер» (баяндама)



жүктеу 37,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі37,5 Kb.
#21122

«Ата-ана алғашқы тәрбиешілер»

(баяндама)

Тәрбие процесі өте қиын да күрделі, айналып өтуге болмайтын жол. Оның қиындығы балаға әсер ететін әр түрлі жағдайдың ұшталуынан туындайды. Баланың қалыптасқан дара ерекшелігін, эмоциялық көңіл - күйін, жігер-қайратын ескере отырып, ұлттық мәдениетімізді, салт - дәстүрлерімізді бойына сіңіре тәрбиелеу-басты міндетіміз.

Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.

Халықта «Тәрбие табалдырықтан басталады» - деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни әрбір отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, «адам ұрпағымен мың жасайды» - деген тұжырымды үлгі тұту.

Әрбір ата-ана - өз балаларының алғашқы тәрбиешілері. Олар - өз отбасындағы басты тұлға. Ата-ананың бала алдында беделі болуы керек. Әсіресе, ананың орны ерекше. Ерекше болатын себебі, ананың адамгершілігі, мейірімділігі, төзімділігі, даналығы, балаға деген сүйіспеншілігі – басты нәрсе.

Сөз жоқ, әр ана баласының жан дүниесін түсініп, оның жүрегіне жақын болып, шынайы досына айналса – мақсатына жеткені. Егер ол балаға деген аналық махаббатын дұрыс түсінбей,баласының жіберген қателіктерінің бәрін кешіріп, талап ете алмаса, өз баласының кемшіліктерін көре білмесе кейін үлкен өкінішке ұрынатыны анық.

Екінші бір басты мәселе, әке болу-ер адамдардың игі, жауапты парызы.

Әрине, әке бала бойына жоғары азаматтық мұраттың таратушысы, әрбір отбасы мүшесінің, ана беделінің қорғаушысы, жұбайлық адалдықтың үлгісі бола білсе, онда ол, сөз жоқ, шаңырақтың тірегіне, мәуелі бәйтерегіне айналады. Сыйлы әке – балалардың мақтанышы.

«Өз бөбегіңіздің іңгәсін естіген сәтіңізден бастап, сіздің өте-мөте нәзік қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, мақсаты да-балалар тәрбиелеу. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – ер мен әйелдің, әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы» - деп, тамаша педагог - ұстаз В.А.Сухомлинский айтқандай, ата-анасы өз баласының тәрбиесі үшін қоғам, ел, халық алдында жауапты. Ол аз болса, әрбір ата-ана мектеппен тығыз байланыс орнатып, өз балаларының парасатты, білімді, мейірбан, табанды азамат болып өсуіне жағдай жасаулары тиіс.

Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының көкейкесті мәселесі болып отыр.

Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әр түрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір жағдай.

Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі таңдағы әке әр түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге, балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде. Қазіргі жағдайда жауапкершіліксіз ата-ана көбейіп кетті. Бала тәрбиелеуде ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспейді. Отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды. Ата-ана қаражат табу қамымен жүргенде мектеппен байланысын үзеді. Ал екі жақ тығыз байланыста болмай, бала екі жақты тәрбие көрмесе оның келешегінің тамырына балта шабылды деген сөз.

Отбасында кездесетін көп кемшіліктердің бірі – бала тілін дұрыстамаймыз. Бала еркелікпен тілін бұрап, басқаша сөздер айтады.

Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбеюде. Отбасы тәрбиесінде, әсіресе, жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әр түрлі жағдайлар туындауда. Ата-анасын түсінбеген, танымаған бала басқаны да тыңдап жарытпайтыны анық. Сондықтан да әрбір ата-ана «баланы жастан» деген аталы сөзбен «Не ексең соны орасың » деген халық даналығын жадына ұстаған дұрыс. Тағы бір тәрбиеге нұқсан келтіретін ата-ана тарапынан жіберілетін қателік – баланы шектен тыс еркелетіп қолына қомақты ақшаны ұстатып, өз еркіне жіберуі. Қазіргі кезде заман өзгеріп, өмірімізге техникалық прогрестің жетілген кезінде компьютерлік ойындар орталықтары ашылып жатыр. Осында жүретіндер – балалар, ойынға салынып сабақты да, басқаны да ұмытып, өз алдына қызыққа батады. Тіпті ақша үшін ұрлық жасап, өз ата-анасына қол жұмсап жатқан жасөспірімдерді естігенде төбе шашың тік тұрады. Осы мәселені әрбір отбасы алға тартып, тереңінен пайымдауы керек. Сонда ғана тәрбиеге қатысты бір мәселенің шешілуі мүмкін.

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы». Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң – досыңдай сырлас. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Әкеден-ақыл, анадан мейір алады», «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала – отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.

Ата-аналар арасындағы бала тәрбиесіне көзқарастың әр түрлілігі байқалады. Ата-аналардың жанұядағы тәрбие мәселелері жөніндегі келіспеушілігі, көзқарастарының бір болмауы баланы жеке басында жақсы сапалар қалыптастыруға кері әсерін тигізбей қоймайды. Тату-тәтті өмір сүріп отырған жанұя әрдайым балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Балаларын өздерінің ойларымен бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Мұндай жанұя тар шеңбер аумағында қалып қоймайды.

Ал кейбір жанұяда баланың жеке басына көңіл бөлінбейді. Ата-ана оның ішкі дүниесіне, қандай нәрсе қызықтыратынына, мақсатына уайымына қоршаған ортаға қатынасына назар аудармайды. Мысалы, оқушы үй тапсырмасын орындаудан бас тартса, ата-ана мұндай қылықтың шығуының негізгі себебі неде екенін білуі қажет. Кейде бірбеттілік шаршағандықтан, баланың ішкі жан дүниесінің бір нәрсеге еліктеп ойлауынан пайда болады. Осыған байланысты ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қиындықтарды жеңуге көмекші болу және баламен жұмыс істеу жолдары мен тәсілдерін қалыптастыруда ата-аналармен, оқушылармен сауалнамалар, тесттер, тәрбиелік дөңгелек үстелдер, тренингтер, кеңестер өткіздім. Мысалы, ата-аналар жиналысында төмендегідей тақырыптарда жұмыстар жүргізілді: «Отбасы бақыты – ол ... », «Жанұя тәрбиесі» атты дөңгелек үстелдер, «Ата-ана балаңызбен байланысыңыз қалай?», «Ата-ана - алғашқы тәрбиешілер» баяндама, «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас», «Кездесу», «Жанұя», «Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі» тренингтері, «Сынақ» іскерлік ойыны, «Бала және отбасы» тесттер т.б көптеген тәрбиелік мәні бар жұмыстар атқарылды.

Оқушыларға «Менің достарым», «Менің арманым», «Менің сүйікті ісім», «Менің отбасым» тақырыптары бойынша сауалдарға жауап жазып келу жүктелді.

Балаларының осы тапсырмаларды қалай орындағаны жөнінде ата-аналар жиналысында талданып, ой-пікірлерін жалғастырды. Осыдан өз балаларын ата-ана қаншалықты жақсы білетіндігі жөнінде тиянақты қорытынды шығаруға болады деп ойлаймын.

Ата-аналар өздерінің жақсы мінез-құлықтарымен, жеке өнегелерімен ғана балаларын таза достық пен жолдастыққа баули алады.

«Қатаң да болсын балаға талапты мейлінше көп қоя отырып, баланы қадірлеу керек болады. Қадірлемейінше баладан көп нәрселерді талап етуге болмайды», деген еді А.С. Макаренко.

Сондықтан бала тәрбиесі ата-аналарға жауапты, міндетті жүктейді, ал ол міндеттердің көңілден шығуы ата-ананың жанұядағы әрбір үлгілі ісіне байланысты. А.С.Макаренконың: «Біздің балаларымыз – біздің қартайған кездегі болашағымыз. Оларға берілген дұрыс тәрбие – ол қартайған кездегі бақытымыз. Теріс және нашар тәрбие – ол біздің болашақ қасіретіміз, көз жасымыз», деген даналық тұжырымнан жемісті нәтиже шығарайық.



Искужина Нургул Амангалиевна

М. Тәжин атындағы орта мектебінің педагог-психологі

Мөңке би ауылы, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы
жүктеу 37,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау