Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» (2 сабақ)
Торекелдина Дидар Карсыбековна
Қарағанды қаласы, «№61 ЖББОМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Баубек Бұлқышевтың өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып шығарманың жанры,көркемдік ерекшеліктерін тану; 2.Дамытушылық:оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру,өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, топпен жұмыс істеуге төселдіру;
3.Тәрбиелік:бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,ұлттық намысты қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы
Типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: СТО жобасының стратегиялары (INSERT стратегиясы, «Бес жол өлең», «Авторға хат».)
Көрнекілігі: ИТ, Баубек Бұлқышевтың портреті, «Заман біздікі», «Адамзатқа хат» жинақтары,батырлық,ерлік жайлы мақал-мәтелдер,электронды оқулық, Ұлы Отан соғысы кездерінен слайдтар.
Сабақтың айдары:
... Менің бұл жазғандарым болашақта
біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің
қолына түсіп,үлкен істердің кішкене бір
тетігіне тиянақ болуға жараса,менде одан
басқа арман да жоқ,ол зерттеушілер біз осы
арпалыста жүргенде қайғыра да,жылай да,
қуана да,күле де,кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.
І.Ұйымдастыру кезеңі. а)оқушыларды түгендеу;
ә)үй тапсырмасын сұрау; (кезекші мәліметі.)
(Бейнетаспадан 1941 жылғы қанды оқиға жайындағы сюжетті оқиғалардан үзінді көрсетіліп тұрады.Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады және сабақтың айдарын мәнерлеп Б.Бұлқышев бейнесіндегі оқушының оқуы)
Сабақтың барысы:
II. Үй тапсырмасын сұрау .Өзіндік іздену-зерттеу жұмысы. (Үш топқа бірдей берілген тапсырмаларын орындау барысында,әр топ өзіне ұпай жинауы тиіс.Жауаптарының дұрыстығына қарай оқушыларға түрлі-түсті медальдар тапсырылады.
Қызғылт түс-өте жақсы жауап бергенге,көк түс-жақсы, сары түс-қанағаттанарлық.)
1. Оқушыларға Б.Бұлқышевтың өмірі мен шығармалары жайлы ізденіп келген мәліметтерін оқу,слайд арқылы көрсетіп,әзірлемелерін қорғау.
2. «Шығыс ұлына хат» туындысынан өздеріне ұнаған үзіндіні жатқа айту.
III. . Шығармашылық жұмыс.
А) Дәптермен жұмыс.Шығарманың стильдік,жанрлық ерекшелігін еске түсіру. Эпистолярлық жанр.
Хат түрінде жазылған шығарма.
Тарихи мәні бар хаттар.
Стильдік тәсілі.
Көркемдік шеберлігі қаламгерлік талантынан танылған.
Авторлық баяндаумен берілген.
Кейіпкерлерге қаратыла айтылған.
Қайғысына ортақтастығы әсерлі берілген.
Саяси-көркем проза
Ақиқат өмірдің сырлы суреті айқын,оның арқауы-шындығында.
Б). Топпен жұмыс. (Үш топқа тапсырма беру)
І топ.
«Өлімнен-ұят күшті» деген халық мақалын автор жауынгерлердің
мақсат-мүдесімен қалай байланыстырады?
2.Б.Бұлқышевқа арнау хат жазу.
ІІ топ
1.Махамбет Өтемісұлының өлеңінен алынған үзіндіні хаттан табу.
2.Шығыс халқына арнау,үндеу хат жазу.
ІІІ топ
1. «Елім-ай» әнінің мәні неде?
2.Б.Бұлқышевқа арнау өлеңін жазу немесе хат арқылы автордың өз тұлғасын ашу..
ІV. Интерактивті тапсырмалармен жұмыс.
6-ұяшық,1,3,4 тапсырмалар.
V. Электронды оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға «Ер-ел үшін туады»бейнетаспадан тыңдату және үй тапсырмасын орындауға дайындық.
VI. Үйге тапсырма. «Ел ертеңі-біздің қолымызда»тақырыбына шығарма жазып келу.
VII. Қорытынды.Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. INSERT стратегиясы бойынша оқушылар алдарындағы үлестірме қағаздарды толтырып,қорытындылайды.
Не білеміз?
|
Не білдік?
|
Нені білгіміз келеді?
|
|
|
|
Мұғалімнің қорытынды сөзі. –Иә,Баубек қанатты ой иесі,арманшыл жас еді.Ол шат өмірді,жастық дәуренді,қаһарман халықты,жүрекке нұр құйған заманда жыр етті. «Шығыс ұлына хат»еңбегінде туған ел,өскен жер,дос,жолдасқа,туған-туысқа деген шынайы сүйіспеншілікті көреміз.Баубек Бұлқышұлы өмірі,оның күресі,шығармашылық еңбегі –барлық жасқа өнеге.
«Жоқ,болмайды,мен өлмен,
Өшпес менде өмір бар.
Өлім мен өмір күресте
Өлімді өмір жеңе алар»деген сөзімен сабақты аяқтаймын.
VIII. Оқушыларды бағалау.(Әр топ өздерінің жинаған медальдарының санымен топтың ұпайы анықталады.)
Рефлексия. -Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?...
Түйін. Бәріміз «Соғыс болмасын, бейбіт өмір сүрейік!»-деген тілекпен «Бейбітшілік» әнін орындайық..
Достарыңызбен бөлісу: |