Жәнімхан Нұрилаш Мұғалім портфолиосы d есебі I топ I деңгей



жүктеу 372,51 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі372,51 Kb.
#3997

Жәнімхан Нұрилаш Мұғалім портфолиосы D есебі

I топ I деңгей

Көкшетау қаласы 21.04.2015ж


Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын?


Мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін басымдықтарды анықтау барысында мектеп мұғалімдерінен,ата-аналардан,оқушылардан алынған сауалнамалар мен жүргізілген сұхбат ой-пікірлерін сүйене отырып, мектептің бастапқы ахуалын анықтадық.Мектептегі тәжірибелі мұғалімдармен, І,ІІ,ІІІ деңгейлік бітірген мұғалімдер және ӘБ жетекшілерімен ақылдасып, көпшіліктің қажеттілігін ескере отырып мектептің дамыту жоспарының тақырыбын «Оқытудың жаңа тәсілдерін, диалогты, топтық жұмысты қолдана отырып мектепте білім сапасын көтеру» деп алдық.Осы тақырыпқа сәйкес енгізілген басымдылықтарға сүйене отырып жоспарланған іс-шаралар жүргізілді. Зерттеу барысында өзіммен бірлесіп жұмыс жасайтын кәсіби топ мүшелері,үнемі қолдау көрсетіп,өз ұсыныстарымен бөлісіп отырды. Бірінші коучинг «Топтық жұмыста оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың ынтасын арттыру»тақырыбында өткізілді.Коучингтің өтілуіне өзім жауапты болдым. Мұғалімдері «Молекулалар және атомдар»тәсілі арқылы топқа бөліп отырғызған соң «Көршімнің биылғы жылдағы жетістіктері» тренингісі арқылы жақсы ахуал қалыптастырып алдым,әріптестерім коучингге сондай бір ыждағаттылықпен құлшына қатысты.Оған дәлел мұғалімдердің «психологиялық ахуалдың көңілімізді көтеріп,сабақтан шаршағанымызды ұмыттырды» деген сөздері. Мұғалімдер «Оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдер оқу мен оқытуда несімен тиімді деп ойлайсыздар?» тақырыбында ой бөлісті.[№1 Ұстаздармен өткізген коучинг сабақтар] Әр топ тақырыпты тиянақты орындап қорғап шықты.Дайын білімге берілген сабақ пен мұғалімнің бағыттаушылығы арқылы оқушылар өздері іздене отырып алған білімдер арасындағы айырмашылықты көрсету мақсатында жұмыстар атқарылды, «Көбелек сабағы»презентациясы арқылы мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.Коучинг соңында мұғалімдерден «Эмоций и дети»фильмінің көрісініс бойынша эссе жазды. Кері байланыс жасалды.Менің сабақ соңында байқағаным мұғалімдер берілген уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы.Яғни мұғалімдер мұндай жұмысқа әлі толық төселмегендігі деп ойлаймын.

Екінші коучинг «Диалогтық оқытудың маңызы. Оқыту үрдісінде аталған модулді пайдалана білу».Бұл коучингті II деңгей бітірген Дастанбаева Қ.М жене Балабекова Г.Б жүргізді.Мұғалімдерді 2ші коучингге жинауымыз біраз қиындық туғызды.Бірақ біз ситуациядан шыға білдік деп ойлаймын.Алдын-ала жарнама жасап қойдық,шақыру қағазы таратылды,коучинг соңында «тәтті стол»ұйымдастырдық.Соның өзінде 10-12 мұғалім жиналды.Мұғалімдер коучингке қызығушылықпен қатысып, ризашылықтарын білдірді.Тақырыпты мұғалімдер жаұсы түсініп алды,сабақта қолдану барысында диалогтік әңгіменің тиімділігін,диалогтік әңгімеге түсе отырып,оқушылардың ынтасының артатынын,құрдастар тобындағы қарым-қатынастың оқушы үлгеріміне жақсы ықпал ететінін практикалық тапсырмалар барысында түсініп алды. Өткізілген коучинг осы жағынан сәтті болды және сәтсіз тұстары да болды.Сәтсіз тұстары айтар болсақ мұғалімдер үстірт тыңдайды,әңгімелесіп отырады,бұл коучингге пайда әкелмейді.Мұғалімдерге түсіндірме және жетекші сұрақтар бере отырып кейбір сәттерді нақтылап отырдық және мұғалімдердің ынтасын арттырып,белсенділігін қалыптастыру үшін өткір кескінді сұрақтар қолданылды.

Тәлім алушыға бастауыш сынып мұғалімін өзінің сұранысы бойынша тандадым.Б.Қ.Т ІІІ деңгейлік курсты тамандаған .Тәлімгерлік ете отырып алға қойған мақсатым, тәлім алушының кәсіби дамуына көмек беру, таңдаған басымдықтар бойынша мектепке енгізетін өзгеріс турасында білім сапасының артуына ықпал жасау, сабақтың тиімділігін қарастыру, топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынталандыруға белсенділігін арттыру,дамыту,смарт мақсат қою,орта мерзімді жоспар жасау, қысқа мерзімді жоспар жасау жөнінде жүргізілген жұмыстарды жүзеге асыру.

Тәлім алушының жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өткізген және дәстүрлі сабақтарына қатысып, салыстыра талдадым.Сабақта 7 модульді ықпалдастыра қолдануына көмек бердім. Тәлім алушының әдебиеттік оқу пәні бойынша «Лұқман Хақім»тақырыбында дәстүрлі сабағына қатыстым.

Осы сабақтын сәтсіз тұстары бұл сабақтың ұйымдастырылу кезеңінде оқушыларға психологиялық ахуал жасалмады, мұғалім көбіне сабақта өзі сөйледі, оқушылар өз ойларымен бөліспей, жеке тапсырманы орындап, дәптерлерін мұғалімге көрсетіп отырды. Сабақ соңында оқушылардың білімін мұғалім өзі бағалап, үйге тапсырма берілді. Оқушылар сабақта нені түсінді, нені түсінбеді кері байланыс жасалмады. Сабақ соңында тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіздім, сабаққа талдау жасадық. [№4 Тәлім алушы мен тәлімгер кәсіби әңгіме үстінде]

Келесі сабағын топтық жұмыста жаңа әдіс тәсілдерді,диалогтік оқытуды қолдана отырып ұйымдастыра отырып өткізуін сұрадым. Сабақта бір ізділік болмау керектігін түсіндірдім, ол оқушының сабаққа қызығушылығын жояды және оқушыны жалықтырып жібереді.Коучинг бойынша «Эмоций и дети»видеофильмінің желісін еске түсірдік.Сондай-ақ «Көбелек сабағын»еске түсірдік.Сабақ бастамас бұрын психолгиялық жақсы ахуал қалыптыстыру тәсілін түсіндірдім.Және сабақ басында топтың ережесін құрып алу қажет,ол оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеуіне көмектесетін болады.ҚМЖ құрғанда ең назарға алатын мәселе ол smart мақсат екенін түсіндірдім.Сондай-ақ табыс критерийі туралы айтылды.Коучингге қатысу барысында қолданылған стратегияларды сабақта қолдануын сұрадым. «Хайуанаттар дүниесі» тақырыбында 4 сыныпта екінші рет өткізген сабақ өте тартымды өтті. Сабақты психологиялық ахуалды қалыптастырумен бастап, оқушыларды өзіне ұнаған жануарларын таңдау арқылы тренинг өткізіп ,топқа бөлді.Оқушылар топтық жұмыстағы алтын ережені еске түсірді.Топ мүшелері өз рөльдерін білді. Сабақтын сәтті жақтары оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысты.топтық жұмыста оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, пікіралмасуы, топтық жұмыстағы ұйымшылдықта жұмыс істегендері болды.

Оқушылармен кері байланыс жасаған тұста, өздеріне сергіту сәті, бағалау кезеңдернің ұнағаны туралы айтты. Сабақ соңынан тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіздім, сабаққа талдау жасадық. Оқу үдерісінің сапасын арттыруда тәлім алушының оқыту әдістемесіндегі диалогтік оқыту әдісін қалай пайдаланғанын,топтық жұмыс оның нәтижесін қалай болғандығын сараптадық. Бейнежазбадан бақылап, оқушылардың кері байланыстарын көре отырып тәлім алушы қандай олқылықтар кетті, оны қалай толықтыру керектігі жайлы айта келіп, өзінің сабақта көздеген мақсатына жеткендігін айтты.Тәлім алушыға теориялық білім мен практиканы ұштастыру үшін өзіндік білім көтеру жоспарын құруға көмектестім. Тәлім алушыға өз идеясын ұсынып, пікірін айтуға мүмкіндік бере отырып, жоспарын талдадық. Тәлім алушы жасаған жұмысына рефлексия жасады. Оқушылардан сұхбат алынып,жүргізілген жұмыстардың тиімді және тиімсіздігі анықталды. Өзгеріс енгізу барысында мұғалімнің де, оқушының да белсенділігінің артқанын байқадым. Нәтижесінде тәлімгерлік жүргізу үдерісінде тәлім алушының әдістемесін жетілдіріп ғана қоймау,рефлексия жасай білуге үйреттім, оқушылар мен тәлім алушының сыни ойлау белсенділіктерін дамытып, білім сапасын арттыруға өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

Келесі «Lesson Study» зерттеушілік сабағы мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс -әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Бұл «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретініне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. (МАН, 47-беті)

Осы бағытта өз тобымдағы мұғалімдер жиналып, нені, кімді оқыту керектігін анықтадық. «Оқытудың жаңа тәсілдерін, диалогты, топтық жұмысты қолдана отырып мектепте білім сапасын көтеру»тақырыбында 4«в» сыныбын зерттеу обьектісі етіп алдық.Осы сыныпқа «Лессон стади»тәсілі бойынша дүниетану,әдебиеттік оқу пәндерінен іс-әрекетті зерттеу сабақтары жүргіздік

Кәсіби топ мүшелерімен бірлесе отырып, зерттеу сабағын жоспарлап, сабақ өтетін сыныптан А,В,С деңгейіндегі 3 оқушыны анықтап алдық.1-сабақты өзім дүниетану пәнінен «Отбасы-шағын қоғам.Қоғамдық топтар»тақырыбында өткіздім.Қалған кәсіби топ мүшелері сыныпты және үш оқушының іс-әрекетін назарға алып қадағалап отырды.Мұндағы мақсат:әр деңгейдегі оқушылардың оқу кезеңдерінде сабаққа қалай қатысып отырғанын бақылау,оқушыларды қандай тәсілдер қызықтыра алды,не әсер еткен жоқ ,оқушы сабақ барысында қаншалықты белсенді қатысты,өздері құлшыныс көрсетті ме,әлде мұғалімнің талаптары бойынша ма,ұзақ уақыт ақылды талап ететін тапсырмаларға зейіндерін шоғырландыра алды ма,сабақтағы шығармашылық тапсырмалар орындауға қаншалықты белсенді қатысты,оқушы ақыл-ой еңбегін орындауда қаншалықты эмоцианальды бола алды,сабақтағы топтық жұмыстарғы қатысу оған қаншалықты ұнады,А,В,С әр оқушы қалай жетістікке жетті,қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді бола алды ма,әдістің қай аспектісі тиімді болды,қолданылған әдіс-тәсілдерің оқушы ынтасына ықпалы қалай болды т.с.с сияқты сұрақтарға жауап іздедік.

Сондай-ақ алдын ала жоспар бойынша бақылаушы 3 мұғалімге оқушыларды бақылау және талқылау кестесі ұсынылды. [Lesson Stadu нұсқаулығы 9бет].

Сонымен сабақта «Саяхатқа шығу» тренингісі жүргізе отырып оқушыларды топқа бөлдім. «Интеллектуальды ойын»арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдері жүйеленді.

Оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайтын жұмыстың түрлеріне топтық жұмыс, жұптық жұмыс, оқулықпен жұмыс түрлері берілді.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауда мадақтау, өзін-өзі бағалау,жұптар өзара бағалау, топтар өзара бағалаулар қолданылды. «Сілтеме табушылар»тобы«Кейіпкерді сипаттаушы»тобы«Ізденушілер»тобы жұмыс жасады.Топпен жұмыс барысында оқушылар өзара қарым қатынасқа түсті.Бір-бірінің пікірін тыңдады Зерттеу кезінде А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа қатысуы,көңіл-күйлері,сабаққа берген жауаптары қадағаланды.Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алынды.Сұхбат барысында С деңгейіндегі оқушы ұяң өз ойын айтуға қысылатын бала болатын, бірақ осы сабақ оны қызықтырғанын айтып, ашыла сөйледі.Осы оқушымен болған сұхбаттан түйгенім оқушыға сенім білдіру керек.Оқушы өзіне сенімді болған жағдайда өз ойын еркін жеткізеді,және құрдастарымен де ой бөліскенде ойын ашық,еркін жеткізуге тырысады. Сабақ соңында блоб ағашы бойынша оқушылар өздері оқудың қай деңгейіне жеткенін көрсетті.Стикерлер арқылы кері байланыс жасалды.[ сурет ]

Топпен келесі Lesson Study- ді жоспарладық. Ол сабақты балагазина Қ.Т деген әріптесім жүргізетін боп жоспарладық.

Сабақ әдебиеттік оқудан «Көптен безген көгермес» тақырыбында өтті.Мұғалім сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан бастап , оқушылардың көңіл-күйін көтеріп,топқа бөлді.Сабақ барысында мұғалім табыс критерийлерімен таныстырып өтті,топ ережесін құрды.

«Кубизм»тәсілін қолдана отырып өткен сабақтар бойынша алған білімдеріне қорытынды жасалды.Топ басшыларын сайлады,бағалу парақтарын түсіндіріп,таратты.Екінші кезеңде әр топқа жеке тапсырмалар берді.Оқушылар берілген тақырып бойынша топта бірлесіп, өз ойларымен бөлісіп,сыни ойланып, оны флипчартқа түсіріп, ортада қорғады.Осы сабақта А деңгейіндегі оқушы топта қасындағы құрдастарына көмектесіп, өзін сабақта жақсы көрсете білді,сабақтың бар кезеңінде де белсене қатысты, В деңгейіндегі оқушы өзін сабақта жақсы көрсете білгенімен онша көп белсенділік танытпай отырды,оның себебі оған берілген тапсырма қызықтырмаған болуы мүмкін.С деңгейіндегі оқушы сабақта өткен сабаққа қарағанда белсенділік танытты.Оған себеп біз бұл сабақты жоспарлағанда өткен сабақта алған нәтиже бойынша кей аспектіні өзгертіп еңгізуге тырысқандығымыздан деп ойладым. Дегенмен бұл оқушы да топпен бірлесіп жазып, орнында жұмыс жасап отырды.Ой қорыту кезеңінде оқушылар «автор орындығы»арқылы өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтады.Сабақ соңында мен не білемін?,нені білдім?,нені білгім келеді? әдісімен кері байланыс болды. Топтағы бағалаушы оқушы оқушыларды толық бағалады және мұғалім өз бағасын толықтырып қойды.Әр зерттеу сабақтары аяқталған соң оқушылардың ойын біліп сұхбат алып отырдым.Сұхбат барысында оқушылар сабақтың ұнағаны туралы қуана ойларымен бөліседі,үнемі сабақтар осылай өтсе ғой деп,қызығушылықтарында білдірді.

Зерттеу тобындағы мұғалімдермен сабақ соңынада бірден талқылау жүргізіп отырды. Талқылау барысында:

Сыныптағы іс-әрекет, А,В,С деңгейлік оқушылардың іс-әрекетін

төмендегі құрылым бойынша қадағалап,бақылау жүргіздік.

-сыныптың тұтастай оқытылуы;

-зерттеу сабағының барысы және оқу үдерісі;

-бақылаудағы оқушылардың оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтау;

-Белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу;

 Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар,еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі.Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, топтағы әріптестеріміздің көз қарасымен де қарастырамыз, нәтижеге жетуге бірге ұмтылыс жасаймыз.

Менің жалпы оқу мен мектептегі тәжірибе барысында түйгенім, жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

• кезекпен сөйлеу;

• белсенді тыңдау;

• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;

• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;

• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

• көмектесу және көмек сұрау;

• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;

• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;

• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;

• талқылаудың қорытындысын шығару;

• дәйекті айғақтар келтіру.[Топтық жұмыс туралы нұсқаулық]

Диалогтік оқыту -жаңа әдіс-тәсілдердің ішіндегі оқушылардың ынтасын арттыратын ең тиімді тәсілдің бірі деп айтуға болады.Диалогтік оқыту арқылы :

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал

етеді;


• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде

екендігін түсінуге көмектеседі.

Сондай-ақ Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы»сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер келтіріп, қадағаланатын оқиғаларға сипаттама беруде түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

Тіл - тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог

арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу - оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. .[МАН 29 бет]

Оқушылардың осы модульді пайдалана отырып ойлау белсенділігін арттырып,сөйлеу дағдыларын қалыптастырып,өз ойларын еркін жеткізуге ынталану үшін оларға сабақ беретін мұғалімдердің оқытудың жаңа әдіс-тәсілдердін меңгеруіне аса назар аудардым.Олардың жаңа әдіс-тәсілдердіі өз сабақтарына енгізіп, тиімді пайдалануы үшін өзімнің курстан алған, үйренген жаңа білімімді үйретуге тырыстым.Тек өзімнің зерттеу бағытыма байланысты ғана емес, 7 модуль аясында не үйренгенімді,қандай ой түйгенімді ортаға салдым.сабақтың жақсы нәтижеге жетуіне шешуші күш болатын SMART мақсат туралы жақсы түсіндірдім деп ойлаймын.

- Осы модуль бойынша жүргізілетін жұмыста мен оқушыларымның:

-өз бетінше тұжырым жасап, қорытындыға келуіне;

-ұқсас құбылыстардың арасыннан тиімдісін талдай білуіне;

-проблеманы шеше білуіне;

-пікірталасты жүргізе білу қабілететінің қалыптасуына ықпал жасауға тырыстым. Мен мектептегі тәжірибе барысын қорытындылай келе, болашақта:Оқушыларды көбірек тыңдауды, ой-пікірімен санасуды;

Тапсырмаларды түрлендіріп жасауды;

Оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру үшін ашық сұрақар беруді;

Көмек қажет ететін оқушыларды сабаққа қызықтыра алуды;

Назардан тыс оқушы деген болмау керектігін;

Бағдарлама ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін одан әрі зерттеп, оқу-тәрбие үдерісіне кеңінен, әрі тиімді етіп енгізуге тырыстым.

Оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуы қамтамасыз етуді басшылыққа алдым.Осы «мектептегі тәжірибе» кезеңінде өткізілген коучинг,тәлімгерлік, Lesson Study тәсілімен жүргізілген сабақтардан алынған нәтижелер жалпы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етті деп ойлаймын.Мұғалімнің шеберлік деңгейі жоғары болғанмен, ол оқушының қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыра алмаса білім күткен нәтижені бермейді.Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтағанда оқушылар нені біледі және нені істей алады деген сұрақтардың жауабыммен анықталады.Біз оқып жатырған курс мазмұнында осы сұрақты мұғалімге де қатысты қарастырамыз. Осыдан келіп қандай жұмыс болмасын түбінде бір нақты күтілетін нәтижеге бағытталып жүргізілуі тиіс деген тұжырым жасадым.Нақты күтілетін нәтижеге ол жеткізу үшін, сол нәтижені мақсат етіп қоя білу керек.Сонымен бірге оларды белгіеудің критерийлері реттелуі, саралануы тиіс. Егер осылардың барлығы қамтылмаса, онда толық мақсатқа жету мүмкін емес.Өз ойымды Махатма Гандидің мына сөзімен аяқтағым келіп тұр:«Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе-осы өзгерісті өз уақытыңда жаса» деген екен. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі болып жатқан үлкен өзгерістер еліміздің болашағына,оны жүзеге асыртуда еңбек еті жүрген менің әріптестеріме толағай табыстар әкелетініне сенімдімін.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші деңгей

2.«Коучинг және тәлімгерлік» 37- беттен

3.«Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық»

4.«Lesson Studу” тәсілін іске асыру 50-беттен



Қосымша 1

Көшбасшы мұғалімнің 6 апталық өзгеріс енгізу жоспары
Зерттеу тақырыбы: 4 сынып оқушыларының ынтасын арттыру үшін топтық жұмыстағы диалогтік оқытудың маңызы
Мақсаты:Оқушылардың ынтасын арттыруға топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілін үйрету;Сабақта диалогтік оқытуды қолдана отырып құрдастар тобындағы өзара іс-әрекеттің оқуды маңызды рөл атқаратынын түсіндіру;


Мектептің даму жоспарының басымдықтары (МДЖ)


Нәтиже және табыс критерийлері

. Мұғалімдер

  • Бастауыш сынып мұғалімдері топтық жұмысты ұйымдасыра алады,коучинг сессиялар өткізу арқылы ұстаздарды диалогтік оқыту теориясының негізімен таныстыру.

  • Топтардағы бірлескен жұмыс барысындағы әлеуметтік,танымдық,эмоционалдық мақсаттарды түсіндіру;

  • Lesson Study режимінде сабақ беру арқылы оқушылардың өзін -өзі бағалауын қадағалауды,келесі қадамды жоспарлауды табыс критерийлеріне сүйенуді түсіндіру;




  • Мұғалімдер диалогтық әдістерін белсене қолданылады;

  • Мұғалімдер сұрақтарды Блум таксономиясына негізделе отырып құрастыра алады;

  • Мұғалімдер замануи педагогикалық әдістерді сабақтарда жүйелі түрде емін-еркін қолданады;

  • Оқушылардың сабаққа деген ынталары артады, қызығушылықтары оянады;

  • Оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолданады, олар ауызша жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.




р/с

Іс -шаралар

Мақсаты

Жауапкер-

шілік

Ресурстар,

біліктілікті жетілдіру

Нәтиже

Уақыты

Монито-

ринг

1.

Мектеп әкімшілігімен кездесу, МДЖ мен танысу

Зерттеу мақсатын анықтау

Жәнімхан Н

Мектеп әкімшілігімен әңгімелесу

Пікір алмасу

02.03.15ж

Күнделік жазу

2.

Мектеп туралы ақпарат жинау

Мектептің ахуалын анықтау

Жәнімхан Н

Шығыс сауалнамалар

(оқушылар,мұғалімдер,ата-аналардан)



Ақпаратттар жинақтау

03.03.15ж

рефлексия

3.

Әдістемелік кеңес іскерлік топты құру.

Мектеп директорына тізімді бекіту



Сауалнамаларды өңдеу,талдау

Анықталған проблемамен таныстыру.



Жәнімхан Н

Кәсіби топ:

ӘБ жетекшілері

І,ІІ деңгей мұғалімдері.

Сынып жетекшілер


Тізімін жасау

Топтық жұмыс қаншалақты жүзеге асырылғанын қадағалаушы мұғалімдер тізімін жасау.

04.03.15ж

06.03.15ж






4.

МАН теорияға дайындалу

Теория мен тәжірибені ұштастыру

Жәнімхан Н

МАН,тәжірибеге арналған тапсырмалар

Теория мен тәжірибе ұштасады, теория меңгеру

07.03.15ж




5.

Анықталған зерттеу мәселесі бойынша іс-шараларды жоспарлау

Анықталған проблемаларды дұрыс,жүйелі шешу жолдарын қарастыру

Жәнімхани Н

Кәсіби топ мүшелері

Тәлім алушылар

Мектеп психологы



МАН,мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар-нұсқаулығы

Жаңа ақпараттар туралы түсінік қалыптастыру,

Іс-тәжірибе барысында қолдану



09.03.15ж

Кері байланыс

6.

№1 Тәлім алушыға кеңес беру


Мұғалімдерге әдістемелік кәсіби көмек көрсету;

Жәнімхан Н

II деңгей мұғалімі




Коучинг-сессия жоспарлары
Әдістемелік нұсқаулық

Коучинг өткізуді жоспарлау,нәтижесінің қолжетімділігін қамту

10.03.15ж
(қажетті- лігіне қарай)


Талқылау,

рефлексия



№2 Тәлім алушыға кеңес беру


Сыныпта ұйымдастыру ,оқыту нәтижесін арттыру, оқушылар ынтымақтастығына жұмыс жасауға көмек көрсету;

Диалогті оқытуды енгізуді үйрету;



Жәнімхан Н

III деңгей мұғалімі




ҚМЖ

ОМЖ


Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыруға ықпал етеді;


11.03.15ж

(қажетті- лігіне қарай)




Талқылау,

рефлексия



7.

№ 1 коучинг сессия өткізу:

«Оқушылардың ынтасын арттыруда топтық жұмыстың маңызы»



Оқушылардың ынтасын арттыруда топтық жұмыстың маңызы туралы түсінік беру

Жәнімхан Н

Интернет ресурстары, бағдарлама нұсқаулығы, оқулықтар, дидактикалық материалдар, постерлер, маркерлер

Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгереді

12.03.15ж

Рефлексия,талқылау парағы


8.

Lesson Study зерттеу тобын құру.

Зерттеудің түйінді идеяларымен таныстыру,

Lesson Study ды жоспарлауды, өткізуді,талдауды,оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуды, Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестерімен бөлісуге үйрету;



Жәнімхан Н

Зерттеу тобы мүшелері


Lesson Study нұсқаулығы.



Lesson Study өткізу мақсатын түсінеді,рефлек -сия жасап үйренеді,кезекті Lesson Studyды жоспарлап үйренеді.

13.03.15ж

Талқылау,

рефлексия



9.

МАН теорияға дайындалу

Теория мен тәжірибені ұштастыру

Жәнімхан Н

МАН,тәжірибеге арналған тапсырмалар

Теория мен тәжірибе ұштасады, теория меңгеру

14.03.15ж




10.

  • № 1 Lesson Study өткізу



  • Lesson Studyдан кейінгі талқылау

Оқушылардыңынтасын арттыру үшін топпен жұмысты ұйымдастыру, сабақтағы іс-әректтерін зерттеу үшін

Өтілген Lesson Study бойынша талдау. Келесі сабақты



Жәнімхан Н

Зерттеу тобы мүшелері


Жәнімхан Н

Зерттеу тобы мүшелері


ҚМЖ.

АКТ.


Интернет ресурстары, бағдарлама нұсқаулығы, оқулықтар, дидактикалық материалдар
Зерттеу күнделігі, видео камера, фото.

Сабақтың сапасы артады

Алдыңғы сабақта жіберілген кемшіліктерді



16.03.15ж


Кері байланыс.

Блоб ағашы


Талқылау





  • Lesson Studyдан кейін бақылаудағы оқушылар пікірін білу



жоспарлау.

Оқушылардың пікірінше не пайдалы болды,нені білді,олардың көзқарасы бойынша сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгерті керек екенін білу



Жәнімхан Н

Зерттеу тобы мүшелері



стикерлер, ватман, маркер

түзете отырып,келесі сабақтың сапасын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылады



17.03.15ж




11.

Тәлімгер мен тәлім алушы жұмысы

Жаңа әдістерді үйрету, оны практикада қолдана алуын қадағалау,

ҚМЖ құру.ОМЖ туралы түсінік беру



Жәнімхан Н

Тәлім алушы



Күнделік пен бағдарлама нұсқаулығы,.


Тәжірибе алмасу

Дәстүрлі сабақ пен жаңа стильдегі сабақтың айырмашылығын түсінеді.



18.03.15ж19.03.15ж

Талқылау, рефлексия

12.

Іс әрекеттегі зерттеуді жүргізу

Мұғалімдердің сабақ барысында қолданып жатқан сұрақтарының қаншалықты дұрыс қойылып жатқандығын

Кәсіби топ мүшелері

Интернет ресурстары, бағдарлама нұсқаулығы, оқулықтар, дидактикалық материалдар

Іс әрекеттегі зерттеу нұсқаулығы



Сабақтың сапасы артады, оқушыларды білімі артады, мұғалім тәжірибесі молаяды.

Апта сайын

Сабақтарға қатысу, зерттеу нәтижесін бақылау


13.

№ 2 коучинг сессия өткізу:

Диалогтік оқытуды топтық жұмыста қолдану



Диалогтік оқытудың маңызын біледі.

II деңгей коучтары


Интернет ресурстары, бағдарлама нұсқаулығы, оқулықтар, дидактикалық материалдар, постерлер, маркерлер

Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын түсінеді.

26.03.15ж

Кері байланыс.

Рефлексия





14.

Коучинг сессия сабақтарының өткізуін бақылау және таңдалған даму бағытына сәйкес деңгейлі бағдарлама-

ның 7 модулін талқылау.Кәсіби әңгіме.



Өткізілген жұмыстың тиімділігін арттыру,кем,сәтті тұстарын










27.03.15ж




15.

МАН теорияға дайындалу

Теория мен тәжірибені ұштастыру

Жәнімхан Н

МАН,тәжірибеге арналған тапсырмалар

Теория мен тәжірибе ұштасады, теория меңгеру

28.03.15ж




16.

ОМЖ бойынша мұғалімдердің сабағына қатысып,әдістемелік көмек көрсету

әдістемелік көмек көрсету

III деңгей мұғалімдері

ОМЖ,ҚМЖ жоспарлары

SMART мақсат қоюды үйренеді

30.03.15ж

31.03.15ж



Талқылау

17.

  • № 2 Lesson Study өткізу




Оқушылардыңынтасын арттыру үшін топпен жұмысты ұйымдастыру, сабақтағы іс-әректтерін зерттеу үшін


Тәлім алушы

Зерттеу тобы мүшелері



ҚМЖ.

АКТ.


Интернет ресурстары, бағдарлама нұсқаулығы, оқулықтар, дидактикалық материалдар



Сабақтың сапасы артады


02.04.15ж





  • Lesson Studyдан кейінгі талқылау



Өтілген Lesson Study бойынша талдау. Келесі сабақты жоспарлау.


Жәнімхан Н

Зерттеу тобы мүшелері



Зерттеу күнделігі, видео камера, фото. стикерлер, ватман, маркер

Алдыңғы сабақта жіберілген кемшіліктерді түзете отырып,келесі сабақтың сапасын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылады







  • Lesson Studyдан кейін бақылаудағы оқушылар пікірін білу




Оқушылардың пікірінше не пайдалы болды,нені білді,олардың көзқарасы бойынша сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгерті керек екенін білу

Жәнімхан Н

Тәлім алушы

Зерттеу тобы мүшелері

Мектеп психологы









03.04.15ж

Кері байланыс.

Блоб ағашы


Талқылау


18.

МАН теорияға дайындалу

Теория мен тәжірибені ұштастыру

Жәнімхан Н

МАН,тәжірибеге арналған тапсырмалар

Теория мен тәжірибе ұштасады, теория меңгеру

04.04.15ж




19.

Тәлімгер мен тәлім алушы жұмысын қорытындылау

Жаңа әдістерді практикада қаншалықты қолданып үйренгендігі

Жәнімхан Н

Тәлім алушылар



Күнделік пен бағдарлама нұсқаулығы, Фото, видео

Тәжірибе алмасу

06.04.15ж

Рефлексия

20.

Өтілген коучинг,тәлімгерлік, Lesson Study бойынша мониторинг













07.04.15ж




21.

Мониторинг арқылы мектептің бастапқы ахуал мен кейінгісін салыстыру

Оқушылардын білім сапасының өзгеру динамикасын анықтау


Жәнімхан.Н Кәсіби тобы

Шығыс сауалнамалары

Білім сапасы анықталады

Қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі артады



08.04.15ж

Талдау жүргізу

22.

Дөңгелек үстел «Инновацияны ендіру нәтижесі»

Іс-тәжірибе барысында жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігін талдау

Жәнімхан.Н

Пән мұғалімдері



Презентация

Тәжірибе алмасады

09.04.15ж

Пікір алмасу

23

МАН теорияға дайындалу

Теория мен тәжірибені қорытындылау

Жәнімхан Н

МАН,тәжірибеге арналған тапсырмалар

Теория мен тәжірибе ұштасады, теория меңгеріледі

10,11,04-2015ж



Мектеп директоры: Қалиева У.З



КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ

Коучинг бағдарламасының мақсаты

  • Топтық жұмыстың маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде топтық жұмыс түрлерін енгізуді үйренеді. Топтық жұмыстың барлық оқушылардың білім алып, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару нысаны екенін біледі,қолдануға үйренеді.

  • Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынастың оқуда маңызды рөл атқаратынын түсінеді. (Мерсер 2005)

  • Сабаққа нысан ретінде әңгімелесу түрлерін енгізе алады

  • Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді. Білім беру тәжірибелерінде диалог әдістерін енгізеді;

  • Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аударуға үйренеді ;

Коучинг сабақтарының бағыты

Орындалатын жаттығулар

Мерзімі

Коуч

Сабаққа қатысушылар

Сабақ нәтижесі

Табыс критерийі

Қол жеткізілгенін қалай білесіз?

1.«Оқушылардың ынтасын арттыруда топтық жұмыстың маңызы»

1.«Топтық жұмыс » туралы таныстырылым

2.Таныстырылымнан

Постер жасауға тапсырма беру.



1-топ: Топты ұйымдастыру ережелері

2-топ:Топтық жұмыстағы мұғалімнің рөлі

3-топ:Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

3. 1-топ: Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызы

2-топ: Проблемаларды шешу стратегиялары

3-топ:Тиімді топтық қарым-қатынастың оқушылар ынтасына әсері.

3.Сұрақтар арқылы кері байланыс жасалды:

1.Бүгінгі коучинг сабағы сізге түсінікті болды ма? ------------------------ 


2.Не жақсы өтті? -------------------------- -
3.Не жақсы өтпеді? ------------------------
4.Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз?--
5.Нені өзгерткіңіз келеді?-----------------
6.Сізге не ерекше қызық болды?---
7. Сізге ең пайдалысы не болды

12.03.15ж

Жәнімхан Н

4 сынып мұғалімдері, кәсіби топ мүшелері.

Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін түсінеді

Бақылау арқылы

Ашық сұрақтар қою арқылы



2.«Диалогтік оқытуды топтық жұмыста қолдану»

1. «Диалогтік оқыту» тақырыбында таныстырылым көрсетіледі.

2. Таныстырылымнан

«Банк» тобы- Оқушылардың ойлауын дамытудағы диалогтық оқытудың ролі қандай?

«Дүкен» тобы Диалогтық оқытудағы қай әдіс негізгі роль атқарады деп ойлайсыз?

«Вокзал» тобы- Диалогтық оқытудың қандай жағымды жақтарын байқадыңыз?

3.Сұрақ түрлерін пайдалана отырып,әр әңгіме түрлері туралы түсінік қалыптастырды.

4.Диалогтық оқытудағы қиындықтар және проблемаларды шешу жолдары тақырыбында:

Бүгінгі коучинг сабағы туралы 5 сөз жаз

Кері байланыс жасай отырып ауызша талқылау.

Түйінді ойларды айту;Стикерлерге жапсыру;


26.03.15ж

Д.Қ.М

Бастауыш сынып мұғалімдері, кәсіби топ мүшелері

Диалогтік оқыту арқылы оқушылар өзара қарым-қатынасқа түсе отырып,сабаққа деген ынталары артады

Кері байланыс

Барлық мақсаттарға қол жеткізудің табыс критерийлері (Бағалау жоспары)

-Топтық жұмыстың барлық оқушылардың білім алып, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару нысаны екенін біледі,қолдануға үйренеді.

-Сабаққа нысан ретінде әңгімелесу түрлерін енгізе алады

-Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аударуға үйренеді ;

-әр түрлі стратегияларды пайдалана отырып,оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруды үйренеді;









ТӘЛІМГЕРЛІК ЖОСПАРЫ №2

Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты

-Тәлім алушының кәсіби дамыуна ықпал ету;

-Тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,ойлауын,тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектесу;



Тәлімгер

Тәлім алушы

Мерзімі

Тәлімгерлік бағыты

Тәлімгерлік нәтижесі

Табыс критерийі

Қол жеткізілгенін қалай бідесіз?

Жәнімхан Н

Д.Қ.М

II деңгей коучы



10.03.15ж
(қажеттілігіне қарай)


Тәлім алушымен сұхбат, келісім парағын толтыру, қажеттілігін анықтау

Ынтымақтастықта

шығармашылықпен жұмыс жасау



Бірлесіп жұмыс жасауға келісім білдіреді.

Коучинг -сессия топтамасын жоспарлау,екі коучинг-сессия тақырыптарын және мақсаттарын анықтау;

Коучинг - сессияда орындалатын тапсырмалар күтілетін нәтижеге сәйкес болуын назарда ұстайды;

-Тәлім алушы практикада қалай қолданыға болатыны біледі.

-Коучинг -сессияның тақырыбын айқындайды,және оның мақсатын анықтайды;



Бірінші коучинг -сессиядан кейінгі кәсіби әңгіме жүргізу

-Тәлім алушы коучинг-сессия туралы рефлексия жасайды;

-Оның тиімділігі туралы ойланады;

-Тәлімгенден кері байланыс алады, ынталанады


-Тәлім алушы кәсіби әңгіме кезінде өзінің тәжірибесінен сәтті және сәтсіз тұстары туралы ойланады.

-Тәжірибесін жетілдіру бойынша ойланады;













Екінші коучинг -сессия жоспарын талдау

-Тәлім алушы коучинг-сессия туралы рефлексия жасайды;

-Оның тиімділігі туралы ойланады;

-Тәлімгенден кері байланыс алады, ынталанады


Тәлім алушыға тәжірибе туралы сұрақтар қою арқылы;

Толтырылған коучинг-сессия жоспарларының кестесі;



Барлық мақсаттарға қол жеткізудің табыс критерийлері (Бағалау жоспары)

-Коучинг дағдылары туралы біледі;

-Коучинг-сессия өткізуде коучинг дағдыларын қолдану жолдары туралы түсінік қалыптасады,

-Әріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады;



ТӘЛІМГЕРЛІК ЖОСПАРЫ №3

Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты

-Тәлім алушының кәсіби дамыуна ықпал ету;

-Тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,ойлауын,тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектесу;

- топтық жұмысты тиімді пайдалану, диалогтік оқыту арқылы қарым-қатынас жасай отырып оқушы ынтасын арттыруды үйрету;


Тәлімгер

Тәлім алушы

Мерзімі

Тәлімгерлік бағыты

Тәлімгерлік нәтижесі

Табыс критерийі

Қол жеткізілгенін қалай бідесіз?

Жәнімхан Н

Б.Қ.Т

III деңгей мұғалімі



11.03.15ж
(қажеттілігіне қарай)


Тәлім алушымен сұхбат, келісім парағын толтыру, қажеттілігін анықтау

Ынтымақтастықта

шығармашылықпен жұмыс жасау



Бірлесіп жұмыс жасауға келісім білдіреді.

ҚМЖ,ОМЖ

-Қысқа мерзімді жоспарлау,орта мерзімді жоспарлауда 7 модульдің ықпалдастыру әдісін біледі;

-Смарт мақсат қойып біледі;

-Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырып біледі;

-Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды

Ынталандырады;


-Тәлім алушы практикада қалай қолдануға болатыны біледі.

-ҚМЖ,ОМЖ құра алады;





Бірінші Lesson Stadu зерттеу сабағынан кейін кәсіби әңгіме жүргізу;

-Тәлім алушы

Зерттеу сабағының мақсатын түсінеді,

Талдауға араласады;

Келесі Lesson Stadu зерттеу сабағының жоспарын құрады;




-Тәлім алушы кәсіби әңгіме кезінде өзінің тәжірибесінен сәтті және сәтсіз тұстары туралы ойланады.

-Тәжірибесін жетілдіру бойынша ойланады;













Екінші Lesson Stadu зерттеу сабағынан кейін

кәсіби әңгіме жүргізу;



-Тәлім алушы Lesson Stadu зертт еу сабағы туралы рефлексия жасайды;

-Оның тиімділігі туралы ойланады;

-Тәлімгерден кері байланыс алады, ынталанады.


Тәлім алушыға тәжірибе туралы сұрақтар қою арқылы;

ҚМЖ,ОМЖ


Барлық мақсаттарға қол жеткізудің табыс критерийлері (Бағалау жоспары)

-Lesson Stadu зерттеу сабағының мақсатын түсінеді;

-Тәжірибеде жүзеге асырып үйренеді;

-Зерттеудің мақсатын түсінеді;

-Өз іс-тәжірибесіне шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге дағдыланады






жүктеу 372,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау