МАЗМҰНЫ
1-БӨЛІМ – Мінез-құлық
стандарттары
1.1 Әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалану
1.2 Азаматтарға әдепсіз мінез-құлық таныту
1.3 Жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық
1.4 Қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық
1.5 Мүдделер қайшылығы
1.6 Жария сөз сөйлеу, БАҚ-пен қарым-қатынас
1.7 Әлеуметтік желілерді пайдалану
1.8 Іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық
қағидаларын бұзу
2-БӨЛІМ – Парасаттылық
мәдениетін қалыптастыру
2.1 Басшы әдебі
2.2 Тимбилдинг
2.3 Адам құқықтарын құрметтеу және сыпайылық
2.4 Заңға деген құрмет
2.5 Қызмет көрсетуде кемелділікке талпыну
2.6 Міндеттерді парасатты орындау
2.7 Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі
2.8 Мемлекеттік қызметшілерді қорғау
Байланыс мәліметі
Библиография
Жазбалар үшін
6
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
1-БӨЛІМ – Мінез-құлық стандарттары
1.1 Әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалану
Біз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметшілері, активтердің түгелдігін
қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді
атқару үшін сеніп тапсырылған, материалдық-
техникалық ресурстарды (мүлік, көлік,
жабдықтар, кеңсе заттары және т.с.) күтіп
ұстауға талпынуымыз қажет.
Сұрақ: Менің қызым
университетте диплом
жұмысын қорғап
жатыр. Қызметтік
принтер мен қағазды
пайдалана отырып, мен
жұмыста бірнеше
данада құжатты басып
шығара аламын ба?
Жауап: Жоқ, қағаз бен
принтер – мемлекеттік
мүлік. Бірнеше данада
диплом жұмысын басып
шығару мемлекеттік
шығынды арттырады.
Бізге сеніп
жүктелген
ресурстарды
барынша ұтымды
және тек қызметтік
мақсатта тиімділік
пен үнемділік
қағидаттарына
сәйкес пайдалану
қажет.
Біз мемлекет
активтерін жеке
мақсатта
қолданбайтын
боламыз және басқа
тұлғаларға осындай
іс-әрекеттерді
жасауға мейілінше
тосқауыл қоямыз.
7
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Тәртіптік комиссия
мемлекеттік орган
басшыларының бірінің
әкімшілік ресурстарды
орынсыз пайдалану
жағдайын қарастырды.
Мүмкіндігі шектеулі
автокөлік иесінен құқық
қорғау органының call-
орталығына қоңырау түсті,
онда ол мемлекеттік нөмірі
бар автокөліктің
мүгедектерге арналған
орынға қойылғандығы
туралы мәлімдеді.
Орынды босату туралы
өтінішке қызметтік
автомобиль иесі жауап
қайтармады. Айта кететін
жәйт, аталған машина
қалалық базардың тұрағына
қойылған және тіпті
қызметтік мақсатта
қолданылмаған.
Қызметтік тексеріс
нәтижесінде бірнеше мәрте
қызметтік автокөлікті жеке
мақсатта қолданылғаны
анықталды.
Мемлекеттік қызметшілерге
қойылатын талаптардың бірі
сеніп тапсырылған мемлекеттік
меншікті, оның ішінде
автокөліктік құралдарды тек
қызметтік мақсатта орынды
және тиімді пайдалану болып
табылады.
Жоғарыда баяндалған факті
жұмыстан тыс уақытта және
жеке мақсатта қызметтік
машинаны пайдалану туралы
куәландырады. Бұл мемлекеттік
қызметшінің қызметтік әдеп
ережелерін өрескел бұзу болып
табылады.
Аталған қызметкерге қатысты
ҚР заңнамасына сәйкес
тәртіптік сипаттағы шаралар
қабылдануы тиіс.
1-жағдай
Талдау
2-жағдай
Мемлекеттік органдардың
бірінде қызметкердің
қызметтік телефонды,
компьютерді және басқа
да кеңсе техникасын
заңсыз қолдану факті
бойынша тексеру
жүргізілді.
Мән-жайды зерттеу
8
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
барысында аталған
қызметкерге басшылық
бірнеше мәрте қызметтік
уақытын ұтымсыз
пайдалануына байланысты
ескерту жасағандығы
анықталды.
Қызметкер функционалдық
міндеттерін орындаудың
орнына жұмыс уақытының
басым бөлігін жеке
мәселелерді шешу үшін
үшінші тұлғалармен телефон
арқылы сөйлесуге (бұл ретте
өз лауазымдық жағдайын
пайдалана отырып),
интернет сайттарға кіруге
(мемлекеттік органның
спецификасына тікелей
қатысы жоқ), және қызметтік
поштасын қолдануға
жұмсаған.
Талдау
Телефонды, көшіру
машинасын, компьютерді
немесе ұқсас жабдықтарды
жеке мақсатта қолдануға
жол берілмейді. Бұл теріс
пайдаланушылық болып
табылады, лауазымдық
міндеттерді орындауға
кедергі келтіреді.
Күнделікті осы жағдайды
бақылап отырған
әріптестерінің қандай да
бір ескертпе іс-қимылдарын
жасамағандығы көпшілікке
тән сипат. Сәйкесінше,
бөлімше өзіне жүктелген
міндеттерді толықтай
орындамаған.
Жалпы, мұндай жағдаят
мемлекеттік органдар
қызметі тиімділігінің
төмендеуіне және
мемлекеттік аппаратты
ұстауға бөлінген бюджет
қаражатын орынсыз
қолдануға алып келеді.
Тұжырым
Біз жұмыс уақытын және
мемлекеттік мүлікті тиімді
пайдаланатын боламыз.
Біз нөлдік төзімділікті көрсететін
боламыз және ниетсіз әріптестер
тарапынан жасалған мұндай
мінез-құлыққа көз жұма
қарамаймыз.
9
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары