Управления при президенте республики казахстан



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата20.11.2018
өлшемі2,07 Mb.
#21936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Талдау

Бұл жағдайда бағынышты-әйел адамға қатысты басшының 

іс-қимылы біржақты сипатқа ие, себебі функциональдық 

міндеттерді орындау үшін қоқан-лоқы қолданылған.  

Әрбір басшы мәжбүрлеудің, оның ішінде жыныстық 

тиістілігінің негізінде ешқандай формасы мемлекеттік 

қызмет жағдайында орын алуына жол берілмейтіндігін 

есте сақтауы қажет. 



Тұжырым 

Біз біздің ұжымдағы 

гендерлік теңдікті 

бағалаймыз. Біз үшін 

айналадағы адамдарға 

қатысты келіспейтін, дөрекі, 

әдепсіз, кемсітушілік және 

ар-намысқа тіл тигізетін 

сөздер қабылданбайды.  

Әрбір әріптестің 

дағдыларын және 

қабілеттерін бағалау, оның 

ар-намысын құрметтеу және 

қоқан-лоқы арқылы 

міндеттерді орындауға 

мәжбүрлемеу қажет. Тату, 

үйлесімді, тәртіпке 

бағынатын ұжым өз ісін, жиі 

шиеленістер болатын 

ұжымға қарағанда, тез әрі 

жақсы орындайды.

19

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




1.5 Мүдделер қайшылығы

 Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттілігін 

объективті орындауда жеке мүддесінің әсер етуіне 

жол бермеуі қажет. 

Мүдделер қайшылығы 

Мүдделер қайшылығы мемлекеттік қызметші іс-

қимылдарға қатысқанда немесе оны алаңдататын 

не жұмысқа толық кірісуге және қызметті алушыға 

ізгі ниетті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін, не 

жұмыста қабылдайтын шешімге заңсыз тұрғыда 

әсер етуі мүмкін оның жеке (қаржылық) мүддесі 

болғанда туындайды.  

Мүдделер қайшылығы туындауының 

потенциалды мүмкіндігі пайда болған жағдайда 

мемлекеттік қызметші бірден жазбаша түрде өзінің 

тікелей басшысын туындаған мүдделер 

қайшылығы немесе оның туындауының мүмкіндігі 

туралы хабарландыруы қажет. 

Сұрақ: Мен өзімнің жақын 

туыстарыммен бір 

мемлекеттік органда 

жұмыс істей, сондай-ақ өз 

қызметтік міндеттерімді 

орындау процесінде өзара 

іс-қимыл жасай аламын 

ба? 

Жауап: Тікелей немесе 

функционалдық 

бағыныштылықта болып 

табылатын жақын 

туыстардың бірге жұмыс 

істеуіне тыйым салынды, 

себебі мүдделер 

қайшылығының туындау 

Өз кезегінде басшылық 

мүдделер қайшылығы 

туындаған немесе 

туындауы мүмкін мәселе 

бойынша мемлекеттік 

қызметшінің лауазымдық 

өкілеттілігін орындауды 

басқа мемлекеттік 

қызметшіге жүктейді 

немесе мемлекеттік 

қызметшінің лауазымдық 

өкілеттілігін өзгертеді. 

20

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




Жағдай 

Міндеттерді бөлуге байланысты аудан әкімі 

орынбасарларының бірінің құзыретіне ауданның білім, 

мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт 

бөлімдеріне тікелей басшылық ету кірді. 

Ауданның білім бөлімімен ауданның ауылдық мектептеріне 

мектеп жабдықтарын (интерактивті тақталар

компьютерлер) жеткізуге электрондық конкурс өткізіліп 

жатты.  

Өтінімдерді қарастыру барысында комиссия мүшелері 

конкурсқа қатысушы компаниялардың бірінің басшысы 

мемлекеттік қызметке кірместен бұрын аудан әкімінің 

орынбасары болғандығын анықтады. 

Бұдан басқа, әрі қарайғы тексеру нәтижесінде қазіргі 

уақытта осы компанияның меншік иесі жоғарыда аталған 

аудан әкімі орынбасарының немере ағасы екендігі 

айқындалды. 

Талдау

Мұндай жағдай туындаған кезде мемлекеттік қызметші 

жазбаша түрде тікелей басшысын осы ұйымдағы бұрынғы 

жұмысы және шиеленісті жағдаяттардың туындау мүмкіндігі 

туралы хабардар етуі тиіс.  

Егер мүдделер қайшылығының туындау ықтималдығы үлкен 

болса, тікелей басшыға мектеп жабдықтарын жеткізуге 

жоғарыда аталған электрондық конкурсты өткізу және 

ұйымдастыруға қатысты лауазымдық міндеттерді 

орындаудан мемлекеттік қызметшіні уақытша шеттету 

ұсынылады. 

Тұжырым

Біз кез келген мүдделер қайшылығының туындауын болдырмауға 

талпынамыз. Егер қайшылық болуы мүмкін деген болжам туындаса 

немесе оның орын алуы мүмкін деген пікір қалыптаса бастаса, бізге өз 

басшымызбен, кадр бөлімінің қызметкерімен немесе әдеп жөніндегі 

уәкілмен жағдаятты талқылау қажет.

21

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары




Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

1.6 Жария сөз сөйлеу, БАҚ-пен қарым-қатынас

Жиналыс, презентация, брифингтер, 

конференциялар, жаңа ақпаратты 

бағыныштыларға жеткізу, баяндама немесе есеп – 

барлығын бір түсінікке біріктіруге болады, ол – 

жария сөз сөйлеу. 

Әрқайсымыз жария сөз сөйлер алдында толқуды 

және қысылушылықты сезінеміз.  Осы сезімдер 

БАҚ-та сөйлейтін болсақ, одан да үдей түседі, 

себебі аудиторияның реакциясы әртүрлі болуы 

мүмкін. 

Біз кез кезген сөз сөйлеу жария сипатқа ие 

екендігін есте сақтауымыз қажет, сондықтан 

тыңдаушыға құрмет білдіре отырып, мемлекеттік 

қызметтің беделін түсірмей, барынша дұрыс 

формада анық ақпаратты таратуымыз керек. 

Бізге мемлекеттік саясат және мемлекеттік 

қызмет мәселелері бойынша өз пікірімізді жария 

айтудың қажеті жоқ, егер ол: 

Мемлекеттік саясаттың 



негізгі бағыттарына 

сәйкес келмесе; 

Мариялауға рұқсат 



етілмеген қызметтік 

ақпаратты ашса; 

Мемлекеттің 



лауазымдық 

тұлғаларына қатысты 

бейәдеп пікірден тұрса. 

Сұрақ: жуырда мені өзім оқуды 

бітірген университет сөз 

сөйлеуге және өз еңбек жолым 

туралы айтып беруге шақырды. 

Мен өзімнің мемлекеттік 

қызметтегі жұмысым туралы 

айта аламын ба? 

Жауап: Сіз тікелей 

басшыңыздың келісімі бойынша 

мемлекеттік қызметтегі жұмыс 

тәжірибеңіз туралы 

әңгімеңізбен сыртқы іс-

шараларда (конференцияларда, 

форумдарда, дөңгелек 

үстелдерде) сөз сөйлей аласыз?

22



жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау