1.2 Азаматтарға әдепсіз мінез-құлық таныту
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді
мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі
болып табылады.
Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары
стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық
және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала
отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге
талпынамыз.
Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде біз
төмендегілерді ұстануға тиіспіз:
өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде
баяндау;
сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай,
азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау,
әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет
білдіру;
толық консультация беру және болуы мүмкін
тәуекелдер туралы азаматтарды
хабарландыру;
жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге,
мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға
қажетті көмекті көрсету.
Шағым түскен жағдайда біз туындаған мәселені
жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдаймыз
және болашақта ұқсас жағдаяттардың алдын
аламыз.
Мұндай қарым-қатынас бізге мемлекеттік
қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен
кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
10
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Сұрақ: Мен мемлекеттік қызметті көрсетіп жатқан
кезде, қызметті алушы ұялы телефонға сөйлесу
процесінің видеожазбасын жасай бастады. Менің
осындай іс-қимылға тыйым салуға құқығым бар ма?
Жауап: Бұл жағдайда қызметті алушының жазба
құралдарын қолдануға құқығы бар, себебі бүгінгі
таңда осы іс-қимылды регламенттейтін талаптар
жоқ.
Жағдай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы басқармасында халыққа мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде оқиға орын алды.
Қызметтерді көрсету «бір терезе» қағидаты бойынша
жүзеге асырылады. Күту залына көп адам жиналып
қалды. Нәтижесінде көптеген кезек пайда болып, ол
өте ақырын жылжыды.
Кезекте 2 сағаттай тұрғаннан кейін келушілер қызмет
көрсетудің ақырын жүріп жатқанына наразылық
білдірді және жағдайды түсіндіру үшін басшылықты
шақыруды талап етті.
Азаматтардың алдына басшының орынбасары келіп,
тыныштық сақтауды сұрады және жүйедегі уақытша
ақаулар туралы хабарлады. Нәтижесінде ол одан да
үлкен сынға ұшырады.
Эмоциясын ұстай алмаған басшы нормативтік емес
лексиканы қолданып, залдағы адамдарға дөрекі
сөйледі.
11
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Талдау
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшінің жасаған іс-әрекеті
әдепсіз болып табылады. Оған сабырлылық, сыпайылылық
танытып, өз қателіктерін мойындап, мемлекеттік қызметті
сапалы көрсету үшін қажетті іс-қимылды қолдану керек еді.
Орын алған оқиғаның нәтижесінде азаматтар қызметтерді
көрсету мен жалпы басқарма жұмысы туралы жағымсыз
пікірге ие болды.
Тұжырым
Біз мемлекеттік
қызметшінің беделін
бағалаймыз, әдеп
қағидаттарын сақтаймыз
және мемлекеттік
қызметтерді сапалы әрі
кәсіби көрсетеміз.
Қызметті алушыларға біз
құрметпен және ізгі
ниетпен қараймыз.
12
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған
тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын
ұстануы және отбасы құндылықтарын
насихаттауы қажет.
Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге
рухани баю үшін мәдениет және демалыс
мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен
қоғамдық қызметке қатысу, мүмкіндігінше
волонтерлық қызметпен айналысу және т.с.
қажет.
Бұл ретте, бізге мас күйде қоғамдық
орындарда болу, адамның ар-намысына тіл
тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың
тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды
адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол
бермеу керек.
Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-
әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты
екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп
қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік
қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып
табылатындығын есте сақтауымыз қажет.
1.3 Жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық
13
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
1-жағдай
Талдау
Жұмыстан тыс уақытта жергілікті атқарушы органның
мемлекеттік қызметшілері жоғары тұрған лауазымға
әріптестерінің бірінің тағайындалуын атап өтіп жатқан.
Алкогольді ішімдіктер ішілгеннен кейін ұрыс-керіс шығып,
ол төбелеске айналған.
Осы мейрамхананың келушілері болып жатқан оқиғаның
еріксіз куәгері атанған. Тәртіпсіздік нәтижесінде
мейрамханаға айтарлықтай материалдық залал
келтірілген.
Кейін интернетте осы оқиғаны көргендердің бірімен
салынған бейнежазба пайда болған.
Аталған жағдай осы тұлғаларға қатысты шұғыл шешім
қабылдауды талап еткен, негативті қоғамдық резонансты
тудырды.
Жоғарыда баяндалған мысал лауазымды тұлғалардың
жалпыға ортақ моральдық әдеп нормаларын бұзғандығын
көрсетеді. Алкогольді мас күйде олар қоғамдық орындағы
мінез-құлық қағидаларын ескермеді, қоғамдық
адамгершілік, тәртіп және қауіпсіздікке қол сұқты.
Бұл жағдайдың қолданыстағы заңнама шеңберінде
тексеру жүргізу және оқиғаға қатысқан барлық
мемлекеттік қызметшілерге тиісті шаралар қабылдау үшін
негіздемесі бар.
14
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары