Университеттің академиялық саясаты 59 беттің беті


Қашықтықтанбілім беру технологиясы бойынша оқупроцесін ұйымдастыру нұсқаулығы



жүктеу 457,5 Kb.
бет6/6
Дата15.01.2020
өлшемі457,5 Kb.
#26687
1   2   3   4   5   6

21. Қашықтықтанбілім беру технологиясы бойынша оқупроцесін ұйымдастыру нұсқаулығы

«Сырдария» университетінде қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі - ҚБТ) мынадай түрлер бойынша жүзеге асырылады: желілік технология және кейс-технология.



21.1 Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру

21.1.1 «Сырдария» университетінде қашықтықтан білім теру технологиясы бойынша оқытудың негізгі құралы ретінде «Platonus» және «Moodle» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданылады (http://89.218.153.154, университет ішінде http://192.168.1.2), ал «Moodle» қашықтықтан оқытуды басқарушы ақпараттық жүйесіне http://192.168.1.64 адресі арқылы орындалады.

21.1.2 «Platonus» және «Moodle» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі білім алушыларға арналған ұйымдастырушылық-әкімшілік (ректор бұйрықтары, ағымдағы үлгерімдері туралы мәліметтер, академиялық күнтізбе, сабақ кестесі және т.б.), оқу-әдістемелік ақпаратты қамтиды.

«Platonus» және «Moodle» автоматтандырылған жүйесіндегі кабинетке кіру үшін университеттің желілік администраторы дайындайтын «логин» және «пороль» барлық білім алушыларға және оқытушы-тьюторларға дербес беріліп, тіркеледі.


           

21.2 Кейстік технологиямен оқытуды ұйымдастыру

21.2.1 Қашықтықтан білім беру технологияларын іске асырудағы кейс-технологиясы – оқытушы-тьютордың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыруы кезінде мәтіндік, аудиовизуальды, мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды пайдалануына және оларды пайдаланушылар өз бетінше меңгеруі үшін қолдануларына негізделген.

21.2.2 Қашықтықтан білім беру технологияларын іске асырудағы кейс технологиясы кезінде оқуға арналған негізгі ақпарат пен оқытуда қолданылатын әдістердің сипаттамасы оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) – кейс (қағаз немесе электрондық тасымалдағыштағы) жинағына енеді.

21.2.3 ПОӘК оқу бағдарламасына сәйкес білім алушы мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:

- өздік жұмыс істеуді ұйымдастыру;

- білімін мен оқуын қоса бақылау (өзін-өзі бақылау, білімді ағымдық бақылау және аралық аттестаттау);

- тренинг арқылы қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін арнайы құрастырылған (әдістемелік және дидактикалық), білім алушыға қажетті (негізгі) оқу материалдарын беру;

- қашықтықтан оқытуды әдістемелік сүйемелдеу;

- қашықтықтан оқытуды қосымша ақпараттық қолдау (қосымша оқу және ақпараттық-анықтамалық материалдарын).
21.3 Желілік технология оқытуды ұйымдастыру

21.3.1 Қашықтықтан оқытудың желілік технологиясын тарату үшін білім беру ұйымында болуы қажет:

- ақпараттық-оқу порталы;

- Алік сынып, электрондық оқу залы және электрондық кітапхана және т.б.

- желілік оқу мультимедиа контенті;

- желілік тестілеу кешені;

- білім алуды басқаратын желілік жүйе;

- білім беру контентін басқаратын желілік жүйелер;

- қашықтықтан білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен білім беру, оқу-көмекші және техникалық қызметкерлер.

21.3.2 Ақпараттық-оқу порталы ҚОТ іске асыратын университеттің веб-сайты талаптарға сай болу керек, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту модулін қамтуы тиіс.

21.3.3 Қашықтықтан білім беру модулі мыналарды қамтуы тиіс:

- авторизациялау жүйесін (қатынау мен пайдаланушылар құқығын анықтау);

- рөлдік қатынас жүйесін басқаруды;

- шалысу мен апаттық кездегі қорғау тәсілдерін;

- зиянды бағдарламалардан қорғану тәсілдерін;

- пайдаланушылар жұмысын хаттамалау жүйесін;

- контингенті басқару жүйесін қалыптастыруды;

- оқу қызметі бойынша деректер құрылысын қалыптастыру тәсілдерін;

- тестілеу жүйесін.

21.3.4 Білім алушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас, деректерді жеткізу арнаның өткізу қабілеті 256 Кбит/с-тан кем емес ақпараттық-телекоммуникациялық технология арқылы жүзеге асады.



21.5 Тьюторлық сүйемелдеу

21.5.1 Тьютор студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы. Тьютор студенттің жоғарғы оқу орынындағы білім процесінде үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жеке білімін қадағалап, тәжірибелік қабілетін жүзеге асырады.



21.5.2 Тьютор университетте ҚОТ-сы бойынша білім алушылар үшін оқу үдерісін жүргізетін оқытушылар, студенттердің жеке оқу бағдарламаларын жасауын және жоғары оқу орнында үздіксіз білім беруді қамтамасыз ететін ерекше педагогикалық позиция.

21.5.3 Тьюторлық қызметтің негізгі бағыты білім алушының таңдаған мамандығы бойынша кәсіби білім беру бағдарламасын игерудегі жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды сүйемелдеу және білім алушының жеке білім беру траекториясын құрастыру болып табылады.

21.5.4 Осы ереже негізгі міндеттер мен жауапкершілікті, орындалу мерзімін және т.б. белгілейтін нормативтік құжат болып табылады.
22 Мемлекеттік білім гранттарын беру тәртібі

22.1. Білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім гранттарын тағайындау

22.1.1 Ақылы негізде білім алушы білім грантының босаған орнына сәйкес мамандығы бойынша заңды тәртіппен конкурстық негізде ауысуға құқылы.

Босаған мемлекеттік білім грантына келесі категория бойынша студенттер үміткер бола алады:

• бүкіл кезең бойынша тек «А», «А-» (өте жақсы) бағаланған студенттер;

• бүкіл кезең бойынша тек «А», «А-» (өте жақсы) және «В+», «В», «В-, С+» (жақсы) бағаланған студенттер;

• ақылы негізде білім алушы тұлға (GPA балы 3,0 жеткен және одан жоғары).

Конкурсқа қатысу барысында үлгерімінің орташа балл көрсеткіші бірдей болған жағдайда артықшылықпен босаған білім грантын алуға құқылы, яғни бүкіл кезең бойынша тек «А», «А-» (өте жақсы) содан соң «А», «А-» (өте жақсы) және «В+», «В», «В-, С+» (жақсы) деген бағалары бар.

22.1.2 Емтихан нәтижелерінің қорытындысы бойынша ҚР БҒМ комиссиясы конкурс өткізе отырып білім гранты иегері куәлігін береді.

22.1.3 Бос орындар бойынша білім гранты қысқы және жазғы демалыс мерзімінде талқыланады және келесі тәртіп бойынша конкурс негізінде анықталады:

1) Тіркеу офисі ақылы негізде білім алушы туралы келесі құжаттарды ұсынады:

- мемлекеттік білім грантына ауысу үшін Ректордың атына өтініш;

- бүкіл оқу кезеңі бойынша жеке транскрипт.

2) Университетте конкурс негізіндегі осы өтініштерді ағымдағы жылдың 5 тамыз және 15 қаңтар аралығында Ғылыми кеңесінің шешімімен бірге қарап ҚР БҒМ шешім шығаруға жолдайды. Білім алушының өтінішімен бірге Ғылыми кеңестің шешімі, білім алушының транскрипті, жеке басын куәландыру құжатының көшірмесі ұсынылады.

3) осы тұрғыда келіп түскен құжаттарды мамандығына байланысты формасы мен оқыту уақыты түскен жылдан бастап білім гранты бұйрығы шыққан уақытқа дейін ҚР БҒМ қарастырады.

4) ҚР БҒМ бұйрығы бойынша білім грантының ұйғарымының куәлігін рәсімдейді.

5) берілген білім гранты куәлігі бойынша университетте ары қарай грант негізінде білім алуға бұйрық шығарады.



22.2.Мемлекеттік шәкіртақы төлеу тәртібі

22.2.1 «Сырдария» университеті білім алушыларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативтік құжаттары мен ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

22.2.2 Мемлекеттік шәкіртақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын бакалаврларға, сондай-ақ емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттауда тиісінше «жақсы», «өте жақсы» бағалар алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға аударылған бакалаврларға төленеді.
23. Оқуақысын төлеу

23.1 «Сырдария» университетінде оқу ақысының бағасы білім беру үдерісін қамтамасыз етуге арналған нақты шығындардан қалыптасады. Оқу ақысы білім беру қызметін көрсету келісімшартына сәйкес реттеледі және университет бухгалтериясының құзырында болады.




жүктеу 457,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау