Университеттің академиялық саясаты 59 беттің беті



жүктеу 457,5 Kb.
бет5/6
Дата15.01.2020
өлшемі457,5 Kb.
#26687
1   2   3   4   5   6

14.17. Қорғауға жіберілген студенттердің дипломдық жұмыстарды қорғауға рұқсат ету рейтингінің ведомосында оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасарымен плагиатқа тексеріс процедурасының өтуі туралы белгі қойылады.

14.18. Студент өз дипломдық жұмысын «Антиплагиат» жүйесімен белгіленген мерзімде тексеріске ұсынуы үшін жауапты.

14.19. «Антиплагиат» жүйесінен көтеріңкі бағаны жалған жолмен (әріптерді алмастыру, көрінбейтін символдарды пайдалану және т.б.) алуға талпыныс жасаған студент, бұл оқиға дәлелдегенде қорғауға жіберілмейді.



14.20. Факультет деканы плагиат фактінің табылуы туралы комиссиясының ұсынысы бойынша студентке қатысты тәртіп жазасын орнатады және ЖОО-ның басшылығы алдында тәртіп жазасын қолданылуы туралы өтініш етіледі.

14.21. Ғылыми жетекшісі дипломдық жұмысының графигінің орындалуына жауапты.

14.22. Декан «Антиплагиат» жүйесіне мәлеметтерді нанымды енгізу үшін жауапты.

14.23. Қорытынды баға қойғанда дипломдық жұмысты «Антиплагиат» жүйесімен тексеру нәтижелері ескереді.

15. "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін білім алушылардың үлгеріміне қойылатын талаптар

15.1. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

15.2. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен білім алушылар үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары оқу орны білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейінін, негізгі және кәсіби құзыреттерін ескере отырып дербес анықтайды.

15.3. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:

1) жоғары оқу орны есептеп, транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;

2) тиісті мамандық бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде жоғары оқу орны дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.

15.4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға «бакалавр» дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі.

15.5.Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+, С+ деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) "А", "А-" деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім алушыға, барлық оқу кезенде қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом беріледі.

15.6. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:

1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;

2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білуі;

3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.

15.7. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:

1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;

2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;

3) Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;

4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;

5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;

6) ғылым және ғылыми ойлау туралы жалпы түсінігінің болуы;

7) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;

8) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;

9) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын әдеппен дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;



  1. ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;

  2. кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.

    1. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:

    2. 1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;

2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.

    1. Өзгерістер мен белгісіздіктер серпінінің өсуі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:

1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы серпінді түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;

2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді және ұтқыр болу;


      3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатында шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.

15.10. «Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде оқытудан күтілетін нәтижелер Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады.

Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:


  1. зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

  2. осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;

  3. дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу;

  4. әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

  5. ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

15.11. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жоғары білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беру оқу бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті меңгеруі тиіс мазмұн көлемі көрсетілген.
16. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу (педагогикалық /өндірістік)

16.1 Кәсіптік практиканы білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылады. Білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби іс-тәжірибе түрлерінен өтеді (оқу, тілдік, педагогикалық, өндірістік және дипломалды):

- оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін 1-курста ұйымдастырылады. Оқу практикасы білім беру бағдарламасының талаптарына және мамандық бейініне сәйкес өткізіледі;

- тілдік практика тілдерді білетін кадрларды даярлайтын мамандықтарда білім алушылар үшін жүргізіледі, сондай-ақ мамандыққа байланысты білім алушылардың оқуды аяқтағанына дейін 2-курстан бастап ұйымдастырылады;

- педагогикалық практика жалпы ғылыми, психология-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады және бүкіл оқу мерзімі бойы әр курста өткізіледі:

1) 1-курстың білім алушыларының педагогикалық практикасын;

2) 2-курстың білім алушыларының психология-педагогикалық практикасын;

3) 3-курстың білім алушыларының оқу-тәрбиелік педагогикалық практикасын;

4) 4-курстың білім алушыларының өндірістік педагогикалық практикасын қамтиды.

16.2. Педагогикалық практика үздіксіз болып табылады және теориялық оқытуымен қатар өткізіледі;

- өндірістік практика педагогикалық мамандықтар үшін білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады, кейбір мамандықтар үшін өндірістік практика мамандықтың бейініне сәйкес келетін кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылуы мүмкін;

- дипломалды практика оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті орындайтын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі. Дипломдық жұмысты немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру бағдарламасында дипломалды практика көзделеді. Дипломалды практика базалары диплом жұмысының тақырыбына сәйкес анықталады және оны дипломдық жұмыс жетекшісі жүзеге асырады.

16.3. Практиканың барлық түрі мен мерзімі мамандықтың білім беру бағдарламасы мен жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады. Кәсіптік практика бағдарламасын мамандық шығарушы кафедра түзеді, онда практиканың барлық түрі нақты айқындалып көрсетіледі және мерзімді жаңартылады.



16.4. Кәсіптік практика бағдарламасы жасауда практика базалары ретінде айқындалған мекемелермен немесе ұйымдармен келісіледі және оқу орнының оқу ісі жөніндегі басшысымен бекітіледі. Педагогикалық мамандықтар үшін практика базаларына мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары енеді.

16.5. Жыл сайын практиканың барлық түрлері бойынша базалық мекемелермен шарт практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес мерзімде жасалады.

16.6. Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу, өту мерзімдерін, практика базасы мен жетекшісін көрсете отырып жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен ресімделеді және білім алушыға сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі.

16.7. Кәсіптік практиканың барлық түрі бойынша білім алушыларға оқу орнынан және практика базасынан (мекемеден, ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Педагогикалық практика педагогика және психология кафедрасымен бірлесіп мамандарды даярлайтын арнайы кафедраға бекітіледі.



16.8. Практиканың алдында кафедра меңгерушісі, практика жетекшілері мен әдіскерлер студенттермен орнықтыру (ұйымдастыру) конференциясын өткізеді және оған хаттама толтырылады. Студенттер конференцияда кәсіби практика бағдарламасымен танысады, қажетті құжаттарын алады.

16.9. Кәсіби практика соңынан кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері және практика базасының жетекшілерімен немесе қызметкерлерімен бірлесе кәсіби практиканың қорытынды конференциясы ұйымдастырады, оған дейін студент бір апта көлемінде практика бойынша күнделік, бағдарламаларда көрсетілген жеке тапсырмалардың есебін кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітілген арнайы комиссия алдында қорғайды және студенттің кәсіби практикадан өту есебін қорғау хаттамасы түзіледі.

16.10. Студенттің практикадан өту есебін беру құжаттарын қорғау нәтижелері белгіленген балдық-рейтингтік және әріптік жүйе (GPA) бойынша дифференциалды түрде бағаланып, транскриптке енгізіледі (іс-тәжірибе базасында алған балл 60%, қорғау кезінде алған балл 40% құрайды).

16.11. Кәсіби практика бойынша есеп кафедра мәжілісінде қаралып, факультет Кеңесінде бекітіледі және бір данасы университеттің практика жетекшісіне өткізіледі. Кәсіби практиканы ұйымдастыру мен жүргізудің қорытынды есебі «Сырдария» университетінің Ғылыми Кеңесінде қаралып бекітіледі.

16.12. Белгілі себеппен практикадан дер кезінде өтпеген студент факультет деканының өкімімен белгілеген мерзімде оқудан үздіксіз және ақысыз түрде өте алады. Практика бағдарламасы бойынша тапсырмаларды орындамаған және дер кезінде есеп құжаттарын қорғауға келмеген студент академиялық қарыздар болып саналады. Практикадан академиялық қарызын жою ақылы түрде факультет деканының өкімімен белгілеген мерзімде жүзеге асырылады.

16.13. Оқу орнының сырттай (қашықтықтан) және кешкі бөлімдерінде оқитын білім алушылар өз мамандықтары бойынша жұмыс істеген жағдайда кәсіби практикадан (оқу, педагогикалық, өндірістік) босатылады және босатылғандығы туралы бұйрыққа енеді. Мұндай жағдайда студент жоғары оқу орнына оқып жатқан мамандығы бойынша жұмыс істейтіндігі туралы жұмыс орнынан анықтама мен мінездемесін ұсынады.

16.14. Сырттай (қашықтықтан), кешкі оқу түрінде оқтитын білім алушылар дипломалды практиканың бағдарламасын орындайды.

16.15. Сырттай білім алатын, мамандығы бойынша жұмыс істемейтін студенттер міндетті түрде жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес іс-тәжірибеден өтеді.

16.16. Кәсіби практика бойынша есеп беру құжаттарын сақтау кафедра номенклатуралық істеріне сәйкес жүргізіледі.
17. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

17.1. Студенттер білім алумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына: конференцияларға мақалалар даярлау, курстық, дипломдық жұмыстарды жазу және ғылыми байқауларға қатысу жатады.

17.2. Ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми жетекшінің жетекшілік жасауымен жүзеге асады. Олар факультеттің ғылыми Кеңесінде қаралып, ректордың бұйрығымен бекітіледі.

17.3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты- жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және талантты жастарды іріктеу.

17.4. Студенттердің ҒЗЖ түрлеріне жатқызуға болады:

- ҒЗЖ жасауға қатысу;

- Ғылыми үйірмелердің мүшесі болу;

- Ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысу;

- Ғылыми басылымдарға, ғылыми журналдар мен жинақтарға мақалалар даярлау;

- Байқауларға қатысу (аймақтық, облыстық, университетішілік, халықаралық).

17.5. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраларда, мамандыққа қатысты ғылыми лабораторияларда ғылыми жетекшінің жетекшілік жасауымен жүзеге асады.

17.6. Қоғам мен мемлекеттің қазіргі сұраныстарына байланысты ғылымның басым бағыттарына, ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстарының мемлекеттік гранттарына ғылымға белсене қатысқан студенттер тартылады. .

17.7. Факультеттерде студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады;

17.8. Студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру, яғни студентке ғылыми жұмыспен шұғылданудың негізгі қағидаларын көрсету, курстық жұмыстан бастап, дипломдық жұмысқа дейінгі аралықта ғылыми бағдар беру. Дипломдық жұмыстың нәтижесін ғылыми-практикалық конференциялар мен байқауларға ұсынумен аяқталады.

17.9. Студенттердің ҒЗЖ мамандыққа қатысты кафедралардың білікті ғалымдары доценттер мен профессорлар жетекшілік етеді.

17.10.Студенттердің ғылыми үйірмелерінде студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуы қамтамасыз етіледі, ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар дарынды жастарды іріктеліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі түрлі ғылыми байқауларға ұсынылып отырады.


18. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы

18.1 Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында басқа жоғары оқу орнына (сол елдің ішінде немесе шет елде) өзінің жоғары оқу орнында немесе басқа жоғары оқу орнында оқуын жалғастыру үшін игерген оқу бағдарламасын кредиттер түрінде қайта тапсыру үшін орын ауыстыруы; 10 күннен 4 айға дейін шет елдің жоғары оқу орындарында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, тағылымдамадан өту үшін білім алушылардың, ізденуші оқытушылардың орын ауыстыруы.

18.2 Академиялық ұтқырлық формалары: білім беруге арналған тағылымдама, ғылыми тағылымдама:

1) Білім беруге арналған (академиялық) тағылымдама – білім алушының оқуы, біліктілігін арттыруы немесе жеке жоспар негізінде не басқа отандық немесе шетелдік жоғары оқу орнында оқуы тиіс, пәндері көрсетілген халықаралық (оның ішінде бірлескен) бағдарлама негізінде қайта даярлықтан өтуі.

2) Ғылыми (зерттеу) тағылымдама – мамандық бойынша дипломдық жұмыс, диссертация, монографиялар жазу үшін және/немесе кітапхана қоры негізінде оқулық, оқу құралдарын жазу үшін ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік сипаттағы ақпараттар мен материалдарды жинау, талдау бойынша жұмыстардың жүргізілуі.

18.3 Академиялық ұтқырлық түрлері: жеке, топтық (ұжымдық), ішкі (ел ішіндегі) академиялық ұтқырлық, (халықаралық) академиялық ұтқырлық кіретін сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық, кредиттік ұтқырлық - білім алушыларды өзі оқитын ЖОО-да оқуын жалғастыру шеңберінде - академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шетелге белгілі бір шектеулі оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру, қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық және ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық.

18.4 Университетте білім алушылар шет елдің жоғары оқу орындарында ғылыми іссапар мен тағылымдамадан өтуге құқылы.

18.5 Білім алушылардың академиялық ұтқырлық мақсаттары, міндеттері мен оны қамтамасыз ету және жүзеге асырудың жалпы ережелері Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді.

18.6 «Сырдария» университеті білім алушыларының академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орындары аралық келісімшарт/келісім немесе бірлескен жобалар: білім алушының үш жақты келісімшарты, ішкі академиялық ұтқырлық үшін жіберуші және қабылдаушы, және халықаралық академиялық ұтқырлыққа арналған шақырулар шеңберінде жүзеге асырылады.
19. Академиялық демалыс ұсыну ережесі

19.1. Академиялық демалыс – білім беру ұйымдарында білім алушылар медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы академиялық демалыс алған жағдайда оның мемлекеттік білім беру тапсырысы сақталынады және оқуды қаржыландыру берілген академиялық демалыс кезеңінде тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады. Ақылы негізде білім алушы академиялық демалыс алған жағдайда оның оқу төлемақысы академиялық демалыс кезеңінде тоқтатылады.

19.2. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы факультет деканатына барып университет ректорының атына өтініш береді және оқуды уақытша үзудің негізділігін растайтын құжаттарды тапсырады. Өтінішке факультет деканы, оқу-әдістемелік басқарма басшысы, тіркеу офисінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор қол қояды. Қойылған бұрыштамаларға сәйкес және ұсынылған құжаттардың негізінде университет ректоры үш жұмыс күні ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

19.3. Білім алушыға академиялық демалыс мынадай негізде беріледі:

- сырқаттануы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы;

- ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ОДКК) қорытындысы;

- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметке шақыру туралы қағазы негізінде;

- босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.

19.4. Академиялық демалыстан келген білім алушы аталған демалысты рәсімдеген курстан бастап оқуын жалғастырады. Студенттің өтініші негізінде мамандығы, курсы және тобы көрсетілген академиялық демалыстан шығу туралы университет ректорының бұйрығы үш жұмыс күнінің ішінде шығарылады.

19.5. Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, қорытынды бақылауға жіберіледі немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады.

19.6. Академиялық демалыстан келген студент оқу жоспарындағы анықталған пән айырмашылықтарын жою үшін оқу жоспарындағы пәндерге ақылы негізде қосымша тіркеледі.


20. Білім алушыларды ауыстыру ережесі, оқудан шығару және қайта қабылдау:

- басқа ЖОО –нан/ басқа ЖОО- на ауысу ережелері

- Ішкі ауысулар: бір БББ-нан (мамандығы) екіншісіне, бір бөлімнен басқа бөлімге

- курстан курсқа көшіру ережелері

- білім алушылар қатарына қайта қабылдау

- оқудан шығару.

20.1. Білім алушылардың «Сырдария» университетінен басқа ЖОО-ға, басқа ЖОО-дан «Сырдария» университетіне, университет ішіндегі бір мамандықтан екінші мамандыққа оқуға ауысуға құқы бар. Студенттің мамандықты, оқу түрін ауыстыруы ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.



20.2. Ауыстыру және қайта қабылдаудың негізгі шарттары:

1) ЖОО-дың білім алушылары жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаған болу қажет. Осы жағдайда ғана олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады;



2) студентті ауыстыру немесе оқуға қайта қабылдау оқу жоспарындағы айырмашылығы 7 пән, міндетті компоненттің 5 оқу пәнінен аспаған жағдайда жүзеге асырылады;

3) студенттердің ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін күндізгі және кешкі оқу нысанындары үшін жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сырттай оқу нысанында қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей жазу қажет.



20.3. Басқа ЖОО-дан «Сырдария» университетіне ауысу процедурасы:

1) басқа ЖОО-нан ауысып келуге ниет білдірген білім алушы өзі оқитын ЖОО басшысына ауысу туралы еркін нысанда өтініш жазып, ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, «Сырдария» университетінің ректорының атына өтініш білдіреді;

2) «Сырдария» университеті ректорының атына жазылған ауысу туралы өтінішке төмендегі құжаттар қоса берілуі тиіс:

- оқу ісі жөніндегі проректор мен тіркеу офисінің басшысы қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің көшірмесі;



- ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификаттың көшірмесі;

- білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (егер грант иегері болса);

- оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш (басшының қолы қойылып, мөр басылған түпнұсқасы);



3) Тіркеу офисі (мамандық шығарушы кафедра меңгерушісімен бірлесіп) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді. Білім алушының жеке оқу жоспарын тіркеу офисінің келісімімен, факультет деканы бекітеді;

4) факультет деканы, тіркеу офисі, оқу-әдістемелік басқарманың басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, қойған бұрыштамаларға сәйкес университет ректоры білім алушыны ауыстыру туралы бұйрықты үш жұмыс күнінің ішінде шығарады.

5) Ректордың бұйрығы шыққан соң үш жұмыс күні ішінде Кеңсе білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды.

Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

20.4. «Сырдария» университеті ішінде білім алушының бір мамандықтан екіншісіне ауысуы процедурасы

Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады. Ауысу процедурасы келесідей болады:

1) білім алушы университет ректорының атына ауысу туралы өтініш жазады, өтінішке факультет деканы, оқу-әдістемелік басқарманың басшысы, тіркеу офисінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор қол қояды;

2) тіркеу офисі (мамандық шығарушы кафедра меңгерушісімен бірлесіп) білім алушының өтініші негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді. Білім алушының жеке оқу жоспарын тіркеу офисінің келісімімен, факультет деканы бекітеді;

3) оқу ісі жөніндегі проректор, тіркеу офисі, оқу-әдістемелік басқарманың басшысы, факультет деканы, қойған бұрыштамаларға сәйкес университет ректоры білім алушыны ауыстыру туралы бұйрықты үш жұмыс күнінің ішінде шығарады.

20.5. «Сырдария» университетіне оқуға қайта қабылдау процедурасы:

20.5.1. университетке қайта қабылдау үшін білім алушы ректордың атына өтініш жазады. Қайта қабылдау туралы өтінішке ресми транскрипт немесе бекітілген үлгідегі Анықтама (түпнұсқасы)тіркелу қажет. университетке қайта қабылдау туралы өтінішті күндізгі және кешкі оқу нысанында жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазу керек.

20.5.2. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады.



20.5.3. Тіркеу офисі (мамандық шығарушы кафедра меңгерушісімен бірлесіп)білім алушының өтініші негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді. Білім алушының жеке оқу жоспарын тіркеу офисінің келісімімен, факультет деканы бекітеді.

20.5.4. Факультет деканы, тіркеу офисі, оқу-әдістемелік басқарманың басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, қойған бұрыштамаларға сәйкес университет ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрықты үш жұмыс күнінің ішінде шығарады.

20.6. Университетке студент шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт) ҚР Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өткен білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.

20.7. Ауысу кезінде анықталған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін тіркеу офисі білім алушының жеке жоспарын жасап, пәндерге жазылуға және академиялық кезең ішіндегі сабақ кестесіне сәйкес оқу сабақтарының барлық түріне қатысу үшін кесте жасайды, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы деканаттан рұқсат алады.

Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.

20.8. Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын студент қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдана алады.

20.9. Білім беру грантын жалпы конкурс бойынша ұтып алған басқа ЖОО-ның студенті университетке ауысқан жағдайда білім беру гранты сақталады.



20.10. Жоғары білім мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикаларды қажетті көлемде меңгерген, қорытынды аттестаттауда мамандықтың негізгі пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға және диплом жұмысын қорғауға келмегендігіне (немесе «қанағаттанарлықсыз» деген баға алғандығына) байланысты оқудан шығарылған студенттерді қайта қабылдау (тіркеу) ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

20.11. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар келесі оқу жылдарында қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, университет ректорының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады. Студент қатарына қайта тіркеу және қорытынды аттестаттауға қайта жіберу университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді.

20.12. Білім алушыларды курстан-курсқа көшіру оқу жылының қорытындылары бойынша (аралық аттестаттау) жазғы семестр нәтижелерін және алынған орташа үлгерім балдарын (GPA - Grade Point Average) ескере отырып жүзеге асырылады.

Күндізгі және кешкі оқу түріндегі білім алушы студенттерді курстан-курсқа ауыстыру үшін орташа үлгерім GPA балы төмендегідей :


  • 1 курстан 2 курсқа көшу үшін GPA балл – 1,5

  • 2 курстан 3 курсқа көшу үшін GPA балл – 1,8

  • 3 курстан 4 курсқа көшу үшін GPA балл – 2,0

  • 4 курстан 5 курсқа көшу ушін GPA балл – 2,33

Сырттай, қысқартылған оқу түрі бойынша білім алушы студенттерді курстан-курсқа ауыстыруүшін орташа үлгерім GPA балы төмендегідей :

  • 1 курстан 2 курсқа көшу үшін GPA балл – 1,8

  • 2 курстан 3 курсқа көшу үшін GPA балл – 2,2

Сырттай, жеделдетілген оқу түрі бойынша білім алушы студенттерді курстан-курсқа ауыстыруүшін орташа үлгерім GPA балы төмендегідей :

  • 1 курстан 2 курсқа көшу үшін GPA балл – 2,0

20.13. Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар академиялық қарызы бар болған жағдайда білім беру грантын немесе мемлекеттік тапсырыс орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.

20.14. Оқу жылының қорытындылары бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.

20.15. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студент әрі қарай білім беру грантынан айрылып, оқуын ақылы негізде жалғастырады.

20.16. Ақылы негізде оқитын студент білім грантының босаған орнына сәйкес мамандығы бойынша заңды тәртіппен конкурстық негізде ауысуға құқылы. Ол үшін тіркеу офисі ақылы негізде білім алушы туралы келесі құжаттарды ұсынады: мемлекеттік білім грантына ауысу үшін Ректордың атына өтініш; бүкіл оқу кезеңі бойынша жеке транскрипт. Босаған мемлекеттік білім грантына GPA балы 3,0 тен кем емес, бүкіл кезең бойынша тек «А», «А-» (өте жақсы) немесе «А», «А-» мен «В+», «В», «В-», «С+» (жақсы) бағаланған ақылы негізде білім алушы студенттер үміткер бола алады.

20.17.Оқудан шығару

20.17.1. Білім алушы ЖОО-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

1) академиялық үлгермеушілігі (оқу тәртібін бұзғаны үшін (күндізгі және кешкі оқу нысанының студенті бір академиялық кезеңде 100 сағат көлемінде үзіліссіз және себепсіз сабаққа келмеген жағдайда, білім алушы академиялық демалыстан белгіленген уақыттан 2 апта кешіксе) (факультет деканының қызмет хаты негізінде);

2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;

3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖОО жарғысын бұзғаны үшін (университет территориясында арақ-шарап ішу, нашақорлық заттарын қолдану, университет қызметкерлерінің құжаттарын қасақана бүлiндіру немесе ұрлау, рұқсат етiлмеген митингтерге қатысу және/немесе ұйымдастыру, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жазаларға әкелетін заңға қайшы әрекеттерді іске асыру, құжаттарды және құжаттардағы қол қоюларды жалған iстеу (студенттiк билет, сынақ кiтапшасы, емтихандық парақ және т.б.), жатақханада тұру ережелерін бұзу, Университеттің материалдық-техникалық базасына нұқсан келтіру т.б.) ) (факультет деканының қызмет хаты негізінде).

4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

5) өз еркімен.

Студент деканатқа барып университет ректорының атына себебі көрсетілген оқудан шығу туралы еркін нысанда өтініш береді. Өтінішке факультет деканы, офис-тіркеуші, оқу-әдістемелік басқарма басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор келісім береді және ректор бұйрық шығару туралы бұрыштама қояды, сол бұрыштамаға сәйкес университет ректорының студентті оқудан шығару бұйрығы үш жұмыс күнінің ішінде шығарылады.


жүктеу 457,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау