Университеттің академиялық саясаты 59 беттің беті



жүктеу 457,5 Kb.
бет2/6
Дата15.01.2020
өлшемі457,5 Kb.
#26687
1   2   3   4   5   6

39) таңдау компоненті – ЖОО ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі;

40) үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттердің жалпы сомасының қатынасы);



41) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын білім беру бағдарламасының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты

42) эдвайзер (Advisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;



43) элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.

      3. ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

      1) білім көлемін біріздендіру;

      2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай жасау;

      3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

      4) білім алушының оқудағы жетістіктерін оларды тиімді әрі ашық бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

      4. ОКТ мыналарды қамтиды:

1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша еңбек шығынын бағалау үшін академиялық кредиттер жүйесін енгізу;

2) білім алушылардың ЖОЖ қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, ЭПК-ге енгізілген пәндерді және (немесе) модульдерді таңдау еркіндігі;

3) ЖОО-лар үшін пәндерге тіркеу кезінде білім алушылардың оқытушыны таңдау еркіндігі;

4) оқу процесіне білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді тарту;

5) интерактивті оқыту әдістерін пайдалану;

6) білім беру бағдарламасын игеруде білім алушылардың өзіндік жұмысын жандандыру;

7) факультеттің (институттың) және кафедралардың оқу процесін ұйымдастырудағы, ЖОО-ға арналған білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы академиялық еркіндігі;

      8) оқу процесін қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

9) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;

10) әр оқу пәні және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесін пайдалану.

5. ОКТ білім алушының оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқытудың жеке білім траекториясын таңдауы және дербес жоспарлауы
2. Жалпы ережелер

2.1. Осы Академиялық саясат (әрі қарай – Саясат) «Сырдария» университетінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.

2.2. Саясат Ережелері білім беру бағдарламаларының талаптары қайта қаралып, Қазақстан Республикасы, Университет Жарғысы мен стратегиясының білім беру ісін реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

2.3. Саясат Университетте білім алушыларға, профессор-оқытушы құрамына, оқу үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және басқа да қызығушылық танытатын тұлғаларға арналған.

2.4. Университет сапалы әрі қолжетімді білім алу үшін барлық білім алушыларға бірдей мүмкіндіктер жасайды.

2.5. Университет білім алушылардың ерекше қажеттіліктеріне қатысты нәсіліне, ұлтына, этникалық, діни белгілеріне, жынысына, сондай-ақ әлеуметтік, отбасылық жағдайларына, жасына немесе басқа да субъективті критерийлеріне қарай кемсітушіліктерге жол бермейді.

2.6. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, емтихан сессияларынан, іс-тәжірибе мен каникулдардан тұрады. Университетте академиялық кезеңдер (бітіруші курсты есепке алмағанда) күзгі, көктемгі, жазғы семестрлерден тұрады. Бітіруші курстардың оқу жылына қорытынды аттаестаттау кезеңі кіреді.

2.7. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі әр оқу пәні бойынша оқу жылының өн бойында меңгерілетін кредитпен өлшенеді. «Сырдария» университетінде білім алған кезеңде білім алушы сол мамандықтың білім беру бағдарламасында анықталатын қажетті кредиттер санын меңгеруі тиіс. Ережеге сай, бакалавриаттар үшін меңгерілуге тиісті кредиттер 4 оқу жылында, кешкі бөлім үшін 5 оқу жылында жүзеге асырылады.

2.8. Жоғары білім беру бағдарламасының мазмұны үш цикл пәндерінен тұрады – жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП), базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер. ЖБП циклі міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін қамтиды. Әр блокта міндетті және таңдау компоненттері бойынша кредиттер саны берілген пәндер тізімі көрсетіледі. Әр пән, ережеге сай, бір семестр көлемінде оқытылады, бірақ оқу жоспары пәндерді оқытудың реттілік принципіне қарай және әр пәнді оқытуда пререквизиттерді қатаң есепке ала отырып құрылады.

2.9. Оқу жылы аралық бақылау, қорытынды бақылау (емтихан сессиясы), қорытынды аттестация (бітіруші курстар үшін), іс-тәжірибе мен каникулды қамтитын академиялық кезеңдерден (семестр) тұрады. Теориялық оқу семестрінің ұзақтығы жазғы семестрді есепке алмағанда 15 аптадан тұрады.

2.10. Жазғы семестр ұзақтығы 6 аптаны құрайды, оның ішінде қайталап оқу пәндері (Retake) бар, оның 5 аптасы – теориялық оқу, 1 аптасы – қорытынды бақылау (емтихан сессиясы). Жазғы семестрге білім алушының оқу бағдарламасын игермеген пәндері, сондай-ақ басқа мамандықтар мен басқа Университеттердің студенттеріне арналған пәндер енгізіледі.

2.11. Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі өту балын жинай алмаған білім алушы үшін оның үлгерімінің орташа балын (GPA) көтеру мақсатында жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайтадан оқуға және қайтадан емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі

2.12. Жазғы семестрде оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Жазғы семестр білім алушыға пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз F бағаны жоюға, оқу жоспарындағы пән айырмасын тапсыруға, пререквизиттерді өз уақытында оқыту есебінен жеке жоспарға түзетулер енгізуге, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеруге мүмкіндік береді. Жазғы семестр кезінде талап етілетін кредиттерді игеру үшін білім алушының кредиті 18 кредиттен аспауы тиіс және ол жазғы семестр басталмастан бір апта бұрын тіркелуі қажет.

2.13. Емтиханды қайта тапсырып, оң нәтиже көрсеткен жағдайда қорытынды баға қайтадан есептеліп, емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскрипт құжатына қойылады. Үлгерімнің орташа балын есептеу барысында оқу пәні бойынша соңғы бағалар қойылады.

2.14. Транскрипт құжатына қайта тапсыру кезінде алған оң бағалар мен барлық қорытынды бағалар қойылады.

2.15. Әр оқу жылының ұзақтығы мен мерзімі Академиялық күнтізбеде көрсетіліп, білім алушылар мен оқытушыларға оқу жылы басталмастан үш ай бұрын таныстырылады. Академиялық күнтізбені Ғылыми кеңес шешімінің негізінде Университет ректоры бекітеді.

2.16. Университет ұсынған элективті пәндер бойынша толық ақпарат алу үшін оқу жоспарының әр блогы бойынша Элективті пәндер каталогы шығарылады. Каталогты кафедра жасайды, Оқу-әдістемелік басқарма үйлестіреді және білім алушыларға таныстырады.
3.Бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылдау ережелері

3.1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

3.2. «Сырдария» университетіне түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

3.3. «Сырдария» университетіне оқуға түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

3.4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды «Сырдария» университетіне ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды «Сырдария» университетінің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

3.5. Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау «Сырдария» университетінің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

3.6. «Сырдария» университеті дайындайтын «Білім» бағытындағы мамандықтарға түсу үшін арнаулы (педагогикалық, психологиялық жағдаяттар) емтихан тапсыру талап етіледі. Ал 5В010600, 5В010700, 5В010800, 5В042100 мамандықтарына түсу арнайы шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

3.7. Студенттер қатарына қабылдау тамыз айының 10 мен 28 аралығында жүзеге асады.

3.8. Оқуға қабылдау туралы бұйрық қабылдау комиссияның жауапты хатшысының ұсынысы негізінде 28 - тамызда шығарылады. Талапкерлердің құжаттарын қабылдау-өткізу актісін студенттік бөлімі қабылдап алады. Құжат құрамында:


  1. Қойылған үлгідегі ректор атына жазылған қабылдау туралы өтініш;

  2. Білімі туралы құжаттың түп нұсқасы (Аттестат, диплом (қосымша);

  3. Кешенді тестілеу немесе ҰБТ нәтижесі туралы сертификат;

  4. Мемлекеттік білім беретін грантты алуды растайтын құқықты құжат(бар болған жағдайда);

  5. Жеке басын куәландырытын құжаттың көшірмесі;

  6. 086-У және 063 формасындағы медициналық анықтама;

  7. 3х4 көлемде алты фото сурет;

  8. Мекенжай анықтамасы;

  9. Білім беру қызметтерін көрсету келісімшарты.

4. Білім алушының мәртебесі

Білім алушыға Университет бакалавры мен магистранттары жатады.

Университетте білім алушылардың мынадай түрлері бар:


  • білім алушы – оқыту бағдарламасын аяқтауға және Университет ұсынған академиялық дәрежені алуға ниеттенген кез келген білім алушы;

  • алмасу бойынша білім алушы – Университетке басқа ЖОО-дан келген білім алушы (академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша).


5. Білім алушының білім беру траекториясын таңдауы

5.1.  Білім алушы академиялық тәлімгері - эдвайзердің көмегімен оқу жылға арналған оқытудың жеке траекториясын қалыптастырады.

5.2. Білім алушы оқу жұмыс жоспары мазмұны жоспарында қарастырылған кредиттердің белгілі санына тіркелуі тиіс. Оқу жұмыс жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде білім алушы жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) көрініс табатын кредиттердің қажеті санын ескере отырып міндетті және элективті пәндерді таңдайды. Пәндерді таңдау оқытылуының логикалық бірізділігін есепке ала отырып жүргізіледі.

5.3. Білім алушы өзінің ЖОЖ-ын құру барысында:



  • оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісінің ұйымдастыру ережелерімен танысуы тиіс;

  • оқу пәндері мен ЖОЖ-на өзгерістер енгізу бойынша оқу пәндерін тіркеуге белгіленген мерзімді сақтау тиіс;

  • оқу жылында сәйкесті деңгейдің білім беру бағдарламасын меңгеру үшін кредиттердің белгіленген санынан кем емес кредиттерге жазылу тиіс.

5.4.Білім алушы білім бағдарламасында  бекітілген деңгейге қарағанда ақылы негізде өз жеке оқу жоспарын  аз кредит санымен қалыптастыра алады. Бірақ оқу мерзімі ұзартылады.

5.5.Білім алушы оқу пәндеріне тіркелу үшін алдынғы семестрде қажетті пререквизиттерін меңгеруі тиіс.  Базалық пәндерді таңдауда білім алушының кәсіптік бағдарын есепке алады. Бірақ білім алушы өзінің жеке оқу жоспарына басқа мамандықтардың базалық блогында көрсетілген пәндерді қалауы бойынша енгізе алады.

5.6.Білім алушы ЖОЖ құру үшін және мамандықтың оқу жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес оқу курсын толықтай меңгеруге жауапты болады. 
6. Оқу пәндеріне тіркелу

6.1. Студенттердің тиісті мамандық бойынша оқу траекториясын жасау үшін оқу пәндеріне тіркеледі. Тіркеуді жүргізу уақыты академиялық күнтізбеде көрсетіледі. Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді офис регистратор ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін арнайы кесте бойынша эдвайзерлер презентациялар өткізеді.

6.2. Бір оқу жылының толық академиялық жүктемесі 60 академиялық кредитке немесе 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте, студент бір семестр ішінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

6.3. «Сырдария» университетіне  жаңа түскен студенттердің тіркелуі бірінші семестрдің басталуына дейін бағыт беру аптасының ішінде жүргізіледі. Білім алушылардың бұл категориясы үшін тіркеуге рұқсат етудің негізі университет студенттері қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестрге төленетін оқу ақысы (егер білім алушы ақылы бөлімде оқыса) болып табылады;


7. Білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру

7.1. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде талқыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күн сайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.

7.2. Оқытудың кредиттік технологиясында білім алушының өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысқа (ОБӨЖ) және толық өзі орындайтын жұмыс (БӨЖ).

БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады. Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ні ЖОО дербес анықтайды. Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде 30%-ын құрайды. ОСӨЖ сабақтың жалпы кестесіне кіреді және оқытушының міндетті түрде төленетін жүктемесіне енгізіледі.

7.3. Оқу қызметінің барлық түрлері бойынша аудиторлық байланыс жұмысы, ОСӨЖ мен СӨЖ арасындағы уақыттың өзара қатынасын оқу орны дербес анықтайды. Бұл ретте, аудиторлық жұмыстың және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс көлемі жылына 1440 сағатты, білім алушының (студенттің) өзіндік жұмыс көлемі - жылына 360 сағатты құралады. Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.

7.4. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа да түрлерімен өзара байланысын көздейді, атап айтқанда: - пән тақырыптарын меңгерудегі білім алушының өзіндік жұмысы орнының айқындалуы; - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың білім алушының өзіндік жұмысына бағытталуы; - білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрінің, әдіс-тәсілдерінің таңдалуы; - білім алушыларға өзіндік жұмыс тапсырамаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың жасалуы; - білім алушының өзіндік жұмысын сабақтардың басқа түрлерімен үйлестірілуі.

7.5. Білім алушылар өзіндік жұмысты ұйымдастыру ережелерін, нормалары мен талаптарын білуі тиіс.

7.6. Өзіндік жұмыс барысында білім алушы оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде еркін түрде сыни және креативті ойлау, өзінің пікірін дәлелдеп қорғау дағдыларына ие болады.

7.7. Өзіндік жұмыс түрлері, олардың формалары мен бақылау мерзімдері әр пәннің силлабусында көрсетіледі.

7.8. БӨЖ түрлері мен формаларының мысалдары:

1) Реферат – әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып, мәселені жазбаша мазмұндау немесе ғылыми жұмыстың, кітаптің мазмұнын талдай отырып баяндау.

2) Коллоквиум – оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен пәннің оқылған тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім алушының өзіндік жұмысын бақылау формасы.

3) Эссе – сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті мәселе бойынша өзінің жеке көзқарасының жазбаша тұрдегі мазмұндамасы.

4) Презентация – белгіленген мәселе бойыншанегізгі қағидаларды слайд, бейнеролик және т.б материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын ауызша баяндама.

5) Жағдаяттық тапсырма – әртүрлі жағдайлардың сипаттамасы мен оларға байланысты тапсырмалар тізімдемесі.

6) Іскерлік ойындар – білім алушының болашақ кәсіби қызметіне байланысты дағдыларды қалыптастыруға бағыттылған және алдын-ала дайындық пен өз бетінше аяқтауды талап ететін кез-келген процестің имитациясы.

7) Топтық жоба – 3-5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына арналған тапсырма.

8) Жеке жоба – дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті тақырып бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.

9) Глоссарий (тізбек сөздер) – берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша анықтамасы.

7.9. Әр пән бойынша өзіндік жұмыс түрлері мен формалары пәннің ерекшелігіне, мақсат-міндеттеріне, күрделілігі мен өзектілігіне, білім алушылардың дайындық деңгейіне, пәннің еңбек сыйымдылығына қарай анықталады.

7.10. Білім алушының өзіндік жұмысының технологиялық элементтері ретінде өзіндік жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру, оның орындалуын бағалау мен бақылау, БӨЖ-ді талдау мен жетілдіру болып табылады.

7.11. Білім алушының өзіндік жұмысын факультет, кафедра, әр оқытушы сәйкес келетін оқу-әдістемелік құжаттарды жасау арқылы жоспарлайды.

7.12. Білім алушының өзіндік жұмысын деканат, оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі, кафедра және осы академиялық топта сабақ беретін оқытушы үйлестіріп отырады.

7.13. Деканат аудиториялық қорды ескере отырып, ОБӨЖ және оқытушылардың кеңес беру кестелерінің оңтайлы құрастырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімін бақылап отырады.

7.14. Кафедра: - кредиттің анықтамасына сәйкес дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар мен БӨЖ арасындағы оптималды қатынастың анықталуын; - дәріс, практикалық, зертханалық сабақтар мен БӨЖ мазмұны және көлемін; - білім алушылардың әр тақырып бойынша білімін бағалау критерийлерінің құрастырылуын; - оқу жұмыс жоспарында бекітілген көлемдегі пәннің оқу жұмыс бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді.

7.15. Оқытушы: - БӨЖ ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік материалдардың және әдебиеттер көздері бойынша ұсыныстардың жасалуын; - тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптардың, әр БӨЖ тапсырмасы бойынша бақылау мерзімдері мен түрлерінің, бағалау көрсеткіштерінің жасалуын; - білім алушылар өзіндік жұмысының, оның ішінде тапсырмалардың түрлері мен күрделілік деңгейі бойынша дифференциациялануын қамтамасыз етеді.

7.16. Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы оқытушының негізгі міндеті: - білім алушының оқу, ғылыми-зерттеу, практикалық жұмыстарын өз бетінше атқару дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау; - білім алушылардың кәсіби, ғылыми және тәжірибелік қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туғызу; - болашақ мамандардың кәсіби маңызды қабілеттері, білімдері мен дағдыларының қалыптасуына себепкер болу; - білім алушылардың тұлғалық шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

7.17. Өзіндік жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар: - тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студентке өз бетімен орындау керек; - белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекте мәселелер талқыланып шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек; - қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзыреттілігін көрсете білу керек; - оқу, ғылыми және/немесе практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек; - белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер де ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.

7.18. Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап бағалау кезінде қойылатын шарттарды міндетті түрде көрсету керек, яғни:

- қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі;

- әдеби дереккөздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады; - жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі;

- материалдың нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады; - жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі;

- пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті;

- тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы;

- қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы;

- қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады; - өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады; - және т.б.

7.19. Әр БӨЖ тапсырмасы оқытушының белгілеген балы бойынша бағаланады.

7.20. Әрбір білім алушы академиялық кезең басталғанға дейін БӨЖ-ді орындау туралы қағаз немесе электронды тасымалдағыштардағы әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Онда - тапсырмалардың мақсаты, тақырыптары мен мазмұны; - ұсынылатын әдебиеттер тізімі; - есеп формалары мен бақылау кестесі; - бағалау талаптары көрсетулге тиіс.

7.21. БӨЖ-ді орындау мен ұйымдастырудың барлық түрі кеңес беру, аралық бақылау есептері, оқытушының БӨЖ тапсырмаларын қабылдау және т.б. кестелердің, жеке пәндер бойынша БӨЖ бақылау журналдарының болуын талап етеді.

7.22. Білім алушының өзіндік жұмысының жалпы көлеміне оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) кіреді.

7.23. ОБӨЖ көлемі БӨЖ-дің жалпы көлемінің 50% құрайды.

7.24. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысыны негізгі оқу кестесіне кіреді.


8. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау

8.1. Аралық аттестаттау

8.1.1.Аралық аттестаттау студенттердің білім дәрежесін бағалау оқу кестесі мен оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдық, межелік және қорытынды бақылаулар негізінде балдық-рейтингілік жүйеде жүзеге асырылады.

8.1.2. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен аудиториядан тыс жұмыстар бағаларынан жинақталады.

8.1.3. Студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі.

Сараланған сынақтар студенттердің зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.

Сараланған сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда курстан курсқа көшіру балына есептеуде ескеріледі.

Студент емтихан сессияларының басталуына бір апта қалғанға дейін оқу жоспарында қаралған барлық түрдегі бақылау және есептеу-графикалық жұмыстары және курстық жұмыстары Офис регистратор жасаған кесте бойынша қорғалған болу керек.

Курстық жұмыстарын қорғамаған студенттер тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

8.1.4. Студенттердің аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу офис регистраторға жүктеледі.

Офис регистратор оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және ол студенттер мен оқытушылардың назарына емтихан басталмастан 2 апта бұрын жеткізілуі тиіс.

Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және әдеттегідей сол академиялық топта (толқында) оқыту сабақтарын өткізбеген алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.

8.1.5. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің формасы мен тәртібі Университеттің Ғылыми кеңесімен академиялық кезең басталғаннан бастап 1 ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

8.1.6. Бақылаудың түрлері: компьютерлік тестілеу; ауызша; жазбаша және шығармашылық. Тілдік пәндердің емтихандары аралас түрде қабылданады.

8.1.7. Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады.

"FХ" белгісіне сәйкес келетін "қаанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.

 "F" белгісіне сәйкес келетін "қаанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.

Үшінші рет "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты "қанағаттанарлықсыз" бағасын алуына қарамастан ЖОО-дан оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.

Бұл ретте, білім алушы өз қалауынша басқа ЖОО-ға және (немесе) басқа білім беру бағдарламаға ауысады. Білім алушы өз қалауынша жалпы білім беретін пәндер циклінен басқа, "қанағаттанарлықсыз" бағасын алған пәні мазмұнында болмайтын басқа білім беру бағдарламасына ауысады.

ЖОО-дан оқудан шығарылған білім алушыға ЖОО бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт беріледі.

Бағалау тәртібі: семестр барысында ағымдық бақылаулар жүргізіліп, 2 рет межелік бақылау өтеді; 3, 5, 7, 10, 12, 14 апталарда межелік бақылау апталығына дейін ағымдық бақылау нәтижелері «Platonus» бағдарламасына 100 балдық жүйемен енгізіп отырады; әрбір студенттің қорытынды бағасының 25 пайызы ағымдық бақылаудан, 35 пайызы межелік бақылаудан, қалған 40 пайызы емтиханнан жиналады.

8.1.8. Емтихан сессиялары күзгі, және көктемгі болып бөлінеді. Сессияға жіберу факультет деканының өкімімен жүзеге асырылады. Төлем ақысын келісім-шарттағы мерзімге сәйкес өтемеген немесе жіберілу рейтингі (жіберілу рейтингінің бағасы аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау бағаларынан жинақталады) 50 баллдан кем студенттер емтиханға жіберілмейді.

8.1.9. Факультет деканы кейбір себепті жағдайларда (денсаулығына, сәбидің дүниеге келуіне, отбасы жағдайына, оқу іс-сапарында болуына, қызметтік себептерге байланысты) студентке межелік және қорытынды бақылауды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.

8.1.10. Межелік және қорытынды бақылауға себепті жағдайлармен қатыса алмаған студенттер 3 күн ішінде анықтама мен өтінішін тіркеп, факультет деканының рұқсатымен жеке кесте бойынша тапсырады.

8.1.11. Студент емтихан тапсыру ережесін бұзған жағдайда емтихан тапсыру тоқтатылып, акт толтырылады. Емтиханнан шығарылады, пән академиялық қарыз болып есептеледі.

8.1.12. Қорытынды бақылауда алынған оң бағаны жоғарылату мақсатында емтиханды қайта тапсыруға жазғы семестрде рұқсат етіледі.

8.1.14. Қорытынды бақылау өткізу үшін офис регистратор тарапынан емтихан қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді. Емтихан ведомосы емтихан өткізілген күні офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.

Сессия аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде офис регистратор емтихан ведомостары негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ ведомосын толтырып тиісті факультет деканатына жібереді.


жүктеу 457,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау