13. Мемлекеттік емтихандарды өткізу және ұйымдастыру
13.1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша
13.1.1 Барлық мамандықтың студенттері «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.
Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.
Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқымайды және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
13.1.2. Мемлекеттік емтиханға дайындықты факультет деканатымен «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытатын кафедра өткізеді. Кафедра оқудың барлық түрі мен мамандықтары үшін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.
13.1.3. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру ауызша, жазбаша және тест түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен анықталады.
13.1.4. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет деканының ұсынысы бойынша құрамында төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.
МАК төрағасы мен құрамы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.
13.1.5. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады және оны университет басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.
13.1.6.МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
13.1.7. МЕК отырыстары әр студент бойынша жеке хаттамамен №125 бұйрықтың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес рәсімделеді және оған комиссия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4 форматында түптеліп, нөмірленіп, бумаланады және оқу-әдістемелік басқарманың мөрімен бекітіледі. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады.
13.1.8. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 60%-ын құрайды және мемлекеттік емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.
13.1.9. Студент «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз F» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.
13.1.10. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға жазғы семестрде рұқсат етіледі.
Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция беруіне болады.
13.1.11. Апелляция өткізу үшін университет басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ________ № __________ хаттамамен кайта қаралды ____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МЕК мүшелерінің бәрі қол қояды.
13.1.12. МЕК-ның жұмысы аяқталғаннан соң Комиссия төрағасы есеп жазады, ол Университеттің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін білім саласындағы өкілетті органға тапсырылады.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан төрағасының есептері қысқы емтихан тапсыру бойынша 1 наурыздан, ал жазғы емтихан тапсыру бойынша 1 тамыздан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.
13.2. Қорытынды аттестаттау
13.2.1. Университетте студенттерді қорытынды аттестаттау жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгілеген нысандарда өткізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған.
13.2.2. Студенттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырады және дипломдық жұмыстарды қорғайды.
13.2.3. Білім алушылар дипломдық жұмыс (жоба) жазудың орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:
денсаулығына байланысты стационарда ұзақ ем алу;
екі жасқа толғанға дейінгі бала тәрбиелеу;
науқас ата-аналарына қарау.
Осы ретте, студент университет басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
13.2.4. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітіртуші кафедра шығарған қолдау хатының негізінде Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.
13.2.5. Қорытынды аттестаттауға жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі. Білім алу процесі аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің жоғары білім мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби іс-тәжірибелердің қажетті көлемін меңгеруі саналады.
Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.
13.2.6. Университет басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.
13.2.7. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін әр мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) құрылады.
13.2.8. Студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірілмей факультет деканының өкімімен рәсімделіп, №125 бұйрықтың 97-тармағының негізінде МАК-қа ұсынылады
13.2.9. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа факультет деканының студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары, кәсіби іс-тәжірибелердің түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.
13.2.10. Университет басшысы осы жоғары оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен, бітіретін мамандықтар бейініне сәйкес келетін өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын тағандайды.
МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.
МАК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.
МАК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің контингентіне сәйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді және университет басшысының бұйрығымен жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей бекітеді және ол күнтізбелік жыл бойына әрекет етеді.
13.2.11. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін университет басшысы бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.
13.2.12. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты қорғауға 7-10 адам жіберіледі.
Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.
13.2.13. Диплом жұмысы қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;
2) диплом жұмысын қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі және бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін немесе біліктілігін беру туралы рецензия.
МАК-қа, сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың ғылыми және іс-тәжірибелік құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша іс-тәжірибелік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, минералдар үлгісі, гербарий және тағы басқа сол сияқты материалдарда ұсынылады.
13.2.14. Дипломдық жұмыстарды плагиаттық мәніне қатысты тексеру келісім шарт негізінде тиісті мекемелермен жүргізіледі.
13.2.15. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын қорғауға шыға алады.
Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты қорғай алмайды.
Білім алушы, рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты қорғауға жіберіледі.
13.2.16. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.
13.2.17. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі университет басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.
Дипломдық жұмыстардың рецензенттері университет басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі, мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетіліп бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
13.2.18. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.
13.2.19. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде Университеттің әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.
Мамандық бойынша мемлекетттік емтихан бағдарламасы Университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
13.2.20. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.
13.2.21. Университет мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген) тест түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын өзі дербес әзірлейді және бекітеді.
13.2.22. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.
Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысы туралы баяндама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі.
13.2.23. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және іс-тәжірибелік дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.
13.2.24. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.
13.2.25. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен рәсімделеді. МАК отырысының хаттамалары №125 бұйрықтың 4-6-қосымшаларына сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу-әдістемелік басқарманың мөрімен бекітіледі. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.
Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады
Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазады және өзі қол қояды.
Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру, сондай-ақ студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.
13.2.26. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы, сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе/және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
13.2.27. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
13.2.28. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары Университеттің мұрағатында сақталады.
13.2.29. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғайды.
13.2.30. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.
Апелляция өткізу үшін университет басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ №_________ хаттамамен қайта қаралды _______бет» деген жазумен өзгертіледі және оған МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.
13.2.31. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды.
13.2.32. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
13.2.33. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
13.2.34. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.
13.2.35. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, университет басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.
Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.
Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.
13.2.36. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, университет басшысының бұйрығымен оқудан шығарылады.
13.2.37. Қорытынды аттестаттаудан өткен және университеттің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом дипломдық жұмысты қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде қосымшасымен ақысыз беріледі.
Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
13.2.38. Дипломға қосымша студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), іс-тәжірибе мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.
Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.
13.2.39. Емтихандарды А, А – "өте жақсы", В-, В, В+, С+ "жақсы" деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
13.2.40. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент үздік диплом алу құқығынан айырылады.
13.2.41. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жазады және екі апта мерзім ішінде оны университет ректорына тапсырады. МАК төрағасының есебі Университеттің ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
13.2.42. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға №125 бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау нәтижелерін ұсынады.
13.2.43. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде №125 бұйрықтың 7-қосымшасын келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.
МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:
1) университетте осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
2) диплом жұмысының саны ішінде кәсіпорындардың, ұйымдардың тапсырысы бойынша орындалған диплом жұмыстарының орындалу сапасы;
3) диплом жұмысы тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;
4) білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер;
5) осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың сапасына талдау;
6) университетте мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
13.2.44. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты университет бітірушілерінің тізімі көрсетіледі.
14. Дипломдық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі
14.1. Дипломдық жұмысты плагиатқа тексерудің мақсаты – білім алушылардың өз бетімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үрдісін жетілдіру, студенттердің ғылыми деңгейін арттыру, ақпараттық құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент құзыреттілігін дамыту, әдебиетпен мінсіз жұмыс істеу мен ғылыми еңбекке таза көқарас қалыптастыру және ғылыми этиканы сақтау.
14.2. Студенттердің дипломдық жұмыстарын орындау кезінде авторлық құқық бұзушылыққа байланысты қарым-қатынасын реттейді.
14.3. Жазбаша жұмыстарды орындау кезінде студент жеке ізденіс пен талдау негізінде ақпаратпен жұмыстың ғылыми әдістерін қолдана отырып мәтін құру керек. Басқа адамның идеясы мен мәтінін қолданған жағдайда, дипломдық жұмыстарды дайындау және рәсімдеу туралы бекітілген ережеге сәйкес студент қолданылған материалға сілтеме жасауы тиіс.
14.4. Осы ережемен реттелетін академиялық нормаларды бұзушылыққа келесі жатады:
жазба жұмыстарында басқа автордың мәтіні мен идеясын (плагиат) сілтемесіз қолдану;
материал мен жұмыс нәтижелерін фабрикациялау.
14.5. Плагиат екі түрде жүзеге асады:
өзгенің мәтінін сөзбе-сөз баяндау;
астарлап айту – бөгде мәтінді мағынасын сөздер мен сөйлемдерді ауыстыру арқылы баяндау.
14.6. Мамандықтың дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша МАК жұмысы басталардан 3 апта бұрын студент дипломдық жұмысын өтінішпен тексеруге ұсынады. Өтінішке дипломдық жұмыстың электрондық және қағаз нұсқаларын және ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелді қорытындысы берілген пікірімен қоса өткізілуі тиіс.
14.7. Тиісті мекемелер дипломдық жұмысының мазмұнын электрондық және қағаз нұсқалармен сәйкестілігіне іріктемелі тексеруді жүзеге асырады, «Антиплагиат» бағдарламасының мәліметтер базасына студенттің жазбаша жұмысының электрондық нұсқасын енгізеді, ал қағаз нұсқасында «Электрондық нұсқа тапсырылды» белгісін қойып, өз қолтаңбасымен куәландырады.
14.8. Мамандық (топ) бойынша барлық жұмыстарды енгізген соң тексеріс нәтижелері бойынша есеп жасалады шығарушы кафедраға беріледі.
14.9. Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 40%-дан аспаған жағдайда (дипломдық жұмыстың түпнұсқалығы 60%-дан асқан жағдайда), студентке көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтама береді.
14.10. Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 40%-дан асып кетсе (дипломдық жұмыстың түпнұсқалығы 60%-дан төмен болған жағдайда), студентке анықтама берілмейді.
14.11. Жұмыста шеттен алып пайдаланулардың 40%-дан жоғары анықталған жағдайда дипломдық жұмыс енгізілген өзгерістерден кейін факультет деканымен бекітілетін факультет деканынан, кафедра меңгерушісінен және ОПҚ-нан тұратын Комиссиясының қаралуына жіберіледі.
14.12. Комиссия студенттің көзінше қорытынды шешімін қабылдайды. Комиссиясының хаттамалық шешімімен қорғауға жіберілмеуге (шеттен алып пайдаланулардың 40%-дан жоғары болғанда), немесе алдыңғы тақырыптың сақтауымен қайта аяқтап істеуге, жеке бөлімдер мен тарауларды қайта аяқтап өңдеуге және қайталамалы тексерістің мерзімін анықтау шешімін бекітеді.
14.13. Комиссия отырысында қаралып, «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасында қайта тексерілуі жөнінде шешім қабылданады. Шешімнің көшірмелері деканатқа және тиісті кафедраға тапсырылады.
14.14. Осыдан кейін МАК-ның жұмысының бастау алдында өтуінің (ақырғы мерзімі қорғауға дейін) 10 күн бұрын қайталамалы тексеріске түсіріледі. Қайталамалы тексеріс кезінде жұмыстағы шеттен алып пайдаланулардың 40%-дан асатын болса дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмейді.
14.15. «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасындағы тексеріс келесі ретпен жүзеге асырылады:
1) тексеріс жүргізу;
2) мәлімет қорына енгізу;
3) тексерістің орындалғанын тізімге тіркеу;
4) анықтама беру
14.16. Көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтамасы жоқ дипломдық жұмыс ағымдағы оқу жылында қорғауына деканат өкімімен рұқсат берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |