8.2. Аппеляция
8.2.1. Қорытынды бақылау бағасымен келіспеген студент тест сұрақтары мен оның жауаптарының мазмұнында немесе емтихан билеттерінің мазмұнында сәйкессіздік орын алғанда ғана аппеляцияға өтініш бере алады.
8.2.2. Қорытынды бақылау бойынша баға нәтижесімен келіспеген студенттер аппеляцияға өтініш беру құқығына ие.
Студент аппеляцияға өтініш бере алады:
-тест сұрақтарының мазмұнында немесе оның жауаптарының мазмұнында қате болған жағдайда;
-қорытынды аттестаттаудың басқа түрлері бойынша мазмұнымен келіспеушілік болған жағдайда.
Студент аппеляцияға өтінішті қорытынды аттестаттау өткен күннің ертесіне сағат 13.00 дейін тест орталығына береді.
8.3. Академиялық қарыздарды жою
8.3.1. «Қанағаттанарлықсыз F» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді (8 тармақта көрсетілген).
8.3.2. Академиялық кезеңде қосымша тіркелетін пәндердің кредиті оқу жоспарына сай меңгерілетін кредиттердің санын қоса есептегенде 40 кредиттен аспауы тиіс.
8.4. Жазғы семестр
8.4.1. Студенттердің қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пәндерді қайта оқып, аралық бақылау тапсыруға арналған жазғы семестр академиялық қарыздар мен оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жоюға, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеруге және студенттің қалауымен игерген кредиттері өз оқу орнында міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа жоғары оқу орнындағы кредиттерді игеруге мүмкіндік береді.
8.4.2. Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.
8.4.3. Жазғы семестрге сессия біткеннен кейін 1 апта ішінде қажетті кредиттерді меңгеру үшін студент өз өтінішінің негізінде Тіркеу офисіне тіркеледі.
8.4.4. Жазғы семестрде бір студент үшін меңгерілетін кредиттердің максимальды саны – 18 кредит.
8.4.5. Белгілі бір пәнге тіркелген студенттер тобына арнайы сабақ кестесі түзіледі, ал егерде топтағы студенттердің саны 10-нан кем болған жағдайда сабақ жеке кесте бойынша жүргізіледі.
9. Білім алушылардың білімін бағалау
9.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
9.2 Бағалау тәртібі: әр семестрде межелік (аралық) бақылау 2 рет өтеді. Әрбір межелік бақылау апталығына дейін профессор-оқытушы құрамы білім алушыларды (практикалық, лаборатория, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б.) сабақтарында 3, 5, 7, 10, 12, 14 аптада бағалап, оны «Platonus» бағдарламасына 100 балдық жүйемен енгізіп отырады. Сонда әрбір студенттің қорытынды бағасының 25 пайызын (практикалық, лаборатория, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б.) сабақтарынан, 35 пайызын межелік бақылаудан, қалған 40 пайыз емтиханнан жиналады. Межелік бақылауға студент ағымдық бақылаудан кем дегенде 50 балл жинағанда ғана жіберіледі.
Емтихан бақылаудың қорытындысы төменде көрсетілген формуламен есептелінеді:
Орташа ағымдық баға (ОАБ) = 0.25 коэф
Межелік(аралық) бақылау( МБ ) = 0.35коэф
Емтихан ( Е) = 0.40 коэф
ОАБ = (Аб1+Аб2) /2*0,25
МБ = (М1+М2)/2*0,35
Е =Е*0,40
Қорытынды бағалау = ОАБ+ МБ+ Е
9.3. Студентттің белсенділігін, өзара бәсекелестігін арттыру үшін профессор-оқытушылар тарапынан жоғары бағалауды негізсіз қойылуын алдын алу мақсатында жоғары бағалар дифференциалды түрде беріледі. Топтағы жалпы студенттің санының пайыздық көрсеткішіне байланысы:
А (өте жақсы) – 10 %
А- (өте жақсы) - 15 %
В+ (жақсы) - 15 %.
9.4 Қорытынды бақылауда алынған жақсы бағаны жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға жазғы семестрде рұқсат етіледі.
9.5. Бақылауға келмеген студентке ақпарат тізіміне (ведомостіне) «келмеді» деген белгі қойылады.
9.6. Қорытынды бақылау нысанында "канағаттанарлықсыз F" баға алған студенттер сол пәнге жазғы семестрде қайта қатысып, ақылы негізде қайта тапсыруға құқылы.
9.7. Курстан курсқа көшу GРА (Grade Point Average) балын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі.
10. ECTS
10.1. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең.
10.2. ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды.
10.3. Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы қажет.
10.4. Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асрылады.
10.5. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады. Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.
10.6. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есептеу мынадай ауыстыру коэффиценттерінің көмегі арқылы жүзеге асырылады:
Практика: оқу – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте; магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте; білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте.
10.7. Университет бойынша және факультеттегі ECTS-ті үйлестірушіні тағайындалған. ECTS Университеттің үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді. ECTS үйлестірушілері оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-тің практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.
10.8. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан ("А"-"Е"), дұрыстауға болатын FX бағасынан) және кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады.
10.9. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы Қағидаларға 3-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалауды балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне ауысу кестесі
ECTS бойынша баға
|
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдардың сандық эквивалент
|
Пайыздық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
А
|
4,0
|
100
|
Өте жақсы
|
В
|
В+
|
3,33
|
85
|
Жақсы
|
С
|
В
|
3,0
|
80
|
D
|
С
|
2,0
|
65
|
Қанағаттанарлық
|
E
|
D
|
1,0
|
50
|
FX, F
|
F
|
0
|
0
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалауды балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне ауысу кестесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдардың сандық эквивалент
|
Пайыздық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
ECTS бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
В
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
С
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
D
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
E
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
FX, F
|
11. Академиялық адалдық
11.1. Академиялық адалдықтың принциптері
Білім беру процесінде өзінің оқуына жауапкершілігін және жеке адалдығын дамыту білім алушылардың академиялық адалдығының негізгі принциптері болып табылады:
- адал ниеттілік – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды әділ, тынғылықты орындауы;
- авторлық құқықты қорғауды іске асыру – бағаланатын жұмыстарда дерек көздерін көрсетуі, басқаның ойын, сөзін бұрмаламай беруі, авторлық құқықтың нысаны болып табылады.
- ашықтық – өзара сенімділік, студенттер мен педагогикалық қызметкерлер және олармен теңестірілген тұлғалардың арасындағы идеялар мен ақпарат алмасудың ашықтығы;
- білім алушылардың бостандығы мен құқықтарын құрметтеу – білім алушылардың пікірімен идеяларын еркін білдіру құқығы;
- теңдік - әрбір білім алушы осы Ережені сақтауға міндетті және бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады
11.2. Академиялық адалдықты бұзу түрлері
Аталған ережелермен академиялық адалдықты бұзудың келесі түрлері қарастырылады:
Плагиат:- басқа дерек көздерінен алынған материалды авторлық құптаусыз немесе дереккөздерді көрсетпей жартылай немесе толық иемдену;
Плагиат әр түрлі формада көрінуі мүмкін;
дәйексөзде сәйкес пунктуацияларды (тырнақшалар) қолданбау немесе дерек көздерін көрсетпеу;
ақпарат көздерін көрсетпестен ақпаратты өзгертіп жазу;
басқа біреудің идеясын немесе аргументін авторға сілтеме жасамастан қолдану;
толық немесе жартылай басқа студенттің орындаған жазбаша жұмысын ұсыну;
Интернеттен алынған курстық немесе дипломдық жұмысты ұсыну;
басқа курс үшін тапсырма ретінде орындалған курстық жұмысты ұсыну.
Сыбайласу: - кез келген бағаланатын жұмысты өзге білім алушылар үшін орындау;
Алдау:
- бағаланатын жұмысты басқа білім алушылардан көшіріп алу;
- бағаланып кеткен жұмысты қайталап көрсету, өткізу;
- уақытында орындамаған бағаланатын жұмыс үшін жалған ақталу;
- топтық жұмыс қарастырылмағанда бағаланатын жұмысты екі немесе одан да көп білімалушылардың орындауы;
- басқа білім алушыларға саналы түрде көмек көрсету, өзінің бағаланатын жұмысынан оған көшіріп алуға мүмкіндік беру;
- басқалардың бағаланатын жұмысын өзінің меншігі ретінде көрсету;
Бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу:
- бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде жауаптарды беру;
- бағаланатын жұмыстардың жауаптарын өткізілетін мерзімінен бұрын білім алушы, оқытушы, немесе оқытушыға теңестірілген тұлғаның көмегі арқылы алу;
- бағаланатын жұмыстарды өзінің жұмысы ретінде көрсету үшін оларды сатып алу немесе өзге жолдармен қол жеткізу;
- бағаланатын жұмыстарды дайын күйінде сату, немесе сатып алуға көмектесу;
Ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану:
- қағаз, электронды, цифрлы тасмалдағыштардағы ақпаратты, техникалық құрылғыларды бақылау жұмыстарын, тестілеуді орындау кезінде пайдалану;
- бағаланатын жұмысқа қатысты кез келген жауаптарды электронды пошта, компьютер және т.б. жолмен көшіру;
- бағаланатын жұмыстарға қатысты материалдарды профессор-оқытушылардың кабинеттерінен немесе компьютерлерінен қағаз не электронды тасымалдаушы құралдар көмегімен алып кету.
Академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтың тізімі осымен шектелмейді, қажеттілікке қарай толықтырылып отырады.
11.3. Жауапкершілік және жазалау
Білім беру процесіне қатысушылар акдемиялық адалдық принциптерінің бұзылуына моральды жауап беретіндіктерін есте сақтауға міндетті. Плагиат, дипломдық жұмыс пен курстық жұмысты сатып алу және сату қауымдастыққа қатысты академиялық адалдық принциптерін салмақты бұзушылық ретінде қабылданады және бөтендердің материалдарын пайдаланғандығы үшін шара қолданылады. Әрбір Ереже бұзушылықты оқытушылар тіркейді және студенттің ағымдық немесе қорытынды жұмысы бағалау процедурасына жіберілмейді. Оқытушылар студенттердің жұмыстары плагиатқа веб-жүйелер көмегімен тексеруден өтетіндігі туралы оларды хабардар етуге кепілдік береді. Кітапханашылар студенттер мен оқытушыларды жұмыстарда қолданылатын ресурстарға, библиографияларға, кітаптар көрсетілген сілтемелерге, журналдарға және Интернет-сайттарға қатысты келісімдермен қамтамасыз етеді.
12. Білім алушыларға академиялық қолдау көрсету
12.1. Студенттерге білім алу үдерісінде тікелей эдвайзерлер, және декандар қолдаулар көрсетіледі.
12.2. Оқуға қабылданған сәттен бастап білім алушы кез келген уақытта кафедраның кез келген оқытушысынан, эдвайзерден, кафедра меңгерушісінен, деканнан және оның орынбасарынан көмек сұрай алады.
12.3. Эдвайзер – Университеттің оқу үдерісінде жекелеген студентті немесе оқу тобын сүйемелдейтін, білім бағдарламасын игеруде студенттерге басшылық жасайтын, олардың кәсіби дамуын қадағалайтын оқытушы.
12.4. Эдвайзер:
оқытушының алдын ала келісімімен барлық оқу сабақтарына (лекциялар, семинар, ОСӨЖ, сынақ, емтихан және т.б.) қатысуға;
факультет деканының келісімімен мәжілістерге қатысып, оқу жоспарларын талқылауға, оқу жұмысының формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру барысында ұсыныстар беруге;
оқу үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге, Университеттің білім беру ісіндегі түрлі аспектілер бойынша белсенділік танытуға;
жетекшілік жасайтын студенттерге қатысты барлық мәселелерді талқылауға және шешуге ат салысуға;
жетекшілік жасайтын студенттердің оқу үлгерімі мен тәртібі жайында Университеттің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық материалдарымен танысуға;
факультеттер мен Университеттің тәрбие жұмысының жоспарын, студенттердің қызығушылықтары мен тілектерін ескере отырып, басшылық жасайтын топта оқу-тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру формаларын, әдіс-тәсілдері мен амалдарын өз бетінше таңдауға;
факультет пен Университеттің барлық әкімшілік және қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру барысында студенттердің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын, мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар айтуға;
топ студенттерінің ата-аналарымен немесе туысқандарымен байланыс орнықтыру мүмкіндігіне ие болуға;
топ студенттерінің жекелеген істері бойынша әкімшілік шешімдер немесе қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарын әзірлеуге және қабылдауға ат салысуға (шәкіртақы тағайындау, әкімшілік және қоғамдық жаза түрлерін белгілеу, Университеттен оқудан шығару);
студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарына ат салысуға, олардың жұмыстарын жақсартуға байланысты ұсыныстар беруге, осы органдардың жұмыстарында жедел тапсырмаларды орындауға топ студенттерін тартуға;
осы ережеге сәйкес өз жұмысы үшін материалдық және моралдық мадақтау мен сыйақы алуға құқылы.
12.5. Эдвайзер:
мамандықтың дайындық бағыты бойынша оқу жоспарын игеруде студенттерге жекелей жәрдем беру жұмыстарын ұйымдастыруы;
басшылық жасайтын топтың сабақ оқу кестесінің және дербес оқу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруы;
оқу-әдістемелік басқарма әдіскерімен сабақ кестесін келісе отырып жүзеге асыруы («терезенің» болмауы, апта күндері бойынша жүктеменің біркелкі бөлінбеуі, бір кафедрадан екінші кафедраға жету үшін уақыттың жеткілікті болуы);
пәндерді таңдауда дербес білім беру траекториясын құруда студенттерге жәрдем беруі;
дербес жоспар бойынша білім алушы студенттердің оқу ісін жетілдіруді жүзеге асыруы;
электронды журналдағы деректер бойынша студенттердің сабаққа қатысым мониторингін жүзеге асыруы, сабаққа қатысым журналының жүргізілуіне бақылау жасауы;
студенттің сабаққа қатыспау себебін анықтауы және сабаққа қатыспау фактілері бойынша шара қабылдауы;
студенттердің ата-аналарымен байланыс орнықтыруы, олардың оқу үлгерімі жөнінде өз уақытында мәлімет беріп отыруы;
басшылық жасайтын топтарда офис регистратормен бірлесіп студенттердің аралық рейтингісін жүргізуді жүзеге асыруы (бір семестрде 2 рет, 7, 13, 21, 28-апталар) және тиісті деканатқа есеп беруі;
қорытынды рейтинг нәтижесі бойынша жылына 2 рет есеп беруі;
аралық және қорытынды рейтинг нәтижесі жөнінде студенттердің ата-аналарын хабардар етіп отыруы (бір семестрде 2 рет);
өзіндік жұмыстарды жоспарлауда және оқу графигін орындауда студенттерге көмек көрсетуі;
студенттердің ғылыми жұмыстарының орындалуына (конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, жобаларға және т.б.)
көмек көрсетуі;
оқу-әдістемелік әдебиетті дұрыс және тиімді пайдалануға жәрдем беруі;
Университет кітапханасынан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды өз уақытында алуға және электронды кітапхананы пайдалануға бақылау жасауы;
пән оқылып біткен соң Университет кітапханасына оқулықтың уақтылы тапсырылуын қадағалауы;
студенттерді мемлекеттік және шет тілдерін білуге тартуы;
студенттерді академиялық ұтқырлыққа тартуы;
білім беру қызметтеріне студенттердің төлемақы төлеуі бойынша бақылау жүргізуі;
топ старосталарының жұмысына жәрдем беруі, оларды таңдау және тағайындауға тікелей ат салысуы;
басшылық жасайтын топ студенттеріне ақпараттық іздеу жұмыстарын жүргізуді үйретуі, кез келген тасымалдағыштардан ақпараттарды таба білу шеберлігін қалыптастыруы;
студенттерді Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық шараларға тартуы, оның ішінде оқудан тыс мәдени жұмыстарды ұйымдастыруы, театр, кино, мұражайларға баруларын ұйымдастыруы;
студенттерге ғылыми тақырып пен ғылыми жетекші таңдауға жәрдем беруі;
студенттерді ғылыми жұмыстарды рәсімдеу ережелерімен таныстыруы;
студенттерді Университет Жарғысымен, білім беру ісін жүргізу құқығындағы лицензиямен, Университеттің ішкі оқу тәртібі Ержелерімен және оқу үдерісін ұйымдастыруда қабылдау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен таныстыруы;
шетелдік (оралман) студенттердің Қазақстан Республикасы аумағына келу және тұру ережелерін сақтауына бақылау жасауы;
студенттердің бойында төзімділікті, адам құқығы мен бостандығын бағалауын нығайтуды, мінез-құлық нормасы мен құндылықтарды, оқу тобының ішінде әдеп және моралдық нормаларды, өзара түсіністікті, ұлтаралық, этникалық, діни, және тілдік теңдікті қалыптастыруы;
студенттердің оқуына, өмірі мен тұрмысына қатысты Университет ректорының, факультет деканының бұйрықтары мен өкімдерін таныстыруы және түсіндіруі;
әрбір студентті, оның материалдық және отбасылық жағдайларын, сондай-ақ олардың рухани қажеттіліктерін, жеке басының ерекшеліктерін, бейімділігі мен қызығушылығын білуі;
студенттердің тұрмыстық жағдайларымен танысуы, кемінде бір семестрде бір рет жатақханада және пәтерде тұратын шетелдік студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысуы, студенттердің тұрғынжайы ауысқанынан хабардар болуы;
топтағы жетім, мүгедек, аз қамтылған балаларға ерекше көңіл бөлуі;
Дәрігерлік есепте тұратын студенттер жөнінде, олардың денсаулықтары жөнінде хабардар болуы;
туберкулез, наркомания, шылым шегу, ЖИТС, жұқпалы жыныс аурулары және т.б. аурулардың алдын алу жөнінде әңгімелер жүргізуі;
өзінің іс-әрекет саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілер мазмұнын білуі;
студенттерді өздерінің құқықтары мен міндеттері жөнінде хабардар етуі;
студенттердің Университетте оқытудың жаңа формалары мен тәсілдеріне бейімделуіне жәрдем беруі;
студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетінше білім алу және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға ықпал етуі;
ақпараттық және білім беру кеңістігіне бейімделуге жәрдем беруі;
білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылармен серіктестік қатынастардың құрылуына жәрдем беруі;
топта сабақ жүргізетін оқытушылармен байланыс жасап тұруы тиіс.
12.6. Эдвайзердің жұмысы университет оқытушысының маңызды көрсеткіші болып табылады және профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдық орнына конкурстан өтуде есепке алынады.
12.7. Деканат кеңесі факультеттер эдвайзердің жұмысын үйлестіріп отырады және әдістемелік әрі ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |