Дәнді астық дақылдарының өсу және даму кезеңдері
Тапсырма:
Дәнді астық дақылдарының вегетация кезеңдері мен органогенез кезеңдерін оқып–үйрену, 2.6–кестесін толтыру.
Вегетация кезеңдері бойынша өсімдіктердің суретін салу.
Органогенез кезеңдерімен танысу, даму кезеңдері мен органогенез арасындағы байланысты белгілеу, 2.7–кестесін толтыру.
Тапсырмаға түсіндірмелер:
Дәнді астық дақылдарында мынадай вегетация кезеңдерін ажыратады: өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену, пісу. Кезеңнің басталуы деп оған 10% бөлігі кіріскенде, ал толық кезеңі деп оған өсімдіктердің 75% кіріскенде атайды. Әрбір кезеңнің өтуі жаңа визуалды байқалатын өзгерістердің түзілуімен байланысты және әртүрлі ұзақтығымен ерекшеленеді.
Дәнді астық дақылдары өздік даму үрдісінде бірқатар органогенез кезеңдерін (этаптарын) өтеді, олар жаңа мүшелер түзумен сипатталады. Ф. М. Куперман тұжырымы бойынша дәнді астық дақылдары тіршілік үрдісінде 12 органогенез кезеңдерінен өтеді, олар өсімдіктердің өсу және даму сипатын қадағалауға мүмкіндік береді.
Материалдар мен құрылымдар:
Дәнді астық дақылдарының вегетация кезеңдері бойынша натуралық үлгілері мен гербарийлері.
Оқулықтар, кестелер, суреттер.
2.6 – кесте - Дәнді астық дақылары вегетациялық кезеңдерінің негізгі белгілерінің сипаттамасы
2.7 – кесте - Біржылдық өсімдіктердің онтогенезінде мүшетүзу және жастық арасындағы байланыс
Дәуір
|
Этап (кезең)
|
Органогенез кезеңіндегі басты үрдістер
|
Даму кезеңі
|
Өнімділік элементі
|
|
|
|
|
|
Өздігінен тексеру сұрақтары:
Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы деп нені түсінеді?
Егін көгі кезеңінің сипаттамасы, басталуы және аяқталуы деп нені есептейді? Көктеу кезеңінің ұзақтығы, аймақта аталған кезеңнің оңтайлы өту жағдайлары.
Түптену кезеңінің сипаттамасы. Бұл кезеңнің оңтайлы өту жағдайлары.
Өнімді және жалпы түптену, шабан өркен, мамықшөп түсініктері.
Түтікке шығу кезеңінің сипаттамасы, оның ұзақтығы.
Гүлдену кезеңі, белгілері, ұзақтығы.
Пісу кезеңі. Бұл кезеңнің оңтайлы өту жағдайлары, ұзақтығы. Пісу кезеңдерінің (сүттене, балауыздана, толық пісу) белгілері.
№3 зертханалық-іссаналық сабақ: Биологиялық өнімділікті және оның құрылымын анықтау
Тапсырма:
Өнімділік құрылым элементтерін анықтау, 2.8–кестені толтыру.
Негізгі дәнді дақылдарының биологиялық өнімін есептеу.
Өнімділік құрылымы бойынша өнім деңгейін анықтау және қорытынды жасау.
Оңтайлы сабақ жиілігі бойынша тұқымның себу мөлшерін есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |