Елімізде астық өндіру ісін ұдайы арттыру, халық шаруашылығында
алатын орнына қарай ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Астық
шаруашылығын дамытуда, атап айтқанда мал азықтық дақыл өндірісінде
сапалы өнімдер алу үшін тритикале дақылын өсірудің маңызы зор.
Республикамыздың – табиғи климаттық ресурстары тритикале дақылының
жоғары сапалы дәнін алуға және оны кеңінен өсіруді қамтамасыз ететін
мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Жер шарында өсетін өсімдіктердің 350 түрінің 15 түрі астық
тұқымдастарына жатады. Осы өсімдіктер негізінен жер жүзі халықтарының
энергия қоры деуге болады. Астық тұқымдастарының ішінде бірінші орында
тұрған ең бағалысы жұмсақ бидай (Triticum aestivum) екені белгілі. Бидайдың
бұл түрі жабайы бидай түрлерінің (Aegilops) өзара табиғи будандасу арқылы
пайда болған полиплоидты дақыл деп есептелінеді. Өткен ғасырдың орта
шенінде бидай (Triticum) мен қарабидай (Secale) түрлерін будандастыру арқылы
жасанды тритикале дақылы шығарылып өндіріске қосылды. Шығарылған жаңа
жасанды дақыл, бидай мен қарабидайдан алған бағалы қасиеттері мен белгілері
бойынша ерекшеленеді. Дән өнімділігі мен балауса көк шөбінің шығымы,
дәніндегі және жасыл шөбіндегі ақуыз, алмаспайтын лизин амин қышқылы
құрамының жоғары болуымен қатар суыққа және ауруға төзімділік қасиеттері
бойынша айрықша дақыл болып саналады.
Әлемде дәнді дақылдар өндірісі ішінде бидай егісі әрдайым бірінші
орында тұратыны баршаға мәлім. Орта Азиада бидайды көп егетін аймақ болып
Қазақстан Республикасы табылады. Еліміздегі маңызды стратегиялық ресурс ол
астық өнімі, ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі саласы. Сонымен қатар,
астық дақылдарын өсіру Қазақстан ауылшаруашылығын дамытудың әлеуетті
бағыттарының бірі. Ал бидай тек стратегиялық дақыл болып қана қоймай, ауыл
шаруашылығында маңызы жоғары халық игілігі. Астық өндірісі
Республикамыздың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғана емес,
сондай-ақ шет елдерге экспорттау үшін де өндіріледі. ФАО болжамына сәйкес
2050 жылда ғаламшардың халқы 9 миллиардқа дейін өседі деп күтілуде
.Сондықтан 2030 жылға ғаламшар халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін
потенциалды өнімділікті 30-40% ға көбейту қажет.
Астық өндірісінде Қазақстан тек өз қажеттілігін ғана емес, Орта Азия
республикаларының да қажеттіліктерін қамтамасыз етті. Қазақстанда өсірілген
қатты бидай макарон өнімдерін, сондай-ақ Балтық және басқа республикаларға
нан өнімдерін шығаруға экспортталады. Қазақстанда жыл сайын, өсімдік
ауруларының кесірінен 3,5-тен 9,5 ц/га-ға дейін астық жоғалады, осы орайда
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәнді дақылдардың әр түрлі
аурулар (қатты қаракүйе) мен зиянкестерге қарсы генетикалық төзімділігін
жоғарылату, агротехникалық шараларды жақсарту және қоршаған ортаның
өзгеруіне бейімдеу зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады. Еліміздің
басты мақсаты –егін шаруашылығын тұрақтандыру, елдің азық-түліктік
қауіпсіздігі мен оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік нарықтағы
экспорттаушылар клубында лайықты орынды иелену. Халықаралық нарықта
Қазақстанның орны жылдан жылға нығаюда. Бүгінгі таңда Қазақстан
көшбасшы бидай экспорттаушы ондықтың арасында: АҚШ, ЕуроОдақ,
Аргентина, Австралия, Канада т.б. Қазақстан шамамен 8 млн. тонна бидайды
40-тан астам елге, мысалы, Еуропа, Таяу Шығыс, Араб мемлекеттері және т.б.
елдерге экспорттайды
Достарыңызбен бөлісу: |