Умк по инженерному проектированию


Тақырыбы: Шартты кері байланысы бар жүйелердің адаптивті қасиеттерін зерттеу. Жұмыс мақсаты



жүктеу 4,48 Mb.
бет265/269
Дата08.02.2020
өлшемі4,48 Mb.
#28619
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269

Тақырыбы: Шартты кері байланысы бар жүйелердің адаптивті қасиеттерін зерттеу.

Жұмыс мақсаты: Matlab программасында қатаң құрылымды және адаптация қасиеттеріне ие жүйелерді зерттеу.

ПОӘК 042–14.01.20.ХХ/02-2008

____________ № 1 басылым


124 беттiң 121-сi



Кіріспе бөлім

Басқару нысанының қасиеттері тұрақсыз немесе жеткілікті белгісіз болған жағдайларда қарапайым автоматты басқару жүйелерінің жұмысы қанағаттандырмайды және басқару сапасы өте төмен. Нысанның параметрлеріндегі күтпеген өзгертулерді ескеру және параметрлері жекелей немесе толығымен белгісіз нысандарды басқару қажеттелігі жаңа, жетілген автоматты жүйе – адаптивті жүйелерді жасауға әкелді.

Адаптивті немесе бейімделуші (приспособливающиеся) жүйелер – бұл басқарушы құрылғының сұлбасы мен параметрлерін өзгерту жолымен басқарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете отырып сыртқы әсерлер мен басқару нысанының қасиеттерінің өзгерістеріне автоматты түрде бейімделетін жүйелер.

Қарапайым адаптивті емес басқарумен салыстырғанда адаптивті басқару пинциптерін қолдану төмендегілерге мүмкіндік береді:



  1. Басқару нысанының динамикалық қасиетері кең диапазонда өзгеретін жағдайларда жүйенің жұмыс режимінің оптимизациясын жүзеге асыруға;

  2. Жүйенің сенімділігін көтеруге және жүйенің жеке тораптарын жасауға қолданылатын технологиялық талаптарды азайтуға;

  3. Адаптивті нысандардың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеуге бейімдей отырып регуляторлардың унификациясын жүзеге асыруға;

  4. Жүйені жасау және жетілдіру мерзімін азайтуға.

Қайткенмен де адаптивті жүйелер күрделі болып келеді. Сондықтан да олардың дамуымен қоса қарапайым жүйелер класындағы нысанның параметрлерінің өзгерісі кезіндегі жүйенің динамикалық сипаттамаларын тұрақтандыру әдістері де дамыды. Бұл әдістің мәні – басқару контурының сәйкес құрылымын таңдау. Мұны келесідегідей дәлелдеуге болады: теріс кері байланысты енгізу кезінде тұйық жүйеге қарағанда басқару нысанының параметрлерінің өзгерісі аз болады. Қазірде басқару нысанының параметрлерінің өзгерісі кезінде әлдебір шекте динамикалық сипаттамаларды сақтау қасиеті бар адаптивті емес жүйелердің кеңінен таралған үш класы белгілі. Оларға шексіз күшейту коэффициенті бар жүйелер, автотербелмелі режимі бар жүйелер, айнымалы құрылымы бар жүйелер жатады.

Басқару нысанының параметрлерінің өзгерісі кезінде әлдебір шекте динамикалық сипаттамаларды сақтауға шартты кері байланысты жүйелер деп аталатын жүйелер де белгілі бір дәрежеде қабілетті (1,2 сур). Жүйенің құрылымдық сұлбасы 1-суретте көрсетілген.

Бұл жүйеде жүйенің шығыстық сигналы y эталонды модельдің шығыстық сигналымен yэ салыстырылады. Беріліс функциясы k W(S) коррекциялаушы буынның түрлендірулерінен кейін қателік сигналы E жүйенің динамикалық сипаттамаларының берілген эталонды модельден ауытқуын компенсациялау үшін қолданылады.

Жүйенің шығыстық сигналының белгіленуі:



(1)
Мұнда беріліс (задающий) және қоздырушы (возмущение) әсерлеріне қатысты жүйенің беріліс функциялары:
(2)

жүктеу 4,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау