|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаКезектегі демалыс уақытына төленетін жалақы
|
бет | 33/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàКезектегі демалыс уақытына төленетін жалақы
Кезектегі демалысқа шығатын жұмысшы мен қызметкерге мекеме бастығы бұйрық береді. Бұйрыққа байланысты демалысқа шыққан жұмысшы мен қызметкердің кезектегі демалыс күндері табель құжатында белгіленеді. Жұмысшы мен қызметкердің кезектегі демалыс жалақысын есептеу үшін барлық 12 айдың жалақысын қосып, оны 12 айдағы жұмыс күндеріне бөлеміз. Сонда 1 айдын, орташа жалақысы шығады. 1 күннің орташа жалақысын бұйрық бойынша берілген демалыс күндеріне көбейтеміз. Сонда кезектегі демалыс жалақысы шығады.
Кезектегі демалыс жалақысын есептеу кезінде қолданылатын ереже:
Жаңадан жұмысқа кірген жұмысшы мен қызметкерге кезектеп
демалыс уақыты 12 айдан кейін беріледі.
Екі жылдың ішінде кезектегі демалысты беруге тыйым салынған.
Кезекті демалыс әр жылға жеке беріледі және жеке есептеледі.
Кезекті демалыс жалақысын есептеу кезінде есепке алынбайды:
ауырған күндердің қаржысы
компенсациялық демалыс жалақысы
жәрдем қаржысы
спорт жарысында алған сыйлық қаржысы
Еңбек ақыдан ұсталымдарды есептеу және төлем ақы төлеу тәртібі
Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар менқызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорының бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдарға мыналар жатқызылады:
Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде.
Табыс салығы белгіленген заңдарға сәйкес.
Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл және тағы да басқалар).
Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойьнша белгіленген сомалар.
Әр түрлі жарналар жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға тағы басқаларға төленетін төлемдер.
Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар менқызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін және мүлкін және тағы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.
Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.
Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар. Бұл айтылғандардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақыларынан өздеріңің жазбаша өтініштері бойынша жинақ кассаларына салатын салымдары және тағы да басқалар ұсталады.
Қорытынды:
Сонымен кәсіпорындардағы еңбек ақы есебі №19 «Қызметкерлер сыйақысы» ҚЕХС-мен реттеледі. Қызметкерлерге төленетін сыйақыға аталмыш стандарт бойынша оларға орындаған жұмысы үшін төленетін барлық төлем нысандары жатады.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады: кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (жұмыс атқарған уақытына қарай төлеу). Сонымен бірге, қызметкерлерге заңмен көзделген негізгі және қосымша еңбек ақы төленеді.
Ұйымдар ағымдағы сыйақылар сомасын міндеттеме және кезең шығыстарына жатқызылған немесе активтің өзіндік құнына қосылған шығын ретінде тануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|