Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Кесімді және мерзімді төлемақы есептеу және рәсімдеу тәртібі



жүктеу 449,84 Kb.
бет30/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

Кесімді және мерзімді төлемақы есептеу және рәсімдеу тәртібі

Еңбекақы - бұл еңбек үшін төлем оны еңбек келісімі шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.


Кәсіпорында еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, "Еңбекақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім шартын жасаумен қатар шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Жұмыстың күрделілігіне, мөлшеріне және сапасына сәйкес жұмысшылар арасында бөлінетін ақшалай еңбекақы қоры деп аталады.
Еңбекақының жалпы сомасына төмендегілер кіреді:

  • еңбекақы сомасы;

  • ынталандыру сипатындағы төлемдер;

  • еңбек тәртібіне және еңбек жағдайларына байланысты төленетін орынын
    толтыру сипатындағы төлемдер;

  • еңбек туралы заңға және ұжымдық келісім-шарттарға сәйкес кіріс
    уақытына есептелген еңбек ақы сомасы.

Еңбекақы еңбек еткен уақытқа пропорционаллы түрде тарифтік төлем, еңбекақы мөлшері, кесімді баға және аккордты нарядтар бойынша есептеледі.
Жұмыс істелмеген уақыт төлеміне жыл сайынғы және қосымша демалыс төлемі, мемлекеттік және қосымша демалыс төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға қатыстырылған жұмысшылардың жұмыс уақытының төлемі, жұмысшылардың кінәсіз болған кідірістердің, жас- өспірімдердің жеңілдік уақыттарының төлемдері, қызметкерлер штатын және қысқартумен және т.б. жатады.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 "Еңбек ақысы бойынша қызметкерлермен есептесу" шотында жүргізіліп Бұл пассивтік шот. Бұл шоттың кредитінде жұмысшылар мен қызметкерлеге атқарған жұмыстары үшін өндірген өнімдері үшін есептелген еңбекақы сомасы есептеледі. Дебетінде қолға берілетін еңбекақы ақшасы мен еңбекақыдан ұсталатын салықтар мен қарыз қаржылар сомасы жазылады. Еңбекақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі, мына шоттар дебеттеледі:
2930-шоты "Аяқталмаған құрылыс" күрделі құрылыспен шұғылданады және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемдерінің сомаларына
7110-шоты "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөнінін шығындар" өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
7210-шоты "Жалпы және әкімшілік шығыстар" жалпы шаруашылық және әкімшілік басқармашылық қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
8112- шоты "Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы" негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
8312-шоты "Жұмысшылардың еңбекақысы" қосалқы өнірістердің қызметкерлеріне есептелінген еңбек төлемдерінің сомаларына;
8412-шоты "Жұмысшылардың еңбекақысы" цехтағы қызметкерлег есептелген төлемнің сомаларына;
3350 шотының кредитінен басқа шоттардың дебетіне жатқызылған сомасы, есеп объектілеріне тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етіледі. Жалақыны тарату 3350 шотының кредитінен мына шоттардың дебетіне жазылады: 2930,7110, 7210, 8112,8312,8412.
Өндірісте еңбек ететін жұмысшыларға еңбекақы тарифтік кесте (1 кесте) бойынша төленеді.

1 кесте. Тарифтік кесте





РАЗРЯД

I

II

III

IV

V

Жалақы формасы
















Уақыт жалақысы

24,36

24,48

30,56

35,74

46,84

Өнім жалақысы

23,18

24,36

28,74

32,45

43,56

Еңбекке қатынасы коэффициенті

0,8

0,9

1,0



1,2

Бригаданың еңбекақысын есептеу үшін алдымен жалпы кесімді еңбекақыны анықтаймыз, содан кейін осы еңбекақыны бригада мөлшерінің арасында бөлеміз. Ол үшін:


1. Әрбір бригада мүшесінің тарифі бойынша еңбекақыны анықтаймыз.
2.Жұмысқа қатынас коэфициенттерді есепке ала отырып еңбекақыны есептейміз. Ол үшін: тариф бойынша еңбекақысын еңбекке қатынас коэфиенттерін көбейтеміз.
3. Кесімді еңбекақыны бөлу коэфициенттерін анықтаймыз. Ол үшін кесімді еңбекақынын қорытындысын еңбекке қатынас коэфициенттерін есепке алумен есептелген еңбекақыны қорытындысына бөлеміз.
4. Әрбір жұмысшыға төленетін кесімді еңбекақынын сомасын анықтаймыз ол үшін еңбекке қатынас коэфиенттерін есептелген еңбекақыны кесімді еңбекақыны бөлу коэфициентіне көбейтеміз.





Аты-жөні

Жұмыс істеген уақыты

Тариф бойынша еңбекақы

Еңбекке қатынас коэфициен-ті

Еңбекке қатынас коэфициентінің есебімен есептелген еңбекақы

Кесімді еңбекақы

1

Құдайберген А.Қ.

108

19408,44

1.0

19408,44

19408,44

2

Нұрмаханов Е.Я.

108

19408,44

1.0

19408,44

19408,44























жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау