Жұмыс мөлшерінен тыс уақытқа,өндіріс тоқтап тұрған уақытқа қосымша төленетін еңбек ақыны есептеу ж/ә рәсімдеу тәртібі
1.Жумыс мөлшерінен тыс уақытта жұмыс істеген уақыттарға төленетін
жалақы
2.Өндіріс тоқтап тұрған уақытқа төленетін жалақы
3.Түнгі жұмыс уақытына төленетін жалақы
4.Мейрам мен демалыс кундеріне төленетін жалақы
5.Кезектегі демалыс уақытына төленетін жалақы
Жумыс мөлшерінен тыс уақытта жұмыс істеген уақыттарға төленетін жалақы
Жұмыстан кейін қалып жұмыс істеу үшін мекеме бастығының, кәсіподақ Ұйымының төрағасының рұқсаты болуы керек. Жұмысшы мен қызметкер жұмыстан кейін қалып жүмыс істеуі жөнінде оның «өз еркіммен жұмыс істеймін» деген сенім құжаты болуы керек немесе кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының жиналысында бір ауыздан қабылдаған келісімшарт құжаты болу керек. Жұмыстан кейін қалып жұмыс істеген уақыттар табель құжатында белгіленеді. 1 жұмыс күні ішінде жұмыс мөлшерінен тыс уақытта жұмыс істеген уақыт 2 сағаттан аспау керек, ал ауыр, қиын жұмыстарда 1 сағаттан аспауы керек.
1 аптаның ішінде жұмыс мөлшерінен тыс уақыттағы сағат 4 сағаттан аспау керек. Ал ауыр және қиын жұмыстарда 2 сағаттан аспау керек. Жұмыс мөлшерінен тыс уақыттар табель құжатында белгіленеді және бухгалтер табель бойынша жалақысын есептеп, жалақы ведомостіне жазады.
Жұмыс мөлшерінен тыс уақытта, яғни жұмыстан кейін қалып жұмыс істеген жұмысшы мен қызметкерге әрбір сағатына 1,5 есе жалақы төленеді.
Мысалы, «Рельс дәнекерлеу» кәсіпорынның жұмысшысы Абделиевке жұмысшысы қыркүйек айында жұмыстан кейін қалып 4 сағат жұмыс істеді.15-қыркүйекте 2 сағат, 20-қыркүйекте 2 сағат. Оның разряды V. Vразрядтың тарифтік сағаттық жалақысы 950 тг 13 тиын. Жалақысын есептейміз: 4сағ*950,13*1,5=5700,78
Өндіріс тоқтап тұрған уақытқа төленетін жалақы
Өндіріс тоқтап тұрған уақытты комиссия тексеріп, акті құжатына түсіреді. Акті құжатында актінің нөмірі, уақыты, комиссия мүшелерінің аты-жөні, қызметі, өндірістің тоқтап қалу себептері, өндіріс тоқтаған кездегі шығындар ( материалдық заттар және жалақы шығындары ), өндірістің тоқтап қалуына кінәлі жұмысшы мен қызметкердің аты-жөні және кінәлі мекеменің аты жазылады. Құжаттың төменгі жағында комиссия мүшелері қолын қояды. Актіні мекеме бастығы бекітеді. Акті 2 данада жазылады. 1 данасы өндіріс тоқтаған жерде қалады, 2-данасы айыпты мекемеге жіберіледі.
Сәуірдің 3 мен 4-де кәсіпорында материалдық заттардың жетпей қалуынан жұмыс тоқтап қалды. Жұмысшы кінәлі емес. Кәсіпорын күніне 8 сағ жұмыс істейді. ,«Рельс дәнекерлеу» кәсіпорынның жұмысшысы Абделиев разряды III. III разрядтың тарифтік сағаттық жалақысы 590тг 83 тиын. Ол үздіксіз жұмыс істегені үшін 40 % сыйақы қаржысы тағайындалды. Жалақысын есептейміз:
а) қаңтар: 152 сағ*590,83=89806,16
б)ақпан: 160 сағ*590,83=94532,8
в)наурыз: 168 сағ*590,83=99259,44
БАРЛЫҒЫ: 460 сағ 283598тг 40 тиын
Өндіріс тоқтап қалған уақытқа жұмысшы кінәлі болмаған жағдайда орташа айлық жалақысының 50% төленеді. Өндіріс әр түрлі себептерге байланысты тоқтап қалады:
ток күшінің үзілісінен
жұмысшылардың жұмысқа кешігуінен
материалдық заттардың жетпей қалуынан
Достарыңызбен бөлісу: |