Түнгі жұмыс уақытына төленетін жалақы
Түнгі жұмыс уақытында жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір сағатына 1,5 есе жалақы төленеді. Түнгі жұмыс уақыты 22.00 сағаттан басталып, таңғы 6.00-ге дейінгі арлықтағы уақыттар жатады. Түнгі жұмыс уақыты күндізгі жұмыс уақытымен салыстырғанда 1 сағатқа кем болады, Жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі жұмыста жұмыс істеген уақыттары жұмыс уақытын есептейтін табель құжатында жазылады. Айдың соңында жұмыс істеген жұмысшының, қызметкердің жұмыс уақытынын қорытындысы шығарылады. Табель құжаты бекітілген соң бухгалтерияға өткізіледі. Бухгалтер есептеп, жалақы ведомостіне жазады.
Мысалы,«Рельс дәнекерлеу» кәсіпорынның жұмысшысы Абделиевке разряды V. V разрядтың тарифтік сағаттық жалақысы 950тг 13тиын. Ол қыркүйек айында түнгі жұмыста 10 сағ жұмыс істеді. Жалақысын есептейміз:
түнгі жұмыс уақытының жалақысы:
10 сағ* 950,13* 1,5=14251,95
күндізгі жұмыс уақытысының жалақысы:
10 сағ* 950,13=9513
барлық жалақысы:
14251,95+9513=23764,95
Мейрам мен демалыс кундеріне төленетін жалақы
Мейрам мен демалыс күндері жұмыс істейтін жұмысшы мен қызметкерге мекеме бастығы жұмыс істеуі жөнінде бұйрық береді. Жұмысшы мен қезметкердің мейрам мен демалыс күндері жұмыс істеген уақыттары табель
құжатында белгіленеді. Бухгалтер мейрам мен демалыс күндері жұмыс істеген уақыттарына 2 есе жалақы есептейді. Есептелген жалақы жалақы ведомостіне жазылады. Мейрам мен демалыс күндері жұмыс істегені үшін 2 есе жалақы төленбеген жағдайда қосымша демалыс беріледі.
ҚР-ғы мерекелік күндер жұмыс істемейтін күндер болып табылады: Ұлттық мереке:Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл - 1-2 қаңтар Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз Наурыз мейрамы - 22 наурыз.Қазақстан халықтары бірлігінің мерекесі - 1 мамыр Жеңіс күні - 9 мамыр ҚР-ның конституциясы - 30 тамыз.
«Рельс дәнекерлеу» кәсіпорынның жұмысшысы Абделиевке тамыздың 30-ы күні (демалыс күні) вагоннан жүк түсіру жұмысын істеді. Оның разряды III Тарифтік сағаттық жалақысы 940тг 56 тиын.
Мекеме бастығы жұмысшыға 30-тамыз мейрам күні жұмыс істегені жөнінде бұйрық берді. Жұмыс істеген уақыты мөлшер бойынша 8 сағ. Жұмысшы Мейрамовтың мейрам күні жұмыс істеген уақыттарының жалақысын есептейміз:
940,56*8сағ*2есе=15048,96
Достарыңызбен бөлісу: |