Ойын барысында балаға
әртүрлі рөлдер ойнап көрген
пайдалы: тәрбиеші және
күтуші; балабақшаға баруды
жақсы көретін бала және әлі
үйренбеген, жылауық бала;
балаларын балабақшаға
алып келген аналар және
әкелер.
Осылайша, балақай өзін
жасына сай табиғи әдіспен –
ойын арқылы емдейді.
Егер бала жасқаншақтап, анасын жібергісі келмесе,
тәрбиешіден баланы балабақша табалдырығынан күтіп
алуын, бірер жылы сөз айтуын, баланы мақтауын өтініңіз.
Бұл оны айырылысу кезіндегі жабырқатар ойлардан
көңілін бұрып әкетеді, ал тәрбиеші жақынырақ бола
түседі. Білдірмей кетпеңіз – кетіп бара жатқаныңызды
көрсетіңіз. Үйде баламен қоштасудың қызықты тәсілін
ойлап тауып, бірге жасап көріңіздер (ерекше құшақтасу,
қол алысу, сүю).
Бала балабақшаға барған алғашқы күндері және ап-
таларда оған қойылатын талаптарды уақытша азайта
тұрыңыз, үйде жайлы, ақ пейілді орта болуын қамтама-
сыз етуге тырысыңыз, дүбірлі, дүрліктіретін мейрам-ша-
раларды кейінге қалдыра тұрыңыз – бала онсыз да жаңа
әсерлерден есін жия алмай жүр.
ОЙЫН БАЛАҚАЙҒА БАЛАБАҚШАМЕН
ТАНЫСЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОҒАН ҮЙРЕНІП
КЕТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.
Мұндай «балабақша»
ойынында бала жаңа ортада
жағымсыз әсер қалдырған
сәттерге оқыстан әрекет
етеді: бала ойнап отырғанда
ол ересектермен мен бала-
лардың дауыс ырғағына елік-
теп, сөздерін қайталайтынын
(әдетте, дөрекі, өрескел
сөздер), өзі үшін қиын болып
табылатын жайттарды қай-
талап көрсететін байқауға
болады.
Қуыршақтарды, жұмсақ ой-
ыншықтарды пайдаланыңыз.
Енді бала тәрбиеші рөлін ой-
нап, «балалармен» сөйлессін
– апасын жібергісі келмей,
жылап тұрған қонжықты
жұбатсын. «Тәрбиеші» оны
топқа қосылуға шақырады,
қалай ойнауды және т.б.
көрсетеді. Ойында тәрби-
еші болған соң, бала осы
ересекке жақын бола түседі,
ол енді сондай беймәлім, әрі
қорқынышты емес.
i
Мүмкін балаға дәл сізбен қоштасу ауыр тиетін шығар?
Онда жақсы көңіл-күй сақталуы үшін балақайды бала-
бақшаға тым болмаса бастапқы кездері басқа біреу, мысалы,
әкесі немесе әжесі апарсын.
100
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
Үйде сурет салуды баланың
психологиялық жай-күйін
«сейілту» үшін пайдалана
аласыз.
Олар, мысалы, келесі тақы-
рыптағы суреттер болуы
мүмкін: «Менің балабақ-
шам», «Менің қорқынышта-
рым», «Балабақшадағы
балақайлар», «Мен нені
жақсы көремін» және «Мен
нені жақсы көрмеймін».
Бала отбасынан жырақта қалған жағдайда өзін байсал-
ды сезінуі үшін оған үй мен балабақша арасын байла-
ныстырып тұратын бір затты беруге болады:
сүйікті ойыншық, кітап немесе анасына тиесілі бір
бұйым (мысалы, орамал);
балаға арнап, отбасы суретін немесе оның бала-
бақшадағы күні мен кешке ата-анасымен кездесуін
бейнелейтін суреттерден тұратын оқиғаны салып
беруге болады.
Бала кішкентай кезінде суретті ата-анасы баласының
айтқанымен салады. Балақай қажетті қарындаш
немесе бояу түстерін таңдайды, суретте бейнеленетін
адамдардың көңіл-күйін және мінез-құлқын сипаттайды.
Балаға да сурет салуды ұсыныңыз – қолынан келгенше,
содан соң, сіз, бала және суреттегі кейіпкерлер
арасында әңгіме құрыңыздар. Бала үшін бұл - сол
адамдарға және жалпы сол тақырыпқа өз көзқарасын
білдірудің керемет мүмкіндігі. Сурет түзету құралына да
айналуы ықтимал.
Бірге ойланып көріңіздер,
қорқынышты суретті қалай
күлкілі суретке айналдыруға
болады: қалай бұзақыны
тыныштандыруға және
жылауықтың көңілін көтеруге
болады.
101
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
ЕГЕР БАЛА ҚАНДАЙ ДА БІР СЕБЕППЕН БАСҚА
ТОПҚА АУЫССА НЕМЕСЕ ҰЗАҚ АУЫРСА, БАЛАБАҚ-
ШАҒА ҮЙРЕНІСУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЙТА ТУЫНДАУЫ
МҮМКІН. БҰЛ ЖАҒДАЙДА ҚАЙТАДАН БАЛА-
БАҚШАҒА БІРНЕШЕ САҒАТҚА БАРУДАН БАСТАП,
УАҚЫТТЫ БІРТЕ-БІРТЕ ҰЛҒАЙТЫП ОТЫРУ КЕРЕК
ЖӘНЕ Т.С.С.
Баланы балабақшадан алғанда күні қалай өткенін
сұраңыз. Оны өз сезімдерін іркілмей жеткізуге итерме-
леңіз. Егер балақай өзін біреу ренжіткенін, өкпелеткенін
айтса, бірден сол ренжіткен адамды ақтап, балаңызға
қалай әрекет етуі керек болғанын үйретудің қажеті
жоқ. Оны тыңдап алыңыз, уайым-қайғысын қабылдаңыз,
сезімдерін сөздермен жеткізіңіз, мысалы: «Қыздар
ойынға қоспай, сені қатты ренжіткен-ау шамасы, ал сен
ашуландың».
Өткен күн туралы әңгімені тек жағымды сәттерге (пісір-
ме дәмді болды, серуен кезінде аққала жасады, жұлдыз
салып үйренді) назар аударумен аяқтаңыз.
102
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
Балабақшадағы жағдай мұндай баланың әлі қатая
қоймаған жүйке жүйесінің беріктігін сынап, айтарлықтай
күш түсіреді. Таныс емес тағамдардың дәмі, балабақ-
шадағы шу, жаңа әсерлер ерекше тітіркендіргіштерге
айналуы мүмкін. Осылардан қажып, бала жылауық, сыл-
быр, ашушаң бола түседі, әрең ұйықтайды, балабақшаға
барудан бас тартады.
Балабақшаға үйрену тұрғысынан аса күрделі санатқа
денсаулығы әлсіз, жүйке жүйесі шамадан тыс сезімтал
балалар кіреді.
Күйзеліс, ауа-райының өзгеруі олардың ағзасына өзгеше
әсер етеді, бастары жиі ауырады, асқазан-ішек жолдары
жұмысының бұзылушылықтары орын алып тұрады, жиі,
созылмалы болып кететін жоғарғы тыныс алу жолдары-
ның сырқаттарына, ангина, аллергия, диатез туындауына
бейім болады. Аса сезімталдығынан балалар көбінесе
«тістеуік» киімге шағымданады, жуынғанды, шаш та-
рағанды, бас жуғанды ұнатпайды.
Бұл балақайларда жыла-
уықтық, мазасыздық, ұй-
ықтай алмау және ұйықтап
тұрғаннан кейін өзін нашар
сезіну, тәбетсіздік, психи-
калық күйзеліс кезінде,
қызу ойын барысында және
әр-алуан әсерлер алғанда
шаршағыштық байқалады.
Әлсіз балалар балабақшаға үйренуден күйзеліске
түскенде денсаулығындағы ақаулар айтарлықтай өрши
түседі, ал қиын жағдайларда балақайлар ауыр және ұзақ
уақыт бойы сырқаттанады да, балабақшаға бейімделе
алмайды. Мұндай жағдайда мамандармен (невролог-
тармен, психоневрологтармен, психологтармен) кеңесу
қажет.
НЕГІЗІ, МҰНДАЙ БАЛАЛАРДЫҢ БАЛАБАҚШАҒА
БАРУЫН КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРА ТҰРЫП, 5 ЖАСҚА ДЕЙІН
ҮЙДЕ ТӘРБИЕЛЕГЕН ДҰРЫС БОЛАР ЕДІ – ӘДЕТ-
ТЕ, ОСЫ УАҚЫТ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТКІЛІКТІ
ДӘРЕЖЕДЕ НЫҒАЮЫНА ЖЕТЕРДІ. СОНДА БАЛАНЫҢ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БАЛАБАҚШАҒА ҮЙРЕНІСУІ ҮШІН
БІР ЖЫЛ УАҚЫТЫ БОЛАДЫ.
103
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
Достарыңызбен бөлісу: |