Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет26/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48

Тәрбиеші-
ден баланы 
мәжбүрлеп 
тамақтан-
дырмауын 
өтініңіз.
Мүмкін болса, баланы 
балабақшадан аздап 
ертерек алып кетіңіз.
Кешкі уақытты жайлы 
және жағымды ортада, 
баланың мінез-құлқы ту-
ралы ақыл айтусыз және 
шулы ойындарсыз өткізу 
қажет.
Балабақшадан үйге 
қайтып келгенде 1-2 сағат 
уақытты жүйке жүйесіне 
түскен күштен босауға 
жұмсау қажет – балаға 
таза ауада, ойын алаңын-
да бойын жеңілдетуге 
мүмкіндік беру керек. 
Егер баланың бойынан жүйке жүйесі әлсіреуінің 
жоғарыда аталған барлық белгілері емес, тек кейбірі 
ғана байқалса, әрі айтарлықтай айқын білінбесе, оны 
балабақшаға 5 жастан де ертерек беруге болады, бірақ, 
бейімделу ұзағырақ (жарты жылға дейін) жүреді және 
ересектердің балаға тиісінше қарауын талап етеді, атап 
айтқанда:
Ата-аналар тәрбиелеушіні баланың бойындағы ерек-
шеліктері туралы хабардар етуі тиіс, сонда ұстаз күні 
бойы балаға ортақ у-шу ойыннан үйреншікті ырғаққа – 
жалғыз ойнау, демалу, көңілін аулауға көшу мүмкіндігін 
береді.
104
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16


ҰЯЛШАҚ
БАЛАЛАР
17
105


Б
үгінгі таңда тіл табысу, мәмілеге келу, дау-жанжалдарды 
шешу қабілеттері табыстылықтың негізгі шарттарының 
бірі болып табылады. «Тіл табыса білу» - құпталып қана 
қоймайды, енді оқуға, жұмысқа қабылдау кезінде талап 
етіледі. Қызметтер нарығында тіл табысу дәрістерінің 
сан-алуандылығынан көз сүрінеді, ондай дәрістер бары-
сында адамдар әртүрлі «бетперде» киіп, бір-бірімен тіл 
табысуды үйренеді. 
Әрбір дені сау бала туыла сала тілдесуге, өзге адамдар-
мен өзара әрекеттесуге мұқтаж. Бала өсіп-жетілген сайын 
оның өзгелермен әрекеттесу түрі мен мазмұны өзгереді, 
бірақ тілдесу/әрекеттесу қажеттілігі өзгеріссіз қалады. 
Бала дүниеге келеді, әзірге оның айналасында тек өзіне 
етене жақын адамдары ғана болады. Әлем сондай қара-
пайым және түсінікті, ал басқа адамдар, қоғам, балабақша, 
мектеп пайда болғанда бәрі сондай қарапайым емес не-
месе мүлдем қарапайым емес! Өзара әрекеттесу мұқтаж-
дығын сезіне отырып, бала айналасындағы адамдармен 
қуана-қуана араласады, бірақ сол қарым-қатынастар 
жемісті болуы үшін бірталай ережелерді жаттап алу 
керек! Біз, ересектер, үшін бұл ережелер әбден түсінікті 
және қарапайым болып көрінгенмен, балалар үшін – тұта-
стай бір ғылым.
«Неге үй алдында отырған 
әжелермен амандасу ке-
рек, ал автобуста отырған 
әжелермен амандасу 
керек емес?» 
Қандай да себептерге 
байланысты болмасын, 
жоғары бейімділік 
қабілетіне ие (әртүрлі 
жағдайларға оңай бей-
імделе алатын) балалар 
қоғамда қабылданған 
мінез-құлық үлгісін ай-
тарлықтай тез меңгеріп 
алады, бірақ, бұл істе 
қиындыққа тап болатын 
балалар да бар.
«Кімге «сен», ал кімге «сіз» деп айту керек?». Бұл - бала 
қоятын сұрақтардың тек бірқатары ғана.
«Неге апам өзі маған 
бейтаныс адамдармен 
сөйлеспе деп айтып 
алып, мына бейтаныс 
апайға өз атымды айтпа-
сам, маған ашуланады?»
106
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


ҰЯЛШАҚТЫҚ «БЕТПЕРДЕСІНІҢ» АСТЫНДА 
НЕ ЖАСЫРЫНУЫ МҮМКІН?
«Интроверт»-балалар. Психология ғылымында «экс-
траверт» және «интроверт» ұғымдары бар. Аталмыш 
ұғымдармен көпшілік таныс шығар. Экстраверсия және 
интроверсия темперамент (мінезділік) ретінде адамға 
тумысынан беріледі. Экстраверт – сыртқа ұмтылатын, ал 
интроверт өз ішіне тығылуға ұмтылатын адам. Экстра-
верт тысқары әлемге (басқа адамдарға, қарым-қаты-
настарға), ал интроверт өзінің ішкі әлеміне көп көңіл 
бөледі. Екеуінің де артықшылықтары да, кемшіліктері де 
бар, бірін жақсы, екіншісін жаман деуге келмес (бірақ, 
біздің қоғамда экстраверт тұлғалар үстемдік ететіні – 
бұлтартпас шындық). Интроверт-балалар кітаптар, ой-қи-
ялдар, бұйымдар және та-
биғат құбылыстары әлемін 
адамдар әлемінен артық 
көреді, жалғыздықты жаны 
қалайды. 
ЖЕҢІЛ ДӘРЕЖЕДЕГІ ҰЯЛШАҚТЫҚ МІНЕЗДІҢ БІР 
БӨЛІГІНЕ, тұлғаға тән өзіндік қасиетке айналуы мүмкін, ал 
күрделірек жағдайларда тек қана айналадағылармен өзара 
қарым-қатынасты ғана бұзып қоймай, жалпы баланың және 
оның жақындарының өмірінің шырқын бұзуы мүмкін. Мұндай 
мінез-құлық бір емес, бірнеше нақты себептердің қабысуының 
салдары болып табылады.
ҰЯЛШАҚТЫҚ ДЕГЕН НЕ?
ЗҰялшақ баланы тану өте оңай: міне, ол бөлмеге кіріп 
келе жатыр, анасының артына тығылады, психологқа 
үрейлене қарайды, сұрақтарға біраз іркіліп барып 
жауап береді, ал кейде мүлдем үндемейді. Бейтаныс ба-
лалар арасына түскенде өзі бірінші болып таныспайды 
– шетте бақылап тұрады. Мұндай бала қатарластарының 
арасында көшбасшы болмасы анық, өзіне тиіскен ба-
лаға тойтарыс та бере алмас... Дегенмен де, осындай, бір 
қарағанда бірдей мінез-құлық артында кейде мүлдем 
әртүрлі себептер жатуы мүмкін. Ұялшақтық – бала нақты 
бір жағдайға түскенде өзі қалыптастырған, белгілі бір 
мінез-құлық түрі деуге болады. Бұл - бөтен адамдардың 
алдында жасқаншақтық пен қысылудан бастап, олармен 
тілдесуден түсініксіз себептермен қорқу немесе тіпті бас 
тартуға дейін әрқилы көрініс беретін күрделі күй.
107
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


Оқу үлгерімінде қиындықтары бар балалар. Кейде 
ұялшақтық бетпердесі артында сөйлеу және ақыл-өріс 
үдерістеріндегі ақаулар жасырынып жатады. Ата-анасы 
мұндай баланың сәтсіздікке ұшырауын ұялшақтығымен 
түсіндіреді. «Баламыз ұялшақ, сондықтан, көп ойнамай-
ды». Ал шын мәнінде бала ой-қиялының жұтаңдығынан 
қалай ойнауды білмейді! Немесе «ол ұялып тұр, сон-
дықтан, осылай сөйлейді», ал жақынырақ барып қараса, 
сөйлеу қабілетінде ақаулар байқалады (жеткілікті сөздік 
қоры жоқ, өзіне қаратылып айтылған сөзді түсіне алмай-
ды, дыбыстарды айтуда өзіндік ерекшеліктері бар).
Егер бала интроверт болса, оған көп серік, көп дос қажет 
емес, бірақ, ата-анасы бар күшін салып, оны экстраверт-
ке (әсіресе, ата-анасы өздері экстраверт болса) айналды-
руға тырысса, бала ұяң болып көрінуі мүмкін. Бұл ретте, 
интроверсия ешбір жағдайда ұялшақтықты білдірмейді! 
Мысалы, 9 жасар Әділ әжесінің ауылына барып, атқа 
мініп үйренгісі келеді, ал қамқор ата-анасы оны жазғы 
лагерьге береді (Әділдің досы аз ғой!) – танысып үйрен-
сін – пайдалы болады деп ойлайды.
Бұл жағдайда ата-анаға өз баласымен жақынырақ «та-
нысып», ол үшін ненің маңызды, ал ненің онша маңызды 
емес екенін білуі, сонымен қатар, интроверт-балаға 
экстраверттер әлемінде ұялшақ болып кетпеуге үйретуі 
қажет.
108
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау