МАЗМҰНЫ
|
|
КІРІСПЕ
|
3
|
І ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
|
5
|
1.1 Электрондық оқу құралын қолдану және құралдарын дайындау мәселелері
|
5
|
1.2 Электрондық оқу құралдарын құру жүйелеу және құрылымдық тұрғыдан ұйымдастыру
|
11
|
ІІ HTML БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАҚТАУ
|
22
|
2.1 HTML тілінде электрондық оқу құралын жасақтау
|
22
|
2.2 «Биомеханика» пәнінен электрондық оқу құралының сипаттамасы
|
42
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
51
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
52
|
ҚОСЫМША
|
53
|
КІРІСПЕ
Таңдалған тақырыптың өзектілігі: Бүгінде әлемде ғылым және техниканың информатика секілді жылдам әрі бағытты дамып отырған саласы жоқ. Әрбір жыл сайын студенттерге жаңа электрондық оқу құралдар, кешендер жасақталуын қажет еттеді.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Оқу процесін автоматтандыруға ерекше назарды аударған жөн, себебі, «қолдық әдістер» өз мүмкіншіліктерін әлдеқашан сарыққан. Оқу жүйесін автоматтандырудың ең оңтайлысына компьютерлендіру жатады, яғни оқуға арналған уақыттар ішінде білім беруге және қолдану және оқушы білімдерін тексеру нәтижелерін өңдеуге машинаны қолданған жөн. Компьютерлерді көбірек қолдану, ең алдымен өз жұмысында мұғалімдер қолданатын күрделі процедураны автоматтандыруға, сөйтіп барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Білім берудің кез-келген саласында «электрондық оқу құралдарын» пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқыту үдерісінде электрондық оқу құралдарын пайдалану арқылы студенттердің білімдерін жоғары деңгейге көтеруге бағытталып жатыр.
Қазіргі кезде елімізде қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспейтіндігі белгілі, сондықтан қазақ тіліндегі электронды оқулықтардың жоқтығы таңқаларлық жағдай емес.
Зерттеу мақсаты: HTML гипермәтіндік тілінде «Биомеханика» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау.
Зерттеу міндеттері:
Электрондық оқулыққа жалпы шолу;
Пән бойынша дәрістер жинақтау;
Оқу үрдісінде қолданылатын компьютерлік технологияларды зерттеу;
HTML тілінде web парақтар құру принциптерін үйрену.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер «Биомеханика» пәнінен сандық қор құралы жасақталса, онда компьютермен пән бойынша тапсырмалармен жұмыс жасауды үйренушілер үшін тиімді жолдар көбейеді, өйткені оны өз бетімен оқу мүмкіндігі көбейеді.
Зерттеу пәні: «Биомеханика» пәнінен электронды оқу құралы.
Зерттеу нысаны: HTML тілі.
Зeрттeу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша басылымдарды талдау, ақпаратты жинақтау және сұрыптау, өңдeу, жобалау, индукция, дедукция, қорытындылау.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Электрондық оқу құралын және оны HTML тілінде жасақтаудың теориялық негіздері зерттелді. HTML тілінде «Биомеханика» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталды.
Құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе және екі бөлімнен тұрады.
Кіріспеде зерттелетін тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, , зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зeрттeу әдістері, зерттеудің теориялық және практикалық мәні, құрылымы беріледі.
«Электронды оқу құралын жасаудың теориялық негіздері» бөлімінде ақпараттандыру жағдайындағы электрондық оқу қорларын пайдалану тиімділігі, электрондық оқу құралына қойылатын талаптар баяндалады.
І ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Электрондық оқу құралын қолдануы және құралдарын дайындау мәселелері
Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқу құралын барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді..
Электрондық оқу құралын жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқу құралымен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқу құралы мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқу құралы өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ПЭВМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде)қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады. Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек, онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады
Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқу құралы" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқу құралы" шығару болып табылады.
Электрондық оқу құралын дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондык оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
электрондық оқу құралын курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
электрондық оқу құралын кәдімгі оқулықтар мазмүнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқу құралын пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
оқу құралын шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқу құралының құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмүндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график түрінде беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмүнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бүлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері
1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның
күрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мүқият зерттеп, айқындауға саяды.Мүны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.
2. Оқу құралының интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан
зерттеулер компьютерлік оқыту программаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.
Шетел психологтарының еңбектерінде компьютерлік программалардын безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. "Жақсы интерфейс ыңгайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М.Донской. -Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, "Мұнда тұрған не бар" – дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол программаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады" .
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік окыту күралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл -
жүйелік безендірудің негізі, ол қүрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау
процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін
факторлардан қүралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл
тәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информа-
тика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуника-
тивтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға
мүмкіндік туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмүны мен қүрылымына койылатын талаптарды анықтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезінде
материал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан
бастайды. Мүндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бүл оку материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу құралының материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін үйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмүндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді үйымдастырылғанына байланысты.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқу құралын оқытудың негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалын-Да асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде Жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп қүрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмүн элементтері арасындағы мета-тегтер дұрыс қойылуы тиіс.
4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның косылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды кабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып түрған объект адамның назарын өзіне аударады. "Анимациялык интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ колдану қажет. Пайдаланушыны таң қалдырамын деген әрекет көп жағдай-ларда, пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені кабылдамай тастауына соқтырады",-дейді М.Донской .
5. Оқулықты қүруда колданылатын қүралдарды анықтау. Казіргі талап-
тарға сай электрондық окулық жасап шығаруда программалау тілдері (Dеlрhі,
Vіsual Ваіс, С++, НТМL, Jаүа Sсrірt т.с.с.) және FгоntРаgе Ехргеss, Місгоsоft
Рublіshег. программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік
ұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалық
құралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы
ғана жүзеге асыруға болады.
Бүгінгі таңда окушылар мен студенттер үшін электрондық оқулық мектепте, ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы Республикалык білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының жұмысы да қайта оралып келіп түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратыны талас тудырмаса керек.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші кұралдарды молынан ала алады.
Электронды оқу құралын құру жүйелеу және қойылатын талаптар
Электронды оқу құралын құру құралдарын кешенді бағалауды қолдана отырып, мақсаты, атқаратын қызметі, техникалық қамтылу талаптары мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай топтастырады. Көрсетілген бағалауға сәйкес келесі жүйелеуді қолдануға болады:
дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
жалпы мақсаттағы құрал-саймандар;
мультимедиа құралдары;
гипермәтіндік және гипермедиа құралдары.
Төменде әр топтың ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасалады. Техникалық негіз ретінде әрі қарай біздің елімізде кеңінен таралған және университетте пайдаланылатын IBM-ге сәйкес келетін компьютерлер қарастырылады.
Тікелей бағдарламалау құралдарымен жасалған электронды оқулықтардың өздеріне тән белгілері:
Жүзеге асыру стильдерінің алуан түрлілігі (түс палитрасы, интерфейс, электронды оқулық құрылымы, материалды жөнелту тәсілі, т.б.);
Модификация мен жөнелту күрделілігі;
Уақыттың көбірек шығындалуы, еңбек сыйымдылығы;
Жабдықтық шектеулердің болмауы, яғни қолданыстағы техникалық негізге бағытталған электронды оқулық құру мүмкіндігі.
Жалпы мақсаттағы құрал-саймандар білікті бағдарламашы емес тұтынушылардың электронды оқулық құруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық жобалаудағы жалпы мақсаттағы құрал-саймандардың мүмкіндіктері:
электронды оқулық құрылымын қалыптастыру;
мәтінді енгізу, өңдеу мен форматтау ;
статикалық безендіру бөлімін дайындау;
жылжымалы көркемдеу бөлімін дайындау (дыбыстық және анимациялық үзінділер);
басқа жасақтау құрал-саймандар арқылы жүзеге асырылған модульдардың қосылуы.
Жалпы мақсаттағы құрал-саймандар артықшылықтары:
Білікті бағдарламашы емес тұлғалардың электронды оқулық құру мүмкіндігі;
электронды оқу құралын еңбек сыйымдылығы мен жасақтау мерзімдерін айтарлықтай қысқарту;
бағдарламалық қамтуға қойылатын талаптардың жоғары болмауы.
Сонымен бірге жалпы мақсаттағы құрал-саймандардың кемшіліктері де бар:
ынтымақтастыққа бейім емес интерфейс;
мультимедиа мен гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда мүмкіндерінің аздығы;
қашықтан оқыту бағдарламаларын құру мүмкіндігінің болмауы.
Біздің елімізде отандық жалпы мақсаттағы құрал-саймандарының мынадай түрлері бар: Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис, Интегратор және басқалары.
− Жан-жақтылығы.
− Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
− Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
−Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
−Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
−Тұтынушыға бағдарлау.
−Электрондық оқулықтың құрамы:
−Аннотация;
−Пән туралы қысқаша ақпарат;
−Жұмыс бағдарламалары;
Электрондық оқу құралымен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
− Ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
− Теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
− Теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
− Лабораториялық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
Лабораториялық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
− Бақылау тапсырмалары;
− Лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
− Бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
− Бақылау тестiлерiнiң жинағы;
Телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
− Әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
− Озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
− Үйренушiнiң жұмыс папкасы;
− Мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады
Электрондық оқу құралын жұмыс тәртіптері
Электрондық оқу құралын жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
− бақылаусыз оқыту;
− бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
− қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқу құралын электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.
Электрондық оқу құралын білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:
− оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т.б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;
дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануыға мүмкіндік беру;
жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;
шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да сөздерді пайдалану.
Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет.
Электрондық оқу құралын оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.
Электронды оқу құралын компьютерлік бағдарламалық-әдістемелік кешеннің басты бөлігі болып табылады, оған педагогикалық бағдарламалық құралдардан басқа әдістемелік және дидактикалық қосымшалары қоса берілген.
Электронды оқу құралын педагогикалық құндылығы мен сапасы оны жасақтау кезінде оларға қойылатын талаптар кешенінің қалай орындалғанына байланысты.
Қазіргі таңда электронды оқулықтарды жүйелеуде біржақты пікір жоқтың қасы, алайда көптеген еңбектерде электронды оқулықтардың енгізілуін ақтауды жүзеге асыратын әдістемелік мақсаттарына қарай келесі түрлері көрсетіліп жүр:
Жаттығу бағдарламалары – оқушылардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, өзіндік дайындығын жүзеге асыруға арналған. Бұл бағдарламаларды қолдану кезінде теориялық материалдың меңгерілгендігі қарастырылады. Бұл электронды оқыту жүйелерінің көбі бихевиоризмге негізделген, онда маңызды қағидаттардың біріне дұрыс жауапты қолдау алынады. Кездейсоқ орналасқан оқу міндеттерінің оқу деңгейінің қиындығын педагог өзі анықтайды. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, оған ол жөнінде хабарланады не болмаса дұрыс жауап көрсетіледі, немесе көмек сұрау мүмкіндігі ұсынылады. Мұндай компьютерлік оқу бағдарламаларының қарапайым техникалық құралдардың көмегімен атқарылатын бағдарламалық оқытудан еш айырмашылығы жоқ. Алайда ДК-дың жауаптар түрін ұсынумен салыстырғанда, ақпаратты берудің мүмкіндіктері мол. Көптеген жүйелер шектеулер қою арқылы құрылымданған жауаптарды енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда біз қарастырып отырған бағдарламалардың бірнеше түрлері жасақталған. Оларды жасақтау барысында оқыту үрдісі мен оқу іс-әрекеті туралы білімдермен шектелуге болады, кейде оқыту үрдісі мен оқу іс-әрекеті туралы жеке тәжірибеге немесе оқытушылық қызмет атқарған бағдарлама құрушылардың тәжірибесі ескеріледі.
Бақылау бағдарламалары біліктер мен дағдылардың белгілі бір деңгейін анықтауға арналған. Оқушылардың білімін бақылау оқу үрдісінің ұйымдастырылу мен теориялық зерттелуі тұрғысынан маңызды тізбек бөлігінің бірі. Қолданыстағы әдістер мен тәсілдердің басты кемшілігі –көптеген жағдайларда олар оқу материалын сапалы меңгеру тұрақтылығы мен көпнұсқалылығын, соған сәйкес бағалардың әділдігін қамтамасыз етпейді. Оқу үрдісіне бақылау жүргізуді жетілдіру түйіндік мәселенің айналасында шоғырлануы тиіс –қалыптасқан білім, білік және дағдылар бағасының шынайылығын арттыру мәселесі. Бұл мәселені екі түрліше қарастыруға болады: біріншіден, педагогикалық бағаның деңгейінің оқушылардың білім деңгейіне сәйкестілігін арттыру; екіншіден, бағаның мұғалімнің жеке көзқарастарынан және кездейсоқ жайттардан тысқары сипатта болуын қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдерді жүзеге асыру. Бақылау бағдарламаларының тиісті жиынтықтары оқыту тиімділігін арттырып, оқытушының еңбек өнімділігін арттырады, бақылауға тұрақтылық пен көпнұсқалылық сипатын беріп, бағаның мұғалімнің жеке көзқарастарынан биік болуын қамтамасыз етеді.
Тәлімгерлік бағдарламалар –олар жаңа түсініктерді меңгеруге арналған, олардың көбі тармақталған бағдарламалары бар бағдарламалық оқытуға ұқсас режимде жұмыс істейді. Ол бағдарламалар арқылы оқыту диалог түрінде жүреді, алайда көбінесе оқушының жауабын түрлендіруге құрылған нақты диалог түрінде жүреді.
Көрнекілеу бағдарламалары сипаттамалық түрдегі оқу материалын көрсетуге арналған. Оқытушы жаңа материалды түсіндіру кезінде көрнекі құрал ретінде табысты қолдана алады. Оқу үрдісін қарқындатудағы үлкен мүмкіндіктерге диалогтық немесе интербелсенді графика қолданылатын көрнекілеу бағдарламалары ие.
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар қажетті ақпаратты шығаруға арналған. Келешекте оқушы сабаққа дайындалу немесе сабақ үстінде модем немесе телефон желісі арқылы басқа компьютерлерге және кітапханаға қосылған компьютерді қолдана алады. Бұл жағдайда ол компьютерленген кітаптар мен мерзімді баспасөз тізіміне қол жеткізу арқылы кез-келген ақпаратты ала алады. Компьютер көмегімен оқушы кез келген ақпарат қоймасына еніп, әртүрлі мәліметтер қорына қол жеткізе алады. Компьютердің көмегімен ақпаратты қалай алуға болатынын және кітапхана мен энциклопедияларды қалай пайдалануды білу керек.
Имитациялық және үлгілеуші бағдарламалар нысандар мен құбылыстарды ынталандыруға арналған. Бұл бағдарламаларды әсіресе құбылысты жүзеге асыру мүмкін болмағанда қолдануға болады. Ондай бағдарламаларды қолданғанда абстрактілі ұғымдар нақтыланып, жеңіл түсіндіріледі. Сонымен қатар оқушылар материалды белсенді игеру барысында жақсы игереді, есте жақсы сақталады.
Мәселелік оқыту бағдарламалары негізінен когнитивті психологияға негізделіп құрылған, оларда оқушылардың іс-әрекетін жанама түрде басқару қарастырылады. Бұл оқушыларға әртүрлі міндеттер жүктеліп, оқушылардың оларды өз бетімен талпыну мен қателесу арқылы шешуі.
Компьютерлік өнімдер нарығында жыл сайын оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар көбейіп келеді. Сонымен бірге электронды оқулықтардың қандай болу керектігі, қандай қызметтер енгізілуі керектігі туралы дау-дамай да толастар емес. Электронды оқу құралын әдетте оқу материалын ұсыну мен тестілеуден тұрады.
Қазіргі таңда электронды оқулықтарға мынадай талаптар қойылады:
1. Таңдалған курс бойынша ақпарат жақсы құрылымданып, жаңа түсініктер шектеліп берілетін аяқталған үзінділерден тұруы тиіс.
2. Әрбір үзіндіде мәтінмен бірге аудио және бейне материал берілуі тиіс ("жанды дәріс"). Жанды дәріс интерфейсінің міндетті түрдегі элементі айналдыру сызғышы, ол дәрісті кез-келген жерінен қайта бастауға мүмкіндік береді.
3. Мәтіндік ақпарат жанды дәрістердің кейбір бөлігін қайталауы мүмкін.
4. Күрделі құрылғылар мен үлгілерді бейнелейтін көрнекіліктерде курсор арқылы көрініп-жойылып тұратын лездік көмек болғаны жөн (карталар, жоспарлар, сызбалар, бұйымның жиналу сызбасы, нысанды басқару тетігі, т.б.).
5. Мәтіндік бөлігі қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартатын көптеген айқас сілтемелермен және қуатты іздеу орталығынан тұрады. Пәндік сала бойынша арнайы түсіндірмелі сөздікті қосу да қажет.
6. Бейнеақпарат немесе анимациялар қарапайым түсіндіру кезінде қиын меңгерілетін бөлімдермен қоса беріледі. Бұл жағдайда тұтынушылардың уақыт шығындары дәстүрлі оқулықпен салыстырғанда екі-үш есе қысқарады. Кейбір құбылыстарды (су сарқырамасы, өрт, т.б.) оларды көрмеген адам үшін сипаттау мүмкін емес. Бейне түсірілімдер уақыт масштабын өзгертуге және құбылыстарды тездетіп, баяулатып, таңдамалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
7. Көп жағдайларда оқулықтың негізгі және құнды бөлігі болып табылатын дыбыстық ақпараттың болуы.
ЭОҚ жұмыс режимінің 3 түрін көрсетуге болады:
Тексеріссіз оқыту;
Тексеру арқылы оқыту, әр бөлімнің соңында оқушыға материалдың игерілу деңгейін көрсететін бірнеше сұрақ беріледі;
Баға қою арқылы қорытынды бақылауға арналған тестілік бақылау.
Қазіргі таңда оқулықтарға мынадай талаптар қойылады: құрылымдылығы, пайдалану ыңғайлылығы, баяндалған материалдың көрнекіленуі. Жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандыру үшін гипермәтін технологиялары қолданылады.
Электронды оқу құралына бақылау құралдары да енгізілген, өйткені бақылау оқытудағы келелі мәселелердің бірі. Ұзақ уақыт бойы отандық білім беру жүйесінде бақылау ауызша түрде жүргізілді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Көпшілігі бұл пікірмен келіспейді, тестілер талдау, салыстыру сияқты қажетті дағдылардан айырады деп пікір айтады. Қашықтан оқыту жүйелерінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселені жаңа жолмен шешуге мүмкіндік береді. Осылайша жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқыту тиімділігін арттырады, оқушылардың өз бетімен дайындалуының құнды құралы болып табылады.
Нақты пән саласындағы білімді игеру үшін тек теорияны зерттеп қоймай, міндеттерді шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыру да керек. Ол үшін зерттелетін құбылыстар мен үрдістердің математикалық үлгілерін құруды үйрену, шешімдерді алгоритмдеп, бағдарламалар түрінде жүзеге асыру қажет. Бұл мақсаттарға жету үшін ЭО құрамына студенттің интуициясы мен бейнелі ойлау қасиетін қалыптастыратын алгортмдердің құрылымы мен жұмысының графикалық көрнекіленуін қамтамасыз етеді.
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқу құралын таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқу құралын ең қажет элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу,жүрек қағысын байқау.
Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Тағы да бір ең үлкен кемшілігі –фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі[2].
Электрондық оқу құралын қолданылу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
ІІ «БИОМЕХАНИКА» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАҚТАУ
2.1 HTML тілінде электрондық оқу құралын жасақтау
HTML (HyperText Markup Language) термині «гипермәтінді белгілеу тілі» деген ұғымды білдіреді. Гипермәтін деп құрамына басқа құжатарға, файлдарға, сайттарға сілтемелер бар тексті айтады.
HTML -дің бірінші нұсқасын1989 жылы сол кездегі танымал болған ‘Mosaic’ браузеріне арнап Тим-Бернерс Ли жасады. Бірақ ол уақытта бұл жаңалық кең қолданыс таппады. 1993 жылы HTML+ пайда болды, бірақ ол да өзіне аса көп назар аудартпады. Гипермәтінді кең қолдануға 1994 ж. Маусымында шыққан HTML-дің екінші нұсқасы жол ашты. Сол жылы WWW-нің (World Wide Web – Бүкіләлемдік өрмек) қолдануының күрт өсуімен сипатталған еді. Екінші нұсқаға енген элементтердің көбі күні бүгінге дейін қолданыс табуда.
Келесі жылы шыққан HTML-дің үшінші нұсқасында тіл элементтері көмегімен математикалық символдарды экранға шығару мүмкіншілігі туды (оларға ∞, ∑ т.б. жатады). Осы нұсқаға арнап ‘Arena’ браузері жасалды. Бірақ бұл жоба ары қарай дамуға мүмкіншілік алмады.
1996 ж. HTML 3.2 шықты. Тілдің спецификациясына фреймдер ұғымы енді. Осы спецификация негізінде web-дизайнерлерқызығушылық тудыратын сайттар құра алады.
HTML 4 (Dynamic HTML) деп аталатын спецификация 1997 жылы дүниеге келді. Ол уақыттың өзінде-ақ гипермәтіннің әрі қараай дамуы скрипт-бағдарламалау арқылы өтетіні анық болды. Яғни HTML кодына қолданушымен интерактивті түрде әрекеттесе алатын Java, Perl, Visual Basic тілдерінде жазылған бағдарлама үзінділерін енгізуге мүмкіндік туды. Бірақ әртүрлі браузерлер бағдарламаларды әртүрлі орындады. Мәселен, көптеген скрипттер (web-бағдарламалар) браузер версиясын анықтаудан басталады, одан кейін кодтың сәйкес үзіндісін іске келтіреді.
Гипермәтіннің негізгі ерекшелігі – безендірудің күрделі түрлерін оңай әрі түсінікті әдіс арқылы алу.
Гипермәтіннің тағы бір маңызды ерекшелігі – ол қандай компьютерде, қандай редакормен орындалғанына, қандай операциялық жүйе мен браузерде шығарылғанына тәуелсіз. Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютерде web-парағын құрып отырып, ол Unix сияқты басқа операциялық жүйеде де дұрыс көрсетілетініне күдіктенбеуге болады.
HTML-дің үшінші ерекшелігі – қайсібір элементтерді басқа элементтердің ішіне енгізуге жол беріледі, ол міндетті деп қарастырылады. Басқа тілдерде ішінара енгізусізкод жазуға болады.
Тілдің бүкіл элементтерін үш топқа жіктеуге болады. Біріншісіне гипермәтінді құжаттың құрылымын анықтайтын элементтер жатады. Осы элементтер міндетті түрдеқолданылады. Екінші топқа форматтауды атқаратын элементтер жатады. Олардың қолданылуы құжатқа қойылатын нақты талаптармен, өндірушінің талғамы мен хабардарлығына көнеді. Үшінші топқа жататын элементтер клиент компьютерінде орнатылған және жұмыс істейтін бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуге мүмкіншілдік береді. Осындай элементтер гипермәтінді редактор сияқты бағдарлама қолданылғанда автоматты түрде құрылады.
HTML спецификациясы стандартты болғанымен, бұл тіл жаңа элементтермен (кеңейтілулермен) толықтырылып тұрады. Сондықтан кейбір web-парақтарды арнайы браузерлермен көру ыңғайлы. Кеңейтілулерді тек WWW-ға арналған программалар жасайтын танымал фирмалармен өндіріледі, ал қарапайым қолданушылар өз web-парақтарын бағдарламалау арқылы жетілдіре алады. Егер әртүрлі web-парақтардың бастапқы мәтіндерін қарастырсақ, олардың құрылмдарында ұқсастықтарды аңғару оңай. Ол бүкіл құжаттар белгілі ережелер бойынша жасалатынымен түсіндіріледі. HTML тілінің синтаксисінің негізінде ISO 8879:1986 “Information Processing. Text and office systems. Standard Generalized Markup Language(SGML)” стандарты жатады.
HTML-құжатарында белгіліеу модельдерінің негізі ретінде тегтер моделі қабылдалынған. Тегтер моделі құжатты контейнерлер ретінде түсіндіріледі, мұндағы контейнерлер дің әр қайсысы тегтермен басталып, тегтермен аяқталады. Яғни HTML құжаты кәдігімгі ASCII- файлға HTML басқару кодтары (тегтері) қосылған файл болып табылады.
HTML-құжатының тегтері көбінесе қолдануға және түсінуге жеңіл. Себебі олар ағылшын тілінің көпқолданбалы сөздерінен түсінікті түрде қысқартылып және белгіленіп алынған. HTML-тегі өзінің атынан, міндетті және міндетті емес атрибуттардан тұрады. Тег мәтіні бұрышты жақшалармен қоршалады. Мысал ретінде қарапайым варианттардың бірі: немесе . Тегтердің күрделілігі олардың атрибуттарында болып табылады. Мұндағы атрибуттар тегтердің функцияларын өзгерту үшін қолданылады (көлемін, ұзындығын, түрін және т.б.).
Тегтер атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен бір немесе бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы ажыратылады. HTML тілінде тегтер атрибуттарын кезекпен жазуды керек етпейді. Атрибуттың мәні атрибут атынан соң жазылатын теңдік белгісінен кейін жазылады. Егер атрибут мәні бір сөз немесе сан болып келетін болса, онда оны ешбір қосымша белгілеусіз теңдік белгісінен кейін жаза беруге болады. Басқа жағдайларда атрибут мәндерін бірлік немесе екілік тырнақшаларға алып жазу керек, әсіресе егер олар пробел арқылы бөлінген бірнеше сөз болса. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат етілген. Мысалға, әсіресе HREF атрибутының мәні ретінде басқа құжаттардың адресін (URL) көрсеткенде керекті регистрді қолдану маңызды болып табылады.
Көп жағдайларда HTML тегтері бастапқы және ақырлы компоненттерден тұрады және олардың арасына мәтін және басқа да құжат элементтері орналасады. Жабушы тегтің аты бастапқы тегтің атына сәйкес болып келеді, бірақ жабушы тегтің атының алдына көлденең сызықша (/) қойылады. Мысалы, шрифт түрі -курсив тегі үшін жабушы сыңары түрінде болады. Жабушы тегтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да ол атрибут қабылданбайды. Мәні бойынша тегтер әмбебап программалау тілдерінің “begin \ end” белгілеулеріне түсінігі бойынша өте ұқсас болып келеді. Тегтер құжаттың мәтіндік интерпретациялау шартының әрекет ету ауданын анықтайды.
Ішкі тегтерді қолданғанда құжатта ерекше ұқыптылықты сақтау керек. Ішкі тегтерді соңғысынан бастап бастапқысына қарай жазып шығу керек. Кейбір HTML тегінің жабушы тегтері болмайды, өйткені олар автономды элементтер болып табылады. Мысалы, бейнелер тегі жабушы компонентті қажет етпейді. Автономды тегтерге тағы да - жолдарды айыру, -көлденең сызық және көрсетілетін нәтижеге әсер етпейтін, тек қана құжат туралы ақпараттар сақтайтын және сияқты тегтер жатады.
Кейбір жағдайларда жабушы тегтерді жазбаса да болады. Көптеген браузерлер құжат мәтінін өңдегенде бастапқы тегті алдыңғы тегтің жабушы тегі ретінде қабылдайды. Ең көп тараған мұндай тегтің түрі абзац тегі -
. өйткені оны құжаттарда жиі қолданады және оны әдетте әр абзац алдына жазады. Бір абзац біткеннен кейін келесі тегі браузерге осы абзацты аяқтап жаңа абзац бастау керектігін көрсетеді.
Басқа бір жабушы тегтер түрі, жоқ болса да нәтижеге әсер етпейді және браузерлер оларсыз еш мүлтіксіз істей береді. Оларға мысал ретінде тегін алуға болады. Сөйте тұрса да, әр жабушы тегтерді қойып отырған дұрыс. өйткені құжатты өңдеуден өткізгенде кейбір жаңылулар мен қателер болуы мүмкін.
Құжат басының атрибуттары болмайды. Құжат басы тегтерінің негізгі міндеттері бүкіл құжаттың көріну параметрлерін баяндау. Мұндай параметрлерге құжатты көрсету стилін, жалпы базалық гипермәтіндік сілтеме адресін, жалпы гипермәтіндік сілтемелерді, идентификаторды, құжат атын және т.б. жатқызуға болады. Төменде тек қана жиі кездесетін контейнерлер берілген.
Ең жиі қолданылатын құжат басы тегі – TITLE құжат аты болып табылады. TITLE-дің жазылу тәртібі келесідей:
<ТIТLЕ> Құжат аты ТIТLЕ>
TITLE тегінің құрамы құжат аты өрісінде көрсетіледі.
BASE тегі URL формасындағы гипермәтіндік сілтеме формасымен байланысты. Себебі, URL спецификациясы құжаттардың екі формасын анықтайды: толық және толық емес URL адрес формасын қолдануға болады. Бірақ толық емес спецификация формасын қолдану үшін оны бір нәрсеге базалау керек, яғни толық емес URL формасынан толық URL формасын құру үшін базалық адресін беру керек. BASE тегі осы базаны анықтауға мүмкіндік береді. Солайша, егер құжат басынана келесі қатар берілетін болса:
онда ол келесі адрес бойынша ізделінеді:
BASE тегі құрамы қолданушы интерфейсімен тура көрсетілмейді.
META тегі HTML спецификациясында жоқ конструкцияларды құжат басында анықтауға арналған. Үш атрибуты бар: NAME, CONTENT, HTTP-EQUIV. Бұл тегтің күрделілігі – бұл тег арқылы енгізілетін конструкцияны интерпретациялау үшін сервердің немесе қолданушы интерфейстің конструкцияны қолдана білу және шифрын оқи білу мүмкіншілігі болуы қажет. Мұндай жұмыс түрі үшін программа SGML конструкцияларын интерпретациялауы қажет. Бірақ ол ешбір интерфейсті программада қамтылмаған. Практика жүзінде бұл тегті тек құжаттың басына HTTP-EQUIV атрибуты арқылы анықталған HTTP ақпараттар протоколы бойынша енгізу арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол келесі түрде болады:
Мұндай қолданымнан соң HTTP пакетінің басына келесі қатарлар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear, Physics. Мысалға, бұл почта арқылы жіберу кезінде өте ыңғайлы.
META контейнерінің ең тиімді қолданылымын демонстрациялық роликтерді құру үшін пайдаланады. Мұндай жағдайда көрсетілетін беттің өзгеруі Refresh (яғни, құжат өңделу уақытында) параметрінде құрылады. Құжат басына META контейнерінің келесі түрі жазылады:
бұл құжат басында шығатын HTTP протоколының хабарламасымен бірдей болып табылады. Ол келесі түрдегідей болады:
Refresh = 0; URL=next.html
Бұл негізінен құжаттың браузер қосылғаннан кейін ауысқандығын білдіреді. Сонымен қатар жаңа құжат ретінде URL параметріндегі құжат қолданылады.
Алғашқы web-беттінің мысалы
Ең алдымен HTML – тілін үйрену үшін мысалы бар тексттерді html кеңейтілулері бар файлдарда сақтаймыз. Негізінен HTML – файлдардың html немесе htm деген кеңейтілулері болады. Бірінші кеңету MS DOS – тың мақұлдауын қанағаттандырады. Екінші сәл болса оңайырақ келеді. Екі кеңейтуді де қолдана беруге болады. Байқағанымыздай HTML – документ адам тіліндегідей тілде жазылады, бірақ түсініксіз сөздермен жазылады. Одан да мысал келтіріп көрейік:
Алғашқы Web – бет
Алғашқы Web – беттің мысалы
Бұл Web – бет алғашқы құрған мысал болып табылады. Осылай кішкене беттермен құра бастап, үйрене де түсеміз. Бұл мысалды міндетті түрде html немесе htm кеңейтулі файлда сақтау керек екенін ұмытпаңыз.
тегінің «баласы» (дочерный ) болып табылады, яғни ол және - ға да «ата – ана» (родительской) бола алады. Сондай – ақ жалғыз тегтер де болады. Мысал ретінде текстке сурет қоя алатын тегті – айтуға болады. Документке сурет қою үшін тексттік фрагменттің шекарасын көрсетудің керегі жоқ, тек қана суретті қоятын орынды көрсетсе жеткілікті болады. Сонда да HTML – дің көптеген тегтері жұп болып келеді. Ал енді
және
тегтері не үшін керек деп сұраңыз? Олар арнайы текстті көрсетеді, листингке , тақырыптарға қатысы жоқ, яғни тексттің бөлек абзацы басқа осы сияқты абзацтардан бөлек кеңістікті.
HTML – дің негізін қарастырдық, енді нақты тегтерге және олардың мүмкіндіктерін қарастырайық. Ең алдымен қарапайым текстті форматтауды қарастырамыз. Оның мүмкіндігі көптеген текстік процессорлардың аналогы болып табылады. Қарапайым текстті жұп тегтің және
Мысалдарды тізбелейтін бет
- Қарапайым Web - бет
- Екі параграфты Web - бет
- Тегі бар Web - бет
- Тізімдер
- Тізімдерді анықтау
Фреймдермен сайт құру
бет 1
бет 2
бет 3
Тест сұрақтары
1 |
test_1.htm" >Тест №1 |
2 |
test_2.htm" >Тест №2 |
3 |
test_3.htm" >Тест №3 |
4 |
test_4.htm" >Тест №4 |
5 |
test_5.htm" >Тест №5 |
6 |
test_6.htm" >Тест №6 |
7 |
test_7.htm" >Тест №7 |
8 |
test_8.htm" >Тест №8 |
9 |
test_9.htm" >Тест №9 |
../mazmuny.html" target="_top" onclick="MM_nbGroup('down','group1','back','../pics/back01.jpg',1)" onmouseover="MM_nbGroup('over','back','../pics/back02.jpg','../pics/back02.jpg',1)" onmouseout="MM_nbGroup('out')"> |
daris01.html" target="_top" onclick="MM_nbGroup('down','group1','forward','../pics/forward01.jpg',1)" onmouseover="MM_nbGroup('over','forward','../pics/forward02.jpg','../pics/forward02.jpg',1)" onmouseout="MM_nbGroup('out')"> |
Достарыңызбен бөлісу: |