26
дәрігерлерді адам қанын, соғыстағы төгілген қаннан көп шығындаған деп
есептейді. Майер, кеме тропиктегі кезіндей, мысалы, қан ағызғанда веналық
қан артериялық сияқты ашық түсті болатынын (әдетте веналық қан қою түсті)
байқаған. Ол адам ағзасын бу машинасы тәріздес етіп салыстырды, мысалы,
тропикте, ауаның жоғары температурасы кезінде бу машинасы аз отын жұмсап,
«түтінді» аз шығаратынындай, ағзадағы веналық қан ашық түсті болатынын
дәлелдеді. Оған қоса, теңіздегі су шторм кезінде қызатыны туралы штурманның
сөзін ескере отырып, әрдайым жұмыс пен жылу арасындағы белгілі бір
заңдылық болуы керек деген тұжырым жасады. Кейіннен бұл қорытынды,
энергияның сақталу заңының негізі болды.
Ұлы неміс ғалымы әрі дәрігер Герман Гельмгольц (1821– 1894), Майерден
тәуелсіз энергияның сақталу заңын құрастырады, және де оны бүгінгі күнде де
қолданып келе жатқан заманауи математикалық формада ұсынды. Оған қоса
Гельмгольц электромагниттік құбылыс, термодинамика, оптика, акустика,
сонымен қатар, жүйке және бұлшықет жүйесінің, есту және көру физиологиясы
саласында үлкен жаңалықтар ашып, маңызды приборларды ойлап тапты.
Кейіннен медициналық білім алып, физиологиялық зерттеулеріне физика мен
математика негіздерін қолданды. Кәсіби дәрігер 50 жасында физика
профессоры атағын алып, 1888 жылы – Берлиндегі физика-математикалық
институттың директоры болды.
Француз дәрігері Жан-Луи Пуазейль (1799– 1869) экспериментті түрде
жүректің қуатын қан айналдыратын насос ретінде және қанның венадағы және
капиллярдағы қозғалыс заңын зерттеді. Алынған нәтижені жалпылай отырып,
физикадағы маңызды формуланы қорытты. Оның құрметіне динамикалық
тұтқырлық бірлігін – «пуаз» деп атады.
Физика мен медицинаның бір-бірінен ажырамай дамығанын дәлелдейтін
келесі мысалдар да бар. Кез келген түрлі бұрышта айналмалы қозғалыс беретін
карданды вал туралы белгілі, оны Джероламо Кардано (1501-1576) итальян
дәрігері ойлап тапқан. Фуконың тербеліс жазықтығын сақтайтын атақты
маятник француз ғалымы Жан-Бернара-Леона Фуко (1819 – 1868) есімі
құрметімен аталады. Атақты орыс дәрігері Иван Михайлович Сеченов (1829 –
1905),
физикалық
химиямен
айналыса
отырып,
су
ортасындағы
электролиттердің бар екендігі оның тәуелділігі газ ерітіндісінің өзгерісін
сипаттайтын физика-химиялық заңды орнатты [109].
Медицинадағы кейбір құбылыстардың жауабын физика заңдылықтарына
сүйеніп тапқан, сондықтан да бірін-бірі дамытып отырды. «Медицинаны қолға
алғаннан соң, физикамен айналыса бастадым» - деп ХІХ ғасырдың физигі және
математигі, атақты неміс физиологы Г.Гельмгольц айтқан. Ол өз ісін әскери
дәрігер ретінде бастаған. В.Эйтховен, медицина докторы дәрежесін ала отырып,
жолақты гальвонометрді құрастырып, оның көмегімен электр потенциалының
аз өзгерісін тіркеуге мүмкіндік жасады, және электрокардиологиялық
зерттеулер жүргізген. Осы прибор көмегімен ЭКГ тістерінің уақыттық және
амплитудалық параметрлерін анықтап, жүрек ауруын диагностикалау үшін осы
тәсілді алғаш қолданды. ХІХ ғасырдың ортасында Дюбуа-Реймон, неміс
физиологы мен философы, жануарлар электрі туралы кітабында: «Ағзаның
27
материалдық бөліктерінде сырттан әсер ететін ешқандай жаңа күш жоқ» -
деген. Дюбуа-Реймонның заңы – тін (кожа) реакциясының электр тогы
өзгерісінің жылдамдығына тәуелділігін тікелей қалыптастыратын заң. ХХ
ғасырдың ортасында, кванттық оптиканы құрушысының бірі Н.Бор:
«Биологиялық зерттеудің ешбір нәтижесі физика түсінігінсіз сипаттала
алмайды»-деп жазды [110].
Осылайша, физиканың медицина дамуы үшін маңызы зор екенін байқадық.
Олай болса медициналық жоғарғы оқу орындарында физика пәнінде оқылатын
медициналық техника негіздерін оқытуды қайта қарап, оның дидактикалық
негіздерін қалыптастыру қажет.
Қазіргі
заманда
медицинада
диагностикалық
және
терапевтік
мақсаттафизикалық факторлар кең түрде қолданылады, олардың биологиялық
денелерге әсер ету механизмі туралы мәселелері болашақ дәрігер үшін өте
қажетті мәліметтің бірі болып табылады.
Медицинада: механикалық құбылыстарға; тербелістер мен толқындарға;
молекулалық, электр өрісі мен электр тогы, магнит өрісі, ЭМ тербелістер мен
толқындарға; оптика, атом және ядролық құбылыстарға негізделген физикалық
факторлардың қолданылатын және осы құбылыстарға негізделген көптеген
медициналық құралдарың бар екендігін ескеру қажет [111].
Болашақ дәрігерлерді медициналық техника бойынша кәсіби дайындау
процесінің негізін қалаушы - физика пәні, ал медициналық биофизика мен
медициналық техника болса физиканың теориялық және практикалық негізінде
құрылған пән деп санаған жөн.
Осы себептерден физика мен медицинаны бөліп қарастыруға болмайды,
қазіргі заманда бұл екі ғылым бір бірін толықтыратын және дамытатан ғылыми
бағыттар екені жоғарыда айтылып өтілді.
Болашақ дәрігерге біліктілік сипаты көрсетілген ҚР ЖМББС 3.07.475-2012,
5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығының стандарты талаптарын
қарастырайық [6,б.18].
5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірушінің кәсіби
қызметінің түрлерінің бағыттары:
- халыққа медициналық (мамандандырылған, білікті) қызмет көрсету;
- санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және
өткізу;
- ұйымдық - басқару;
- ғылыми - зерттеу;
- педагогикалық.
Осы қызметтерді орындау үшін медицина бакалврында келесідей түсінік
болуы керек:
-қоршаған ортадағы болып жатқан негізгі үдерістер мен құбылыстар және
табиғат танудағы жаңа ғылыми әдістер туралы;
- ұлттық экономика мен өнеркәсіп салаларын басқару жүйесі туралы;
- экономика туралы заңдар және оның түрлері туралы;
-саясаттану, тарих ғылымдарының теориялық-әдіснамалық негіздері
туралы;
Достарыңызбен бөлісу: |