Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет11/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

24 
мазмұны  практикалық  тәжірибе  мен  оқу  процесін  эмпирикалық  талдау 
негізінде  анықталып  отырды.  Ол  үшін,  алдымен,  медициналық  жоғары  оқу 
орны физика пәнін оқытудың қазіргі жағдайын анықтап алуымыз керек. 
 
1.2 Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физика пәнін оқыту 
мазмұнының қазіргі жағдайы 
Қазіргі  кезең  –  елдің  нарығын  дамытудың,  әлеуметтік  саланың  жаңа 
жолдарын  іздейтін  кезең.  Түрлі  өндіріс  салаларында  инновациялық 
технологияларды қолдану еліміздің болашағын айқындайды. Оған қоса, барлық 
сала  мамандарын  даярлаудың  талаптары  да  өзгереді.  ХХІ  ғасырдағы  білімді 
жаратылыстану  ғылымдарын  меңгерген  зиялы  қауым  экономиканың  екі 
сегментінде  қолданылады,  олар:  жоғары  технологияға  негізделген  өнеркәсіп 
өндірісінде және ақпараттар ағынына қызмет етуде [101, р.8].  
Медицина  саласында  қолданылатын  техникалар  бойынша  студенттердің 
білім  дәрежесін  арттыру,  медициналық  құралдар  көмегімен  жүзеге  асатын  іс 
әрекеттерді  меңгеруді  жақсарту,  медициналық  құралдар  мен  техникалардың 
мүмкіндігін  толық  пайдалану,  диагноз  жасау  мен  емдеуге  медициналық 
құралдарды  дұрыс  таңдай  алу,  медициналық  құралдар  мен  физикалық 
факторлар  арасындағы  тікелей  байланысты  саналы  түрде  білу  дәрігерлердің 
танымдық әрекетін арттыруда үлкен роль атқарады [103]. 
Медицинада  физикалық  құбылыстарға,  атап  айтқанда:  механикалық 
құбылыстарға;  тербелістер  мен  толқындарға;  молекулалық,  электр  өрісі  мен 
электр тогы, магнит өрісі, ЭМ тербелістер мен толқындарға; оптика, атом және 
ядролық  құбылыстарға  негізделген  физикалық  факторлардың  қолданылатын 
және  осы  құбылыстарға  негізделген  көптеген  медициналық  құралдардың  бар 
екендігін ескеру қажет [104]. 
Медициналық  жоғары  оқу  орындарында  физика  курсын  оқытудың 
мақсаты  -  болашақ  дәрігерлердің  адам  ағзасында  кездесетін  физиологиялық 
процестер,  физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар  негізінде  жүретіндігін 
(жүректің  жұмысы  -  механика,  қан  ағысы-гидродинамика,  қан  тамырлары 
арқылы  толқынның  таралуы  -  тербеліс,  жасушыдағы  биопотенциал  -  электр 
құбылысы,  т.б.)  және  осы  құбылыстардың  заңдылықтарын  (импульс,  тұрақты, 
айнымалы  электр  тоқтары  мен  магнит  өрістері,  иондардың  қозғалысы, 
жарықтың  таралуы  мен  сынуы,  радиоактивті  сәулелер,  т.б.)  медициналық 
мақсаттарда,  яғни  диагностика  мен  терапияда  қолдануға  болатындығын;  осы 
мақсатта  қолданылатын  медициналық  құралдар  физиканың  заңдылықтары 
негізінде  жұмыс  істейтіндігін  (балистокардиография,  электрокардиография, 
томография, 
рентгенодиагностика, 
электрофорез, 
электростимуляция, 
физиотерапия, 
т.б.), 
медицинада 
әртүрлі 
мақсатта 
қолданылатын 
материалдардың  физика-механикалық  қасиеттерін  қажетті  бағытта  өзгерту 
(стоматология,  хирургия,  офтолмология,  т.б.)  жолдарымен  таныстыру  ғана 
емес,  болашақ  дәрігерлердің  аталған  заңдылықтар  мен  құбылыстар  негізінде 
жұмыс істейтін медициналық құралдардың барлық мүмкіндігін толық дәрежеде 
клиникалық  пәндер  мен  практикалық  медицинада  қолдануға  үйрету  болып 
табылады.  


25 
Жаратылыстану  ғылымдарының  негізі  ретінде,  физика  –  болашақ 
дәрігерлерге,  адам  ағзасының  негізгі  жүйелерін  функциялау  туралы  базалық 
бейнені  қалыптастыру  үшін  және  болашақ  дәрігерлік  іс-әрекеттерде  осы 
бейнені  саналы  қолдану  үшін  қажет.  Шындығында,  медициналық  көмек 
сапасына  талаптың  өсуі  мен  медициналық  технологияларды  жетілдіру, 
жаратылыстану  ғылымдарының  жаңалығына  негізделеді  [105].  Физикалық 
білімнің дәрігерлерге қажеттілігін жоққа шығаратындар да кездеседі. Олардың 
пікірінше,  белгілі  бір  таңдап  алынған  зерттеуші  дәрігерлер  ғана  ғылыммен 
байланысын тауып, ізденуі тиіс деп есептейді. Бірақ алдымен, дәрігер физиканы 
білмей,  жоғары  технологиялық  және  заманауи  клиникаларда  жабдықталған 
күрделі  емдік  және  диагностикалық  құралдарды  білікті  түрде  қолдана  алады 
ма?  деген  сұрақты  қойған  жөн  болар  [106].  Медицина  мен  физиканың  дамуы 
әрдайым  бір-бірімен  байланыста  болған.  Ежелден  медицина  көптеген 
физикалық  факторларды,  механикалық  әсерлесу,  жылу,  суық,  жарық,  дыбыс 
және  т.б. ұғымдарды  қолданды.  Атақты  суретші, дәрігер әрі  механик  Ленардо 
Да  Винчи  биомеханиканың,  механиканың  күрделі  зерттеуін  жүргізген.  Осы 
факті негізінде, оған алғашқы медицина физигі деген атағыберілді [107]. Және 
оған  дәлел  ретінде  адам  денесінің  пропорциясы  туралы  белгілі  суреті 
медициналық және биологиялық оқулықтардың бетінде сипатталған. [108].
 
Аталған  мәселе  бойынша  Ю.Петренко  өз  мақаласында  «Дәрігерлерге 
физика қажет пе?» деген тікелей сұрақ қойған [106, с.34].
 
Өзіңді  таны,  сол  кезде  әлемді  де  танисың,  -  деген  нақыл  сөзінде,  бірінші 
буыны -медицинаға, екінші буыны – физикаға қатысты. Медицина мен физика 
арасындағы  байланыс  тығыз  болғанын  алдыңғы  тарауда  да  атап  өттік, 
жаратылыстану зерттеушілері мен дәрігерлердің бірлескен съезді ХХ ғасырдың 
басына 
дейін 
жүргізілді. 
Сонымен 
қатар, 
медицинаның 
көптеген 
тапсырмаларын физика заңдылықтары шешіп беріп отырды. 
Оған  дәлел  келтірсек.  Ежелде  дәрігер  ойшылдарын  «Жылу  деген  не?» 
сұрағы  ойландырған.  Олар  адам  денсаулығы  дененің  жылуымен  байланысты 
екенін  білді.  Ұлы  Гален  (б.з.  ІІғ.)  физика  және  басқа  да  пәндер  үшін  негізгі 
«температура» мен «градус» ұғымын енгізді. Осылайша алғашқы термометрлер 
дайындалды.
 
Уильям  Гильберт  (1544–1603),  ағылшын  королевасының  лейб-дәрігері 
магниттің қасиетін зерттеген. Ол өз ізденісінің жауабын физикадан тапты, яғни 
жерді үлкен магнит деп есептеп, оны экспериментті түрде дәлелдеді.  
Томас  Юнг,  физика  саласында  ұлы  жаңалықтарды  аша  отырып, 
практикалық  дәрігер  қызметін  де  атқарған.  Ол  Френельмен  бірге  талшықты 
оптиканы  құрушы  болып  есептелінеді.  Юнг  көз  ақауы  –  дальтонизмді  (түсті 
ажырата  алмау)  ашқан.  Бірақ  медицинада  «Дальтонизмді»  Юнг  физик-
дәрігердің  есімі  емес,  осы  көз  ақауы  табылған  бірінші  науқас,  физик 
Дальтонның есімімен аталды.
 
Юлиус  Роберт  Майер  (1814–1878),  энергияның  сақталу  заңының 
ашылуына  үлкен  үлес  қосқан,  кейіннен  «Ява»  голландиялық  кемеде  дәрігер 
қызметін  атқарған.  Ол  матростарды  қанын  ағызу  арқылы  емдеген,  ол  заманда 
бұл  тәсіл  барлық  аурудың  емі  ретінде  қабылданды.  Сол  себепті  де,  тарихта 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау