Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет9/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48

20 
университетінің физика кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.М. Ливенцев 
пен  биофизика  кафедрасының  меңгерушісі,  профессор  Б.Н.Тарусовтың 
бірлескен  басшылығымен  физика  курсын  кәсіптендіру  жұмыстары  басталды. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  үшін  физика  бойынша  жаңа  бағдарламалар 
даярланды,  курстың  мақсаты  –  студенттерге  болашақ  практикалық  іс-
әрекетімен,  арнайы  медициналық  пәндерді  оқу  барысында  қажет  болатын 
физика  құбылыстары  мен  заңдары  туралы  білімді  беру  болды.  Осы  жолда 
кедергілер  мен  қиыншылықтар  туындады,  себебі  студенттердің  пәнге  деген 
қызығушылығы  төмен  болды  және  оқытушылардың  өзі,  физиканың 
медициналық қырларымен таныс емес еді. 
Физиканың  жаңа  курсына  ауысу,  физикалық  практикумды  орындау 
процесінде,  әсіресе,  медициналық  приборлармен  (рефрактометр,  сахариметр, 
аудиометр  және  т.б.)  лабораториялық  жұмыстарды  орындауда  өзгерістер 
болды.  Жалпы,  физика  курсының  өзгерісі  сындарлы  сипатта  болды  да,  бұл 
жағдай  медициналық  жоғары  оқу  орнындағы  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқытудыжүзеге асырудың алғашқы шарты болды [57,58].  
1976  жылдан  бастап,  кеңейтілген  «физика  –  жоғары  математикамен, 
медициналық  электроника  және  кибернетикамен  бірге»  атты  курс 
бағдарламасы  даярланды.  Жаңа  бағдарламаға  сай,  физика  курсы  жалпы  және 
арнайы  сұрақтарға  жауап  бере  алды.  Жалпы  топ  құрамына,  медицинамен 
байланысы  бар  физиканың  негізгі  заңдары,  жоғары  математиканың  алғашқы 
түсініктері  мен  электроника  және  кибернетика  кірді.  Арнайы  блокқа: 
диагностика  мен  емдеу  тәсілдерінің  физикалық  принциптері,  организм  жүйесі 
негізінде  жатқан  физикалық  заңдылықтар,  сонымен  қатар,  медициналық 
приборлар мен аппараттардың жұмыс істеу принциптері жатты. Сонымен, 1978 
жылы  оқыту  процесіне  жаңаша  сарындағы,  физиканың  басқа  пәндермен 
жоғары  деңгейде  интеграциялану  салдарынан  жаңа  курс  бағдарламасы 
дайындалды.  Бірақ,  биофизика  пәні  курстан  тыс  қалып  қойып  отырды  да, 
студенттерге  адам  организміндегі  құбылыстардың  физикалық  заңдылығын 
түсіну  қиынға  соқты.  Кейіннен  Кеңес  одағының  жоғары  медициналық 
мекемелері  кеңесінің  шешімі  бойынша  медициналық  физика  кафедрасы 
құрылды,  ол  кафедрада  жоғары  математика,  биофизика,  медициналық 
аппаратураның  негізі,  медициналық  электроника  және  кибернетика  пәндері 
оқытылды.  Бұл  кезең  физика  курсының  мазмұны  мен  құрылымының  жаңа 
арнасы болды. 
«Биофизика»  пәнінің  ерекшелігі  мен  мұғалімдердің  әлсіз  даярлығы, 
биофизиканың  біраз  сұрақтарын  қалыпты  физилогия  пәніне  беру  жұмыстары 
жасалды. Бірақ практика көрсеткеніндей, ол табысты болмады. 
Осылайша,  физика  пәнін  кәсіби  бағытта  оқыту  үшін  төмендегілер 
қосылды: 
- диагностикада, 
рентгенографияда  және  терапияда  қолданылатын 
оптикалық және электронды аппаратура құрылыс элементі мен принциптері
- аппаратураның  іс-әрекет  приницпін  саналы  меңгеру  үшін  қажетті 
заманауи  физиканың  кейбір  фрагменттері  –  жартылай  өткізгішті  физик 
элементтері, атомдық және ядролық физика негізі туралы элементар түсініктер; 


21 
- ағзаның жүйесі мен органдардың биофизикасы. 
Сонда  да,  физиканың  жалпы  курсының  бірізділігіне  зиян  келмеді: 
механика – молекулалық физика және термодинамика – электр және магнетизм 
теориясының негізі (электроника элементтерімен) – оптика элементі, атом және 
ядролық физика болды.  
1979  жылы  қабылданған  жаңа  бағдарламаның  ерекшелігі  жоғары  оқу 
орнында  өтілетін  жалпы  физика  курсының  құрылымын  сақтай  отырып,  оған 
медициналық және биологиялық физика сұрақтары енгізілді.  
Оқулықты пайдалана отырып, физика мен медицинаның тығыз байланысы 
айқындала бастады. Кейінгі шыққан басылымдарда келесі тараулар енгізілді: 
- адам ағзасының тетіктер жүйесінің механикасы; 
- жүрек пен қан тамыр жүйесінің гидродинамикасы; 
- жүрек клапандарының жұмысы
- ағзаның физикалық тұрғыдан термо реттелуі; 
- жылу тепе-теңдігі немесе балансы; 
- көздің оптикалық жүйесі; 
- есту аппараттарының акустикалық жүйесі; 
- электростатикалық өрістің, электр тогы мен күн сәулесінің әсерінен адам 
ағзасында көрініс табатын физикалық заңдылықтары [90-94]. 
ХХ  ғасырдың  40-60  жылдарында  ғылыми-техниканың  күрт  артуы, 
медицинада  оң  әсерін  туғызды.  Физика  саласындағы  радиоэлектроника  мен 
қатты 
денелер 
физикасының 
жаңалықтары, 
адам 
денсаулығын 
диагностикалауда 
қолданылған 
жаңа 
аппараттар 
мен 
әдіс-тәсілдер 
медицинаның  дамуына  да  ықпал  етті  [95,  б.66].  Бұл  кезде  даярланған 
бағдарламалар оқытудың ғылымилық принципін жеткіліксіз дәрежеде көрсетті. 
Яғни,  клиникалық  практикаға  зерттеудің  сандық  тәсілдерін  интенсивті  енгізу, 
денсаулық  сақтау  ұйымдарында  математикалық  статистика  тәсілдерін  кең 
қолдану, медицинаға есептеу техникасын біртіндеп енгізу медициналық жоғары 
оқу орындарында физика пәнінің бағдарламаларында көрініс таппады. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  физика-техникалық  сала 
бойынша  іргелі  білімінің  негізін  қалайтын  пән  қатарына  жататын  «Физика» 
пәні  70-80-ші  жылдары  «Медициналық  физика  мен  медициналық  техника 
негіздері»  деп  аталған  болса,  ал  қазіргі  таңда  «Медициналық  биофизика» 
(Физика) деп аталады [95]. 
Жоғары  медициналық  білім  беру  жүйесінің  физикалық  компоненті  соңғы 
50  жылда  ұдайы  ауысып  отырды,  және  физика  курсының  мазмұны 
медициналық  және  биологиялық  физика  курсына  айналды  да,  физикалық 
заңдар  мен  заңдылықтардың  медициналық  қосымшасы  мен  биофизика  негізін 
түсіндіретін  жүйеге  ие  болды.  Бұл  процесте  негізгі  бағыттаушы  «вектор» 
жоғары  оқу  орнындағы  кәсіби  бағыт  қағидасы  болып  табылды,  яғни  болашақ 
дәрігердің кәсіби іс-әрекетінің түрлі тұстарына максимал жуық тапсырмаларды 
шешуге  итермелейтін  оқу  курсын  жетілдіруге  жағдай  жасауы  тиіс  болатын. 
Соған  сай,  медициналық  факультетте  оқытылатын  физика  тек  мазмұндық 
сипатта болады.  


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау