Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

16 
кәсіби  бағытта  оқыту  принципі  деп:  кәсіби  оқыту  мен  теориялық  оқытуды; 
жалпы  білім  беретін  және  арнайы  пәндердің  пәнаралық  байланысын 
ұйымдастыруды;  жаратылыстану  ғылымдары  пәндерін  оқу  процесінде  кәсіби 
аспектілерді қолдануды талап ететінін көрсетті [72]. 
М.И.  Махмутов  өз  зерттеулерінде,  кәсіби  бағытта  оқытудың  принципі 
«студенттердің  бағдарламада  қарастырылған  білім  мен  дағдыларын  меңгеруін 
қамтамассыз  ететін  педагогикалық  құралдарын  қолдануға»  негізделеді  деп 
жазған [73]. Кәсіби бағытта оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық құралдар 
оқытудың  мазмұны,  формасы  мен  кейбір  тәсілдері  болып  табылады.  Кәсіби 
бағытта оқыту принципінің жүзеге асуы – тұлғаның қалыптасуы мен кәсібилігі 
арасындағы,  жоғары  оқу  орнында  оқытылатын  пәндердің  теориялық  сипаты 
мен  осы  теориялық  білімдерді  кәсіби  іс-әрекетінде  қолдана  алу  қабілеті 
арасындағы қарама-қайшылықты шешеді. 
Г.С. Гуторова «кәсіби бағытта білім беру дегеніміз – кәсіби білім берумен 
ұштасқан ғылымның негіздерін оқыту теориясы» деген анықтама берген. Яғни, 
білім  алушылардың  кәсіби  даярлығын  ғылым  негіздерімен  байланыстыратын 
теория ретінде санаған [74]. 
С.Я.  Батышев  жоғары  оқу  орнындағы  кәсіби  бағытталудың  мәнін: 
«Мектептегі секілді, ғылым негіздерін өзгеріссіз, толық беру, бірақ басты назар 
нақты  мамандықты  игеру  барысында  алған  білімді  қолдануға  бағытталады»  - 
деп  жазған  [75].  Медициналық  жоғары  оқу  орны  оқытушыларға  әдістемелік 
нұсқаулық  ретінде  «кәсіби  бағытталудың  принципін  жүзеге  асыруы,  бір 
жағынан,  физика  пәнінде  оқу  материалын  көрнекі  және  дидактикалық 
құралдарды  қолдану  болса,  екінші  жағынан,  физика  білімінің  негізгі,  кәсіби 
маңызды  элементтерін  нақты  мамандығында  қолдана  алатын  тұстарын  бөліп 
алу болып табылады» [76, с.4]. 
А.П.Сейтешев  өз  зерттеулерінде  кәсіби  бағытта  оқытуды  күрделі 
интегралды  білім  берудің  түсінігі  ретінде  анықтайды,  яғни  адамның  таңдап 
алған  мамандығы  мен  кәсіби  іс-әрекетіне  даярлық  пен  табыстылығына  ықпал 
етуге қатынасын сипаттайды [21, с.185].  
Ал  Г.А.Журавлеваның  зерттеулерінде  мамандыққа  кәсіби  бағытта 
тұлғалық  қасиеттің  әсерін  бөліп  көрсетеді,  кәсіби  бағытта  оқытуды 
мамандықты игеруге тұлғаны жігерлендіруді атап өткен [7, с. 69].
 
Академик  Ю.К.Бабанскийдің  орта  мектепте  оқытудың  дидактикалық 
принциптеріне арналған жұмыстарын [77-80] негізге ала отырып, А.И. Наумов 
[81]  оның  принциптерін  жоғары  оқу  орнындағы  білім  беруге  бейімдеп, 
оқытудың негізгі заңдылықтар жүйесін келесідей жасайды: 
- оқу  процесінің  қоғамға  жоғары  білікті  мамандардың  қажет  болу  шарты, 
яғни,  кәсіби  білім,білік,  дағдыға  ие,  таным  теориялық  және  практикалық 
деңгейі  технологиясын  меңгерген,  дамыған,  әлеуметтік  жағдай  өзгерістеріне 
бейімделе алу қабілетінің шарттылығы; 
- оқыту, тәрбиелеу мен тұлғаны дамыту процестерінің бірлігі; 
- оқу процесі жүріп өтетін, оқытудың сыртқы фактор мен шарттарға, білім 
алушының шынайы мүмкіндігіне тәуелділігі


17 
- оқу  мазмұнының,  қоғам  қажеттілігінде  көрініс  тапқан  тапсырмаларына 
тәуелділігі,  пәндік  білім  мен  байланыс  пәндердің  іргелі  және  қолданбалы 
салада даму логикасы мен деңгейі; 
- жоғары  оқу  орындарындағы  оқу  процесінің  кезеңдері  мен  барлық 
деңгейінің кәсіби бағытта болуы; 
- оқу  іс-әрекетін  бақылау  мен  оқуды  ұйымдастыру  әдістері,  құрылымның 
оқыту мазмұны мен тапсырмасына тәуелділігі; 
- теориялық оқытумен, оқу практикасының түрлі формасы және студенттің 
өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары арасындағы өзара байланысы; 
- оқу  процесі  тиімділігінің  және  оқу  процесінің  барлық  компоненттерінің 
логикалық және құрылымдық өзара байланысының шарттылығы. 
Аталған заңдылықтар негізінде жатқан жахандық сипаттағы талаптар мен 
критерийлерді  оқыту  принциптері  қатарына  жатқызады.  Оған  қоса, 
А.И.Наумовтың  еңбектеріндегі  [81,  с.41]  дидактикалық  зерттеулер  негізінде 
қалыптасқан  жоғары  оқу  орнындағы  оқыту  қағидаларының  жүйесіне 
тоқталайық: 
- студенттің  тұлғалық  дамуы,  тәрбиелеу  мен  оқыту  тапсырмаларының 
комплексті шешімін табуға бағыттап оқыту
- оқытудың ғылымилық қағидасы; 
- оқытудың жүйелілік қағидасы; 
- практикалық және әлеуметтік әрекетпен оқытудың байланыс қағидасы; 
- оқытудың  қол  жетімділігі,  студенттің  белсендігі  мен  саналылық 
қағидасы; 
- оқытудағы жүйелілік пен бірізділік қағидасы
- оқытудағы нақты мен абстрактілі бірлік қағидасы; 
- кәсіби бағытта оқыту қағидасы.  
А.И.Наумовтың  [81,  с.19]  пікірінше  соңғы  қағида  жоғары  оқу 
орындарында өз бетінше жүзеге асырылуына болады және нақты пәндердің оқу 
жоспары  мен  оқу-тәрбиелік  процесінің  жалпы  құрылымына  ықпал  етеді  деп 
есептейді. 
Кәсіби  бағытта  оқыту  қағидасының  мәселесі  көптеген  жұмыстарда 
зерттелген. П.И. Самойленко [82] өзінің «Физиканы оқыту тиімділігін арттыру» 
деген  еңбегінде  физиканы  оқыту  кезіндегі  осы  қағиданы  жүзеге  асыру 
жолдарын көрсеткен: 
- оқуға  қызығушылығын  туғызу  мақсатында  болашақ  маманның  физика 
бойынша оқу материалын нақтылау; 
- физикалық  фундаментке  негізделетін,  жалпы  білім  беретін  және  арнайы 
циклдегі  пәндердің  барлығының  теориялық  негізін  саналы  меңгеру  үшін 
қажетті, негізгі физикалық құбылыс, түсінік пен заңдарды терең оқу; 
- лабораториялық тәжірибелер мен практикалық сабақтар құрамына  кәсіби 
іс-әрекетіне байланысты тәжірибелерді қосу. 
У.Қ.Тоқбергенова  өз  еңбектерінде,  кәсіби  бағытта  білім  беруді  оқытудың 
басты мақсаты студенттердің, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған 
құзіреттілігін  қалыптастыру  мен  болашақ  кәсіби  қызметінің  бағытын  саналы 
түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету деп санайды [33, б.26]. 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау