Құрама шұжық бұйымдары
Соңғы жылдары әр елдердің мамандары құрама ет өнімдерін жасауға күш салуда, бұл өнімдерде етпен бірге ақуызы бар мал және өсімдік тектес заттар қолданылады. Жоғары сапалы биологиялық жағынан толық құнды ет өнімдерінің құрамына – сүт ақуызы, қан плазмасы, ІІ-категориялы субөнімдер, соя ақуыздары, мақта, күнбағыс ақуыздары, ет кесінділері, сүйек ақуызы т.б. шикізаттар кіреді. Құрама ет өнімдерін жасау тамақ өнеркәсібіндегі жаңа бағыт-тамақ өнімдерін жобалаумен байланысты. Жобалау кезінде өнімнің химиялық, аминқышқылдық құрамы, органолептикалық көрсеткіштері, әрі адамдардың дәстүрі, әдет – ғұрыптары, жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сақтау кезіндегі шыдамдылық, буып-түю, тамақтық және биологиялық құндылық үлкен маңызды.
Дүмбілдер және жылдам мұздатылған екінші тағамдар
Дүмбілдер шығаруға ет өнеркәсібінде үлкен маңыз беріледі. Олардың ассортименті әр түрлі. Кәсіпорындар оралған ет, субөнімдер, дүмбілдер, жылдам мұздатылған дайын екінші тағамдар шығарады.
Өлшеп-оралған ет және субөнімдер
Өлшеп –оралған ет (фасованное мясо) өндірудің технологиялық сызбасы мынадай: ұшаны мүшелерге бөлшектеу және кесу; мүшелерді үлестерге кесу, оларды өлшеп, стандартқа сәйкес салмаққа жеткізу; буып- түю және таңбалау; ыдысқа салу. Етті шығару үшін І-ІІ кат. сиыр, бұзау, қой ешкі еттері І, ІІ. кат. шошқа еті қолданылады.
Өлшеп, орауға ет кесіндісінен басқа барлық І категориялық субөнімдері және шошқа қарнынан, көк бауырдан басқа ІІ категориялық барлық субөнімдер тұтас немесе бөлшектелген күйінде қолданылады. Ет пен субөнімдерді көбінесе тоңазытылған күйінде пайдаланады.
Ұшаларды мүшелерге арнаулы таспалы арамен (РЗ-ААВ-ГУ) бөледі. Мүшелер мен субөнімдерді үлестерге арнаулы тасқынды желілерде (ПЛМ-2М, В2-ФРП) бөлшектейді. Бұл кезде шикізаттың 0,7-1,4%-і ұсақ кесінді, қиқым түрінде жоғалады. Өлшеп оралған ет салмағы 250, 500 және 1000 г үлес түрінде шығарылады. Салмағы 0,4 кг 1 кг дейін бір кесек түріндегі ет немесе субөнім шығаруға болады. Әр үлесті арнаулы полиэтилен, повиден т.б. қалтаға салып, орайды. Салмақ ауытқуы - 1%.
Достарыңызбен бөлісу: |