ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША
ЖӘНЕ ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
С.Ж.Байқадамова
БҚО, Бөрлі ауданы
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тілімізді өзге ұлт өкілдеріне меңгерту
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне үлкен міндет жүктейді. Ол мұғалімнен көптеген ізденісті талап етеді.
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты-оқушылардың дұрыс сөйлеуін және
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, оның сөйлеу, жазу тілін дамыту - өте қиын және
жауапты іс. Әрбір сабақтың мазмұнына сай оқытудың озық технологияларын қолданып оқытқанда ғана
басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін ынтамен оқуға, меңгеруге, ауызекі сөйлеуге, сауатты жаза білуге
үйретеміз.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және күтілетін нәтижеге
мүмкіндік беретін әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологияның басты міндеті-оқушының оқу-
танымдық әрекетін жандандырып, алға қойған мақсатқа жету.
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар:
1.Модульдік оқыту технологиясы.
2.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
3.Коммуникативтік технология.
4.Ақпараттық технология.
М.М Жанпейісованың “Модульдік оқыту технологиясы” екінші тілді оқытуда сөйлесе үйретуді
негізге алады.
Модуль деген - қандай да бір жүйенің біршама дербес бөлігі. (С.И.Ожегов)
1.Кіріспе. Модуль мақсаты, міндеті.
2.Сөйлесу. Оқушыларды топқа бөліп, әрбір топқа тапсырмалар беріп, жеке, топтық, жұптық
жұмыстардың белсенді формаларын ұйымдастырамын.
3-деңгей - төменгі, 2-деңгей - орташа, 1-деңгей - жоғары.
Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау,топтық бағалау, бірін-бірі
бағалау әдістері пайдаланылады. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында сөйлесуді қамтамасыз ету
үшін тілдік орта болу жағдайларын жасап, оқушының қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқыта-
үйрету ойындары жүргізіледі.
3.Қорытынды, бақылау.
1.Тест.
2.Диктант, мазмұндама, шығарма.
3.Нәтиже сабақтары (сайыс, интелектуалдық ойындар).
Модульдік технология бойынша оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда тірек-
сызбалардың ролі үлкен. Тірек-сызба мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, оқушылар осы тірек-сызба
арқылы өз ойларын жүйелі жеткізуге үйренеді, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Қазақ тілін модульмен оқыту-жаңа әдістемелік жүйе. Оқу технологиясы оқушының белсенді
сөздік қорын дамытуға бағытталған. Оқушылардың өзара коммуникативтік қарым-қатынас жасауы
үшін әр сабақта оқыта-үйрету ойындарын қолданудың маңызы зор. ”Өз жартыңды тап”, ”Мені түсін”,
”Сиқырлы сандықша”, ”Сөз жарысы”, ”Даналық ағашы”, ”Шеңбер бойынша әңгімелеп беру”
ойындарының маңызы зор.
Қазіргі оқыту технологияларының бірі-ақпараттық технология. Ақпараттық технология – қажетті
техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер. Оқыту үрдісінде электрондық оқулықтар,
мультимедиялық оқу құралдарын пайдалану оң нәтиже беруде.
Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтары:
1.Түрлі-түсті иллюстрациялар есте сақтау үшін пайдалы.
2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады:
тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
3.Оқушының белсенділігі артады..
Орыс мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта
және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзіреттілікті жүзеге асыра отырып, қазақ
тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, сөйлесім әрекетінің түрлеріне орай тілдік білім негізінде
сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі
тақырыптар бойынша тілдік қатынасты игеру арқылы жүзеге асады. Осы мақсатқа жету үшін
ақпараттық технологияны пайдалану қажет. Компьют ер мен интерактивті тақтаны оқушылардың
құзіреттілігін дамыту құралы ретінде пайдалану интелектуалдық, ақпараттық сауаттылығын арттыруға
көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдістің тиімділігін арттырады. Қазақ
тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге,
ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік
береді.
Тыңдап түсінетін, көретін құралдарға аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары,
сұхбаттар жазылған үнтаспалар жатады.
Оқушының қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды ”Дамыта оқыту” технологиясы бойынша
қолдану.
Диктант түрлері. Әріп, буын, сөз, сөздік, шығармашылық, көру, суретті, терме, графикалық, есту,
бақылау диктанттары. Оқушыны қатесіз жазуға үйрету үшін мұғалім олардың қателерін дер кезінде
көріп,онымен тиянақты жұмыс істеуі тиіс. Дұрыс, сауатты жазуға төселдіру үлкен шеберлікті талап
етеді.
Суретті диктант. Суреттегі заттың атын ататып,сөзде неше дыбыс болса, сонша тор көз сыздыру,
суреттегі зат атауларын буынға бөлгізіп жаздыру.
Сөздік диктант. Өтіліп отырған тақырыпқа байланысты жүргізіледі. Бұл диктант түрін күнде
сабақ алдында жаздыруға болады.
Буын диктант. Сауатты жазуға үйрету, сөзді буындап оқып, жаттап алуға көмектесу, сөздерді
тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Шығармашылық диктант-құрылым, мазмұн, әдіс -тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушының ойлау
қабілетін, сөздік қорын, өздігінен жұмыс істеу шеберліктерін арттыру көрсеткіштері.
Терме диктант.
Белгілі бір ережені қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Оқушы мәтінді
тұтас жазбай, әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздерді жазады. 1.Заттың қимылын білдіретін
сөздер. 2.Тәуелденген сөздер. 3.Жіктелген сөздер. 4.Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу сынды
тапсырмалар .
Өздік диктант. Оқушылар өтілген материалға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, жекелеген
сөйлемдер мен жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелді естеріне түсіріп, ойлана отырып
жазады. Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталауда, тіл дамытуда маңызы зор. Көп нүктенің орнына
қимылды білдіретін немесе керісінше заттық ұғым атауларын білдіретін сөздерді жаздыруға болады.
Күз..., күн..., ағаш жапырақтары..., оқу жылы....
Мазмұндама мен шығарма жазу да оқушының сөйлеу мен жазу тілін дамытады.
Сурет бойынша шығарма.
Берілген суреттің мазмұнына қарай жүйелі ойды білдіретін шағын әңгіме айтуға және жазуға
жаттықтыру. Оқушы сурет мазмұнына байланысты сөйлемдер құрайды, шағын әңгіме жазады.
Дамыта оқыту технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа
қағидаларға негізделеді. Оқушының әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесі түзетіліп
отырады.
“Сұрақ-жауапқа құрылған хат” ойыны. Ойын шарты 6 оқушыға 6 түрлі сұрақ беріледі.
1.Кім? 2.Қайда? (қай жерде?) 3.Не істеді? 4.Ол не айтты? (төл сөз) 5.Адамдар не деді? 6.Оқиға
немен аяқталды?
Буынды тап.
Қаң..., әдеп..., кі...,
Сөз тізбектерін жаз.
1.мектеп, ..., тақта
2.күнделік, ..., сызғыш, қарындаш
3.мұрын,..., көз, ауыз.
4.диван,.., орындық, үстел.
Сөйлемді дұрыс құрау-қазақ тілінің грамматикалық заңдылығын білу, сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібін меңгеру, қазақ дыбыстарын дұрыс айту.
Оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмысына қойылатын талаптар:
1.сөздік қорының болуы.
2.сөйлемді дұрыс құрастыра білу.
3.байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
4.ерекше дыбыстарды айта білу.
5.сурет бойынша жұмыс істеу.
6.оқушының ойлау қабілетін дамыту
7.естігенін, оқығанын анық,түсінікті етіп жеткізе білуге жаттықтыру.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап әдісі 2 мақсатта қолданылады.
1.Сөйлем құрамындағы сөздерден жалғау түрлерін анықтау.
2.Оқушының тілін дамыта отырып, ойлау жүйесін жетілдіру.
Тіл дамыту жұмыстары 4 бағытта жүргізіледі:
1.Орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, мәнерлеп оқи білу
дағдысын қалыптастыру.
2.Оқушының сөздік қорын дамыту.
3.Сөз бен сөздің байланысу тәсілдерін үйрету, сөйлемді дұрыс құрастыру.
4.Оқушының ойын ауызша және жазбаша жеткізе алуы. Тіл дамыту жұмыстарын интерактивті
әдістер арқылы жүргізу тиімді. Рөлдік ойындар әдісі оқушылардың ойлауын, іскерлік дағдысын
қалыптастырып, дарынын дамытады. Викториналық сұрақтар ойынының да оқушылардың ойлау
қабілетін шыңдауда, сөйлеу, жазу дағдыларының дамуына әсері бар. Викториналық ойынды әр түрде
өткізуге болады.
1.Ауызша сұрақтар. 2.Сұрақтарды ерте беріп, дайындалып жауап беру. 3.Сұрақтар жазбаша
беріледі, сол арада жазбаша жауап алынады. Мазмұнына қарай да викториналық сұрақтар әр түрлі
болуы мүмкін 1.Өтілген материалдар бойынша сұрақтар. 2.Танымдық сұрақтар
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер, белгілі бір
тақырыптарға, екіншіден, сөз таптарына қатысты болады, сол себепті қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі
әдебиеттік оқу материалын қамтиды. Қазақ тілі сабағында сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай
әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелеу, көрнекілік, мәтінмен жұмыс. Әр
сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, бейнекассеталар, электронды
оқулықтар жүйелі пайдаланып отырылуы қажет. Сөздік қорды дамытуға бағыталған әдістер:
Түсіндіру әдісі. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, сөздік жұмысын жүргізу. Қазақ тілі
грамматикасының кейбір ерекшеліктері де (қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар, дауысты дыбыстардың
жуан, жіңішке, дауыссыз дыбыстардың қатаң. ұяң, үнді болып бөлінетіні, не істеді? сұрағына жауап
беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, екпіннің соңғы буынға түсетіндігі) түсіндіріледі.
Көрнекілік әдісі - басқа тілді үйретуде жиі қолданылатын әдіс. Ыбырай Алтынсарин «балаға
айтып түсіндіргеннен гөрі қолымен ұстап, көзімен көріп түсіндірген сабақ ұғымды» деген болатын.
Мұғалім түрлі технологияларды жүйелі қолданып, шығармашылықпен пайдалана білсе, оқушылардың
ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылары қалыптасады.
Әдебиеттер
1Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – Алматы, 1997.
2.Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі // Қазақстан мектебі. №2. 2005.
3 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. Москва: Народное
образование, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |