Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет34/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

93


94
Қажеттіліктер
Әлеуметтік
Құқықтық
Психолого-педагоги-
калық
Медициналық
Уақытша  баспана  беру;
Баспананы  жөндеуге көмек-
тесу;
Баспананы жалға алуға 
көмектесу;
Жұмыс табуға көмектесу;
Әлеуметтік жәрдемақылар 
тағайындау;
Жас бойынша зейнетақы 
тағайындау;
Мүгедектік бойынша зейне-
тақы тағайындау;
Асыраушысынан айырылу 
жағдайы бойынша зейнетақы 
тағайындау; 
Гуманитарлық көмек көрсету 
(азық-түлік, сабын-жуу құрал-
дары, киім және т.б.);
Материалдық көмек көрсету;
Шағын несие алуға көмектесу; 
Зорлық-зомбылық құрбанда-
рына арналған дағдарыстық 
орталықтар қызметтерін 
көрсету;
Пана беру қызметтерін 
көрсету;
Отбасыларға және балаларға 
қолдау көрсету орталықтары-
ның қызметтерін көрсету;
Отбасыларға және балаларға 
қолдау көрсету орталықтары-
ның қызметтерін көрсету;
Оңалту орталықтарының 
қызметтерін көрсету;
МӘСК (медико-әлеуметтік 
сарапшылық комиссия) қыз-
меттерін көрсету; 
Қыс мезгілінде жанар-жағар-
маймен (көмір, отын) қамтуға 
көмектесу;
Басқа да қызметтер көрсету.
Төлқұжат алуда заң-
герлік көмек көрсету;
Тұрғылықты ме-
кен-жай бойынша 
тіркелуде заңгерлік 
көмек көрсету;
Мемлекеттік әлеумет-
тік қамту жүйесінде 
азаматтардың 
әлеуметтік қызмет 
алу құқығы бойынша 
заңгер консультаци-
ясы;
Адвокаттық көмек 
қызметтері;
Зейнетақылар, 
жәрдемақылар алу, 
қамқорлық/қорған-
шылық рәсімдеу, 
бала асырап алу үшін 
құжаттарды жинауға 
көмектесу, материал-
дарды сотқа тапсы-
руға көмектесу;
Туыстық байланы-
старды іздеу және 
қайта табыстыру;
Әрекетке қабілет-
сіз азаматтардың 
мүліктік мүдделерін 
қорғау;
Кәмелетке толмаған-
дардың құқықтарын 
қорғау және сақтау 
бойынша құқықтық 
көмек көрсету;
Құқықтық тұрғыдағы 
басқа да көмектерді 
көрсету;
Моральдық-психо-
логиялық қолдау 
көрсету;
Психолог қызмет-
терін көрсету;
Бала мен ата-ана 
қарым-қатынасын 
қалпына келтіруге 
көмектесу;
Психологиялық-ме-
дициналық-педаго-
гикалық комиссия 
аясында консульта-
ция беру;
«Ерте араласу» орта-
лығының қызмет-
терін көрсету;
Балаларды бейімдеу 
және оңалту мәсе-
лелері жөніндегі 
күндізгі орталықтар-
дың қызметтерін 
көрсету;
Денсаулығында 
ауыр және көп-
теген шектеулері 
бар тұлғаларды 
мамандандыр-ылған 
мекемелерге 
интеграциялау үшін 
қолдау көрсету;
Мектеп пен ата-ана 
арасындағы байла-
нысты нығайту;
Өзара қолдау 
көрсету топтарында, 
қарым-қатынас 
клубтарында дәрі-
стер ұйымдастыру 
және өткізу;
Әлеуметтік-педаго-
гикалық консуль-
тация;
Басқа да қолдаулар-
ды көрсету.
Аумақтық 
аурухана 
қызметтерін 
көрсету;
Жоғары білікті 
медициналық 
көмек көрсету;
Шипажай-
лық-курорттық 
емдеу;
Психотерапевт 
қызметтерін 
көрсету;
Дәрі-дәрмек 
сатып алуға 
материалдық 
көмек көрсету;
Денсаулық 
сақтау ме-
кемелерінде 
баладан бас 
тарту қатері 
туындаған 
жағдайда 
консультация 
беру;
Қызметтер 
көрсету (Ана-
лар үйі және 
т.б.);
Салауатты 
өмір салты 
және отбасы-
ны жоспарлау 
туралы профи-
лактикалық 
әңгімелер 
жүргізу;
Басқа.
Отбасы мүшелерінің пікірі мен ескертпелері (соның ішінде, келіспеуі).:


95
2- қадам.
 
Қауіп деңгейі жоғары қатерлі жағдайларды жүргізу үшін жауапты тұлғаны 
(кейс-менеджерді) тағайындау
Осыдан кейін, бірінші күн ішінде бас дәрігер отбасын бақылайтын жауапты қызмет-
керді тағайындайды. Жауапты қызметкер – отбасымен жұмыс жасау жоспарында 
көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру уақытында отбасын және баланы бақылай-
тын, көрсетілетін қызметтер сапасына мониторинг жүргізетін және қажетті консуль-
тациялар  өткізетін  маман.  Патронаждық  қызметтердің  әмбебап-озық  моделінде 
қауіп деңгейі жоғары  жағдайды  жүргізу үшін жауапты тұлға (кейс-менеджер) отба-
сылық дәрігер (жалпы тәжірибе дәрігері – ЖТД) болады. Қауіп деңгейі жоғары қатерлі 
жағдайларда кейс-менеджер бас дәрігер бұйрығымен тағайындалады.
3-қадам

Отбасына бару және қайталама бағалау жүргізу.
 
Қайталама бағалау отбасының әлеуметтік әлсіздігінің орташа және жоғары қаупі 
жағдайында жүзеге асырылады, бұл бағалауды әлеуметтік қызметкер патронаждық 
қызметкердің бастапқы бағалау нәтижелері негізінде оның отбасына барған кезде 
жүргізеді. Бастапқы бағалау туралы ақпаратты беруді ЖТД үйлестіреді және жүзеге 
асырады. 
Әлеуметтік қызметкер ЖТД-ден ақпарат алғаннан кейін 3-7 күн ішінде тереңірек 
және жан-жақты бағалау жүргізеді, бағалау барысында арнайы бекітілген формаларға 
(қажеттіліктер үшбұрышы, отбасының эко-картасы және т.б.) сай бағалау форматын 
қолданады. 
Денсаулық, баланы ерте жастан дамыту, білім, әлеуметтік қорғау, баспана мәселе-
лері бойынша мұқтаждықты анықтау үшін қажеттіліктер үшбұрышының көмегімен 
тереңдетілген бағалау жүргізу барысында бала және отбасы туралы ақпарат жинауға 
пайдалы формалар, соның ішінде балаға және отбасына қатысы бар туыстар және 
мамандар  арасында  сауалнама  жүргізу  формалары  төмендегі  2.2.  қосымшасында 
келтірілген.
4-қадам. Сүйемелдеу жоспарының жобасын жасау

Әлеуметтік қызметкер барып, қайталама бағалау жүргізгеннен кейін 7-10 күн ішін-
де АМСК мамандарының командасы (патронаж  мейірбикесі, ЖТД, әлеуметтік қыз-
меткер, әрі мемлекеттік мекемелердің және үкіметтік емес сектордың басқа да ма-
мандарын тарта отырып) баланы және ата-аналық әлеуетті дамыту бойынша отбасын 
сүйемелдеу жоспары жасалады (2.3. қосымшасын қараңыз).
Отбасы жоспары әр отбасы мүшесінің қажеттіліктерін ескеруі тиіс және білім (ба-
ланы балабақшаға, ерте жастан дамыту немесе мектепке дейін дайындау орталығы-
на орналастыру) және ата-аналардың дағдыларын дамыту (мысалы, салауатты өмір 
салтын дәріптеу, ата-аналардың балаларды ұнамды жолмен тәрбиелеу дағдыларын 
күшейту, өткір және созылмалы күйлерді басқару, жұмыс іздеу стратегиялары), көмек-
ке мұқтаж әр отбасы мүшесінің біліктілігін, ынта-құлшынысын арттыру, зорлық-зом-
былық,  немқұрайдылық,  жақын  отбасы  мүшелерінен  айырылу  нәтижесінде  пси-
хоэмоциялық  зақым  келтірілгені  анықталған  жағдайда  оңалту  сынды  бағыттарды 
қамтуы қажет.
Отбасының  мақсаттары  және  жоспардың  іс-қимылдары  баламен,  ата-анамен/
қамқоршылармен және жоспарды орындауға септесе алатын басқа да серіктестер-
мен және/немесе мекемелермен тығыз ынтымақтастықта әзірленуі тиіс. 


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау