96
Баламен/отбасымен келісілген міндеттер негізді және орындалатын болуы қажет.
Қалаулы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті уақыт мөлшерін жоспарлау керек.
Әрекеттерді жоспарлау барысында баланың/отбасының соларды орындай алу қа-
білеті, сонымен қатар, сол әрекеттерді қаржыландыратын қолжетімді ресурстар
ескерілуі керек.
Әзірленген жоспарға баланың ата-анасы/қамқоршысы, патронаж мейірбикесі, әле-
уметтік қызметкер және ЖТД немесе іс-шараларды жүзеге асыруға, олардың сапасы-
на мониторинг жүргізуге және олардың орындалуын үйлестіруге қатысатын ЖИТС-ор-
талықтағы бөлімше басшысы қол қояды.
Мультидисциплиналы мамандар командасы анықтайтын араласу шаралары бала
отбасының орнықтылығын арттыруға, келешекте деп жоспарланған ұзақмерзімді
әрекеттерді айқындауға бағытталған. Қажет болса, отбасылық конференциялар, ер-
лі-зайыптыларға шешім іздейтін консультация беру, топтық дәрістер сияқты түрлі
тәсілдерді қолдана отырып, психотерапия амалына жүгінуге болады. Балаларға қол-
дан келетін көмек пен қамқорлық көрсету, тиісті органдарға жолдау (қаржы, баспа-
на, заңгерлік консультация, медициналық және мінез-құлықтық мәселелер) арқылы
қызметтер көрсетуді жоспарлау керек. Қызметтерді үйлестіру, әсіресе, ересектерге ар-
налған мекемеге ауыстыру кезінде, көмек көрсету аяқталғанда көрсетілген қызмет-
терге мониторинг жүргізу және бағалау керек.
Отбасын сүйемелдеуді тиімді жоспарлаудың 10 қадамы
Әмбебап-озық модельді пилоттық тәртіпте енгізу кезінде жағдаймен жұмыс жасау
тәжірибесі көрсеткендей, көптеген қызметкерлер жоспарды жасау кезінде нақты ал-
горитм мәнін түсінбеген, мақсатты және қажеттіліктерді айқындауға баланың отбасы
мүшелерін қатыстырмаған, осының барлығы араласу шараларының сапасына әсер
еткен.
Алған сабақтар негізінде мамандар және серіктестер жоспар жасау үшін келесі
нұсқауларды әзірледі:
1. Отбасының әлсіз тұстарын бағалап, қажеттіліктерін анықтаған соң, дербес отба-
сы жоспарын жасаңыз.
2. Отбасының нақты және түсінікті мақсаттарын және әрекеттерін айқындаңыз.
Осыны баламен, ата-анамен/қамқоршымен және басқа да серіктестермен
және/немесе мекемелермен тығыз ынтымақтастықта жасау керек.
3. Баланы қатыстырыңыз. Баланы және жасөспірімді қатыстыру оның жасына
және даму деңгейіне байланысты. Қимыл-қозғалысының шектелуі, сөйлей ал-
мауы немесе ақыл-ойындағы ауытқулар жоспарлауға қатысуға кедергі емес.
4. Баланың және отбасының анықталған қажеттіліктері негізінде емхананың/Ор-
талықтың және басқа да мекемелердің қызметтерін қосыңыз. Мысалы, егер тіл
дамыту қажет екенін анықтасаңыз, жоспарға басқа мекемелердегі тіл дамыту
мамандарымен жұмыс жасау қосылады.
5. Жоспарды орындау мерзімін баланың қажеттіліктеріне қарай жоспарлаңыз.
6. Есіңізде болсын, жоспарды орындау мерзімі қауіпсіздікке төнген қатер дәреже-
сіне және қызметтерге, қорғауға мұқтаждық деңгейіне тәуелді болады. Қатер
дәрежесі неғұрлым жоғары болса, нақты әрекеттерге қатысты мерзімдер соғұр
лым қысқа болуы тиіс.
97
7. Отбасының қолынан келмейтін істерді жоспарламаңыз. Баланың/отбасының
жоспарланған әрекеттерді орындау қабілетін және ресурстарын ескеріңіз. Басқа
мекемелер (үкіметтік емес ұйымдар, дағдарыстық орталықтар, жергілікті атқа-
рушы орган (әкімдік), жұмыспен қамту орталығы, көші-қон полициясы, балалар-
ды дамыту орталығы) қолдау көрсете алатынын ұмытпаңыз.
8. Жоспарлауға баланың/жасөспірімнің және отбасының анықталған қажеттілік-
теріне жауап ретінде қолданылған шараларға қарай басқа да мамандарды (аты-
жөні, мекеме, байланыс деректері) белсенді қатыстырыңыз.
9. Басқа мамандарды қатыстырғанда поликлиника бөлімшесінің меңгерушісімен
бірге баланың, отбасының қажеттіліктерін бағалау және іс-шараларды жоспар-
лау үшін ведомствоаралық комиссия құру бастамасын көтеріңіз. Дербес жоспар
икемді болып қала беруі тиіс екенін естен шығармаңыз.
10 Жоспардың орындалуын қадағалаңыз (мониторинг жоспарын жасаңыз), мақ-
саттар мен әрекеттерді қайта бағалаңыз, өзгертіңіз.
5 - қадам. Жоспарды бекіту.
Жоспар жобасы консилиум талқылауына және қабылдауына шығарылады (ор-
таша қатер жағдайында аға мейірбике, ЖТД, әлеуметтік қызметкер, қажет болса,
басқа да мамандар қатысады, жоғары қатер жағдайында аталғандарға қоса бөлім
меңгерушісі, бас дәрігер немесе оның орынбасары, әрі басқа секторлардың және ҮЕҰ
мамандары қатысады). Жоспар 3 күннен кейін кешіктірілмей қабылдануы тиіс. Егер
отбасына шұғыл шаралар қажет болса, консилиумның төтенше жиналысы өткізіледі.
6 - қадам.
Жағдайды басқару және қызметтер көрсету бойынша басқа секторлар-
мен және ҮЕҰ-мен байланысу.
Әлеуметтік қызметкердің және жасөспіріммен жұмыс жасайтын маманның (педи-
атр, ЖИТС-орталық қызметкері, терапевт) міндетті түрде балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің дерекқоры,
олар көрсететін қызметтер тізімі, жауапты тұлғаларының мекен-жайлары мен байла-
ныс деректері болуы тиіс.
Қолжетімді ресурстарды нақты анықтау үшін жергілікті қоғамдастықта отбасына
қолдау көрсету ресурстарының картасын жасау керек. Сонымен бірге, атамыш ме-
кемелерге жұмыстан тыс уақытта және төтенше жағдайларда жүгіну жолдарын қа-
растыру керек. Қатыгездік, зорлық-зомбылық, немқұрайдылық, баладан бас тарту
қатері және баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да фактор-
лар анықталған жағдайда шұғыл шаралар қолданылады, яғни әлеуметтік қызметкер
патронаж мейірбикесімен және дәрігермен бірге алдын алу немесе жағымсыз салдар-
ды жою бойынша бірқатар превентивтік шараларды жоспарлайды. Оларға келесілер
жатуы мүмкін: ата-анамен немесе қамқоршымен әңгімелесу, аудандық білім бөлімінің
қорғаншылық органдарына хабар беру, Ішкі істер департаментімен, дағдарыстық ор-
талықтармен, отбасылық типтегі ұйымдармен, кәмелетке толмағандарды бейімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |