Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет26/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40

72
• 
Екі рет қайталап, ішкі шеңбердегі адамдардан наным-сенім жазылған кар-
точканы орындықта қалдырып, сыртқы шеңбердегі адаммен орын ауы-
стыруды өтініңіз.
• 
Енді сыртқы шеңбердегі әр адамды (жұп ауыстыру үшін) тағы да ауысып 
отыруды және рөлдік ойынды бастауды өтініңіз. Осылайша, әрқайсысы-
ның ата-ана/қамқоршы және кеңесші болып көру мүмкіндігі болады.
• 
Жалпы саны 4 рөлдік ойын өткізу үшін тағы екі рет қайталаңыз.
Енді топтан наным-сенім сценарийлерімен және кеңесші мен ата-ана/қамқор-
шы ретінде жұмыс жасау тәжірибесі туралы пікірімен бөлісуіді өтініңіз. 
v Презентация: 
Ересектерге қызмет көрсету жүйесіне ауысу 
Кейбір жасөспірімдер үшін педиатриялық жүйеден ересектерге арналған қыз-
меттер көрсету жүйесіне ауысу ауыр болуы мүмкін, нәтижесінде олар әрі қарайғы 
бақылаудан «сытылып» кетуі (клиникаға баруды доғаруы) және АРТ қабылдауды 
доғаруы мүмкін. Бір жүйеден екіншісіне ауыстыру жоспарлы, дербестендірілген, 
кем дегенде бір жыл, ең дұрысы – одан да көбірек уақыт алатын үдеріс болуы 
тиіс. Жас тұлға өз-өзіне қызмет көрсетуге және дәрігер қабылдауларын өз бетін-
ше тағайындауға толығымен дайын екенін сезінуі тиіс. 
Бірінші слайд: Ауысу
• 
Әрбір бала бір күні ересектерге қызмет көрсету жүйесіне ауысуы тиіс;
• 
Ауысу қиын болуы мүмкін, көптеген жастар ауруханаға баруды және АРТ 
қабылдауды доғаруы  мүмкін;
• 
Сол үшін ауысуды жоспарлау және осы туралы әңгімен 14-15 жаста бастау 
маңызды.
Екінші слайд: Жастарға не керек
Ауысу үшін жастар төмендегілерді  істей алуы тиіс: 
• 
Дәрігер қабылдауын тағайындау;
• 
АРТ қабылдауды қадағалау;
• 
Сексуалдық денсаулығын күту;
• 
Жалпы денсаулығын күту;
• 
Сұрақтар қою үшін өздерін сенімді сезіну.
Үшінші слайд: Ынтымақтастық
Ауысуға  дейін  жастар  қарым-қатынас  орнатуы  үшін  педиатрия  қызметтері 
ересектерге  қызмет  көрсету  жүйесіндегі  әріптестерімен  ынтымақтастықта  жұ-
мыс жасауы тиіс.
Жасөспірімдер емханасы 
Мүмкін  болса,  педиатр  дәрігер  және  ересектерге  арналған  дәрігер  бар 
жасөспірімдер емханасы аса тиімді болуы мүмкін.
• 
Барлық жасөспірімдерді бір күнде қабылдауды ұйымдастыру керек.
• 
Ойыншықтарды  алып  тастап,  жасөспірімдерге  арналған  ақпараттардың 
көп  (постерлер мен брошюралар, тіскебасарлар, жастарға арналған жур-
налдар) болуын қарастыру керек.
• 
Жасөспірімдердің  қабылдауға  ата-анасынсыз/қамқоршысынсыз  кіруіне 
қолдау көрсетіңіз.


73
Төртінші слайд: Ауысу жоспары
Баланың және отбасының қажеттіліктерін бағалауға негізделген басқа жүйеге 
ауыстыру жоспарында кем дегенде төмендегі талаптар қамтылуы керек:
• 
Ата-аналарға баланың ересектерге арналған қызметтер көрсету жүйесіне 
ауысқанға дейін тәуелсіз болуына және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыла-
рын дамытуына  септесетін қолдау көрсету;
• 
Мультидисциплиналы  команда  маманы  жасөспірімге  клиникаға  апара-
тын жолды көрсетеді және онда не болып жатқанын білуі үшін орталықты 
аралатып, ондағы жағдаймен таныстырады;
• 
АРТ  және  күтім  қызметтерін  алуда  барлығын  өз  бетінше  ұйымдасты-
ру мәселелері бойынша жасөспіріммен бірлесіп жұмыс жасау, бұл ретте 
жасөспірім АРТ қабылдау, емделуге ықыласты сақтау стратегияларының 
мәнін және т.б. толық түсінетініне көз жеткізу керек.
Бесінші слайд:  Ақпарат алмасу
Жасөспірімді  ересек  клиникаға  ауыстыруға  дейін  сондағы  әріптестерге  ар-
налған Тереңдетілген бағалаудан кешенді үзінді-көшірме дайындау қажет, онда 
төмендегілер көрсетілуі тиіс:
•  Балаға АИТВ-статусы жарияланған жас.
•  Жасөспірімнің  АИТВ және сексуалдық денсаулығына қатысты алған білімі.
•  Емделуге ықылас танытуға қатысты  кез-келген қиындықтар немесе дәрігер 
қабылдауын өткізіп алу себептері.
vi Жаттығу: 
Психоәлеуметтік қолдау және ересектерге қызмет көрсету жүйесіне 
ауысу алгоритмі
•  Қатысушылардан өз өңірлерінен келген қатысушылармен бірге топтар құру-
ды өтініңіз.
•  Флипчарт парағына «жол» суретін салыңыз.
•  «Жолдың» бас жағына «15 жас», ал аяқ жағына – ересектерге қызмет көрсету 
жүйесіне көшерде – «18 жас» деп жазыңыз.
•  Топта балаларға 18 жасқа қарай ересектерге қызмет көрсету жүйесіне көшу 
қажет болғанда психологиялық қолдау алу және емдеу барысын басқару үшін 
сіздің ойыңызша керек болуы мүмкін түрлі ақпарат немесе қолдау көрсету 
картасын жасаңыздар.
Әр топтан жасап шыққан «жолын» көрсетуді өтініңіз.


74
Тренерге арналған ескертпелер:
Жас Психологиялық қолдау және практикалық білім 
15
•  АИТВ-ны толығымен түсіну
•  Дәрінің  қалай әсер ететінін түсіну
•  Психологпен немесе дәрігермен құпия әңгімелесе алу үшін қабылдауға өз 
бетінше келу
•  Ата-ананың қадағалауынсыз  АРТ қабылдау кезінде қолдау алу
•  Ең дұрысы, олар барлық жасөспірімдер келетін «жасөспірімдік» уақытта келуі 
керек
16
•  Клиникадағы барлық немесе кейбір қабылдауларға ата-анасызсыз/
қамқоршысыз кіру
•  Берілген дәрі рецептерін өз бетінше қадағалау
•  Сексуалдық денсаулық туралы құпия әңгімелерге қатысу
•  Контрацепция әдістерін және А=Ж науқанын жақсы түсіну
•  Қан талдамасы нәтижелерін түсіну
•  Өзінің АИТВ-статусы туралы басқалармен сөйлескенде қолдау алу
17
•  Ересектерге арналған мекемеге педиатрия командасының мүшесімен бірге бару
•  Ересектерге арналған дәрігері болатын адаммен танысу және аты-жөнін білу
•  Клиникаға педиатрлармен де, ересектерге арналған дәрігерлермен де бірге бару
•  Ересек ретінде психологиялық қолдау алуға болатын орындарды білу
18
•  Медициналық карталар ересектерге қызмет көрсету жүйесінің командасына 
беріледі
•  Жас тұлға денсаулығының барлық тұстарын басқаруға дайын!
Ол нәтижелерді уақыт шектеуіне байланысты беріп үлгермейді, әйтсе де келесі 
жаттығуға көшіңіз. 
3.4 СТАНДАРТТАРДЫ ЕНГІЗУ
Осы  соңғы  тарау  қатысушыларға  өз  өңірлеріне  оралғаннан  кейін  Стандарт-
тарды қалай енгізетіні туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
Барлық Стандарттар
Оқыту мақсаттары:
•  Қандай білім алғаны және сол білімнің Стандарттармен қандай байланысы 
бар екені туралы ойлану ;
•  Стандарттарды  өңірде  енгізу  кезінде  туындауы  мүмкін  кедергілерді  қара-
стыру.
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар
:
•  Өз өңіріне арналған енгізу жоспары 
Ұзақтығы: 1.20 сағ. (80 мин.)
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
40 мин
Стандарттарды өңірлерде енгзіуді жоспарлау 
Топтық жұмыс
40 мин
Енгізу жоспарларының презентациясы
Кері байланыс


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау