Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет24/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40

66
3)   ақпаратты кімге және қалай хабарлау керек;
4)   жергілікті/аймақтық  басшыларды  балаларды  қорғау  бойынша  оқытуды 
ЖИТС-орталықтың/ҮЕҰ қызметкерлері қамтамасыз ете алады;
5) ақпаратты бала құқықтарын қорғау маманына (өңірлік қорғаншылық орган-
дарына) беру және үрейлі белгілерді талқылау;
6)   бала,  жасөспірім  суицид  жасағанына  күдік  бар  жағдайларды  қоспағанда, 
ата-анаға, күдіктіге зорлық-зомбылық туралы хабарламау;  
7)   баланы  отбасынан  алу,  оны  туыстарының  немесе  мемлекеттік  мекеменің 
қамқорлығына  беру  туралы  шешімді  құзыретті  органдар  (қамқорлық  пен 
қорғаншылық органдары) қабылдауы тиіс. 
v. Пікірталас: 
Қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
Қызметкерлер балалармен және жасөспірімдермен мекемеде немесе ұйымда 
қалай жұмыс істейтіні туралы ойланыңыздар. Сұрақ қойыңыз: «Қызметкерлер мен 
балалар арасында қауіпсіз қарым-қатынас болуын қалай қамтамасыз ете аласыз?»
Тренерге арналған ескертпелер
• 
Егер қызметкерлер балалармен жеке кездессе, кездесу қалай және қайда 
өтуі  керек?  Мысалы,  кездесу  ашық  өтуін  қамтамасыз  етуге  тырысыңыз, 
ал оңаша қалу керек болса, кездесу туралы басқа қызметкерлер білгенін 
қамтамасыз етіңіз.
• 
Қызметкерлермен  балалар  арасында  кәсіби  шекараны  айқын  түсіну  бо-
луын қамтамасыз етіңіз – мысалы, қызметкерлер балаларға жеке телефон 
нөмірін немесе үйінің мекен-жайын бермеуі тиіс.
• 
Балаларды  қорғау  туралы  ұлттық  заңнамада  не  айтылғанын  білуіңізді 
және  сіз  жұмыс  жасайтын  мекеменің  сол  талаптарға  сай  әрекет  етуін 
қамтамасыз ету керек.
• 
Барлық  қызметкерлердің  балаларға  қатыгездік  көрсету  деген  не  екенін 
түсінуін  және туындайтын сұрақтарды талқылау мүмкіндігін қамтамасыз 
ету керек.
• 
Балаларға қатыгездік көрсету деген не екеніне анықтама берілген саясат-
тың болуын  және балаға залал келу қаупі болғанда орындалуы тиіс шара-
лардың қабылдануын қамтамасыз ету керек.
• 
Сіз жұмыс жасайтын балалардың барлығының  залал келтіруден қорғай-
тын (БҰҰ БҚК-да көрсетілген) құқықтарын бар екенін түсінуін қамтамасыз 
ету керек.
АИТВ бар бала жиі ауруханаға баруды, зертханалық мониторингті, АРТ және пси-
хоәлеуметтік қолдауды қажет етеді. Ата-аналардың/қамқоршылардың аталғандар-
дың барлығымен қамтамасыз етуден бас тартуы баланың дені сау болу құқығын 
бұзу болып саналады. Бірақ біз ата-аналардың/қамқоршылардың шешімдері күр-
делі  стигма,  өз-өзіне  бағытталған  стигма  және  теріске  шығару  жағдайларының 
ықпалымен  қабылданғанын  да  көрдік.  Барлық  практик  мамандар  баланы  отба-
сында қалдыру үшін оған қолдау көрсету керек болатын және отбасының шешімі 
бала үшін айтарлықтай қатер төндіретін жағдайларда қиындыққа тап болады.
3.2 СТИГМАНЫ ТҮСІНУ 
Тренингтің осы тарауы қатысушыларға іс жүзінде АИТВ-мен байланысты стигма 
не екенін қарастыруға мүмкіндік береді.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:


67
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
10 мин
Стигманы түсіну
Презентация
30 мин
«Стигма қуыршағы», жастарға АИТВ стигмасы қалай 
әсер ете алатынын түсінуге көмектесу 
Практикалық жаттығу
4-стандарт: АИТВ-мен байланысты стигманы және өз-өзіне бағытталған стиг-
маны жою
Оқыту мақсаттары:
• 
Қатысушыларға барлық стигма түрлерін және олардың адамдарға әсерін 
түсіндіру.
• 
Практик мамандар қатысушыларға отбасы мүшелері  балаларды қорғау 
желеуімен стигмаға жол беруі мүмкін екендігін  көрсетеді.
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• 
өз тәжірибесінде стигмамен күрес жолдары туралы ойланады;
• 
отбасындағы стигманы жою жолдарын қарастырады;
• 
жекелеген адамдардағы және жастардағы өз-өзіне бағытталған стигманы 
жою жолдарын қарастырады;
• 
адамдар  стигмаға  байланысты  бастан  кешіретін  сезімдердің  көпшілігі 
қорқынышқа  негізделгенін  және  сол  қорқынышты  балалардың,  жастар-
дың және отбасылардың өз-өзіне сенімділігін және өміршеңдігін нығайту 
арқылы жою қажет екенін біледі.
i. Презентация: 
Стигманы түсіну
Бірінші слайд: 
•  Стигма адамдардың өзін төмен бағалауына ықпал етеді  және ұялу сезімін кү-
шейтеді.
•  Стигма белгілі бір адамдарды немесе топтарды баршаға қауіп төндіретінін жете 
ұғынбайтыны үшін айыптайды және жазалайды.
•  Стигма  қолданыстағы  жаңсақ  пікірлерді  пайдаланады  және  адамдардың 
қоғамнан қашуына ықпал етеді (маргиналдандырады).
•  Бұл АИТВ жыныстық қатынаспен, сырқаттармен және өліммен, әрі мәдени нор-
малар бойынша заңсыз немесе тыйым салынған мінез-құлықпен байланысты.
Екінші слайд: 
Стигма адам үшін зиян, себебі, АИТВ-мәртебесі  оң адам ұят, кінә және тұйықта-
лу  сезімдеріне бой алдыруы мүмкін.
Стигма  адамдарды/мекемелерді  АИТВ  жұқтырғанды  кемсітуге  және  тікелей 
залал келтіруге, мысалы, қызметтер көрсетуден немесе адам құқықтарын бұзу бо-
лып табылатын құқықтарын 
жүзеге асырудан бас тартуға итермелейді.
Үшінші слайд: Стигма түрлері
Сыртқы  стигма  қоғам,  қауымдастық  немесе  мекеме  тарапынан  көрсетіледі. 
Адамнын  басынан  шын  өмірде  өткен  жайт  немесе  орын  алуы  мүмкін  жайттан  
қорқу.
Еріксіз стигма көбінесе балаларды АИТВ-дан «қорғау» кезінде көрініс береді, ба-
лада «АИТВ – жаман» деген түсінік қалыптастырады. Осы стигма түрін отбасылар-


68
да, медициналық және әлеуметтік практикада көреміз. Осындай стигма қолайлы 
орындарда орын алуы мүмкін, бірақ теріс әсер тигізеді.
Өз-өзіне бағытталған стигма - бала немесе адам өзі туралы ойлайтыны. АИТВ 
туралы жағымсыз мәліметті қабылдап, тұйықталуы. 
Ескертпелер
Осыған көптеген факторлар әсер етуі мүмкін: адам өмір сүретін қоғамдағы көзқа 
рас; АИТВ жұқтырғаны қалай және қашан айтылған; олардың АИТВ-ға қатысты уай-
ым-қайғылары  (мысалы,  тастап  кету  немесе  ауыр  қаза).  Жасөспірімдердегі  өз-өзіне 
бағытталған стигманы түсіну үшін баланың барлық сезімдері мен уайымдарына қарау 
керек.
Балада АИТВ жұқпасының болуы оны мектепке дейінгі мекемеге немесе бастауыш 
мектепке қабылдаудан бас тартуға, әрі аталған мекемелерден шығарып тастауға негіз 
бола алмайды. АИТВ-мен өмір сүретін балалар кәдімгі балабақшаларға бала алады, 
кәдімгі мектептерде оқи алады, жалпы негізде спорт секцияларына және үйірмелері-
не бара алады, басқа балалармен бірге кәдімгі шипажайларда және жазғы лагерьлер-
де демала алады. Егер ондай мүмкіндік берілмесе, демек, стигмаға байланысты деген 
сөз, сондықтан, мәселені шешу керек. 
Болашақ мамандығын таңдау кезінде АИТВ шалдыққан жасөспірімдер өз диагно-
зымен шектелмеуі тиіс. 
Дәрі ішуі тиіс кез-келген адам әскерге  алынбайды , себебі, үнемі ішетін дәрісі қо-
лында болатынына еш кепілдік жоқ.
Қазақстанда қазіргі уақытта АИТВ бар болса, медицинамен айналыса алмайсыз. 
Айта кету керек, жағдай өзгеріп жатыр. Ұлыбританияда вирустық жүктеме анықтал-
маса, енді АИТВ бар күнде де барлық медициналық мамандықтармен айналысуға 
рұқсат етілген. Осының барлығы А=Ж науқанының арқасында мүмкін болды.
ii. Жаттығу:
 «Стигма қуыршағы»
Флипчартқа үлкен бала/қуыршақ суретін салыңыз.
•  Қатысушыларды 4-5 топқа бөліңіз.
•  Топтан стикерлерге АИТВ бар адамдар неліктен осы туралы басқа адамдармен 
бөліспейтіне қатысты барлық себептерді жазуды өтініңіз. Әр стикерге бір себеп-
тен жазу керек екенін түсіндіріңіз.
•  Енді  әр  топ  өкілінен  қуыршақтың  суретіне  жақындап,  себепті  оқып,  «сыртқы 
әрекетке» немесе «ішкі эмоцияға» жататынын шешуді өтініңіз. Егер сыртқы бол-
са, стикердің қуыршақтың сыртына жапсыруды өтініңіз. Егер ішкі болса, қуыр-
шақтың ішіне жапсыруды өтініңіз.
Тренерге арналған ескертпелер
Себептердің  басым  көпшілігі  «...  қорқу»  деген  сөздермен  басталады.  Оның  бар-
лығы қуыршақтың ішіне жапсырылғанына көз жеткізіңіз. Нәтижесінде стикерлердің 
көпшілігі қуыршақтың ішіне жапсырылатын болар.
Топтан осы туралы ойлануды өтініңіз. АИТВ бар адамдар, өздерінің пікірінше, басқа-
лардың  оларға  деген  көзқарасынан  қатты  қорқады.  Өз-өзіне  бағытталған  стигма 
адамдарға АРТ қабылдауға және ауруханаға баруға бөгет жасайды. Осыны жастарға 
түсіндіру және АИТВ туралы ойларына қатысты қолдау көрсету керек.
Осы жаттығу жастарға арналып жасалған, сондықтан, қатысушыларға оны өз жұ-
мыстарында пайдалана алатынын түсіндіріңіз.


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау