61
Уақыт
Атауы
Өткізу
түрі
30 мин
Балаға зорлық-зомбылық көрсетілгенін
анықтау
Презентация
20 мин
Жағдаяттық
тапсырма
Жаттығу
20 мин
Баланың қорғалуын қамтамасыз ету
Презентация
30 мин
Әр өңір үшін АИТВ бар балаларды қорғау
кезіндегі
шара қолдану алгоритмін жасау
Топтық жұмыс
20 мин
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету
Пікірталас
3. ҮШІНШІ КҮН
3.1 БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Кез-келген баламен жұмыс жасау кезінде практик мамандар балалар тап болуы
мүмкін қатыгездік туралы және балаларды қорғау үшін қандай әрекеттер жасау керек
екені туралы білгені маңызды.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
9-стандарт : АИТВ жұқтырған балаларды қорғау
Оқыту мақсаттары:
• Қатысушылардың қатыгездік түрлері туралы және оларды қалай тану керек екені
туралы білуі.
• Қатысушылар балаларға қатыгездік көрсетілді деп күдіктенген жағдайда қандай
шара қабылдау керек екенін зерделеу.
62
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• Баланың қауіпсіздігін бағалау жағынан білім алады;
• Зорлық-зомбылықты анықтауды үйренеді;
• Қатыгездікке тап болуы мүмкін балаларды қорғауды қамтамасыз етуді үйренеді.
Ұзақтығы: 2 сағ. (120 мин)
i. Презентация:
Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықты анықтау
Бірінші слайд:
Балаларды қорғау – балаларды қатыгездікке жататын кездейсоқ емес түрлі қа-
уіптерден қорғау.
Балаларды қорғаудың ЮНИСЕФ берген халықаралық анықтамасы:
Балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді,
қанауды және қатыгездік танытуды болдырмау және шара қолдану.
Балаларға қатыгездік көрсету
- балаға ересек адамның әрекеті немесе әрекет-
сіздігі нәтижесінде келтірілген ауыр физикалық немесе эмоциялық залал.
Екінші слайд:
Қазақстан заңнамасы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабында ата-ана немесе
ата-аналық міндеттер жүктелген өзге тұлға, осылармен тең дәрежеде педагог немесе
кәмелетке толмаған тұлғаны қадағалауға міндетті оқу, тәрбиелеу, емдеу немесе өзге
мекеменің басқа қызметкері кәмелетке толмаған тұлғаны тәрбиелеу міндеттерін
орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жазаға тартылатыны айтылған.
Үшінші слайд:
Дербес шара қолдану
Жеке тұлғалар ретінде біз зорлық-зомбылық деген не екенін түсінуіміз тиіс.
Төмендегі санаттар балаға қатыгездік көрсетілгенін анықтауға көмектеседі:
•
Физикалық
зорлық-зомбылық;
•
Немқұрайдылық;
•
Сексуалдық зорлық-зомбылық;
•
Эмоциялық зорлық-зомбылық.
Ескертпелер:
Физикалық зорлық-зомбылық: ұрып-соғу, сілку, лақтыру, уландыру, күйдіру, баты-
ру, қылғындыру немесе балаға физикалық зиян келтіретін өзге іс-әрекеттертүрінде
көрсетілуі мүмкін. Егер ата-ана/қамқоршы баланың бойындағы ауырсыну белгілері-
не мән бермесе де, физикалық зиян келуі мүмкін.
Эмоциялық зорлық-зомбылық
– баланың эмоциялық дамуына созылмалы за-
лал келтіретін ұдайы эмоциялық қатыгездік көрсету. Бұл балаға ешқандай маңызы
жоқ екенін, оны ешкімнің жақсы көрмейтінін немесе тек белгілі бір мақсаттарда ғана
керек екенін айта беру түрінде орын алуы мүмкін. Көбінесе осындай зорлық-зом-
былық кезінде балаларға жасына мүлдем сай келмейтін тым жоғары талаптар қой-
ылады немесе тым үлкен үміт артылады. Бұған баланы қорқыту да жатады. Барлық
қатыгездік түрлеріне белгілі бір дәрежеде эмоциялық зорлық-зомбылық көрсету
кіреді, бірақ бұл зорлық-зомбылық түрі өз алдына бөлек орын алуы да мүмкін.
Сексуалдық зорлық-зомбылық
– баланы орын алып жатқан жайттарды жете
түсінетініне-түсінбейтініне қарамастан сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттерге қаты-
суға мәжбүрлеу немесе алдап қатыстыру. Мұндай іс-әрекеттерге физикалық жана-
63
су, соның ішінде тәніне енетін (зорлау) немесе енбейтін әрекеттер жасау кіруі мүм-
кін. Соңғысына балаларды порнография көруге қатыстыру, сонымен қатар, өздерін
нәпсіқұмар етіп көрсетуге мәжбүрлеу.
Немқұрайлылық
– баланың денсаулығына және дамуына ауыр нұқсан келуіне
алып келетін, баланың негізгі физикалық және/немесе психологиялық қажеттілік-
терін ұдайы қанағаттандырмау. Оған баланы лайықты тамақпен, баспанамен және
киіммен қамтамасыз ете алмау, баланы физикалық залалдан немесе қауіптен қорғай-
алмау немесе тиісті медициналық қамқорлыққа немесе емге қолжетімділікпен
қамтамасыз ете алмау. Оған баланың негізгі эмоциялық қажеттіліктеріне немқұрай-
ды қарау немесе елемеу де кіруі мүмкін.
Төртінші слайд:
Мекеме деңгейінде шара қолдану
Мамандар үшін келесілер маңызды:
•
балаларға қатыгездік көрсетуге қатысты ұлттық заңнаманы білу;
•
мекеме саясатын білу;
•
балалармен жұмыс жасайтын барлық мамандар орындайтын нақты проце-
дулар жасау.
Қызметкерлерді балаларды қорғау және олардың аман-саулығын қамтамасыз
ету мәселелері бойынша оқыту және түсінігін дамытуды қарастыру қажет.
ii. Жаттығу:
Зорлық-зомбылықты анықтау
•
Қатысушыларды төрт топқа бөліңіз;
•
Оларға «Владимир»сценарийін (12-ҚОСЫМША) беріңіз;
•
Қатысушылардан флипчартқа осы бала қандай қатігездік түрлеріне шал-
дығатынын жазуды өтініңіз.
iii. Презентация:
Балаларды
қорғауды қамтамасыз ету
Осы презентация алдыңғы презентацияның жалғасы болып табылады және ба-
лаларды қорғау мәселелерін жекелеген тұлғалар арасында және мекемелерде әрі
қарай зерттеуді мақсат тұтады.
Бірінші слайд: Зорлық-зомбылыққа шара қолдану қағидалары
•
Балаға сеніңіз – егер бала сізге оған әлдекімнің залал келтіріп жатқанын ай-
тса, оған сену маңызды. Көп балалар қатыгездік туралы ешкімге айтпайды,
сондықтан, сіз олар осы туралы айтқан бірінші адам болуыңыз мүмкін.
•
Баланы жұбатып, сізге айтқаны дұрыс іс екенін айтыңыз.
•
Балаға айтқандарын құпия сақтаймын деп сендірмеңіз – түсіндіріңіз: оның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сізге естігендеріңізді басқа адамдармен
бөлісу керек, бірақ, кіммен бөлісетініңізді және құпиялық қалай сақталаты-
нын айтып беріңіз.
•
Балаға қолдау көрсетіліп жатқанына көз жеткізіңіз.
Біз білеміз, балаларға қатыгездік көрсету өте зиян және кейін ересек жасқа ұласа-
тын ауыр эмоциялық және әлеуметтік салдары бар.
Екінші слайд: Қауіпсіз практика
Қызметкерлер балалармен және жасөспірімдермен қалай және қандай жағдайда
қарым-қатынаста болатыны туралы ойланыңыз.
• Қызметкерлер мен балалар арасындағы түрлі байланыс кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қалай көмектесе аласыз?
• Егер қызметкерлер балалармен бетпе-бет кездессе, қалай және қайда кездесуі
тиіс екенін көрсетіңіз. Мысалы, кездесуді қоғамдық орында ұйымдастыруға
тырысыңыз, ал егер кездесу құпия өтуі керек болса, басқа қызметкерлердің