Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет13/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40

36
16-19 жасар жастар 
Біз осы жаста бірде-бір бала өз АИТВ-статусы туралы білмейді деп ойламаймыз. 
Тіпті  бұл  мәселе  жасөспіріммен  ашық  талқыланбаса  да,  ол  өзі-ақ  бәрін  біліп  алуы 
бек мүмкін. Егер ашық талқыланбаса, жағдай АИТВ-жұқпасын басқаларға жұқтыруы 
мүмкін жасөспірім үшін қауіпті бола түсуі мүмкін.
Осы  жаста  АИТВ  және  қауіпсіз  жыныстық  қатынас  туралы  көбірек  ақпарат 
беру керек. АИТВ-дан көз жұму ықтималдығы туралы сұрақтар, ақша, тамақ, дәрі 
қабылдау,  болашақ  жұмыс  және  т.б.  қатысты  уайым  пайда  болуы  мүмкін.  Осы 
кезеңде  жасөспірім  басқа  отбасы  мүшелерін  асырауы  мүмкін,  қауіпті  қылықтар 
жасауы немесе тұйықталып, қатарластарынан аулақ жүруі мүмкін. Осы жаста біз 
жастарды ересектерге қызмет көрсету жүйесіне көшуге дайындауымыз тиіс
1.5 АИТВ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ
АИТВ  жұқтырған  және  шарпыған  адамдармен  жұмыс  кезінде  қарым-қатынас 
Уақыт
Тапсырмалар
Өткізу түрі
20 мин
Коммуникация: АИТВ туралы консультация 
берудің жалпы қағидалары 
Презентация
30 мин
Балаға/жасөспірімге консультация беру
Рөлдік ойын
10 мин
Жасөспірімдермен тілдесу кезінде ата-
аналарға/қамқоршыларға және кеңесшілерге 
арналған ұсынымдар 
Пікірталас:/ой-талқы
бейтарап,  қолдаушы  және  адамға  бағдарланған  болуы  тиіс.  Бала,  жасөспірім  не-
месе ата-ана/қамқоршы болса да, АИТВ-ны түсіну және қабылдау үшін уақыт беру 
және қолдау көрсету керек, ал қиын мәселелер туындаса (мысалы, АИТВ-ны түсіну-
ге және қабылдауға немесе дәрі ішуге қарсыласу), көмек көрсетіп, шешім табу қа-
жет.
 
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
1-стандарт: Емделуге құлықтылықты қамтамасыз ету үшін АИТВ жұқтырған 
балаларға және олардың отбасыларына қолдау көрсету
2-стандарт : АИТВ туралы оқыту және жария ету
Оқыту мақсаттары:
•  Балаға арналған бағдарламаны, әсіресе, АИТВ-мен байланысты, қарым-қаты-
насты қарастыруды жалғастыру 
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
•  Коммуникация (тілдесу) теорияларын жақсырақ түсінетін болады
Ұзақтығы: 1 сағ. (60 мин)
i. Презентация: 
 
АИТВ туралы консультация берудің жалпы қағидалары 
Бұл практик маманға қажет тілдесу дағдыларын әрі қарай зерттеуге және топты 
келесі жаттығуды орындауға жетелейтін  қысқа презентация болуы тиіс. Презента-


37
ция келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
Бірінші слайд: Қажетті дағдылар
Тыңдау  –  мұқият  және  олар  көтеретін  мәселелердің  маңыздылығын  кемітпеу 
немесе немқұрайды қарамау;
Қолжетімді және дайын болуы – сізбен тұрақты және алдын-ала болжауға ке-
летін байланысты ұсына білу;
Жазғырмау және шұқып көрсетпеу – қабылдау, түсіну және өзіне таңдау еркін  
беру немесе ұсыныстар беру;
Әзілдесе білу–қарым-қатынас құруға көмектеседі;
Ашық әңгіме–шыншыл және сенімді, жалған уәделер бермеу;
Сенім  ұялата  білу–балалармен  жұмыс  жасау  барысында  құпиялыққа  көңіл 
бөліңіз, басқа адамдарға жүгінбес бұрын баламен кеңесіңіз.
Екінші слайд: Кеңесшіге арналған ережелер
•  Өз наным-сенімдеріңізді есіктің сыртында қалдырыңыз!
•  Өзіңіз қолдау көрсетіп отырған адамды сынап-мінемеңіз. 
•  Әңгіме тең дәрежеде өту үшін теңдік орнатуға тырысыңыз 
•  Сіз және сіз сөйлесіп отырған адам екеуіңіздің араңыздағы серпіліс күшін  естен 
шығармаңыз – үстел басына отырып алмаңыз, қағаздардың артына жасырын-
баңыз және т.с.с. 
•  Әңгімені баланың жасына сай, бірақ өктемдіксіз жүргізіңіз.
ii. Жаттығу:
Балаға АИТВ-ен байланысты мәселелер бойынша консультация беру бойынша 
рөлдік ойын
Сценарийлерді басып шығарып, қатысушылар көре алмайтындай етіп бүктеңіз. 
Олар төмендегідей болуы мүмкін:
1)  10 жасар балаға АИТВ жұқтырғанын айту;
2)  11 жасар балаға дәрігер немесе мейірбике одан қан алатын кезде не болып 
жатқанын  түсіндіріңіз  -  CD4  жасушалары,  вирустық  жүктеме  –  осының 
барлығы нені білдіреді;
3)  12 жасар бала: «Мен мектептегі жан досыма айтып бергім келеді» – дейді;
4)  14 жасар бала: «Мен енді АРТ қабылдағым келмейді, шаршадым»  – дейді;
5)  16 жасар бала: «Менің болашағым жоқ»  – дейді.
•  Қатысушылардан шеңбер жасап, артынша алғашқы еріктілерді «кеңесші», ал 
басқалары «балалар/жасөспірімдер» болуды өтініңіз.
•  Кеңесші  рөліндегі  адамнан  бүктеулі  қағаздың  біреуін  ашып,  оқып  шығуын 
өтініңіз. Содан соң, екі адамға әңгімені рөлдермен көрсетілген тақырып бой-
ынша ойнап шығуға 3 минут беріледі.
•  Рөлдік ойын туралы ойлануды өтініңіз.


38
•  Келесі сценарийді қайталаңыз.
Тренерге арналған ескертпелер
Әр  консультациядан  кейін  еріктілер  мен  барлық  қатысушылар  келесі 
сұрақтарды талқылауы қажет:
•  Қандай сезімдер және эмоциялар болды?
•  Қандай  стратегия  тиімді  болды?  Рөлдік  ойыннан  кейін  бірдеңені  басқаша 
жасайтын бола ма?
•  Нені өзгертер едіңіз?
iiі. Ой-талқы: 
 Жасөспірімдермен тілдесу кезінде ата-аналарға/қамқоршыларға  және 
кеңесшілерге арналған ұсынымдар
Топқа: «Ата-аналарға/қамқоршыларға, балаларға және жастарға консультация 
беру  бойынша  басқа  мамандарға  қандай  ұсынымдар  бере  аласыздар?»  -  деп 
сұрақ қойыңыз,  жауаптарын жазып алыңыз. 
Топқа келесі тақырыптарды қамтитын ұсынымдар берілуі тиіс:
•  Балаға және оның айтқандарына шынайы қызығушылық танытыңыз.
•  Тең дәрежеде тілдесіңіз, ақыл үйретпеңіз.
•  Оны түсінетініңізді жеткізіңіз.
•  Жасөспірімді  мазақтамаңыз  және  оның  сезімдерінің  құндылығын 
кемсітпеңіз.
•  Балаға құрметпен қарауға тырысыңыз, есіңізде болсын, олар сезімтал және 
ұрымтал.
•  Олардың құпиялықты қажет ететініне құрмет көрсетіңіз.
•  Ашуланбаңыз  және  агрессия  көрсетпеңіз,  баланың  айтқандарымен 
келіспеген  күнде  де  байсалды  болыңыз,  түсіністікпен  қараңыз.  Көбінесе 
адамдар өздеріне көрсетілген эмоцияларды және тілдесу мәнерін қайталап 
көрсетеді. Егер дөрекі болсаңыз, олар да дөрекі болады. Егер қызығушылық 
танытсаңыз, олар да қызығушылық танытатын болады.
•  Жасөспірім үшін «ашық есік» қағидасын ұстаныңыз. Ең бастысы, олар сізге 
келуін  жалғастыра  беруі  керек.  Егер  тіпті  дәрі  ішпесе  де,  сізге  ұнамайтын 
қылықтар жасаса да, байланысты үзбеңіз. Сіз оларға керексіз.
•  Сіздің рөліңіз – жастарға қолдау көрсету және шешім қабылдауына ықпал 
ету. Сіз оларды бақылауда ұстай алмайсыз, сондықтан, тіпті тырыспасаңыз 
да болады.
•  Жасөспірімдік жас -  бала өміріңдегі күрделі кезең. Жасөспірім ересектерден 
қолдау  күтеді  және  жол  көрсетулерін  қалайды,    әйтсе  де  ешкімге  тәуелді 
болғысы келмейді,  тәуекелге көп барады, бұл қалыпты жағдай.
•  Оларды, олардың жеке өмірін құрметтеңіз.
•  Баламен шынайы қарым-қатынасты қалыптастырыңыз, ол  сізге сенім артуы, 
яғни  жазғырмайтынызды, керісінше қолдау көрсететініңізді, алаңдататын 
немесе  үрейлендіретін  мәселе  туралы  сізбен  ой    бөлісуге  болатынын  білуі 


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау