Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет10/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40

28
керісінше күш-қуатын және өз-өзіне деген құрметін арттырамыз.
v. Презентация: 
Балаға АИТВ-мәртебесін жария ету сатылары
Бұл тренингтің балаға АИТВ диагнозын жария етуге қатысты тарауын аяқтауға 
арналған қысқа презентация болуы тиіс. Осы тарауда не талқыланғаны туралы ой-
лану, әрі осы тақырып бойынша 2-стандартқа жүгіну қажет, себебі, онда көп қосым-
ша ақпарат бар.
Презентация должна включать:
1 слайд:  
Балаға диагнозын жария етуді жоспарлау
Диагнозды жария ету - жоспарланған және жүйелі үдеріс, ол бірнеше кезеңнен 
тұрады:
• 
диагнозды жария етуге дайындау;
• 
диагнозды жария ету;
• 
диагнозды жария еткеннен кейін сүйемелдеу.
Диагнозды жария етуге дайындау – өте маңызды үдеріс, мұнда ата-анамен және 
баланың өзімен жұмыс жасалады. Ата-ана әдетте диагнозды балаға өздері жария 
етуге дайын емес. Бұл – ата-аналар/қамқоршылар үшін аса шиеленісті кезең, сон-
дықтан, ол неғұрлым қысқа болса, соғұрлым бүкіл отбасына жеңіл болады.
2 слайд:  
Балаға диагнозын жария ету
Жария ету барысы көп уақыт алмауы тиіс және балаға ақпаратты «үйіп-төкпе-
ген»  жөн.  Есіңізде  болсын,  бала  бұл  ақпаратты  бірінші  рет  естіп  тұр  және  бұрын 
АИТВ туралы ешқашан естімеген болуы мүмкін.
• 
Олардың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым аз ықпал етеді.
• 
Әңгіме байыпты, қадағаланатын болуы тиіс. Бұл – медициналық ақпарат, 
сондықтан, ең дұрысы (ата-ананың/қамқоршының жазбаша келісімімен) 
дәрігерге жүгінген жөн. Егер ата-ана/қамқоршы жария ету кезінде қатыс-
са немесе сол сәтте баланың жанында болғысы келсе, жыламауы және 
мұңаймауы тиіс – бала олардың реакциясына қарап, алынған ақпаратты 
аса жағымсыз деп қабылдайды, өмір бойы есіне сақтап қалады.
• 
Ақпаратты балаларға ыңғайлы, бірақ кәсіби түрде жеткізіңіз.
Үшінші слайд:  
Балаға арналған ұдайы қолдау және ақпарат беру 
Ата-аналар және медицина қызметкерлері бірлесе отырып  балаға қосымша 
ақпарат беруі және қолдау көрсетуі тиіс.
• 
Ақпаратты құрылыс блоктары түрінде елестетіңіз. Бала есейген сайын 
ақпаратты қайталап, көлемін ұлғайтып отырыңыз. 
• 
Баланы қызықтыру үшін әрдайым интерактивтік істерді қолданыңыз.
• 
Ата-анаға/қамқоршыға  баламен  қандай  жұмыс  жасап  жатқаныңызды 
көрсетіңіз.  Осылайша  сіз  олардың  білімі  мен  түсінігін  тексересіз,  сон-
дай-ақ олар  да өздерінің осы процеске үлес қосуда екендігін сезінеді. 
• 
Балалар мен ата-аналар диагнозды жария еткеннен кейін өздерін қалай 
ұстайтынына баға беріңіз.


29
• 
Мүмкіндік  болса,  балалар  мен  ата-аналарға/қамқоршыларға  олардың  
қатарластарының қолдау көрсетуіне қол жеткізуіне көмектесіңіз.
Сондай-ақ,  презентация  уақытын  топтың  баламен  және  ата-аналармен/
қамқоршылармен қарым-қатынас құрудағы барлық әрекеттері туралы ойлануға 
пайдаланыңыз. Флипчартқа қараңыз – не тиімді болды – рөлдік ойындардан 
жазып алған деректер. Қатысушылармен балаларға АИТВ туралы ертерек хабар-
лау туралы не ойлайтынын талқылаңыз.
Соңғы слайд:
Бала үшін оң АИТВ-мәртебесі туралы білу неліктен маңызды?
• 
Көптеген балалар олардан жасырған бір мәселе бар екенін немесе АИТВ 
жұқтыруы мүмкін екенін  сезеді. 
• 
Балаға диагнозын жария ету сенім ұялатады.
• 
Шындықты  білу  балалардың  АРТ  неліктен  маңызды  екенін  түсінетінін 
білдіреді.
• 
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамытады.
• 
Балалар өте білімқұмар. Олар медициналық хаттарды, жазбаларды оқи-
ды, дәрілердің атауын Ғаламтордан іздейді.
• 
Жария етуді неғұрлым кейінге қалдырған сайын баршаға соғұрлым қиын 
бола түседі.
• 
Егер  бала  АИТВ-мәртебесі  туралы  өзі  біліп  алса,  алданып  қалғандай 
сезімде болуы және сізге деген сенімін жоғалтуы мүмкін.
• 
Білім мен түсінік баланың бойындағы және үйдегі стигмаға қарсы тұра-
ды.
1.4 АИТВ ТУРАЛЫ БІЛУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ 
Балаға АИТВ жұқтырғаны туралы хабарлау басты назарда болатындықтан, сы-
рқатын жария еткеннен кейін баланың АИТВ туралы білімін жетілдіруге және түсіні-
гін тексеріп отыруға жіті көңіл бөлінбей  қалуы мүмкін. Тренингтің осы бөлімінде 
баланы АИТВ мәселелеріне қатысты оқытуда балаға арналған бағдарламалық әді-
стемеге аса көңіл бөлінеді. Баланың АИТВ туралы білімін жетілдіру және түсінігін 
тексеру барысы қандай болуы тиіс екеніне ерекше назар аударады

• 
Тұрақты – балаға бұрын берілген ақпаратқа негізделеді;
• 
Интерактивтік – оқыту ойындар мен шаралар арқылы жүргізіледі, ал реф-
лексивті тыңдау баланың түсінуі үшін қолданылады;
• 
Балаға  бағдарланған  –  балалар  денсаулығына  қатысты  білім  алу  және 
денсаулығы  жағдайын  басқара  алуы  үшін  баланың  қажеттіліктері  және 
мүдделерін барынша қамтамасыз ету туралы ақпарат беру.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
1-стандарт: Емделуге құлықтылықты қамтамасыз ету үшін АИТВ жұқтырған 
балаларға және олардың отбасыларына қолдау көрсету.
i. Презентация:
 Балаға бағдарланған тілдесу дағдылары
Бұл  халықаралық  деңгейде  әзірленген,  балаға  және  адамға  бағдарланған  тіл-


30
десу  модельдерін  және  дағдыларын  зерделейтін  қысқа  презентация  болуы  тиіс. 
Осыған  қоса  қатысушыларға  әрі  қарай  оқитын  үлестірме  материалдарды  тарату 
керек (8-ҚОСЫМШАНЫ ҚАРАҢЫЗ, бірақ, одан көбірек беруге болады). Презентация 
келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
Бірінші слайд:  
Балаларға АИТВ туралы ақпарат не үшін керек 
• 
Біздің әлдебір жайт туралы толық ақпаратымыз және түсінігіміз болғанда, 
оған қисынды түсініктеме бере аламыз.
• 
Түсінумен бірге мүмкіндіктерді кеңейту және қабылдау келеді.
• 
Қорқыныш пен фатализм азырақ болады.
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
20 мин
Тілдесу модельдері
Презентация
10 мин
Баламен тілдесудегі үздік тәжірибені көрсету 
Рөлдік ойын 
10 мин
Ата-аналарға/қамқоршыларға арналған АИТВ туралы 
оқыту бағдарламасын әзірлеу 
Ой-талқы
40 мин
Баланың жасына қарай АИТВ туралы оқыту бағдар-
ламасын әзірлеу: тақырыптар, оқыту әдістері, білімді 
бағалау
Топтық жұмыс
50 мин
Әр топтың оқыту бағдарламасының презентациясы 
– интерактивтік семинар түрінде
Презентация Топтық 
жұмыс
 2-стандарт: АИТВ туралы оқыту және жария ету.
Оқыту мақсаттары
• 
Қатысушыларды  АИТВ  мәселелері  бойынша  ақпаратты  ата-аналарға/
қамқоршыларға да, АИТВ жұқтырған балаларға да түсінікті және қарапай-
ым, әрі интерактивтік түрде жеткізуге үйрету.
• 
Балаға  бағдарланған  тәжірибені  және  одан  туындайтын  дағдыларды 
жетілдіру 
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• 
Балаға  бағдарланған,  баланың  айналасында  шоғырланған  ресурстарды 
қалыптастыру тәжірибесін иеленеді;
• 
Рефлексивті тыңдауда машықтанады;
• 
Баланың жасына және оның ұсынылған ақпаратқа тигізетін әсерін қара-
стырады;
• 
Ата-аналардың/қамқоршылардың  білімі  мен  түсінігінің  маңыздылығын 
қарастырады;
• 
АИТВ туралы терең білімі мен түсінігі болуы үшін барлық жастағы балалар 
мен жастар үшін ресурстар қалыптастыру мүмкіндігін алады. 
Тарау ұзақтығы: 2.10 сағ. (130 мин)



жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау