3. Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық
ойындарды қолдану
Кәсіби кеңес берудің интерактивтік түріне және белсенді шығармашылық әдісіне кәсіби бағдарлау ойындары жатады.
Соңғы кезде интерактивті әдістерге өте үлкен көңіл бөлінуде. Ал тренигті фрагментарлық түрде жүргізу, біздің ойымызша, интерактивтік әдістің нағыз өзі болып табылады.
Балаларға кәсіби бағдар беру жұмысы олардаң жас және жекелік ерекшеліктерін ескеріп олардың мінез-құлықтарына тән ауытқуларды коррекциялау психолог міндеттерінің бірі. Осы міндетті атқару үшін біз жоғары сынып оқушылары арасында оларды тұйықтықтан шығарып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған коррекция жүргізуді ұйғардық.
Зерттеулерді жан-жақты талдау нәтижесінде оқушылардың темперамент көрсеткіштері және мінез-құлық ерекшеліктері анықталды. Жоғары сынып оқушылары жасындағы балалардың мінез-құлқындағы негізгі көрінісі - көкіректік, немесе эгоистік екендігі диагностикалау барысында анықталды. Эгоизм (дарашылық) түрлі себептермен (табиғи ерекшеліктерімен, сыртқы түрімен, ата-анасының байлығы мен, өз кемшілігін жасырумен және көпшілік ортаның ыңғайымен байланысты) сипатталады.
Жас өспірімдерде орын алатын осы кемістіктердің әсерін төмендету үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргіздік. Оны бастау алдына оқушылармен әңгімелесіп, жас өспірімдік шақта орын алатын ауытқулар, одан шығу жолдары туралы бірнеше кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Коррекциялық топқа тек өздері қатысамын деп қызығушылық білдіргендер ғана айтылды. Топтық коррекциядан өткісі келгендер шамадан тыс көп болғандықтан оларды диагностикалау нәтижесіне қарап іріктеп алу қажет болды.
Коррекциялық жұмыстың бірінші фазасында келесі міндеттер атқарылды:
-оқушылар коррекцияның қажет екенін сезінуін қамтамасыз ету;
-баланың көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;
- топтағылардың ішкі қайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындастыру.
Бұл фазада топтағылар бір-бірімен жақындасып, бір-біріне икемделіп адаптациядан өтеді. Осы фазадан өткеннен кейін коррекция қажет деп тапқандардан бір топ түздік. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныпта орын алатын қайшылықтарды жоюды негізгі мақсат ретінде анықтады. Сондықтан мақсатты - қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдаумен байланысты мәселер шешу тренингі деп атадық. Ол келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылды:
-әр қатысушыға өз проблемаларын түсініп, ол жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесу;
-топтың дәстүрін қалыптастыру;
-мамандық таңдау барысында кездесетін қиындықтармен таныстыру;
- кәсіби іс-әрекеттер түрін модельдейтін ойындар ұйымдастыру;
- мамандық таңдау процесін модельдеу;
- сезіммен иланушылықты қалыптастыру, соның нәтижесінде басқаларға сиымды, тіл табысқыш, адамгершілікті жоғалтпайтын, басқаларға жаны ашитын, басқаларды өзіндей силайтын позициясын қалыптастыру.
Осы анықталған міндеттерді орындау үшін ситуативті-коммуникативті ойындар қолданылды. Олардың біразын осы жерде келтіреміз.
Ситуативті-коммуникативті ойындар.
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау ситуациялары арқылы оларды жақын болашағын болжамдауға үйрету және басқалармен сыйысымды болу қажеттілігін мойындату.
Міндеттері:
- коммуникативті ойындар барысында балалардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;
-балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;
- балаларды өздерінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету;
-балалардың әр түрлі мамандықтарға қатынасын қалыптастыру;
- мамандық таңдау моделін қүру.
Қолданылған тренингтік ойындар.
1. Амандасу.
Топтағылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып бір-бірімен қарама-қарсы жұптасып тұрады.
Бірінші вариант:
Қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен мимика және пантомимика арқылы амандасып, өздерінің достарын көргеніне қуанышты екенін білдіреді.
Екінші вариант.
Топтағалар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасады және амандасқан адамына жылы жүзбен қарап, оған бірнеше жағымды сөздер айтады. Қанша көп адамға жылы сөз айтса, сонша ол адамның өзінің көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Осы сияқты тренингтік ойындардың бірнеше түрлерін әр тренинг кездесуіне дайындап келу керек.
Жүргізілген тренингтерге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Қатысушылар басқа оқушыларға өздерінің алған тәжірибесін және сезімін айтып бергенде басқа оқушылар да тренингке қатысқысы келетіндігін, барлық мектеп оқушыларына арнап жүргізу керек екендігін айтты.
2. Ассоциация ойыны.
Ойын шарты: ойынға сынып оқушылары толық қатысуына болады. Ойын бірнеше кезеңде жүргізіледі. Әр кезеңін бұл жерде араб цифріменен белгілейміз.
Ойынның диагностикалық мүмкіндігі: ойын оқушылардың мамандық туралы мағлұматтарының барлығын және аталған мамандықтарға олардың эмоционалдық қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Ойынды жүргізу:
1. Ойын аты жарияланып, ойынды жүргізуге үш адам тағайындалады.
2. Анықталған үш адам сыныптан шығып, олар қандай да бір мамандықты жасырады. Жүргізушілер топтағы балалардың үшеуін топтың алдына шақырып алып, қандай мамандықты жасырғанын тауып алу тапсырмасын береді. Қатысушылар ассоциациялық сұрақтар қойып, жасырылған мамандықты анықтайды. Мысалы: мамандық қызметті орындауға қандай жиһаздар мен құрал-жабдықтар керек?
Ассоциациялық сұрақ дегенге балалар бірден түсінбей қалса мысал келтіріп түсіндіріп беру керек.
3. Жүргізуші сұрақ қоюшыларға екі сұрақтан артық қоюға болмайтынын түсіндіреді және ол сұрақты кімге қоятынын анықтап айтуға тиіс.
4. Келесі кезеңде үш оқушы бөлмеден шығады, ал қалғандары мамандықты жасырады. Ойын 7-15 минут жүргізіледі.
5. Сұрақтар мен жауаптар толық айтылғаннан соң мамандықтарға сәйкес келгендігі талданады. Мысалы: Әскери ұшқыш мамандығы жасырылса оған жауап космонавт, полиция қызметкері, автогонщик болуы мүмкін. Бұл жерде мамандықтар адамдар әрекетіне және қолданылатын құрал жабдықтарға ұқсас талаптар қойылатыны түсіндіріледі.
6. Ойын аяқталғаннан соң оны талдау барысында қандай сұрақтар мамандықты анықтауға көмектесті, ал қай сұрақтар жаңылдырғаны анықталады.
7. Ойынды дайындау барысында ассоциациялық сұрақтардың варианттарын дайындап алуға болады. Балалар сұрақ беруге қиналған уақытта оларға бір-екі сұрақты түрткі ретінде айтып беру керек.
3. Кәсіби бағдарлау ойыны
Жүргізуші қатысушыларды ойын шарттарымен таныстырады. Қазіргі кезде біздің елде психолог, психолог-кеңесші мамандықтары дамып келеді. Кеңесші психологқа балалар ата-аналарымен мамандық таңдау үшін кеңес сұрап келеді.
Жүргізілетін ойынның мақсаты - әр мамандықтың ерекшеліктерін көрсету. Қатысушылар арасында орындайтын рольдері бөлінеді: психолог, ата-аналар, мамандық таңдаушы бала.
Ойынды оқушылар шығармашылығын көрсетіп өз беттерімен ұйымдастырып жүргізеді, ал психолог тек олардың өз рольдерін қалай орындап жатқанын бағалап, қажет болса кеңес беріп отырады.
Бұл ойын барысында психологиялық қызмет пен ата-аналар функцияларын балалар қаншалықты жақсы түсінетіндігі, олардың бір-бірімен тіл табысатындығы анықталап, психолог мамандығына бағдарлау жүреді.
4. Біз нені жақсы көреміз?
Қоршаған ортамен қатынас жасағанда біз олардың ішінен ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Сол сияқты адамдардың да бізге ұнайтын және ұнамайтын мінез көрсеткіштері бар. Қазір әрқайсысың қағазға адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап қабылдайтынымыз туралы жазып беріңдер. Кім туралы жазып отырғандарыңды айту міндетті емес. Ұнамды қасиеттер көп адамдарда кездесетін жинақы болуы мүмкін.
Енді өзіңе өте ұнайтын бір кісінің ерекше ұнайтын бес қасиетін белігле. Бастадық.
Берілген мерзім аяқталғаннан соң барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырып сағат тілімен кезектесіп жазған қасиеттерін оқып шығады. Оқыған қасиеттер бойынша кімді танығанын айтып береді. Сонымен, өздеріне кім, не үшін ұнайтынын анықтайды. Жазылған қасиеттердің қайсысы өзіңе тән? Бұл сұраққа әркім өз-өзіне жауап беруі керек. Қай мамандық болса да адам қызмет орнында табысты болу үшін жағымды мінез көрсеткіштері басым болуға тиіс екені анықталады.
5. Шеңбер бойынша фраза.
Балаларға қандай да болса бір қарапайым тапсырманы басқаларға жеткізу ұсынылады. Мысалы: Бастық тапсырма берді: бақта алмалар түсіп жатыр. Оны жинап алып, қолдануға жарайтындарын бір ыдысқа, ал жарамайтындарын екінші ыдысқа салып, олармен не істеу керек екені айтылады.
Енді, жүргізушінің оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен келесі отырғанға тапсырма ретінде айтамыз.
Әр адам ол фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (қуанышты, сүраулы, таң қалушылық белгісімен, немқұрайды және т.б.) Егер қатысушы жаңа интонация таба алмаса ол ойыннан шығады. Ойын үш-төрт жеңімпаз қалғанынша жалғастырылады.
Қарым-қатынас барысында интонацияның орны, тапсырманың мағнасын дәл жеткізе алатындығы талданады. Қызмет барысында бастық пен орындаушы арасындағы түсінбеушілік тапсырманы дұрыс тыңдамағаннан шығатыны анықталады.
6. Айна.
Қатысушыларға төрт тапсырма беріледі:
1. Жолсапарға жиналу.
2. Автобуспен адамдар тасу.
3. Дастархан даярлау.
4. Психологиялық кеңес беру.
Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай. Әр тапсырманы екі адам жұптасып орындайды. Жұптағылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, екеуінің біреуі уақытша айна болады да, ол өзінің жұптасының барлық қимылын дәл қайталауы керек. Бір көріністен кейін жұптағылар рөлдерін ауыстырып келесі тапсырманы сол орындау шарты бойынша жасайды.
Топағы басқа балалар көрермендер болып, айна ролін орындаушының шеберлігін бағалайды. Біртіндеп барлық қатысушылар жұптасып ойынға қатысады және әр жұптың орындаған тапсырмасы бұрынғылардікін қайталамайтындай болуы керек.
Әр топтағыларға басқа-басқа мамандықты көрсететін тапсырмаларды анықтау қажет.
7. Елсіз арал.
Психолог қатысушыларды ойын шартымен таныстырады. Мұхит бойында бірнеше күн болған табиғи оқиғадан кейін кемедегі адамдар елсіз аралға келіп орналасады. Осы аралда олар 20 жыл өмір сүреді. Апаттан құтылғандардың қолында үрлеме қайықтан басқа ештеңе қалмайды.
Ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, үш саладағы мамандық өкілдері болады (ауыл шаруашылық, құрылысшылар, қызмет көрсету жүйесі қызметкерлері). Олар тіл табысып, бір бірінің мамандықтарын толықтырып, барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. 20 жыл ішінде апаттан құтылғандар қалай өмір сүріп, қандай салт-дәстүрлерге, қандай заңдарға сүйеніп өмір сүретінін, нені өсіріп, олардың өмір сүруіне кім басшылық жасайтынын, қандай мерекелерді ашып, тағы қандай құндылықты басшылыққа алатынын көрсетуі керек.
Әр топ тапсырманы алғаннан кейін екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа дайындаған көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ өздерінің қай мамандық өкілі екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды, көптеген көріністер, өмір салтын ұсынады. Басқа екі топ мүшелері көрермендер бола отырып олардың кәсібін анықтауы керек.
Бұл жерде біз жеті ойынның қысқаша мазмұнын келтірдік. Барлық ойын тренингіне арналған сценариларды тақырыпқа икемдеп варианттарын жасап алуға болады. Бұл ойындардың оқушыларға болашақ өмір тек ойында ғана жеңіл, соның өзін шешу қиын болып отырғанын түсіндіру керек. Сондықтан мамандық таңдауға зер салып, өте жақсы дайындықпен бару қажет екенін әр бала түсінсе, психолог бұл саладағы міндетін орындау жолында деп айтуға болады.
Қорытынды
«Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау қажетті екенін дәлелдедік. Оған негіз болған келесі қорытындылар: 1. Психологиялық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде психологиялық қызмет көрсету тарихи кәсіби бағдар беруден басталған. 19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырдың басында көптеген Еуропа елдері мен АҚШ-та кәсіби бағдар беру және мамандыққа жарамдылықты анықтау зертханалары ашылып, мамандықтың адамдар психофизиологиялық ерекшеліктеріне қоятын талаптарын анықтап, сол талаптарға сай іріктеу жүргізу әдістемелері қалыптасқан.
2. Мамандықтар бойынша ағарту жұмысын жүргізу және кәсіби бағдар беру жұмысының мәні өте терең. Өйткені әр мектеп бітіруші өзінің болашақ мамандығын жекелік психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай анықтағанда ғана олар мамандық қызметінде табысты болады. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі -балаларға мамандыққа баулып оларды кәсіби бағдадарлау болып табылады. Диплом жұмысында кәсіби бағдарлаудың негізгі үш саласы анықталған:
- әлеуметтік ортаның даму ерекшеліктері бойынша қажетті мамандықтарды насихаттау;
- оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін анықтап, сол зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып олардың икемі келетін қызмет салаларын болжамдау;
- мамандық таңдау мотивтерін зерттеп олрадың құндылықтарға сай келетінін талдау.
3. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында балалардьің басым көпшілігінің темперамент типінің доминантасы холерикке жақын екені анықталды. Сонымен қатар олардың мектеп бітіру алдындағы мазасыздануы, невротизмінің көрсеткіші жоғары, байсалдылығы төмен, қозу процесі тежелуден басым болды. Гимназия сыныптары оқушыларының интеллекті жоғары және орта болғанымен олардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеті ортадан төменге жақын болып шықты. Мұның бәрі мектеп бітірушілерге жедел психологиялық көмек керек екендігіне дәлел болды.
4. Кәсіби бағдарлау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатымен кәсіби бағдарлау коррекциялық ойындарын қолданып тренинг элементтерін жүргіздік. Ойын барысында балалар көптеген мамандықтарға қойылатын талаптармен танысып, мамандарға қойылатын талаптарды талдады. Диплом жұмысында Т.Р.Нұрмұхамбетованың сабақтарда берген тренингтік ойындарының жеті түрін келтірдік. Оларды қойылған мақсатқа байланысты неше вариантта жасап шығаруға үлгі ретінде пайдалануға болады.
5. Психологиялық қызмет балаларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысын балалар мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап жүйелі түрде жүргізу қажет.
Әдебиеттер тізімі.
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. -М., 2001.
2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. - М., 2001.
3. Алдамуратов Жан тану негіздері. Алматы, 2001.
4. Андреева Г.М. Социальная психология. - М., 1980.
5. Батаршев А.В. Тестирование. Основной инструментарий практического психолога. -Ростов- на-Дону, 2000.
6. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М.,2003.
7. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. -Алматы, 2003.
8. Битянова М. Практическая психология. - М., 1996.
9. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. Собр.соч. в 6 т. - М., 1983. Т.4.
10. Валиева М., Білім беру технологиялары. -Алматы, 2002.
11. Дубровина И.В., Прихожан Л.И. Положение о школьной психологической службе. - М., 1985.
12. Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога. Под ред. И.В.Дубровиной. - М., 1987.
13. Жарықбаева Қ. Жан тану негіздері. Алматы, 2001.
14. Жарықбаев. Психология.- Алматы, 2003.
15. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті
16. Леонова Л.Б. Психологическая ұйымдастыру. -Алматы, 2003.диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. - М., 1990.
17. Майерс Д. Социальная психология. - Питер, 1998.
18. Немов Р.С. Психология. В 3-х томах. Т.З. -М., 1995.
19. Общая психология. под ред. А.В.Петровского. М.,1986.
20. Петровский А.В. Психология. - М., 1998.
21. Психологические тесты для деловых людей. Под ред.
Литвинцовой. - М., 1998.
22. Психологические тесты. В 2х томах. Под ред. А. А. Карелиной. - М., 2000.
23. Психодиагностические методы. Под ред. А.А.Бодалева. - Ленинград, 1976.
24. Психологическая диагностика. Под ред. К.М.Гуревича. - М., 1981.
25. Практическая психология в тестах. Составители С.Римский, Р.Римская. - М., 1999.
26. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. - М., 1996.
27. Риамский Р., Римская М. Практическая психология в тестах. - М., 1997.
28. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - М., 1997.
29. Тесты, тесты, тесты. Под ред. М.Мацковского. - М, 1990.
30. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. -М., 1995.
_____________________ тобының студенті ____________________ «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері" тақырыбында орындалған диплом жұмысына
ПІКІР
Мектеп психологы жұмысы көп салалары. Соның ішінде маңыздыларының бірі оқушыларға кәсіби бағдар беріп, болашақ өмір жолын анықтауға көмек көрсету болып табылады. Сондықтан ______________________________дипломдық зерттеу тақырыбы өте актуалды болып отыр.
Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.
«Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын бірінші тарауда пеихологиялық қызмет көрсету жүйесі қалыптасу тарихына шолу жасалынған. Психологиялық қызмет ең бірінші мамандық тәрдие мәселелерін зерттеп, мамандык, кеңес беруден басталғаны көрсетілген. Сондықтан көптеген адамның психофизиологиялық қасиеттеріне ерекше талап қойатын мамандықтарға іріктеп алу әдістемелері жақсы қалыптасңан. Осы әдістемелерді қолданып баларға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсету барысында жоғары сынып оқушыларына қандай бағыттарда жүргізілетін жұмыстар маңызды екені анықталған.
«Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалау» деп аталатын екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының жекелік психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін Айзенк, Стреляу тестілерімен темпераментті, Айзенк үсынған тесттің фрагменттерімен интеллектуалдық қабілетті зерттеу жүргізілген. Сонымен қатар жоғары сыныптағылардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеу жүргізіліп, олардың нәтижелері берілген.
«Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық ойындарды қолдану» деген үшінші тарауда психокоррекциялың жұмысты ұйымдастыру шарттары анықталып, жоғары сынып оқушыларымен жүргізуге ұсынылатын ойын коррекциялары элементтері көрсетілген.
Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіруге негіз болатын тұжырымдамалар жасалған.
_______________________дипломдық жұмысы студенттің өзбетімен жүргізген теориялық және әдістемелік зерттеулерінің нәтижесі екені айқын көрінеді. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындаған. Сондықтан _______________________ психологиялық қызметті өмір тәжірибесіне сай ұйымдастыруға даярлығын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны өте жақсы деп бағалауға болады деген пікір білдіремін.
Пікір беруіш ОблҮББИ психология
зертханасының меңгерушісі: Н.Қ.Ядгарова
_______________________ тобының студенті _______________________ «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері" тақырыбында орындалған диплом жұмысына
ПІКІР
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастыру қазіргі кезде үлкен өзгерістер ендіруді талап етуде. Қазіргі мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Е.И.Рогов, В.Г.Прихожан және басқа ғалымдардың жасаған бағдарламалары бойынша жүргізілуде. Дегенмен оларда психологиялың қызмет көрсету барысында қолданылатын әдістемелер Ресей мектептеріне икемделінген, сонымен қатар мектеп бітірушілермен жүргізетін жұмыстар олардың болашақ мамандықтарын анықтап алумен байланысты болуы керек екені айқын. Сондықтан ______________ дипломдық зерттеу тақырыбы өте актуалды болып отыр.
Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.
Бірінші тарауда психологиялық қызмет көрсету жүйесі қалыптасу тарихына шолу жасалған. Әдебиеттерді талдау негізінде психологиялық қызмет мамандыққа жарамдылықты анықтау және кәсіби бағдар беруден басталғаны көрсетілген. Сондықтан көптеген адамның психофизиологиялық қасиеттеріне ерекше талап қойатын мамандықтарға іріктеп алу әдістемелері жақсы қалыптасқан. Ал мектепте жүргізілетін кәсіби бағдарлау жұмысының қажеттілігін А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов теориялық жағынан дәлелдегенімен, психологтің осы бағыттағы жұмысын әр маман өзі анықтап алуы керек. Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардың бір үлгісі осы жерде берілген.
Екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының жекелік психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін темпераментті, интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған тестілер қолданылып жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар жоғары сыныптағылардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеу нәтижелері берілген.
Үшінші тарауда психокоррекциялык, жұмысты ұйымдастыру шарттары анықталып, жоғары сынып оқушыларымен жүргізуге ұсынылатын ойын коррекциялары элементтері көрсетілген.
Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіруге негіз болатын тұжырымдамалар жасалған.
_______________________ дипломдық жұмысы студенттің теориялық мәселелерді жақсы меңгеріп, психологиялық қызметті өмір тәжірибесіне сай ұйымдастыруға даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны қорғауға ұсынып, жоғары бағалауға болады.
Ғылыми кеңесшісі п.ғ.к.,
доцент: Т.Р.Нұрмұхамбетова
Достарыңызбен бөлісу: |